Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Марта 2012 в 21:59, курсовая работа
Кәсіпкерлік – қазіргі нарық экономикасындағы ең негізгі және де нарық механизмдегі ерекше орынымен белгілі. Оған себеп, кәсіпкерлік нарық экономикасында аса маңызды экономикалық және әлеуметтік функцияларды қамтиды, оған жататындар: кәсіпкерлікпен шұғылдану экономикада жаңа жұмыс орындарды, жаңа тауарлар мен қызметтерді, қоғамда жаңа орта шаруалардың санын көбейтеді, сонымен қатар қоғамдағы бәсекелестікті арттырады. Нарықтық қатынастар жүйесі кәсіпкерлікті дамытудың ең бір нәтижелі жолы болып табылады, оған себеп: кәсіпкерлікті дамыту шығаратын өнімдер мен қызмет көрсетулердің сапасын көтеруде үлкен әсер етеді
КІРІСПЕ...........................................................................................................3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.
1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оны сипаттайтын көрсеткіштері...................................................................................................5
1.2 Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі.......................................11
2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ӘРЕКЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық әрекетінің
сипаттамасы ..........................................................................................16
2.2. «ТФ Ажар» ЖШС-ның қаржы-шаруашылық жағдайын талдау.......19
3 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫН ЖАҚСАРТУ
3.1 Кәсіпорынның әрекетінің тиімділігін көтеру факторлары мен резервтері........................................................................................................25
3.2 Кәсіпорын мемлекет тарапынан қолдау шаралары..............................29
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................37
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады. [3,19-20б]
Баланс қаржылық есеп беруде 3 элементті сипаттайды: активтер, меншікті капитал, міндеттемелер. Қалған екі элемент – табыс және шығын – қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп беруде көрсетіледі.
Ақша қаражаттары – бұл кассадағы және банк шоттарындағы қолма-қол ақша.
Операциялық қызмет деп – субъектінің табыс алу жөніндегі негізгі қызметін, сондай-ақ оның инвестициялық және қаржылық қызметіне қатысы жоқ, басқа да бір қызметін түсінеміз.
Инвестициялық қызмет дегеніміз – бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату, өтелетін несиелерді беру және алу.
Қаржылық қызмет – бұл нәтижесінде меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының құрамымен мөлшері өзгеріске ұшырайтын субъектінің қызметі болып табылады.
Кәсіпорынның қаржы қорларының қалыптасуы
Қаржы - кәсіпорын мен ұйымдар қаржы қорларын — белгілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланады. Қорлардағы ақша қаражаттары үнемі қозғалыста болады: түседі, қордаланады, жұмсалады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың каржы тәжірибесінде кәсіпорындардың, жеке саланың немесе бүкіл ұлттық кәсіпорынтың өндірістік, кәсіпорын және әлеуметтік қызметіндегі мақсат-міндеттеріне қарай әр түрлі қорлар пайдаланылды. Өздерінің қызметтерінің орындалуына немесе экономикалық жағдайдың өзгеруіне қарай кейбір қорлар жойылса, кейбірі өзгертіліп, қайсы біреулері жеке бөлініп шықты. Ұзақ жылдар бойы кәсіпорындар мен ұйымдарда экономикалық ынталандыру қорлары - материалдық көтермелеу қоры, өндірісті дамыту қоры, әлеуметтік даму қоры, копшілік қолды тауарлар қоры (халық тұтынатын тауарларды шығаруды және өндіріс қалдықтарынан жасалынған басқа бұйымдарды ынталандыру үшін) жұмыс істеді. 1992 жылға дейін ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржыландыру және негізгі қорларды жаңарту үшін амортизациялық қор құрылды. Министрліктер мен ведомстволарда жалпы салалық сипаттағы шығындарды қаржыландыру, ведомствоға қарасты кәсіпорындар мен ұйымдарға қаржы көмегін көрсету үшін орталықтандырылған қорлар құрылды: ғылым мен техниканы дамытудың бірыңғай қоры, экономикалық ынталандыру қорлары бойынша қрталыктандырылған қорлар мен резервтер, бағаны реттеу қоры және басқалары.
