Кәсіпорынның қаржылық жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Марта 2012 в 21:59, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпкерлік – қазіргі нарық экономикасындағы ең негізгі және де нарық механизмдегі ерекше орынымен белгілі. Оған себеп, кәсіпкерлік нарық экономикасында аса маңызды экономикалық және әлеуметтік функцияларды қамтиды, оған жататындар: кәсіпкерлікпен шұғылдану экономикада жаңа жұмыс орындарды, жаңа тауарлар мен қызметтерді, қоғамда жаңа орта шаруалардың санын көбейтеді, сонымен қатар қоғамдағы бәсекелестікті арттырады. Нарықтық қатынастар жүйесі кәсіпкерлікті дамытудың ең бір нәтижелі жолы болып табылады, оған себеп: кәсіпкерлікті дамыту шығаратын өнімдер мен қызмет көрсетулердің сапасын көтеруде үлкен әсер етеді

Оглавление

КІРІСПЕ...........................................................................................................3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.
1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оны сипаттайтын көрсеткіштері...................................................................................................5
1.2 Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі.......................................11

2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ӘРЕКЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық әрекетінің
сипаттамасы ..........................................................................................16
2.2. «ТФ Ажар» ЖШС-ның қаржы-шаруашылық жағдайын талдау.......19

3 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫН ЖАҚСАРТУ
3.1 Кәсіпорынның әрекетінің тиімділігін көтеру факторлары мен резервтері........................................................................................................25
3.2 Кәсіпорын мемлекет тарапынан қолдау шаралары..............................29

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................37

Файлы: 1 файл

КР Альмира.doc

— 347.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 5. Кәсіпорын қызметінің факторлық класификациясы

Деректер көзі: [12,435б.]

 

Еңбек өнімділігі, мысалы бір адам-сағат уақытында өндірілген сағаттық өнім арқылы анықталуы мүмкін.

Күндік өнімділік, яғни атқарылған адам-күнде шығарылған өнім, ауысым кезінде жұмыс уақытының пайдалану жағдайын көрсетеді, мерзімнентыс жұмыстарды немесе ауысым ішіндегі тоқтап қалуларды ескереді. Сөздің кең мағынасында  еңбек шығындарын ӨАКроэкономикалық – жалпымемлекеттік немесе аймақтық, сондай ақ микроэкономикалық – салалық немесе ішкі кәсіпорындық деңгейде реттеу, регламенттеу еңбекті мөлшерлеу болып табылады.. Еңбекті мөлшерлеуге мемлекеттің қатысуының басты себебі – жұмыс уақытын пайдаланудың негізгі көрсеткіштерін реттеу.Кәсіпорында еңбекті мөлшерлеу - өндірісте қолданылатын қорларға сәйкес өндірістік үдеріс кезінде белгілі бір операциялар мен жеке жұмыстарды орындауға кететін еңбек шығындарының тиімді деңгейін анықтау және сақтау.

 

3.2 Кәсіпорын мемлекет тарапынан қолдау шаралары

Мемлекеттік қолдау және Мемлекеттік көмек: Европа Қоғамдастық тәжірибесі және Қазақстан мәселелері. Қазақстанның экономикалық тиімділігінің жоғарылауы бәсекелес принциптерінің бекінісінен ажырамайтын, ел аумағындағы барлық шаруашылық субъектілеріне нарыққакіруі үшін бірдей шарттарды құруды ұйғарады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасында белгіленген: «Мемлекеттік көмекті дискриминациялық қолдану, көптеген тиімсіз кәсіпорындарда тура және жанама субсидияларды ауыстыру қажет. Мемлекеттік реттеу мен оның тиімділігін арттыру сферасын нақты анықтауға рұқсат ететін, мемлкет бизнес ісіне араласу тәжірибесінен ақырындап кету керек».Өтпелі экономика елдері үшін мемлкеттік реттеудің таза және нақты критерилерін сақтау шарттарынұйғаратын Қазақстанның ДСҰ-на кіруі міндетін талап етеді.

Осы міндеттерді орындау үшін елдердің экономикалық дамуы және оның ажырамас элемнті шығуының жалпы стратегиясына сәйкес кәсіпорындарға Мемлекеттік көмек көрсетуіне бүтін мемлкеттік концепция қажет. Өндірістің мемлекеттік қолдауы әдетте Қазақстан экономикалық саясатының маңызды бағыты болып табылады.Сауалымыз сонда, кімге және қандай жағдайда жеткізіледі, әсіресе нарық жағдайына өту және мемлекеттік ресурстар көлемінің лезде қысқаруы мақсаттарын көздейтін басты сауал болып табылады. Егерде 1990жылы халық шаруашлығын мемлекеттік қолдау шығыстары – 50% құраса, консолидациялық бюджеттің шығыстары 1999 жылы – тек 2,15%-ды құрады.Сонымен қатар соңғы 10 жылдықта кәсіпорындарды қолдауға айқын мемлекеттік шығыстардың масштабтарының қысқаруымен байланысты бюджеттік шығыстармен байланысты емес дәл статистикалық бағаларды ала алмауына сәйкес осындай қолдау түрлері белсенді дамуы үстінде екенін осы жерде атап өтуіміз керек . Мұндағы мәселе бәсекеге қатысушылар үшін – салық төлеуге жеңілдік, несиені алуға көмек, әр түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен бюджетке реқұрылым борышының жеңілдік шарты бойынша бюджеттік шектеулердің барлық түрін құру болып отыр.

Қазіргі уақытта формалар туралы жүйелендірілген ақпараттар Қазақстанда Мемлекеттік көмек көрсету масштабтары мен критерилері жоқ сонымен қатар нарығы дамыған елдердің Мемлекеттік көмектің бақылау тәжірибесі бойыншааз танымал болып қалады. Бұл мемлекеттік құралдардық шығындалуына тәжірибелік тиімділігін төмендетеді, мемлекеттік қолдаудың тиімді жүйесін қалыптастыру қиындатады. Қазіргі кезде экономиканы тұрақтандыру шаралары іске асыруда.

Мысалға Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын ретте және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Жоспар) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау үшін әзірленді және жаһандық дағдарыстың Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға теріс салдарын жұмсартуға және болашақтағы сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негізді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін айқындайды.

2007 – 2008 жылдары қабылданған шаралар

Өткен жылдың күзінде Қазақстан қаржы дағдарысының алғашқы толқынымен кезікті.

2007 жылдың қазанында Үкімет, Ұлттық Банк және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын ретте және қадағалау агенттігі (бұдан әрі – Қаржылық қадағалау агенттігі) халықаралық қаржы және азық-түлік нарықтарындағы тұрақсыздықтың теріс салдарын жұмсарту үшін бірқатар бірінші кезекті шаралар қабылдады. 2007 жылдың күзінен бастап мемлекеттік бюджеттен шамамен 550 млрд. теңге бөлінді.

Шағын және орта бизнестің іскерлік белсенділігін қолдау үшін олардың жобаларын шамамен 155 млрд. теңге сомаға қаржыландыру қамтамасыз етілді.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 135 млрд. теңге жіберілді.

Осы шараларға қосымша өтімділік тапшылығының проблемасы жедел шешілді және ұлттық банк жүйесінің келесі сыртқы қауіптерге дайындығының қажетті деңгейі қамтамасыз етілді.

Бірінші кезекті шаралар кешенін іске асыруды ескере отырып, ағымдағы жылдың 9 айы ішінде ЖІӨ-нің өсуі шамамен 4%-ды құрады. Жұмыссыздық деңгейі төмен деңгейде тұр және 7%-дан аспайды. Тұтыну бағаларының өсуін тұрақтандыру мүмкіндігі туды. Ағымдағы жылғы 10 айда инфляция деңгейі 8,8%-ды құрады, бұл жылдық болжамның кемінде 10%-ына сәйкес келеді. Қазақстандық банктер өздерінің ішкі және сыртқы міндеттерін ойдағыдай орындауда. Екінші деңгейлі банктердің экономиканы кредиттеуі өткен жылдың соңындағы деңгейде сақталды. Ағымдағы жылдың 10 айы ішінде банктердегі депозиттер 21,8%-ға дерлік, оның ішінде, халықтың депозиті 2%-ға ұлғайды.

2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілетін болады, оның шеңберінде салықтық жүктемелерді, ең алдымен, экономиканың шикізат емес секторы үшін салықтық жүктемелерді едәуір төмендету көзделген.

Корпоративтік табыс салығы кезең-кезеңімен 2009 жылы 30%-дан 20%-ға дейін, 2010 жылы 17,5%-ға дейін және 2011 жылы 15%-ға дейін төмендейді.
Қосылған құн салығының ставкасы келесі жылдан бастап 13-тен 12%-ға дейін төмендейді. ҚҚС салынатын айналымның ең аз көлемі 2 есе 38 млн. теңгеге дейін ұлғаяды.

Экономиканың барлық кәсіпорындары үшін инвестицияларды жүзеге асыру үшін салық преференциялары көзделген.

