Кәсіпорынның қаржылық жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Марта 2012 в 21:59, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпкерлік – қазіргі нарық экономикасындағы ең негізгі және де нарық механизмдегі ерекше орынымен белгілі. Оған себеп, кәсіпкерлік нарық экономикасында аса маңызды экономикалық және әлеуметтік функцияларды қамтиды, оған жататындар: кәсіпкерлікпен шұғылдану экономикада жаңа жұмыс орындарды, жаңа тауарлар мен қызметтерді, қоғамда жаңа орта шаруалардың санын көбейтеді, сонымен қатар қоғамдағы бәсекелестікті арттырады. Нарықтық қатынастар жүйесі кәсіпкерлікті дамытудың ең бір нәтижелі жолы болып табылады, оған себеп: кәсіпкерлікті дамыту шығаратын өнімдер мен қызмет көрсетулердің сапасын көтеруде үлкен әсер етеді

Оглавление

КІРІСПЕ...........................................................................................................3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.
1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оны сипаттайтын көрсеткіштері...................................................................................................5
1.2 Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі.......................................11

2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ӘРЕКЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық әрекетінің
сипаттамасы ..........................................................................................16
2.2. «ТФ Ажар» ЖШС-ның қаржы-шаруашылық жағдайын талдау.......19

3 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫН ЖАҚСАРТУ
3.1 Кәсіпорынның әрекетінің тиімділігін көтеру факторлары мен резервтері........................................................................................................25
3.2 Кәсіпорын мемлекет тарапынан қолдау шаралары..............................29

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................37

Файлы: 1 файл

КР Альмира.doc

— 347.00 Кб (Скачать)

  «ТФ Ажар» ЖШС-ның баланс өтімділігін анықтау үшін өтімділік дәрежесі бойынша актив бөлімдерінің және мерзімділік дәрежесі бойынша пассив бөлімдерінің көрсеткіштерін теңестіру қажет.

                                                     2007 жыл

                                           А               П

өтімді активтер                    386930   < 1525833  мерзімді міндеттемелер                                        

тез өткізілетін активтер      3945817 > 2337445   қысқамерзімдік міндеттемелер                                   

баяу өткізілетін активтер    371718   < 1480468  ұзақмерзімді міндеттемелер                                                                                      

қиын өткізілетін активтер   3113140 > 2080642  тұрақты міндеттемелер                                                                             

 

                                            2008 жыл

                                           А             П

өтімді активтер                   6297815 > 5883442  мерзімді міндеттемелер                                        

тез өткізілетін активтер     548398   > 510077    қысқамерзімдік міндеттемелер                                   

баяу өткізілетін активтер   484352   < 1532865  ұзақмерзімді міндеттемелер                                                                                      

қиын өткізілетін активтер  3822892 > 2639417  тұрақты міндеттемелер                                                                             

 

Кәсіпорын балансының абсолюттік өтімді деп сипаттауға болмайды осы бес жылдың ішінде бірде біреуінде теңсіздік сақталмайды.

Кәсіпкерлік қызметтің нарықтық қатынасының шартты мақсаты табыс табу болып табылады. Табыс кәсіпорынды өзін-өзі қаржыландыруға мүмкіншілік береді, меншікті капиталына және кәсіпорын жұмысшыларына материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерімен қамсыздандырады, салық негізінде табысқа бюджеттік кірістің құрылуы қамтамасыз етіледі. Сондықтан да табыс кәсіпорын қызметінің ақырғы нәтижесі болып табылады.

Қаржылық тұрақтылығының жетістігіне жету және қолдау үшін абсолюттік табыстың өсімі ғана маңызды емес, бірақ оның кәсіпорынға салынған капиталына немесе шығындарына деңгейіне қатысты, яғни рентабельділігі (табыстылығы). Кәсіпорынның рентабелділік өсімі және динамикасы  іскерлік белсенділігінің дәрежесін және оның қаржылық жағдайын мінездейді. Рентабелділік қаржылық операцияларға және де басқа кәсіпорында әр бір құралдардан түскен  табыстын мінездейді. Кәсіпорынның мүліктілігіне салынған капиталдың құрамына алыстап келгенде және кәсіпкерлік пен шаруашылық және қаржылық операциялары жүргізілген рентабельділік көрсеткіштер жүйесі бар, ол 4-шы кестеде көрсетілген

 

Кесте 4- «ТФ Ажар» ЖШС рентабелінің анықтамалық көрсеткіші

Көрсеткіші

Алгоритімді есептемесі

2007ж

2008ж

1.Таза табыс  (мың теңге)

жалпы табыс -  Бюджетке түсетін төлемдері                 

158775

173153

2.Тауардың рентабелділігі%

Таза табыс/сатудан түскен түсім          

2,4

2,1

3.Негізгі қызмет рентабелділігі%

Таза табыс/негізгі қызметтен түскен түсім                       

84,0

-92,4

4. Негізгі емес қызмет рентабельділігі%

Таза табыс/негізгі емес қызметтен түскен түсім                       

37,4

34,2

5.Кәсіпорын активтерінің рентабелділігі%

Таза табыс/активтердің орташа көлемі     

1,7

1,3

Деректер көзі:  «ТФ АЖАР»ЖШС-нің 2007, 2008 жылдардың бухгалтерлік баланстары

 

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі көрсеткіштер қасында мінезделеді: тауарды сатудан, табыстан, активтан түскен түсімнің активтерді қолдану нәтижелігінің өсу қақыны, сонымен қатар өнімді өткізуден, шикізат және матеиалдарды сатып алу бойынша қолайлы келісімдердің, сондай-ақ мамандыққа баға беру персоналы және т.б. Алдымен экономикалының өсу қарқынын талдау қажет.Ол келесі 9,10-ші кестеде көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 КӘСІПОРЫН ӘРЕКЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ

 

3.1 Кәсіпорынның әрекетінің тиімділігін көтеру факторлары мен резервтері

Кәсіпорынның қаржы қызметі аясындағы тағы бір маңызды мәселе  - байланысты активтердің оңтайлы мөлшерін ұтымды қаржыландыруды ұйымдастыру. Кәсіпорынның байланысты активтерін қаржыландыру заңдалықтары іс жүзінде ережелер түрінде қалыптасып, жалпылама түрде олар қаржыландырудың «алтын ережесі» деп аталады. Экономика ғылымында аталған «алтын ереженің» бірнеше анықтамасы бар, дегенмен көбіректанылғаны келесі түсініктер:

      Инвестициялауға қажетті қаржы ресурстары осы инвестицияның нәтижесімен қаншалықты байланысты болса, сонша уақыт кәсіпорын қарамағында боуы керек;

      Кәсіпорынның несиелік берешектерін ұтымды басқару дегеніміз – қалыптасқан іскерлік қатынастарға нұқсан келтірмей, қарзды өтеу мерзімін барынша ешіктіру.

Кәсіпорын қаржылық, инвестициялық және ақшасыз операцияларды жүзеге асыру мүмкін. Оларға: материалдық емес активтерді және негізгі капиталды ұзақ мерзімді неиеніңесебінен алу; кредиторлық қарызды кредиторға акцияны және басқа да құнды қағаздарды беру жолымен өтеу; басқа кәсіпорының акцияларын сатып алынған тауарларға және дайын өнімге айырбастау жолымен алу және т.б. жатады. Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзімді активтерді сатып алу, қайтадан сату және берілген несиені өтеу және алу. Инвестициялық қызметке мыналар жатады:

      Негізгі капитал , материалдық емес актвтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатудан, қаржылық инвестицияны сатудан, басқа кәсіпорындардан алынған қарыз қаражаттары және басқа да табыстар;

      Негізгі капиталды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерін сатып алуға жұмсалған қаражаттарының шығыны;

      Қаржылық инвестицияларды алу, басқа кәсіпорындарға  қарыз ақша беру, басқа да төлемдер.

Кәсіпорынның қаржы стратегиясы және қаржы жоспары. Нарықтық экономикада қаржылық жағдайдың беталысынанықтау қажеттілігі туындайды. Кәсіпорынға өзіндік қаржы стратегиясын құру қажет. Қаржы стратегиясы – бұл кәіпорынның жалпы стратегиясының құраушы бөлігі болып саналады. Ол кәсіпорынды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету жөніндегі іс-амалдардың бас жоспарын жасау мен оны іске асыру әрекетінен көрінеді. Қаржылық стратегия теориясы іс жүргізудің нарықтық заңдылықтарын зерттейді, кәсіпорынның жаңа ортада тіршілік ету, даму үлгісін жасайды. Қаржылық стратегияға мыналар кіреді: Қаржылық жағдайды талдау; кәсіпорын мүлкін оңтайландыру; табысты бөлу, қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыру, салық және баға ұстану саясаты. Қаржы стратегиялатын басты және  оралымды, басты стратегиялық мақсат және жекелеген стратегиялық міндеттердіорындау стратегисы деп бөлінеді. Басты стратегиясы деп кәсіпорынның ұзақ мерзімді кезеңге арналған қаржылық іс-әрекетін айтады.

Ал отандық тәжірибеде ол негізінен: ұзақ мерзімді жоспарлауда – үштен бес жылға дейін, орта мерзімді жоспарлауда – бір жылдан үш жылға дейін; ағымдағы (оралымды) жоспарлауда – тоқсанға, бі айға немесе, егер қажет болса, одан да қысқа мерзімге жасалынады. Оралымды қаржылық стратегияның басты ерекшелігі – мұнда жоспарланған кезең ішінде барлық жалпы табыс пен шығын қаражаттары қамтылады. Табыстар меншығындарды осылай мұқият есептеп жоспарланған жағдайда ғана ақша ағынын дұрыс үйлестіріп, пайданың шығыннан басым түсуіне қол жеткізуге болады.

Қаржының басты стратегиялық қызметі – кәсіпорынды оның мақсатын орындауға қажетті әрі жеткілікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету.

Кәсіпорынның қаржылық іс-әрекеттегі табысы қаржы стратегиясының теориясы мен тәжірибесін ұштастырғанда, сонымен бірге, қажылық стратегия кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес келген жағдайда ғана толық қамтамасыз етіледі.

Қаржы стратегиясы кәсіпорынның қаржы жоспарын жасап, оны орындау үдерісінде, яғни кәсіпорын ішіндегі қаржылық жоспарлауды ұйымдастыру барысында іске асады. Кәсіпорыншілік жоспарлауды ұйымдастырудабасым бағыттың бірі – отандық тәжірибеге бизнес жоспар жүйесін ендіруболып табылады. Бизнес-жоспар кәсіпорыншілік жоспарлау құжаты бола отырып, кәсіпорынның өндірістік және коммерциялық іс-әрекетінің барлық негізгі аспектілерін қамтиды. Кәсіпорын іс-әрекетінің барысында кездесуі мүмкін мәселелерді сараптап, соған қоса қаржылық-шаруашылықмәселелерді шешу жолдарын белгілейді. Қазіргі қолданыстағы заңнама бизнес-жоспарды міндетті етіп бекітпейді. Ал дамыған елдер тәжірибесі мен өз кәсіпорындарымыз жинақтаған әзірге тым аз тәжірибесі көрсеткендей, бизнес-жоспар құру - өмір талабы болып отыр. Осы тұста отандық кәсіпорындардың өндірістік-техникалық-қаржылық жоспарларын әкімшілік басқару жүйесінде құруы мен іске асыруын және оның маңызды құраушы бөлігі – төлемдер күнтізбесінсалыстырма түрінде келтіруге болады. Төлемдер күнтізбесі кәсіпорынның барлық табысы мен шығысын өзара үйлестіре отырып, дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Күнтізбе құру міндетті емес, дегенмен, көптеген кәсіпорындардың үнемі төлем күнтізбесін жасауы оларға ауыр қаржылық жағдайы кезеңі туындайтынын алдын ала көріп-біліп, уақытша қаржылай қиындықтарды жоюға қосымша ресурстар табу үшін дер кезінде қажетті шара қолдануға мүмкіндік береді. Бизнес-жоспарын қаржы бөлімінің төлемдер күнтізбесі секілді кәсіпорыншілік жоспрлау құжатымен салыстыруға болмайды. Олардың тек жекелеген жоспарлау әдістері ғана ұқсас. Нақтылақ айтқанда, бизнес-жоспар оралымды және орта мерзімді жоспарлау мәселелерін шешетін және стратегиялық мақсатқа ие болумен қатар, шетелдік әріптестермен іскерлік қарым-қатынас орнаған (немесе кеңейген) жағдайда, сыртқы экономикалық мәселелерді де шешуге бағытталады. Бизнес-жоспар құрудағы шетелдік және отандық тәжірибеге сүйенер болсақ, оның ең маңызды бөлігі – қаржылық жоспарлау екендігіне көзіміз жетеді. Қаржылық бөлім қаржылық нәтижелер болжамын қамтиды, бұл – қосымша инвестициялық мұқтаждық және қаржыландыру көздерін құру; дисконтталған ақша қорларының үлгісі; залалсыздық нүктелерін анықтау және т.б. құжаттар жасау деген сөз.

Сонымен қатар, қаржылық жоспар құру кезінде кәсіпорынның қаржылық дамуына қажетті қаражаттарды анықтау үшін қаржылық жоспарды инвестициялық жоба ретінде бағалауды қажет етеді деп болжанады. Бұл дегеніміз – бизнес-жоспарда қарастырылған қаржы жұмсалымдары экономикалық тиімділік жағынан негізделген болуы тиіс. Жоспардың басқа бөлімдеріндегі барлық көрсеткіштердің негіздемесі болғанда ғана қаржылық нәтижелер болжамы нақты болады. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық іс-әрекетінің талдау нәтижесінде анықталған қосымша қаржы мүмкіндіктері шынайы бағалануы үшін оны жоспарлық кезеңнің әр түрлі мүмкін жағдайын ескере отырып, бірнеше нұсқада жасау қажет.

Дисконтталатын ақша ағындары үлгісі қаржы-шаруашылық іс-әрекет нәтижелерін болжау негізінде құралады. Бұл жағдайда жалпы қаржылық нәтиже кәсіпорынды сауықтыру қаржылық жоспарын іске асыратын әр жылдың дисконтталатын құн жиынтығының реті есептеледі. Дисконтталатын ақша ағындары үлгісі құру мен оны бизнес-жоспарға енгізу қажеттілігі қаржылық нәтижелер болжамындағы шығындардың басым бөлігі төлемдер кезетілігін көрсетпейтіндігінен келіп туындайы. Дәлірек айтқанда, пайда әрқашан  кәсіпорын есепшотындағы қаржы «артықтығын» білдірмейді, ал есепшотта қаржы болуы кәсіпорынға пайда түсті деген сөз де емес. [ ,755-759б].

Шаруашылық қызметтің нәтижелігі көрсеткіштер шеңберімен салыстырмалы мінезделеді. Бірақ осы көрсеткіштердің әр қайсысына барлық факторладың жүйесіне ықпалдылығын көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайына және өндірістің тиімділігіне ең басты әсер ететін факторларының бірі еңбек өнімділігі.

Өндірістік материалдық сферасында ең негізгі әсер ететін фактор еңбек өнімділігі, яғни еңбек өнімділігі өндіріс нәтижесінің адам еңбегінің шығынына қатынасы арқылы өрнектелетін еңбек үдерісі тиімділігінің көрсеткіші болып табылады.. Қазіргі экономикалық теорияда, сөздің кең мағынасында бір жағынан, өнім және қызмет түріндегі тауарлар көлемі, екінші жағынан, сол өнімдерді шығаруға кеткен шығындардың арақатынасын түсінуге болады. Еңбек шығындары немесе оны тауар өндірісіндегі жұмыс күшінің шығындары деп те атауға болады. Еңбек шығындары – бұл бір жұмыскерге қатысты алынған жұмыс уақытының шығындары. Ол адам-сағат, адам-күн бірлігімен өлшенеді. Сонымен қатар, бұл кезде еңбек қарқындылығы тұрақты деп қарастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайы