Кәсіпорын қаржылық жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 19:57, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың ша-руашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серік-ті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі кө-бінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.

Оглавление

КІРІСПЕ
I БӨЛІМ Аудиттің териалық негіздері
1.1 Аудиттің әдістері мен тәсілдері
1.2 Адиттің мақсаты мен міндеттеріні, ақпарат көздері

II БӨЛІМ Кәсіпорынның қаржылық жағдайы аудиттінің әдістемесі
2.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
2.2 Кәсіпорынның қаржылық табыстылығын талдау
2.3 Кәсіпорынның төлем қабілеттігін талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

курсавой кәсіпорынның қаржылық жағдайы.doc

— 251.50 Кб (Скачать)

       Екінші бөлімде мен «Нұрсая.» компаниясының қаржылық жағдайына талдау жүргізілді. Яғни кәсіпорынның мүліктік жағдайына, төлем қабілеттілігімен өтімділігіне, қаржылық тұрақтылығына және табыстығына мен іскерлік белсенділігіне талдау жүргізілді. Талдау нәтижесінде келесідей кемшіліктер анықталды:

Кәсіпорынның мүліктік жағдайы тұрақсыз, яғни ол жыл соңына 3%-ға төмендеді. Негізгі құралдардың  активтердің жалпы сомасындағы  үлесі 18%-ға төмендесе, айналымнан тыс активтердің үлесі 11%-ға төмендеді.

Кәсіпорынның негізгі проблемаларының  бірі - төменгі төлем қабілеттілік пен өтімділік болып табылады. Кәсіпорынның баланс құрылымы нашар болып келеді және ақша қаражаттарының өте тез өзгеруіне душар.

Қаржылық тұрақтығы жағынан кәсіпорын сыртқы қарыз көздерінен тәуелсіз. Оған ұзақ мерзімді міндеттемелердің жоқ болуы дәлел бола алады.

Кәсіпорынның тағы бір негізгі  проблемаларының бірі – оның рентабельсіздігі. Ағымдағы жылы сатуан түскен түсім артқанына қарамастан кәсіпорын шығын шегуде. Жалпы табыстың азаюы өндіріс рентабельділігінің төмендегенімен және соған қатысты шығындардың өсуімен түсіндіріледі.

Талдау нәтижелері кәсіпорында  негізгі проблеманы анықтады: төлем  қабілетсіздік және рентабельсіздік.

Осы проблеманы шешуде мен екі әдісті ұсындым:

Бірінші әдіс  25 млн. теңгені қысқа  мерзімді міндеттемелерден ұзақ мерзімді міндеттемелерге ауыстыруды қарастырады. Бұл меншікті айналым қаражатта-рының 15000 мың теңгеге артуына және ағымдағы өтімділік коэффициентінің 1,5 пунктке, аралық өтімділік коэффициентінің 0,7 пунктке, абсолюттік өтімділік коэффициентінің 0,1 пунктке өсуіне алып келді.

Екінші әдіс тауарлы-материалдық  қорлардың көлемін 25 млн. теңгеге азайтып, оларды ақша қаражаттарына аударуды қарастырады. Бұл аралық өтімділік коэффициентінің 0,42 пунктке, абсолюттік өтімділік коэффициентінің 0,4 пунктке өсуіне алып келді.

Екі әдісті қатар пайдалану меншікті айналым қаражаттарының 15000 мың теңгеге  артуына және ағымдағы өтімділік  коэффициентінің 1,5 пунктке, аралық өтімділік коэффициентінің 1,42 пунктке, абсолюттік өтімділік коэффициентінің 0,8 пунктке өсуіне алып келді.


Информация о работе Кәсіпорын қаржылық жағдайы