Кәсіпорынның қаржылық жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Марта 2012 в 21:59, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпкерлік – қазіргі нарық экономикасындағы ең негізгі және де нарық механизмдегі ерекше орынымен белгілі. Оған себеп, кәсіпкерлік нарық экономикасында аса маңызды экономикалық және әлеуметтік функцияларды қамтиды, оған жататындар: кәсіпкерлікпен шұғылдану экономикада жаңа жұмыс орындарды, жаңа тауарлар мен қызметтерді, қоғамда жаңа орта шаруалардың санын көбейтеді, сонымен қатар қоғамдағы бәсекелестікті арттырады. Нарықтық қатынастар жүйесі кәсіпкерлікті дамытудың ең бір нәтижелі жолы болып табылады, оған себеп: кәсіпкерлікті дамыту шығаратын өнімдер мен қызмет көрсетулердің сапасын көтеруде үлкен әсер етеді

Оглавление

КІРІСПЕ...........................................................................................................3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.
1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оны сипаттайтын көрсеткіштері...................................................................................................5
1.2 Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі.......................................11

2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ӘРЕКЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық әрекетінің
сипаттамасы ..........................................................................................16
2.2. «ТФ Ажар» ЖШС-ның қаржы-шаруашылық жағдайын талдау.......19

3 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫН ЖАҚСАРТУ
3.1 Кәсіпорынның әрекетінің тиімділігін көтеру факторлары мен резервтері........................................................................................................25
3.2 Кәсіпорын мемлекет тарапынан қолдау шаралары..............................29

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................37

Файлы: 1 файл

КР Альмира.doc

— 347.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1. Қаржы ресурстарының құрамы.

Деректер көзі: [4,13б].

 

Шаруашылықтағы кәсіпорындардың қаржысын басқару экономиканың қайсысы болмасын өндірістен, экономикалық өнім жасаудан құралады. Өндіріссіз тұтыну болмайды, тек шығарылған өнімді ішіп-жеп қою болады. Атап айтқанда, кәсіпорын өнім шығарады, жұмыстар және қызмет көрсетеді, яғни тұтыну және ұлттық байлықты  молайтудың негізін  қалайды.

Қаншалықты кәсіпорын тиімді жұмыс істейді, оның қаржылық жағдайы қандай екені экономиканың барлық саулығына және мемлекеттің индустриалдық қуатына байланысты  болады.  Оның  негізгі  белгілері  мыналар:

•  ұйымдық   бірлік:   кәсіпорын   -   бұл    белгілі   түрде ішкі    құрылымы    және    басқару    жөнімен    ұйымдасқан  ұжым;

• белгілі   түрдегі   өндірстің   құрал   кешені:   кәсіпорын пайданы    барынша    көбейту    мақсатында    экономикалық   игіліктерді   өндіру   үшін   экономикалық   ресуретарды   біріктіреді;

• мүліктің   жекеленуі:   кәсіпорынның   өзінің   мүлкі   болып,  белгілі  бір  мақсатқа   жеке  пайдаланады.;

• мүліктік   жауапкершілік:   кәсіпорын   түрлі   жагдайға сай    өзінің   барлық   мүліктеріне    толық    жауапкершілікте  болады;

• кәсіпорын   дара   басшылықты   болжалайды,   басқарудың  тікелей  әкімшілдік  формасына  негізделеді;

• шаруашылық  айналымына   жеке  атынан  шығады;

• оперативті-шаруашылық    және    экономикалық    дербестік:  кәсіпорын   жеке   өзі   түрлі   мәмілелерді   және операцияларды   жүзеге   асырады,   пайдасын   өзі   алады   немесе   зиян   шегеді,   пайданың   есебінен   қаржы жағдайын     және     өндірісті  одан  әрі  дамытуын жақсартады.

 

Адамдар                              Өндіріс қаржысы

(қызметкерлер)

 

 

   Өндіріс

 

 

 

Ақша                                                Ақпарат

 

 

 

Қызмет қортындысы

Өнім

 


 

Сурет 2. Өндірістік ішкі орта.

Деректер көзі: [4,14б].

 

 

1.Негізгі өндіріс                                   3. Қызмет көрсету, жанама бөлімшесі                                            

 

2.Көмекші өндіріс бөлімшесі              4. Басқарушылық қызметі

 

 

 

Сурет 3. Кәсіпорын құрлымы.

Деректер көзі: [4,15б].

 

Өтпелі кезең біздің республика үшін тек жағымсыз салдармен ғана емес, сонымен қатар кейбір онды мезеттермен  сипатталады.  Атап айтқанда:

•  кәспорындар бірте-бірте   рынокқа   бейімделіп,   шынында    сатып    алушылардың    мұқтажын    қанағаттандыра  алатын өнімдерді өндіре  бастады;

•  көптеген    кәсіпорындар    инфляцияның    құлдырауы жағдайында   өндіріс  шығндарын   азайту,   өнімдерді өткізу,   оның   сапасын   жаксарту  қаржылық  сәттілікті    дұрыс    шешудің    бірден-бір    жолы    екенін түсіне  бастады;

•  рыноктар   тауарлармен   толықтырылып,   кейбір   экономикалық салаларда кінәратсыз бәсеке  пайда болды.

 

Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржы бөлімі

Жоспарлау-экономикалық бюросы

Банк және кассалық бюросы

Есеп айырысу бюросы

Топтар

 

топтар

 

 

 

 

 

 

Қаржылық-кредиттік жоспарлау

Оперативтік-жоспарлау және бақылау

Экономикалық талдау

Сатыпалушылар мен есеп айырысулар бюросы

Жеткізушілермен есеп айырусылар

Кінәрат-талап тобы

 

Сурет 4. Шаруашылық жүргізуші субъектісінің каржысын басқару.

Деректер көзі: [5,23б].

 

Қаржыны оперативті басқаруға банк мекемелері қатысады. Екінші деңгей банктері кәсіпорындар мен ұйымдарға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, ақшаға деген уақытша қажеттіліктерді несиелендіреді.

   Шаруашылықты жүргізудің нарықтық негізіне көшкеннен кейін кәсіпорын басшыларының, акционерлік компаниялар мүшелерінің ғана емес, сондай-ақ басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістері жағдайында болмашы рөл атқарған қаржы службаларының да рөлі ерекше арта түсті. Кәсіпорындарды дамытудың қаржы көздерін, қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді инвестициялаудың бағыттарын іздестіру, бағалы қағаздармен операциялар жасау және қаржы менеджментінің басқа мөселелері нарықтық экономика жағдайындағы Кәсіпорындардың қаржы службаларының негізгі мәселелері болып отыр. [6,64б]

Баланстың актив бөлімінің құрылымына сай ерекшелік – бұл яғни баланс бөлімдері мен баптарының әр бөлім ішінде қатаң, белгілі бір дәйектілікпен орналасу – яғни олардың өтімділік дәрежесіне байланысты мына принцип бойынша: өтімділік дәрежесі аз активтерден өтімділігі көп активтерге дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері мен баптары жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне байланысты жоғары өтімді активтер жазылады. Осы принцип бойынша активтің қорытындыбаптары ең өтімді айналым қаражаттары (ағымдағы активтер) болып табылады, олар қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, кассадағы, есеп айырысу және валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа да ақша қаражаттары.

Субъект қызметінің қаржылық нәтижесі туралы есеп бухгалтерлік есептің №3 «Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп» стандартымен анықталады. Онда заңды тұлғаларды рет-ретімен құру және ұсыну мақсатында қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі есептің баптарын жіктеу және есепке алудың тәртібі көрсетіледі, бұл өз кезегінде заңды тұлғаның әр мезгілдегі есептік кезеңдердегі қаржылық есебі мен түрлі заңды тұлғалардың қаржы есептерін салыстыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ стандарт, негізгі қызметтен алынған табыс пен шығынды, төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан болатын табыс пен зиянды, сондай-ақ есеп кезіндегі есептік бағаның, есеп саясатының өзгеруінен және қаржылық есептегі елеулі қателерді түзетуден болатын әртүрлі табыс және шығындарды ашудың тәртібін анықтайды. [7,32-34б]

 

1.2 Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі

Бизнестің кез келген түрімен айналысқан ұйым табыстылығын есептеп, бизнестің олжалы болғаныны қалайды. Кәсіпорын табысы екі құрамнан: бағадан және шығындардан тұрады. Баға сұраныс пен ұсыныстың қарым-қатынасына тәуелді екенібелгілі. Сол себепті өз қалауымызша бағаны көтере алмаймыз. Шығындар жөнінде басқаша – оның шамасы пайдаланып жатқан еңбек, материалды ресурстарға, техниканың деңгейіне, өндірісті және еңбектітехникалық жағынан ұйымдастыруға және т.б. байланысты. Өндірістік, инвестициялық және қаржылық іс-әрекеттерқаржылық нәтижелертүрінде байқалады.

Нарық жағдайында әрбір шаруашылықпен айналысатын субъект бизнес түрін таңдағанда, тауарлар ассортиментін қалыптастырғанда тәуелсіз болады, шығындарды өзі анықтайды, бағаларды өзі қалыптастырады, тауардан сатқаннан түскен табысы өзі есепке алады, солай болғандықтан іс-әрекеттің нәтижесінен болған пайда немесе залалды айқындайды. Өндіріспен айналысатын шаруашылық субъектінің басты мақсаты: нарық жағдайында пайда табу болып саналады. [8,706б]

Жыл бойы негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыс жылдық жиынтық табысты құрайды және ол №5               БЕС-на сәйкес есептелінеді. Табыс, сондай-ақ тауарлы-материалдық қорларды сатқаннан, қызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататынактивтерді пайдалануға беруден , пайыздардан, роялтиден және дивиденттерден алынуы мүмкін.

Табыс дайын өнімдерден, сатып алынған тауарлардан және көрсетілген қызметтерден алынады; олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісімшартта анықталады. Келесі шарт сатушыдан сатып алушыға өтетін меншік құқығы болып табылады, бұл әдетте өнім берілген кезден басталады, ал егер сатушы меншік иесі ретінде құқығын және міндеттемесін сақтаған болса, онда ол сатылған болып табылмайдыжәне табыс болып та табылмайды; мәміле бойынша күтілетін шығын мүмкіншілігіне қарай ең төмен деңгейдегі бағалауды қажет етеді. [9,70б]

Қаржылық-шаруашылық қызметінің есеп беруі келесі көрсеткіштерден тұрады:

            өнімді, жұмысты, қызметті сатудан түскен табыс; ҚҚС, акциздер және басқа міндетті төлемдер мен салықтар шегертілген түрінде көрсетіледі, қайтарылған тауар құнын , бағадан және сатудан жасалған жеңілдіктерді қоспағанда;

            өнімнің, жұмыстың, қызметтің сатылған өзіндік құнына кәсіпорынның нақты шығындары, яғни өнімді, жұмысты, қызметті өндірумен байланыстытікелей шығындар кіреді;

            жалпы табыс - өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен табыстан өнімнің нақты өзіндік құнын алып тастағаннан соң шығатын қаржылық нәтижесі;

            кезең шығындары - өнімнің, жұмыстың, қызметің өндірістік өзіндік құнына енбейтін шығындар: жалпы және әкімшілік шығын, сату бойынша шығын, пайыздарды төлеу бойынша шығындары;

            негізгі қызметтен түскен табыс – жалпы табыс пен кезең шығындарының айырмасы;

            негізгі емес қызметтен түскен табыс – кәсіпорынның негізгі қызметімен байланысты емес операциялардан алынған табыс (негізгі капитал, материалдық емес активтерді, құнды қағаздарды сатқаннан, жәрдемнен және т.б. түскен табыстар);

            салық салынғанға дейінгі негізгі қызметіненалынған табыс – негізгі және негізгі емес қызметтерін қосқаннан алынған табыс;

            табыс салығы бойынша шығын – 11 БЕС бойынша соның ережесіне сәйкес есептік кезең үшін анықталған табыс салығы бойынша шығын;

            салық салынғаннан кейінгі негізгі қызметінен алынған табысы – салық салынғанға дейінгі табыстан табыс салығы бойынша шығынын шегергеннен соң алынған табыс;

            төтенше жағдайдан алынған табыс – есептік кезеңде орын алған төтенше жағдайдың қалдық нәтижесі;

            таза табыс – есептік кезеңде кәсіпорынның алған қаржылық нәтижесі. [10, 28б].

Кәсіпорын іс-әрекетінің маңызды көрсеткішінің бірі табыстылық болып саналады. Табыстылық – бұл өндіріс кәсіпорын жұмысының сапасын сипаттайтын жалпы көрсеткішСебебі тапқан пайданың көлеміне қарамай, кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің толық салалық бағасын тек табыстылықтың деңгейі ғана көрсете алады. Ол пайданың өндіріс қорына немесе өнімнің өзіндік құнына қатынасын білдіреді. Табыстылықтың көрсеткіші өндіріскен кеткен шығын мен табысты салыстыра отырып, өндірістің тиімділігін бағалайды.

Кәсіпорында табыстылық деңгейінің жоғарылауына тікелей әсер ететін негізгі факторларға келесілер жатады:

            өндірілген өнім көлемінің өсуі;

            өнімнің өзіндік құнының төмендеуі;

            өндірістік негізгі қорлар мен айналым қаражаттарының айналым уақытының қысқаруы;

            пайда көлемінің өсуі;

            қорлардың дұрыс пайдаланылуы;

            құрал-жабдықтарға, ғимаратқа және құрылысқа деген бағаны дұрысқалыптастыратын баға жүйесі;

            материалдық ресурстардың, аяқталмаған өндірістің және дайын өнімнің запас мөлшерлерін дұрыс анықтау және оны тиянақты ұстап тұру;

            жоспарлы және жүйелі түрде ғылым мен техниканың алдыңғы қатарлы жетістіктерін ендіру;

            еңбек ресурстарымен өндіріс қорларын тиімді пайдалану. [36,730б].

Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандарттарында анықталған жеңілдетілген түрде толтырып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егерде төмендегі көрсетілген үш шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана маңызға ие болады:

1.            зейнетақы, жәрдем ақы және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санкцияларын, салық және басқа ҚР төлемдерін салу үшін жылдық табыс ҚР заңымен көрсетілген 10000 есе есептік көрсеткіштен аспайды;

2.            қаржылық жыл бойы қызметкерлердің орташа саны 50-ден аспайды;

3.            активтердің жалпы құны 60000 еселік есептік көрсеткіштен аспайды.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайы