Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 19:57, дипломная работа
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың ша-руашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серік-ті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі кө-бінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.
КІРІСПЕ
I БӨЛІМ Аудиттің териалық негіздері
1.1 Аудиттің әдістері мен тәсілдері
1.2 Адиттің мақсаты мен міндеттеріні, ақпарат көздері
II БӨЛІМ Кәсіпорынның қаржылық жағдайы аудиттінің әдістемесі
2.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
2.2 Кәсіпорынның қаржылық табыстылығын талдау
2.3 Кәсіпорынның төлем қабілеттігін талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ак - авансталған капитал (баланс валютасы,
жиыны);
Бұл дербестік коэффициентімен
салыстырғанда анағұрлым жұмсақ
көрсеткіш. Батыс тәжірибесінде бұл коэффициенттің
қалыпты мәні 0,9-ға тең болуы керек ал оның
0,75-тен төмендеуі қауіпті. Біздің кәсіпорынымызда
бұл көр-сеткіштің мәні ұзақ мерзімді
міндеттемелердің жоқтығына байланысты
тәуелсіздік коэффициентінің мәніне тең.:
жыл басында - 0,814 ((300475+0):369250);
жыл аяғында - 0,832 ((299410+0):359765).
Капиталдың құрылымын қалыптастырудың тиімділігін (қолайлылығын) анықтау үшін жоғарыда келтірілген көрсеткіштермен қатар инвестициалау коэффициентінде қолдану ұсынылады. Ол батыс фирмаларында кеңінен қол-данылады және меншікті капиталдың негізгі құралдарға қатынасымен анықталады.
Ки=Мк / Нк
Мұндағы: Ки - инвестициялық коэффициенті;
Мк – меншікті капитал;
Нк - негізгі капитал;
Біздің мысалымызда - ол жылдың басында 2,03-ке тең (300475:147795), со-ңында 1,42 (299410:210260) болады. Бұл берілгендерге қарап меншікті капитал тек қана негізгі құралдарды сатып алуға ғана емес, кәсіпорынның қаржылық беруінің басқа да активтерін, соның ішінде ағымдағы активтерін сатып алуға да пайдаланылады деуге болады. Активтерді құрудың ең дұрыс жолы болып, меншікті капитал барлық негізгі капиталды (айналымнан тыс активтер) және айналым капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жол саналады. Кәсіпорын, барлық қарыз каражаттары алынып қойып жатса да өмір сүре беретін болады. Кәсіпорынның капиталын пайдалану тағы бір қызық ой - меншікті капиталды тек қана негізгі құралдарды сатып алуға жұмсап, ал айналым каражаттары (ағымдағы активтер) келесі жолмен қалыптасуы керек: 1/4 - ұзақ мерзімді қарыздар есебінен, ал 3/4 - қысқа мерзімді қарыздар есебінен. Кәсіпкер, егер өзінің капи-талы аз, ал басқанікі көп болса, жақсы жұмыс істейтін болады. Нарықтық қарым-қатынас осы принцип (қағида) бойынша құрылған. Аз ғана капиталың бола тұра, көп табыс алуға болады .
2.2. Кәсіпорынның қаржылық табыстылығын талдау.
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.
Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өт-кізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойын-ша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.
Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.
Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қал-дықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екішіде - азаюына әсер етеді.
Кәсіпорында өнімді өткізуден
түскен табыс жоспарланған тауар
өндірісінен және бұйымдардың (дайын
өнімдер, сатып алушының жауапты
сақталуындағы тауарлар) өтпеген
бөлігінің қалдықтарының
Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші - жалпы табыс. Ол өнімді өт-кізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасын-дағы айырма ретінде анықталады.
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсер тигізеді.
Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады.
Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші – таза табыс. Ол сальдолан-ған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары ара-сындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады :
Д = Д - Р
Мұндағы: Д - негізгі қызметтен алынған табыс;
Д - жалпы табыс;
Р - кезең шығындары.
Кесте-2
«Нұрсая.» компаниясы қызметінің нәтижесін сипаттайтын көрсеткіштер.
Көрсеткіштер |
Жыл соңы жжжжжжжжылжыл |
Жыл басы |
Өзгеріс |
Сатудан түскен түсім |
377 085 |
364 805 |
+12 280 |
Өзіндік құн |
376 690 |
356 350 |
+20 340 |
Жалпы табыс |
395 |
8 455 |
-8 060 |
Таза табыс (шығын) |
-1 065 |
-2 025 |
+960 |
Сатудан түскен түсімнің алдыңғы жылмен салыстарғанда 3,4%-ға, яғни 12280 мың теңгеге өскеніне қарамастан, кәсіпорынның жалпы табысы 95%-ға немесе 8060 мың теңгеге азайған. Сонымен қатар кәсіпорын өткен және ағым-дағы кезеңдердегі таза табыс таппай отыр. Алайда шығын мөлшері алдыңғы жылмен салыстырғанда 960 мың теңгеге азайған және ол 1065 мың теңгені құ-рады. Жалпы табыстың азаюы рентабельділіктің төмендеуі мен өндірістік шы-ғындардың өсуін білдіреді.