Шағын және орта бизнесті қолдау экономиканы отандық қаржы институттары тарапынан қаржыландырудың қысқаруы жағдайында шағын және орта бизнеске көмек көрсету жалғасатын болады. Мемлекеттік қолдау олардың салалық тиістілігіне қарамастан, шағын және орта бизнестің барлық субъектілеріне көрсетілетін болады.

Біріншіден, осы мақсаттарға «Самұрық-Қазына» қоры 2009 жылы қосымша 1 млрд. АҚШ долларын (120 млрд. теңге) бөледі. Бөлінетін қаражат шеңберінде 70% ағымдағы жобаларды қайта қаржыландыруға және 30% жаңа жобаларды іске асыруға бағытталатын болады.

Екінші деңгейдегі банктер шағын және орта бизнеске кредит беру бойынша барлық бағдарламалардың операторлары болады. «Самұрық-Қазына» қоры бөлетін қаражат шеңберінде бір жобаны қаржыландыруға арналған лимит 3-тен 5 млн. АҚШ. долларына дейін өседі.

Үкімет «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп шағын және орта бизнес үшін сыйақы ставкасын тұрақтандыру бойынша дағдарысқа дейінгі деңгейге дейін (14%-дан аспайтын) шара қабылдайды, сондай-ақ тиімді ставканы тіркей отырып, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қабылданған барлық бағдарламалар қайта қаралатын болады.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры шағын және орта бизнеске берілетін кредиттерге кепілдік беру тетігін енгізетін болады.

Екіншіден, «Самұрық-Қазына» қоры ауылдық жерде шағын кредит берудің, оның ішінде ауылдық кәсіпкерлерге кредит берудің бағдарламасын әзірлейді.

Үшіншіден, шағын және орта бизнес субъектілерін тұрақты тапсырыстармен қамтамасыз ету мақсатында оларға «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заңның қолданылуы шеңберінде мемлекеттік органдардың, мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың мемлекеттік тапсырыстарына қол жеткізуі ұсынылатын болады.

Жер қойнауын пайдаланушылармен және сервистік компаниялармен қазақстандық қатысуды ұлғайту бойынша жұмыс күшейтілетін болады.

Төртіншіден, Үкімет кәсіпкерлікті дамыту үшін әкімшілік кедергілерді төмендету және рұқсат беру жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырады.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді төлеу туралы талап алынып тасталады.

Сонымен қатар, барлық кәсіпорындар үшін залалдар мерзімдерін 3 жылдан 10 жылға дейін ауыстыру көзделді.

Жалпы, салықтық жүктеменің төмендеуі тек 2009 жылы кәсіпорындарға 500 млрд. теңге босатуына және оларды экономиканы дамытуға жұмсауына мүмкіндік береді.

Үш жылдық республикалық бюджет ағымдағы жағдайда экономикалық белсенділікті қолдау үшін түйінді құрал болып табылады. Жиынтықты сұраныс пен іскерлік белсенділік бірінші кезекте, басымды инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларды қаржыландыруға, отандық кәсіпорындардың өнімдеріне сұранысты және экономикадағы жұмыспен қамтылуды қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығын дамытуға, сондай-ақ адами капиталды дамытуға бағытталатын бюджет шығыстарының жоғарғы деңгейін сақтау есебінен қамтамасыз етіледі.

Тұтастай алғанда, 2009 – 2011 жылдары мемлекеттік бюджеттен шығатын инвестициялар 1,5 трлн. теңгеден аса өседі.

Бағдарламаның мақсаты Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға ғаламдық дағдарыстың теріс салдарын жұмсарту және болашақта сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негіздерді қамтамасыз ету болып табылады.

Мақсатқа жету үшін Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржылық қадағалау агенттігі мынадай бес бағытта шоғырланатын болады.

1. Қаржы секторын тұрақтандыру

2. Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу.

3. Шағын және орта бизнесті қолдау.

4. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту.

5. Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру.

Жобаны қаржылық қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының 10 млрд. АҚШ доллары (1 200 млрд. теңге) көлеміндегі қаражат пайдаланылатын болады. Олар мыналарға бағытталатын болады:

1) қаржы секторын тұрақтандыруға – 4 млрд. АҚШ доллары (480 млрд. теңге);

3) шағын және орта бизнесті қолдауға – 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд. теңге);

5) инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға – 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд. теңге).

Үкімет, Ұлттық Банк, Қаржылық қадағалау агенттігі, «Самұрық-қазына» ұлттық әл-ауқат қоры (бұдан әрі – «Самұрық-Қазына» қоры) және «ҚазАгро» ұлттық холдингі (бұдан әрі – «ҚазАгро» холдингі) осы қаражаттың нысаналы және тиімді жұмсалуына тұрақты мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етеді.

Жоспарды іске асыру бойынша Үкіметтен негізгі оператор болып «Самұрық-Қазына» қоры шығатын болады. Ол үшін Үкімет «Самұрық-Қазына» қорын 607,5 млрд. теңгеге қосымша капиталдандыруды жүзеге асырды.

«Самұрық-Қазына» қоры мен «ҚазАгро» холдингі тиісінше 4 млрд. АҚШ доллары және 1 млрд. АҚШ доллары сомасына облигация шығару жолымен Ұлттық қордан қарыз алуды жүзеге асырады. Бұл үшін Ұлттық қордың инвестициялық саясатына өзгерістер енгізілетін болады.

Соңғы жылдары мемлекеттік ресурстардың аудандық және салалық аспектілерде механизмдерді бөліп тарату мен критерилерді реттеу мәселелеріне айқын көңіл бөлінуде. Бір жерде шоғырланған әр түрлі бағдарламалар бойынша федералды инвестициялық ресурстарды және аймақтың инвестициялық қолдауын қамтамасыз етуі бойынша аймақтың даму қоры құрылған 

Экономикалық федерализм мен аймақтық экономиканы қатайту жолында әсерлі құрал болып табылатын, федералды министрлыктердің бюджеттік ресурстар мен аймақ арасындағы орныққан принциптерді тиімді реттеу жұмыстары жүргізіледі. Дегенмен бұл үшін тек қана жалпы аймақаралыққаржылы реттеу пропорциясы маңызды емес, сонымен бірге қандай жағдайларда бюджеттік құралдардың әр түрлі деңгейі нақты шаруашылық субъектілеріне жететіні маңызды.

Мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру әдістерін таңдаған кезде нарық принциптерін ұстанып және өндірушілерді ыңғайсыз жағдайға қоймауы үшін тиімді бәсекелестік кеңістігіндегі мемлекеттік қолдауды мемлекеттің экономикаға араласуынан ажырата білу маңызды.

Сонымен бірге бірінші жоспарда болатындар:

      Мемлекеттік көмек көрсету принциптері;

      Мемлекеттік көмек объектілерін анықтау критерилері;

      Мемлекеттік көмек түрлері (формалары);

      Мемлекеттік көмек көрсету процедуралары.

Мемлекеттік қолдаудың принциптерін өндіру жеңіл міндет болып табылмайды. Бұл мәселе тіптінарығы дамыған елдерде де ұзақ жұмыс істеуін талап етті. Қазақстан экономикасы үшін мемлкеттің маңызы әдетте үлкен роль атқарады, сонымен қатар ол жерде мемлекеттің бизнес ісіне араласуы нарықтың ережелерін бұзуға сияқты қабылдамайды, яғни бұл мәселелер әсіресе жете көңіл бөлуді талап етеді. Шетелдік тәжірибені қолдану мемлекеттік қолдау формалары мен стратегияларды өндіру шиеленістерді түрде маңызды болуы мүмкін. Сонымен қатар мемлекеттік қолдауды реттеу жолында батыс елдерінің экономикалық, әлеуметтік, институционалды ережелермен қақтығысатын, өндірістің және сол қиыншылықтардың Қазақстан жағдайында да қақтығысуға тура келетінімізді айта кеткеніміз жөн.

Еуропалық Комиссия жағынан 40 жылдан астам жүзеге асырылып келе жатқан бақылаудың нақты коцепциясы кәсіпорындарға Мемлекеттік көмек көрсетуді реттеу мәселелеріне экономикалық және саясаттық мән берілетін Еуропа Қоғамдастық тәжірибесі осы тұрғыдан ерекше қызығушылық көрсетті. «Мемлекеттік көмек» терминінде бөлек өндірістерді қолдау үшін мемлкеттік ресурстарды қолдануы түсіндіріледі.

Кәсіпорынға бөлек алынған ерекше жеңілдіктер құрмайтын (кадрларды дайындау және оқыту инфрақұрылымдыдамыту, әлеуметтік міндеттерді орындау) және бүтіндей экономикаға бағытталған экономиканы қолдау шаралары сондай аталған жалпы шараларға жатқызылады және бәсекелестік ережесіне қайшы келмегендіктен оларға тыйым салынбайды. Біздің көз қарасымызбен көрсетілген Мемлекеттік көмек пен мемлекеттік қолдаудың анықтамаларын Қазақстандық тәжірибеде қолдану орынды.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайы