Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Марта 2012 в 21:59, курсовая работа
Кәсіпкерлік – қазіргі нарық экономикасындағы ең негізгі және де нарық механизмдегі ерекше орынымен белгілі. Оған себеп, кәсіпкерлік нарық экономикасында аса маңызды экономикалық және әлеуметтік функцияларды қамтиды, оған жататындар: кәсіпкерлікпен шұғылдану экономикада жаңа жұмыс орындарды, жаңа тауарлар мен қызметтерді, қоғамда жаңа орта шаруалардың санын көбейтеді, сонымен қатар қоғамдағы бәсекелестікті арттырады. Нарықтық қатынастар жүйесі кәсіпкерлікті дамытудың ең бір нәтижелі жолы болып табылады, оған себеп: кәсіпкерлікті дамыту шығаратын өнімдер мен қызмет көрсетулердің сапасын көтеруде үлкен әсер етеді
КІРІСПЕ...........................................................................................................3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.
1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оны сипаттайтын көрсеткіштері...................................................................................................5
1.2 Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі.......................................11
2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ӘРЕКЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық әрекетінің
сипаттамасы ..........................................................................................16
2.2. «ТФ Ажар» ЖШС-ның қаржы-шаруашылық жағдайын талдау.......19
3 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫН ЖАҚСАРТУ
3.1 Кәсіпорынның әрекетінің тиімділігін көтеру факторлары мен резервтері........................................................................................................25
3.2 Кәсіпорын мемлекет тарапынан қолдау шаралары..............................29
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................37
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.
1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оны сипаттайтын көрсеткіштері.................
1.2 Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі......................
2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ӘРЕКЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық әрекетінің
сипаттамасы ..............................
2.2. «ТФ Ажар» ЖШС-ның қаржы-шаруашылық жағдайын талдау.......19
3 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫН ЖАҚСАРТУ
3.1 Кәсіпорынның әрекетінің тиімділігін көтеру факторлары мен резервтері....................
3.2 Кәсіпорын мемлекет тарапынан қолдау шаралары......................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Кәсіпкерлік – қазіргі нарық экономикасындағы ең негізгі және де нарық механизмдегі ерекше орынымен белгілі. Оған себеп, кәсіпкерлік нарық экономикасында аса маңызды экономикалық және әлеуметтік функцияларды қамтиды, оған жататындар: кәсіпкерлікпен шұғылдану экономикада жаңа жұмыс орындарды, жаңа тауарлар мен қызметтерді, қоғамда жаңа орта шаруалардың санын көбейтеді, сонымен қатар қоғамдағы бәсекелестікті арттырады. Нарықтық қатынастар жүйесі кәсіпкерлікті дамытудың ең бір нәтижелі жолы болып табылады, оған себеп: кәсіпкерлікті дамыту шығаратын өнімдер мен қызмет көрсетулердің сапасын көтеруде үлкен әсер етеді [1,3б].
Кәсіпорын жүргізуші субъектілер, яғни кәсіпорын қаржысының бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды рөл атқарады: есепсіз және бақылаусыз кәсіпорын жүргізуге болмайды. Ақшамен бақылау тек кәсіпорын жүргізуші субъектілердің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілерімен, жоғарғы ұйымдармен және қаржы - кредит мекемелерімен өзара қарым - қатынастарында да жүзеге асырылады. Субъектілер арасындағы өзара қатынастарда бақылау жеткізілім тауарларға, көрсетілген қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеу кезінде болады. Қаржы - кредит органдарымен өзара іс - әрекет кезінде бақылау бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы кезінде , банк несиелерін алған және қайтарған кезде жүзеге асырылады. Бұл курстық жұмыстың өзектілігін көрсетеді[1, 3-7 б.]
Курстық жұмыстың мақсаты. Мемлекеттің экономикалық жүйенің базистік ұясын шаруашылық субъектілері құрайды. Елдің экономикасының дамуы осы әр бір кәсіпорынның тиімді жұмыс жасауына байланысты. Сондықтан, әсіресе қазіргі қаржылық дағдарыс жағдайында қаржы-шаруашылық әрекетінің тиімділігін көтеру мәселелерін ашу, оны жоғарлату басты факторларын анықтау негізгі мақсат болып табылады. Қойылған мақсаттарға сәйкес келесі міндеттер айқындалды:
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының мәнін және ұйымдастырудың теориялық астарын қарастыру;
- кәсіпорынның экономикалық іс әрекетіне сипат беру
- кәсіпорынның өндірісінің тиімділігін талдау;
- кәсіпорынын тиімділігін көтеру факторларын қарастыру.
Курстық жұмыстың пәні кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің үрдістері.
Зерттеу объектісі ретінде «ТФ Ажар» ЖШС қаржы-шаруашылық қызметі алынды.
Зерттеу тәсілі. Зерттеу барысында экономикалық талдаудың әр түрлі тәсілдері пайдаланылды: салыстырмалы, факторлық, тарихи.
Міндеттерді орындау барысында жұмыстың қорытындысы үш бөлімнен,қорытынды және қолданылған әдебиеттен тұрады.
Бірінші бөлімінде, қаржылық жағдайының мәні және оны ұйымдастыру, қаржылық нәтижесін және есеп көрсеткіштерін талдау принциптері қарастырылады.
Екінші бөлімінде, «ТФ Ажар» ЖШС-ның қаржы-шаруашылық әрекетінің тиімділігін талдау жасалынған.
Үшінші бөлімінде, кәсіпорын әрекетінің тиімділігін көтеру дәрежесі және мемлекет тарапынан қолдауы ашылған.
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оны сипаттайтын көрсеткіштері.
Кәсіпорын жүргізуші субъектілердің қаржысы - бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Елдегі ақша қатынастарының аса маңызды сферасын, атап айтқанда, жасалатын қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты - халықтың қажеттіліктерін, өндірістік емес сфераның материаддық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін алғашқы бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.
Кәсіпорынның қаржысы акша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық кәсіпорынды одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Даму ұлттық кәсіпорынды басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын кәсіпорын жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында басқарудың төменгі буындары кәсіпорын қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді [2,26б].
Кәсіпорын жүргізуші субъектілер қаржысы өзіне қоғамдық - пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау - өткізу (делдалдық), сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, кәсіпорынның, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа кәсіпорын органдардың, кәсіпорынаралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын кіріктіреді.
Кәсіпорын жүргізуші субъектілер қаржысы жалпы қаржылар сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды.
Кәсіпорын жүргізуші субъектілер қаржысының бөлгіштік функциясының ерекшелігі қаражаттардың жеке - дара ауыспалы айналымының процесінде өндірілген өнімнің құны белгіленген экономикалық нормативтер (салық мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардың нормалары, несие үшін пайыз) негізінде бөлінетігінде болып отыр, мұның өзі қаржының ұдайы өндіріс процесінде құнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын айқындайды. Ақшалай қорлар мен қорланымдарды экономикалық тұрғыдан негіздеп болу қаржының ұдайы өндірістік тұжырымдамасын да іске асырудың басты шарты болып табылады.
Кәсіпорындар қаржысы сферасындағы сан алуан қатынастар олардың кәсіпорын қызметі процесінде басқа кәсіпорын жүргізуші субъектілермен болатын мынадай топтарға ірілендірілген ақша қатынастарына саяды:
басқа әр түрлі кәсіпорындармен және ұйымдармен (олар: өнім өткізуден түсім - ақша алу, өткізуден тыс табыстар түсіру, материалдық шығындарды төлеу, шарт міндеттерін бұзған кезде айыппұл төлеу және алу, бағалы қағаздарды өткізу, басқа кәсіпорындардың акциялары мен облигацияларына қаражаттарды инвестициялау , олар бойынша дивидендтер мен пайыздар төлеу және алу процесінде, коммерциялық несиелеу кезіңде қалыптасады);
өзінің еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбекке ақы төлеуді , сыйлық қорын жасауды, табысты (пайданы) бөлу және тұтыну қорынан қызметкерлерге жәрдемақылар төлеуді, сонымен бірге қызметкерлердің қаражаттарын тартуды (бағалы қағаздар сату, кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін үлестік жарналарды) ортақтастырады;
мемлекетпен — бюджетке салықтар төлеу, бюджеттен қаржыландыру кезінде , мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кезде , сондай - ақ олар бойынша төлемдер алғанда, валюта қорлары мен ресурстарын калыптастырғанда;
банктермен (қаржы қатынастарының бұл тобы банк несиелерін алу, оларды қайтару, несиелер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға белгілі бір төлем мен бос ақшаны беру, банк өткізетін бағалы қағаздармен жасалатын операциялар нысаны түрінде іске асады);
сақтық органдарымен — мүлікті, қызметкерлерді, коммерциялық және коммерциялық емес тәуекелді сақтандыру жөнінде;
жоғары ұйымдармен — ішкі салалық қайта бөлу шегінде (пайданы , табыстарды , капиталды қайта бөлу кезінде , жалгерлік төлемдер бойынша және басқалары);
құрылтайшылармен (бұл қатынастар құрылтайшылардың жарғылық капиталды қалыптастыру үшін қаржы жарналарын (салымдарын) төлеу кезінде, сондай - ақ кәсіпорынның пайдасын бөлгенде және оның бір бөлігін шартқа сәйкес құрылтайшыға аударған кезде қалыптасады) және т.с.с.
Кәсіпорын жүргізуші субъектілердің қаржысына , бір жағынан, жалпы қаржылардың экономикалық табиғатын сипаттайтын белгілер, басқа жағынан, қоғамдық өндірістің түрлі сферасындағы қаржылардың қызмет етуіне байланысты ерекшеліктер тән. Сонымен бірге бұл қаржыға тән мынадай негізгі белгілерді атауға болады:
1) қаржы қатынастарының көпқырлылығы , олардың нысандары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;
2) өндірістік құралдардың (капиталдардың) міндетті болуы және оларды қалыптастырумен, көбейтумен және қайта болумен байланысты қатынастардың пайда болуы. Өндірістік капиталдар — бұл өндірістің серпінді элементі , олар өндірістің өзі сияқты үздіксіз қозғалыста болады; сонымсн қатар құн нысандарының тұрақты ауысымы болып отырады. Кәсіпорын қызмстінің кез келген мезетінде өндірістік құралдар материалдық - заттай және ақша нысанында болуы мүмкін;
3) жоғары белсенділік, кәсіпорын қызметінің барлық жағына әсер ету мүмкіндігі;
4) кәсіпорын жүргізуші субъекгілсрдің қаржысы бүкіл қаржы жүйесінің айқындаушы негізі болып табылады[3,66б].
Сөйтіп, кәсіпорын жүргізуші субъектілердің қаржысы деп өнім (жұмыс , қызметтер көрсету) өндіріп, сату кезінде ақшалай табыстарды , қорланымдарды және қорларды жасаумен , бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды айтады.
Кәсіпорын бірден – бір басты міндеті – оның қаржы жағдайының бағалылығы болып табылады және ол көрсеткіш жүйелерін немесе қаржы коэффициентін анықтайды.
Негізгі қаржылық коэффициенттерді төменгі үш санатқа топтастыруға болады :
-өтімділік (төлем қабілеттілігі);
-пайдалылық (табыстылық );
-активтерді басқару тиімділігі.
Қаржылық ресурстарының құралуы түрлі көздер бойынша жүзеге асырылады. Олар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі көздер меншікті және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі көздер меншікті және оларға теңестірілген қаржылар есебінен құрылады және кәсіпорынты жүргізудегі нәтижелілігімен байланысты , ал сыртқы – кәсіпорынға сырттан түсетін ресурстар.
Қаржы ресурстарының құрамы:
• негізгі қызметтен түсетін пайда.
• ғылыми зерттеу жұмыстарын орындағаннан түсетін пайда және басқадай мақсатты табыс
• қаржы операцияларынан түсетін табыс.
•кәсіпорын тәсілімен орындалған құрылыс – монтаж жұмыстарынан түсетін пайда.
• өткізуден тыс табыс.
• амортизациялық аударым.
• істен шыққан мүлікті өткізуден түскен ақша.
• орнықты пассивтер.
• қайта бөлінбеген пайданың қорлануы.
• мақсатты түсу.
• Сақтық қор.
• Еңбек ұжымы мүшелерінің үлестік және басқа да жарналар.
• Меншікті құнды қағаздарды ( акциялар, облигациялар, т.б. ) сатудан
түскен қаражаттар.
• Несиелік инвестициялар.
• Тәуекелдік бойынша сақтандыру өтемі.
• Сақтандыру полисін және кепілдік куәлігін өткізу.
• Үлестік жарна негізгі қалыптасатын қаржы ресурстары ( ағымдағы
және инвестициялық қызметке үлескерлікпен қатысу ).
• Дивиденттер, басқадай ақша шығарушылардың құнды қағаздар
бойынша проценті.
• Одақтардан, қауымдастардан түсетін қаржылық ресурстар.
• Бюджеттік қаржы бөлу, субсидиялар, субвенциялар.
Кәсіпорынның қаржы ресурстары
|