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау. Табыстылықтың са-лыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын-ның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және олар-ды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызме-тінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады. Табыстылық коэффициенттері салыстырма-лы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың фактор-лық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер. Оларды толығырақ қарасты-райық:
Барлық активтердің тиімділік деңгейі (авансталған, жиынтық капитал) мына формула бойынша есептелінеді:
Д = Таза табыс / Барлық активтер (авансталған, жиынтық капитал)
Жалпы активтердің табыстылық деңгейі жыл басында – -0,005 болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,003 болды.
Тәжірибеде ағымдағы активтердің табыстылығы деп аталатын көрсеткіш кеңінен қолданылады. Ол ағымдағы активтерге салған бір теңгеден кәсіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді :
Д = Д / Т
Мұнда: Т - ағымдағы активтер.
Д - таза табыс.
Д - ағымдағы активтердің табыстылығы.
Ағымдағы активтердің табыстылық деңгейі жыл басында – -0,012 болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,009 болды.
Акционерлік компания құқығында жұмыс істеуші кәсіпорын үшін салынған капиталдың табыстылық деңгейін бағалаудың, яғни акционерлік капиталды тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіші болып, кәсіпорынның таза табысының оның меншікті капиталына пайыздың қатынасы есептеледі. Бұл көрсеткіш – меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті немесе мөлшерлемесі деп аталады. Ол мына формуламен анықталады:
Д = Д / С
Мұнда: Д - меншікті капиталдың табыстылығы;
Д - таза табыс;
С - меншікті капитал.
Ол экономикалық және қаржылық талдауда маңызды көрсеткіш болып табы-лады.
Дәл осы көрсеткіш
биржада акционерлік
Меншікті капиталдың табыстылық деңгейі жыл басында – -0,007 пунктке өскен болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,004 болды.
Тәжірибеде ұзақ мерзімді активтердің табыстылығы деп аталатын көрсет-кіш кеңінен қолданылады. Ол ұзақ мерзімді активтерге салған бір теңгеден кә-сіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді :
Д = Д / Т
Мұнда: Т - ұзақ мерзімді активтер;
Д - таза табыс;
Д - ұзақ мерзімді активтер табыстылығы.
Ұзақ мерзімді активтердің табыстылық деңгейі жыл басында – -0,009 болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,004 болды.
Негізгі өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі мына формула бойынша есептелінеді:
Д = Д / З
Мұнда: Д - Өндірістік қорлардың табыстылығы;
Д - Таза табыс;
З - Өндірістік қорлар.
Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі жыл басында – -0,04 болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,02 пунктке азайып отыр.
Сату көлемінің табыстылығы мына формула бойынша есептелінеді:
Д = Д / Д
Мұнда: Д - Сату көлемінің табыстылығы;
Д - Жалпы табыс;
Д - Өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынған табыс.
Сату көлемінің табыстылық деңгейі жыл басында – 0,023 болса, ал жыл со -ңында оның мәні – 0,001болды.
Жоғарыда жүргізілген
есептеулерден көріп
Баланс активтерінін құрамы мен құрылымының
динамикасын талдау – кә-сіпорынның барлық
мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінін
абсолютті және салыстырмалы арту немесе
кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау үшін келесі 3-аналитикалық кесте құрылады.
«Нұрсая.» компаниясының баланс активтерінің құрамы мен құрылуы.
Активтер |
Сомасы, мың тг. |
Құрылымы, % |
Өзгеріс (+ ; -) | |||
|
Жыл басында |
Жыл соңында |
Жыл басында |
Жыл соңында |
Мың тг. |
Үлес салмағы, % |
Қысқа мерзімді активтер |
0,00 |
0,00 |
0 |
0,00 | ||
Қорлар |
57 780 |
53600 |
15,65 |
14,90 |
-4180 |
-7,23 |
Дебиторлық берешек |
91595 |
47525 |
24,81 |
13,21 |
-44070 |
-48,11 |
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар |
0 |
670 |
0,00 |
0,19 |
+670 |
|
Ақша қаражаттары |
1505 |
5470 |
0,41 |
1,52 |
+3965 |
+263,46 |
Өзге қысқа мерзімді активтер |
6290 |
5715 |
1,71 |
1,58 |
-575 |
-9,14 |
Жиыны |
157170 |
112980 |
42,56 |
31,40 |
-44190 |
-28,12 |
Ұзақ мерзімді активтер |
||||||
Негізгі құралдар |
147795 |
210260 |
40,03 |
58,44 |
+62465 |
+42,26 |
Аяқталмаған өндіріс |
45300 |
17280 |
12,27 |
4,80 |
-28020 |
-61,85 |
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар |
18590 |
18590 |
5,03 |
5,17 |
0 |
0 |
Алдағы кезең шығыстары |
395 |
655 |
0,11 |
0,18 |
+260 |
+65,82 |
Жиыны |
212080 |
246785 |
57,44 |
68,60 |
+34705 |
+16,36 |
Барлығы |
390 250 |
359 765 |
100,00 |
100,00 |
-9 485 |
2,57 |