Кәсіпорын қаржылық жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 19:57, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың ша-руашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серік-ті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі кө-бінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.

Оглавление

КІРІСПЕ
I БӨЛІМ Аудиттің териалық негіздері
1.1 Аудиттің әдістері мен тәсілдері
1.2 Адиттің мақсаты мен міндеттеріні, ақпарат көздері

II БӨЛІМ Кәсіпорынның қаржылық жағдайы аудиттінің әдістемесі
2.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
2.2 Кәсіпорынның қаржылық табыстылығын талдау
2.3 Кәсіпорынның төлем қабілеттігін талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

курсавой кәсіпорынның қаржылық жағдайы.doc

— 251.50 Кб (Скачать)

       Аудит  мақсатының консалтингтік қызмет  жүзеге асыру барысында криенттің  коммерциялық қызметін жақсартатын  жоғары сапалы кеңес беру қызметі  болады, сонымен қатар аудиттордың  беделі мен табысы қоса өседі.

       Алға  қойылған аудит мақсаттарына  қол жеткізу үшін нақты міндеттерді  шешіп алу қажет. Олардың ішінен  ерекшелеп мыналарды бөліп көрсету  керек: 

  1. Кәсіпорынның қаржылық есептемесінің шындыққа жанасымдылығын қамтамасыз ету және осы есеп беруді пайдаланушылар үшін ақпараттық тәуекелді қолайлы деңгейге дейін азайту;
  2. Шешім қабылдаудың логикалық тұрғыдан негізделген базасын құру үшін жеткілікті дәрежеде құзіретті мағлұматтарды алып, бағалау;
  3. Кәсіпорын экономикасын немесе оның белгілі бір қызмет түрінің, оның ішінде, инвестициялық, маркетингтік және сыртқы экономикалық қызметін жүйелі талдау;
  4. Кәсіпорын қызметі және оның жарғысының бір-біріне сәйкестігін, жасалған бизнес-жоспардың және басқа да тапсырмалар мен нормативтердің орнықтылығын тексеру;
  5. Заңның сақталуын, бухгалтерлік есепті жүргізудің және есеп берудің дұрыстығын, шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржылық жағдайы туралы шындыққа жанасымды ақпаратпен пайдаланушылардың қамтамасыз етілуін бақылау;
  6. Заңды белгілейтін бастапқы құжаттар мен олардың шынайы мазмұнына шаруашылық операциялардың қаншалықты сәйкестігін тексеру;
  7. Кәсіпорынның өндірістік, маркетингтік, инвестициялық және басқа қызметтерін бақылау мен есебі саласындағы әр түрлі мәселелер бойынша клиентке кеңес беру қызметін көрсету;
  8. Клиенттің меншігін бекітіп беруге, оның бизнесінің тиімділігін арттыруға және кемшіліктерді жоюға ықпал ету.

      Аудиттің  ең нақты міндеттері алға қйылған  мақсаттарға, оның түрлері мен  жүргізу шарттарына байланысты болады. Мысалы, ішкі аудитте оның саны ақпараттық базаның ұлғаюына, талдамалы рәсімдері акциенттерінің өзгеруіне қарай артады.

     Осылайша, аудит –  бақылау, бағалау, ұсыныстарды  әзірлеу және әр түрлі кешенді  қызметтерді қамтитын іскерлік  кеңес беру бойынша күрделі  қызмет түрлері. 

      Аудитторлық қызметті жүзеге асырудың негізгі формаларының біріне тексеру жатады. «Тексеру» термині латынның «revizio» сөзінен шыққан, оның аудармадағы мағынасы «қайта қарау» немесе «қызметтерді зерттеу» дегенді, ал «тексеруші» - «тексеріс жүргізетін тұлға» дегенді білдіреді.

    Аудит қаржылық көрсеткіштердің  анық екендігін тексеруді ғана  қамтамасыз етпей, ол, сонымен  бірге, терең баға беруі, кемшіліктерді  жою мен шаруашылық жүргізуші  субьектілер қызметін оңтайландыру  жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді.  Осыған орай, ол аудит анықтамасында бизнестің өзінше бір сараптамасы ретінде баяндалады.

     Бүгінгі таңда басқарушылық  құрылымды ақпараттық және бақылаушы-талдамалы  міндетті істермен қамтамасыз  етуді жүзеге асыру барысында  еңбекті саралаудың обьективті  процесі жалғасын тауып отыр.

     Шаруашылық ішіндегі  кешендік аудит бастапқы құжаттардың  ақпарат көздері, бухгалтерлік  тіркелімдер мен есеп, техникалық  дайындық мәліметтері, шаруашылық  жүргізуші субьектілер қызметтің  тиімділігін тексеру, нормалау  мен жоспарлау ретінде пайдаланылады. Мұндай қаржылық бақылаудың негізгі мазмұны бизнесті басқару жағдайының аудитторлық тексеруін тереңдете түсетін басқа да аспектілермен толықтырылуы ықтимал. Қаржылық талдау, маркетингтік, өндірістік, жабдықтаушылық, қаржылық-инвестициялық циклдерді тексеру және басқа да кәсіпорын қызмет түрлерінің қалыптасқан өзара байланыстарын толығырақ зерттеу операциондық аудитті өткізудің міндетті сатылары болып табылады.

 

 

 

 

II БӨЛІМ Кәсіпорын қаржылық жағдайының аудиттінің әдістемесі

2.1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау

 

      Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оны құ-рылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.                                                                                                                        

 Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезең-дерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциалық несиеле-рімен жабылады.                                                                                                            

Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған  капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.                                      

Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капитал-дың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік коэффициенті, автономдық коэффициенті), бірақ оның мәні бір ғана - бұл коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды:

Ктс = Мк:Ак

Мұндағы: Ктс - тәуелсіздік коэффициенті;                                                                        

Мк - меншікті капитал;                                                                                                                       

Ак - авансталған капитал (баланс валютасы жиыны, яғни қаржыландырудың  жалпы сомасы).                                                                                                               

Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екен-дігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көрсетеді.                                                                                                   

Каржылық есеп берудің  активтерінің қалыптасу көздерінің құрылымын зерттеу үшін келесідей талдау 1-кестесі құрылады.

                                                                                                                 Кесте-1

«Нұрсая» компаниясының  құрамы мен құрылуы.

Көрсеткіштер

Сомасы, мың тг.

Құрылымы, %

Өзгеріс (+;-)

 

Жыл басында

Жыл соңында

Жыл басында

Жыл соңында

Мың тг.

Үлес салмағы%

Меншікті капитал

           

Жарғылық капитал

13 395

13 395

3,63

3,72

0

 

Қосымша капитал

223 375

223 375

60,49

62,09

0

 

Резервтік капитал

3 225

3 225

0,87

0,90

0

 

Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)

60 480

59 415

16,38

16,51

-1 065

-1,76

Жиыны

300 475

299 410

81,37

83,22

-1 065

-0,35

Ұзақ мерзімді міндеттемелер

0

0

0,00

0,00

0

 

Қысқы мерзімді міндеттемелер

           

Қысқы мерзімді несиелер және овердрафт

5 325

3 175

1,44

0,88

-2 150

-40,38

Кредитолық борыш

44 325

41 835

12,00

11,63

-2 490

-5,62

Алдағы кезең кірістері

3560

3 570

0,96

0,99

+10

+0,28

Баса да несиелік борыштар

15 565

11 775

4,22

3,27

-3 790

-24,35

Жиыны

68 775

60 355

18,63

16,78

-8 420

-12,24

Барлығы

369 250

359 765

100,00

100,00

-9 485

  2,57


1-кестеден кәсіпорынның есеп беру жылындағы активтерінің қалыптасу көзі 9485 мың теңгеге немесе 2,57%-ға төмендегені көрініп тұр. Тәуелсіздік коэффициенті 0,814-ден 0,832-ге дейін немесе 0,018 пунктке өскен. Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының (тұрақтылығының) аз да болса жақсарғанын көрсетеді. Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын қатысты-рылған капиталдың  барлық авансталынған капиталдағы үлес салмағы да дәлел-дейді. Оны тәуелділік коэффициенті деуге де болады. Ол мына формулармен анықталады:

Кт = Қк:АК  немесе Кт = 1 - Ктс

Мұндағы: Кт -   тәуелділік коэффициенті;                                                                           

Қк -   қатыстырылған капитал;                                                                                              

Ак -  авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны);                                                    

Ктс- тәуелсіздік коэффициенті.                                                                                           

Бұл коэффициент  авансталған  капиталдың  жалпы сомасындағы қарыздың үлесін сипаттайды.                                                                                                                               

Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы каржыландыру көзде-рінен тәуелділігі жоғарылайды. Біздің кәсіпорынымызда оның деңгейі жылдың басында 0,186 (1-0,814), ал жыл соңында 0,168 (1-0,832) болды.

 Келесі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті капиталдың қатыстырылған капиталға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып табылады.

Кқ = Мк:Қк

Мұндағы: Кқ - қаржыландыру коэффициенті;                                                                 

Мк - меншікті капитал;                                                                                                              

Қк - қатыстырылған капитал.                                                                                           

Бұл коэффициент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен  инвесторлар   қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі.                                                                 

Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді. Қаржы-ландыру коэффициенті <1 болатын жағдай (кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқан) төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді. Біздің кәсіпорынымызда бұл көрсеткіш келесі берілгендермен сипатталады:              

жыл басында – 4,37 (300475:68775);

жыл аяғында – 4,96 (299410:60355).                                                                            

Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентінің кері көрсеткіші кеңінен қолданылады, қатыстырылған капиталдың меншіктік капиталға қатынасымен анықталатын қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициен-ті:

Кқ/м = Қк:Мк

Мұндағы: Кқ/м - қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті;                                                                                                                      

Қк - қатыстырылған капитал;                                                                                                     

Мк-меншікті капитал.                                                                                                                            

Бұл коэффициент кәсіпорын активтеріне  салынған меншікті қаражаттың әр-бір теңгесіне қанша қарыз қаражатын тартқанын көрсетеді. Біздің кәсіпорыны-мызда бұл көрсеткіш келесі берілгендермен сипатталады:            

жыл басында - 0,23 (68775: 300475);                                                                     

жыл аяғында - 0,2 (60355: 299410).                                                                                 

Бұның мәні кәсіпорын есеп беру кезеңінің басында активтерге салынған меншіктік қаражаттардың  әрбір теңгесіне қарыз қаражатының 23 тиынын тарт-қанын дәлелдейді. Есеп беру кезеңінің ішінде қарыз қаражаттары меншіктік са-лымдардың әрбір теңгесіне 20 тиынға дейін азайған.                                                               

Кәсіпорынның тәуелсіздік (дербестік) дәрежесін сипаттайтын ең бір маңызды көрсеткіштердің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады немесе оны басқаша инвестицияларды жабу коэффициенті деп атайды. Ол мен-шікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы (авансталған) капиталдағы үлесін сипаттайды және мына формуламен анықталады:

Кқт=( Мк  + ҰМ ) / Ак                                                                                                  

Мұндағы: Кқт - қаржылық тұрақтылық коэффициенті;                                                        

ҰМ - ұзақ мерзімді міндеттемелер;                                                                                     

Информация о работе Кәсіпорын қаржылық жағдайы