Кәсіпорынның қаржылық жағдайы көрсеткіштер жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Января 2012 в 18:59, реферат

Краткое описание

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізгі қаржылық есеп беру болып табылады.
ҚР президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2732 Бухгалтерлік есеп туралы заң күші бар жарлығына сәйкес , 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады:
Бухгалтерлік баланс;
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп;

Файлы: 1 файл

талдау.docx

— 22.47 Кб (Скачать)

          Кәсіпорынның қаржылық  жағдайы  көрсеткіштер  жүйесі.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізгі қаржылық есеп беру болып табылады.

  ҚР президентінің  1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2732 Бухгалтерлік есеп туралы заң  күші бар жарлығына сәйкес , 1998 жылдан бастап қаржылық есеп  беруге мыналар жатады:

  • Бухгалтерлік баланс;
  • Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
  • Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп;

Кәсіпорынның қаржы  жағдайы – ресурстардың қолда барын,орналастырылуын және пайдаланылуын , кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын , баланстың өтімділігін көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталатын кешенді түсінік. Есеп беру кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнын, шашыратылған құралдардың (яғни негізгі және өзге де айналымнан тыс) құнын, ұтқыр (айналым) құралдардың, материалдық айналым құралдарының құнын, кәсіпорынның меншікті қаражаттарының, қарыз қаражаттарының мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.

     Қаржылық  есеп берудің деректері бойынша  қорлар мен шығындарды қалыптастыруға  арналған қаражат көздерінің  артықшылығын немесе көпшілігін  анықтайды. Бұл орайда кәсіпорынның  меншікті , несиелік және өзге  қарыз көздерімен қамтамасыз  етілгендігін анықтауға мүмкіндік  туады. Қаржылық есеп беру кәсіпорынның  несиеге қабілеттілігін, яғни оның  міндеттемелер бойынша толықтай  және өз уақытында есептесе  алатындығын бағалауға мүмкіндік  береді. Баланстың өтімділігі кәсіпорын  өз активтерімен міндеттемелерді  жабу дәрежесімен анықталады.   Қаржылық есеп беру мынадай  активтерді: неғұрлым өтімді активтерді, жылдам сатылатын активтерді  анықтауға мүмкіндік береді. Екінші  жағынан, қаржылық есеп берудің   деректері бойынша кәсіпорының  мынадай пассивтерін :неғұрлым  жедел пассивтерді , қысқа мерзімді  пассивтерді, ұзақ мерзімді пассивтерді  және тұрақты пассивтерді анықтауға  болады. Мұның өзі нарық жағдайында , бәсекелес – кәсіпорындардың  ортасында жұмс жасайтын кәсіпорындар  үшін өте маңызды. 

                  Еңбек өнімділігін  және оның көрсеткіштері.

Еңбек Өнімділігі - алынған  өнім көлемінің оны дайындауға жұмсалған  еңбекке қатынасы (еңбектің өндіріс  үдерісіндегі тиімділігі). Уақыт өлшемінде  өндірілген өнімнің мөлшерімен (өндіріммен) немесе өнім өлшеміне жұмсалған уақыт  шығынымен (еңбек сыйымдылығымен) тұлғаланады. Жеке және қоғамдық еңбек өнімділігі түрлеріне бөлінеді. Біріншісі нақты  еңбек шығынын, екіншісі нақты және өткендегі (затандырылған) еңбек шығынын көрсетеді.

 Өнімді өндіруге  жұмсалған шығындар жанды еңбек  шығындары мен өндіріс құрал-жабдықтарының  шығындарынан тұрады. Ал соңғыларда, өз уақытында, соларды жасауға  жұмсалған еңбек шығындары болып  табылған. Сондықтан экономикалық  теорияда өнімнің қандайына болмасын  жанды (нақты) және зат түріндегі  еңбек жұмсалады деп тұжырымдалады.  Өткен (зат түріндегі) еңбек  білім, информация т.с.с. түрде  жинақталады.

Өнімділік — осы  жүйенің берілген уақыт мерзімінде өндірген өнімдерінің сол мерзімде жасалған, немесе еңдірілген өнімдер  үшін тұтынылған ресурстардың санына арақатынасы. Егер ресурстардың аталған  бір түрінің (еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар) өнімділігін есептеу  қажет болса, онда бұл есеп өнімділіктің жеке көрсеткіші болып табылады. Мысалы:

ЕӨ = Өнім көлемі/Тірі еңбек шығындары

Өнімділікті өлшеудің негізгі екі тобы бар.

Біріншіге өнімділіктің статикалық коэффициенттері жатады. Бұл жабайы тілмен айтсақ, белгілі  уақыт мерзімінде жасалған шығындардын  өлшеміне бөлінген өнімнің өлшемі.

Екіншіге өнімділіктің динамикалық индексі жатады. Бұл  өткен мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффициентіне бөлінген, белгілі мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффициенті. 
 
 

               Кәсіпорын қызметіндегі  ақша қаражаттарын  талдау.

«Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер» Халықаралық  бухгалтерлік есеп стандартының (7-ХБЕС ) 1-53-параграфтар мен А және В  қосымшаларында мазмұндалған. Барлық параграфтардың бірдей күші болады, бірақ  нағыз стандартты ХБЕСБ қабылдаған кезде ХБЕСК стандартының форматын сақтайды. 7-ХБЕС мақсаты «Қаржы есептілігінің  халықаралық стандарттарына алғысөз», сондай-ақ «Қаржы есептілігін әзірлеу  мен ұсыну тұжырымдамалары» мағыналы мәтінінде оқылғаны жөн. Олар егжей-тегжейлі басшылыққа алатын әдебиет болмаған жағдайда есеп саясатын таңдау мен  қолдану үшін негізді қамтамасыз етеді.

Кәсіпорынның ақша қаражаттарының қозғалысы туралы хабарлама  қаржы есептілігін пайдаланушыларға кәсіпорынның ақша қаражаттарын жасау  қабілеті мен олардың баламаларын, сондай-ақ ақша қаражаттарының қозғалысын пайдалануда кәсіпорынның қажеттерін бағалау үшін негіз береді. Пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер ақша қаражаттары мен олардың  баламаларын жасау қабілетін, сондай-ақ оларды уақытқа қарай бөлу мен  оларды жасау айқындылығын қажет  етеді.

Бұл стандарттың  мақсаты кәсіпорынның өткен кезең  ішіндегі ақша қаражаттарының қозғалысы  туралы есеп беру арқылы ақша қаражаттары  мен ақша баламаларындағы өзгерістер туралы хабарлама беруін талап етуде  болып табылады, онда кезең ішінде операциялық, инвестициялық қызмет пен қаржыландыру жөніндегі қызметтен  түскен ақша қаражаттарының қозғалысын саралау жүргізіледі.

Кәсіпорын осы стандарттың  талаптарына сәйкес ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп әзірлеуі және оны қаржы есептілігі берілетін  әрбір кезең үшін өзінің қаржы  есептілігінің құрамдас бөлігі ретінде ұсынуы керек. Осы стандарт 1977 жылғы шілде айында бекітілген 7-«Қаржы жағдайындағы өзгерістер туралы есеп» ХБЕС-ын ауыстырады. Кәсіпорынның қаржы есептілігін пайдаланушылар кәсіпорынның ақша қаражаттары мен ақша баламаларын қалай жасауы мен пайдалануы туралы хабарламаға мүдделілік танытады. Бұл кәсіпорын қызметінің сипатына қарамастан және ақша қаражаттарының кәсіпорын өнімі ретінде болатынына қарамастан, мысалы, қаржы мекемесінің жағдайына байланысты талап етіледі.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайы көрсеткіштер жүйесі