Қаржы қорларында кәсіпорындар мен ұйымдар мүлкінің қозғалысы бұл акпаратты өңдіріс, кәсіпорын-қаржы және әлеуметтік қызметті басқаруда пайдалану үшін толық немесе ішінара түрде бейнеленеді. Жекелеген қорлардың қөзғалысы қаржының көлемін, нысанын, пайдалану мөлшерін неғүрлым анық көрсетеді. Сондықтан кейбір қорлар бір мезгілде орындалуға белгіленген (жоспарланған), сондай-ақ іс жүзінде қол жеткен кәсіпорын қызметінің қаржылық кәрсеткіштері де болып табылады немесе есеп-қисап үшін бастапқы мәліметтер ретінде қызмет етеді. Мысалы, белгілі бір кезеңде кәсіпорынның тұтыну қорын жұмсау ауқымы; кәсіпорынның бір қызметкеріне шаққандағы бұл мөлшер оның материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерімен қанағаттандыру деңгейін көрсетеді. [11,709б]
Кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс істеуі үшін неғүрлым елеулілері мен маңыздылары мына қорлар болып табылады: жарғылық, резервтік капиталдар, қорлану қоры, тұтыну қоры, еңбекке ақы төлеу қоры, валюталық, жөндеу қорлары. Құрылтайшылардың немесе кәсіпорындар ұжымдарының қарап шешуі бойынша басқа да мақсатты қаражат қорлары құрылуы мүмкін, мысалы, медициналық сақтандыру қоры, басқа кәсіпорын органдарымен болатын үлестік қоры және басқалары.
Жарғылық, капитал мемлекет, басқа меншік иесі немесе құрылтайшы берген кәсіпорын (ұйым) мүлкінің (капиталының) мөлшерін сипаттап көрсетеді және алғашқыда, кәсіпорын жүргізуші субъектілерді құрғанда өндірістік капиталды, материалдық емес активтерді, айналым құралдарын сатып алудың көзі болып табылады. Оның қаражаттары есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті жагдайлар жасалады.
Жарғылық капиталдың мөлшері кәсіпорын қызмет процесінде өзгеріп отырады: негізгі капиталға жұмсалатын инвестициялар (күрделі жүмсалым), таза табыс есебінен болатын айналым капиталының өсімі, тауар-материалдық құндылықтарды бағалауға дейінгі және капиталдың басқа молықтырылуы нәтижесінде көбейеді; негізгі құралдарды шығару немесе беру, оның тозығын есептеу, зияндарды шығару, тауар-материалдық игіліктердің бағасын түсіру есебінен кемиді.
2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ӘРЕКЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық әрекетінің сипаттамасы
Талдықорған қаласының орталығында тігін фабрикасы орналасқан.
Фабриканың тарихы еліміздің қиын жылдарында 1933 жылы негізделген. Соғыс жылдарында шинель, телогрейка, обмундирования, киімдерін шығарған.
1961 жылы КПСС XXII съезді атындағы фабрика атағы берілді. 1972 жылы жаңа заманға сай 5 қабатты ғимарат салынды, (ішінде барлық өндірістік цикл, яғни шикізат қабылдаудан дайын өндірісті өткізумен айналысқан) Кәсіпорын арнайы мектеп оқушыларының формаларын және мектеп жасындағы ұл балалардың жүннен жасалған костюмдарын шығаруға негізделген.
1991 жылдан бсатап арнайы мектеп оқушыларының формаларын, Қазақстандық өндірістегі химикалық, мұнай газ, металлургия саласының құрылымын және тағы басқа салалық құрылымды қамтамасыз ететін арнайы киім формаларын шығарумен айналысатын жеке кәсіпорын болып табылады. [11,705б]
Қазіргі уақытта кәсіпорын 5 қабатты ғимаратта орналасқан 16 220 кв.м құрайтын өндірістік аланы бар тігін цехтары 444 кв.м дайын өндірісті сақтау қоймасы, 1120 кв.м шикізат қоймасы, 4,8 м қабат биіктігі, өздерінің жылыту орны (котельная) және 2,3 га алып отырған жер аланы бар тігін фабрикасы.
Кәсіпорын мамандары нарық дамуына сәйкес жаңа заман талабына сәйкес ер адам, әйел, балалар костюмдарын, куртка, арнайы киімдер және үлгілерін қадағалауда.
Өзіндік кең ассортиментте, ер адамның, әйелдің, балалардың костюмдарың, жылы қыстық тері жағалы костюмдар, формалық костюмдар, жұмысшылар комбинизондары, сымдар, түрлі курка, қыстық пальто, китель, жыл маусымдарына сәйкес пальто, теріден жасалған куртка, шапка, фуражкалар, ұйықтау қаптарын, қысқа және ұзын женді көйлектер, галустук, шинель, сумкалар, төсек жапқыштар және қажеттіліктері, медицина мекемелеріне қажетті жұмсақ қажетті инветарьларды дайындап, шығаруда.
Біздің өнімдерімізді сатып алушыларына барлық жас аралығындағы халықтар жатады. Оларға: Республикамыздың қарулы күштері – Қорғаныс Министрлігі, шекара қызметі, ҰҚК, ҚР Ішкі істер министрлігі, өнеркәсіп орындары: ЖШС «МАЭК Казатомпром», г. Текели, ЖШС «Энерго-РЭМ, стрела Резерв», ЖШС «СтрЖКтель», АСПМК-519, ЖШС «ТК Метакон», ЖШС «Темирбетон», Мемлекеттің фельдегерлік қызметі, табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы жатады.
Кәсіпорын өнім сапасына көп көңіл бөледі. Біздің міндетіміз сатып алушылардың талаптарын, қажеттіліктерін қанағаттандыру, бәсекелестікке қабілетті болу мақсатында 2004 ж. ИСО 9001-2000 Халықаралық стандарт базасының талаптарына сәйкес, менеджмент жүйесінің сапасын әр дайым жаңартып жақсартуда және қолданыста. 2008 ж. сәуір айында “QS Azia Sertik” менеджмент жүйесі органы менеджмент жүйесін сапасын сертификациялауды жүргізді.
Кәсіпорын өнімдері жоғары сапалы көрсеткіштерге халық сұранысына ие және оның талаптарын қанағаттандыруда. “ТФ Ажар ” ЖШС – кәсіптілік біліктілігі, тәжірибесі, серіктестік істе абыройы бар, қаржылық, еңбек, материалдық ресурстармен қамтамасыз етілген, мемлекет бюджет алдында қарыздары жоқ, тапсырыстарды жеткізу уақытын үзбеген және сапа жағынан кепілдемесі бар сенімді серіктес болып табылады.
«ТФ Ажар» Жауапкерлігі шектеулі серіктестігі өніріс көлемінің ұлғаюы.
Тәуелсіз қазақ елі әлемдік қауымдастыққа жыл өткен сайын ендеп барады. Ендігі алда тұрған міндет - Бүкіл әлемдік сауда ұйымына мүшелікке өту. Бұл барша қазақстандықтан ерекше талпынысты, күш-жігерді қажет етеді. Міне, осы тұрғыдан алғанда осы кәсіпорын біраз шаруа тындырды дей аламын. Біздің негізгі тапсырыс берушілеріміз сол бұрынғысынша еліміздің әлеуеттік құрылымдары – Қорғаныс министрлігі, Шекара қызметі, ҰҚҚ, республикалық гвардия және өзгелері болып табылады.
Білікті басшы айтса айтқандай, кәсіпорынның көкжиегі барған сайын кеңейе түсуде. Жыл ішінде Текелідегі «Алтын бидай» ашытқы зауытының жұмысшыларына, Талдықорған қаласы авиакомпаниясының техниктеріне, Ушарал қаласындағы авиаполктің ұшқыштарына, Қарағандыдағы политехникалық техникум студенттеріне, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептердің оқытушыларына және өзге де тапсырстарға сәйкес киімдер тігілді. Жыл ішінде бұл кәсіпорыннан 50 үлгідегі түрлі киімдерді 30-дан астам ұйым сатып алды. Нарық дегеніміз – бәсекенің дәуірі. Қашан да өзгелерден оқ бойы озу арқылы көздеген межеден көрінуге болады. Мәселен 2004 жылы аталмыш «ТФ Ажар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жиырмаға жуық конкурсқа қатысып, оның алтауында жеңіске жеткен. Сөйтіп өздерінің тапсырыстарын көлемін ұлғайтты. Конкурстарға қатысу үшін киімдердің 150-ден астам үлгісі дайындалды. Әсіресе әскерилерге арналған киімдер ерекше бағаланады.
Мұндай байқаулар кезінде бағаның төмендігі негізгі тұтқа болып табылады. Сол арқылы жаңа технологиялық қондырғыларды сатып алып, тиісінше еңбеккерлердің жалақысын арттыруға болады.
Сертификат тапсырылған кезде сөз алдымен «САИ-РУСЬ» Халықаралық ұйымы бас директорының орынбасары Дмитрий Александрович Марцынковскийге берілді:
Біз бүгін үлкен оқиғаға куәдәр болып отырмыз, - деп бастады ол өз лебізін. – Халықаралық ИСО жүйесіндегі сертификат бүкіл әлем бойынша таратылады. Бұдан былай «ТФ Ажар» ЖШС кәсіпорынның өнімдері халықаралық деңгейге шығуға әбден құқықты. Бұл ең алдымен, мұндағы жұмысшылардың жоғары сапалы деңгейде еңбек ететіндігін айғақтайды. Әзірленетін бұйымдардың үлгісі де көңілге қонады. Әдетте мұндай сертификат үш жыл мерзімге беріледі. Біз аталмыш ұжымның келешекте де осы бағыттан танбайтындығына сенімдіміз.
Халықаралық ұйым өкілдерінің жылы сөздері ұжым мүшелерін желпінтіп-ақ тастады. Бәріде ертеңгі істеріне деген күш-жігерлерін жанып, білектерін сыбана түскендей.
Бүгінгі алып кәсіпорын кезінде шағын артельден бастау алған. Келе-келе іргелі фабрикаға ұласты. Даңқын шығарған Тұрар Бостанова, Базарбала Есболатова, Анна Гац секілді тігіншілері болды. Өтпелі кезеңде біраз уақыт дағдарысқа ұшырағаны да рас. Ал қазір бірден уақыт ағымына ұласып, биік белестен танылып келеді. Былтырдан бері халықаралық стандарттарды және сапалық менеджмент жүйесін ендіруге ден қойды. Басқарудың бұл жүйесі іс-қимыл мен міндеттердің кешенді жауапкершілігін сапаға апарып тірейді. Тиісті халықаралық мекемелермен шарттар жасалынды. Соның нәтижесі, жемісі енді алдан шығып, үлкен қуанышқа бөлеп отыр. Жетісудағы алып кәсіпорынның алдағы мақсаты - өндірілетін тауарлардың көлемін ұлғайта отырып, жоғары сапасын түсірмеу.
Әлемдік сапа-бәсекелестік кепілі
Баршаға белгілі үстіміздегі жылдың мамыр-маусым айларының соңғы күндерінде Талдықорған қаласында МС ИСО-9001-2000 халықаралық сапа стандарты талаптарына сәйкес сертификациялық аудит өткізілді. Аталған шараға жеңіл өнеркәсібі саласының қаламыздағы ірі кәсіпорындарының бірі «ТФ Ажар» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі да қамтылды. Сертификациялау жұмысы стандарттау жөнінде халықаралық аудиторларының қатысуымен жүргізіледі.
Бүгінгі таңда отандық тауар өндірушілер алдында маңызды міндет тұр. Ол – нарықтық бәсекелестік талаптарына сай сапалы өнім шығаруға қол жеткізу. Сапа - әлемдегі жоғары бәсекелестікке ие болудың бірден-бір кепілі. Өз тұтынушыларына жоғары сапалы өнім ұсынып, жеткізіп беру арқылы қызмет көрсете алатын кәсіпорындар ғана қарқынды жұмыс істеп, биік межелерге қол жеткізе алатындығы бұрыннан дәлелденген. Қазіргі таңда қызмет көрсету рыногы сатушы рыногынан сатып алушы рыногына айналуда деп есептейді бизнес саласындағылар. Яғни, кәсіпорындарда бірінші кезекте сапа жайын мақсат тұтқан басқару жүйесі болуы шарт.
Қаламыздағы «ТФ Ажар» ЖШС мүмкіндіктерін саралай келе кәсіпорында халықаралық сапа жүйесін (ХСЖ) енгізу жөнінде шешім қабылдап еді. Кәсіпорынға кеңестік қызмет көрсету жөнінде REGCON-ASIA консалтингілік компаниясы тартылды. Екі жақ бірлесе отырып ИСО-9001-2000 халықаралық сапа стандарттары талаптарына сәйкес кәсіпорынның басқару, жоспарлау, өндірісті ұйымдастыру, шикізатпен қамтамасыз етушілермен тиімді қарым-қатынас орнату, шығарылған өнімді сату және жұмысшы-қызметкерлерді қайта даярлау бағытында сапа менеджментінің жүйесі жасалды. Ол `SAI GLOBAL LIMITED` сертификациялау органында бекітілді. Алда жауапты міндеттер тұр. Халықаралық сапа жүйесін салаға енгізу еңбек пен ізденісті, іскерлік пен біліктілікті қажет етеді. ИСО халықаралық сапа стандартымен жұмыс жасау кәсіпорынға тапсырма берушілердің талаптарынан шығып, сапалы өнім шығаруға кепілдік бере алады. Сонымен қатар, ХСЖ өндірісті басқару, жұмысшы қызметкерлердің өкілеттілігі мен жауапкершілігін ажырата білуге, кәсіпорынның бәсекелестік жағдайында жұмыс жасау қабілетін арттыруға, кәсіпорынның сауда маркасының сенімділігін де күшейтеді.
Сертификаттау жөніндегі аудиттің қорытындысы бойынша «ТФ Ажар» ЖШС ХСЖ SAI GLOBAL сертификаттау компаниясының реестрінде тіркеліп, IQNet халықаралық сертификат та табысталды. «ТФ Ажар» ЖШС соңғы жылдары өткізіліп жатқан ондағы тендерлерға қатысып, олардың жеңімпазы атанғанын жақсы білеміз. Басқару және өнім шығару саласына халықаралық сапа стандартын енгізуді бәсекелестік деп түсініп қана қоймай, индустриялды-инновациялық даму стратегиясын механизмдерін енгізу деп ұғу керек.