Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 15:01, курсовая работа
Нарық жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы зор. Бұл кәсіпорындардың тәуекелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылыра, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Ішкі факторлар кәсіпорының өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес. Кәсіпорының тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді.
Кіріспе...........................................................................................................................5
1 Кәсіпорынның қаржылық стратегиясының теориялық аспектілері....................8
1.1 Кәсіпорынның қаржылық стратегиясының экономикалық мәні мен мақсаты.........................................................................................................................8
1.2 Қаржылық стратегияның түрлері мен негізгі қағидалары..............................14
1.3 Қаржылық стратегияның қалыптастыру кезеңдері мен механизмі................21
2 «Восток Молоко» корпорациясының қаржылық жағдайын талдау..................35
2.1 «Восток Молоко» корпорациясының баланс құрамы мен құрылымын талдау..........................................................................................................................35
2.2 Корпорацияның қаржылық тұрақтылығы мен өтімділігін талдау.................42
2.3 «Восток Молоко» корпорациясының іскерлік белсенділігі мен тоқырауға ұшырауын талдау......................................................................................................48
3 «Восток молоко» корпорациясының қаржылық стратегиясын жетілдіру........51
3.1 «Восток Молоко» корпорациясының қаржылық стратегия матрицасын қолдану.......................................................................................................................51
3.2 «Восток Молоко» корпорациясының қаржылық стратегиясын оңтайландыру.............................................................................................................55
3.3 Жобалық ұсыныстардың экономикалық тиімділігі.........................................59
Қорытынды................................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...........................................................................65
Қосымшалар..............................................................................................................67
3) сатып алушылар мен мердігерлермен, бюджеттің барлық деңгейі мен банктермен басқа да қаржылық институттармен қаржылық қарым қатынасты анықтау;
4) айналым қаражаттары мен негізгі қорларды және өндірістің қуатын рационалды қолдану үшін кәсіпорынның ресурстарын мобилизациялау мен резервтерді анықтау;
5) кәсіпорынның өнідірістік-шаруашылық қызметі үшін қажет қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету;
6) максималды табыс алу мақсатында кәсіпорынның уақытша бос ақша қаражаттарын тиімді орналастыруды қамтамасыз ету;
7) нарықтық жағдайда кәсіпорынның жан жақты кадрлық дайындығы мен жаңа өнім түрлерімен, олардың ұйымдық құрылымы мен техникалық қамтуын және қаржылық мүмкіндіктерді стратегиялық қолдану, қаржылық стратегияны тиімді жүзеге асыруды анықтау;
8) ықтимал бәсекелестердің қаржылық стратегиясын зерттеу, олардың экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерін, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша іс шараларды жүзеге асыру.
9) дағдарыстан шығу жолдарын қарастыру;
10) кәсіпорының қаржылық дағдарыс немесе тұрақсыздық жағдайында кәсіпорынның кадрларын басқару әдістерін қалыптастыру.
Қаржылық стратегияны құрастыруда басты назар келесілерді қамтиды:
- ақшалай табысты анықтау;
- ішкі ресурстарды мобилизациялау;
- өнімнің өзіндік құнын максималды төмендету;
- табысты дұрыс қалыптастыру мен бөлу;
- айналым қаражаттарының қажеттілігін анықтау;
- кәсіпорынның капиталын рационалды қолдану.
Нарықтық жағдайға сәйкес кәсіпорынның қаржылық стратегиясын нақты жүзеге асыру кәсіпорынның қаржылық мехнизмының қалыптасуына байланысты белгілі бір принциптерге негізделуі керек.
Кәсіпорынның қаржыларын ұйымдастыру келесі негізгі принциптерді қарастырады:
- жоспарлы;
- қаржылық мерзімдердің ара қатынасы;
- қаржылық көрсеткіштердің тәуелділігі;
- икемділік (маневрлилік)
- қаржылық шығындарды минимизациялау;
- рационалдау;
- қаржылық тұрақтылық.
Сонымен қатар, осы принциптерді қаржылық стратегияны қалыптастыру негізінде жүзеге асыру қажет және кәсіпорынны қаржысын басқару жүйесін ұйымдастыру. Соған байланысты келесідей мәселелерді ескері қажет:
- қызмет ету саласын ( материалды өндіріс, өндірістік емес сала);
- салалық бөлінуі (өндірістік, көлік, құрылысы, ауыл шаруашылық, сауда және т.б.);
- қызмет ету түрі (бағыты) (эспорт, импорт)
- кәсіпорынның ұйымдық құқықтық формасы.
Қаржылық стратегияны қалыптастыруда кәсіпорынның бас қаржылық стратегиясы бірнеше нұсқада жасалады, міндетті сандық бағалауда көресетіледі және кәсіпорынның балансының құрылымына әсері бағаланады.
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы негізінде жаңа басқарушылық парадигма қағидасы бұл - стратегиялық басқару жүйесі қалыптасқан. Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын қалыптастыру процессінде қаржылық стратегиялық шешімдерді қабылдау мен оларды қамтамасыз ететін негізгі қағидалардың қатарына келесілер жатады:
1) өзін өзі ұйымдастыра алатын, кәсіпорынды ашық әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде қарастыру. Бұл стратегиялық басқару қағидасы сыртқы ортамен белсенді байланыста болатын, кәсіпорынның қаржылық стратегияны қалыптастыруда белгілі бір анықталған жүйе ретінде қарастырылады. Осындай байланыс процестерінің негізінде нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын сәйкесінше кеңістік, уақыттық және функционалды құрылымға ие болады. Кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде ашық болуы және өзін өзі ұйымдастыра алатыны кәсіпорынның қаржылық стратегиясының қалыптаструдың жаңа сапалы деңгейін қамтамасыз етеді.
2) кәсіпорынның операциондық қызметінің базалық стратегиялар есебі. Кәсіпорынның жалпы экономикалық даму стратегиясының бөлігі бола тұра алдымен операциондық қызметтің дамуын қамтамасыз етеді, ал қаржылық стратегия бағынышты сиптта болады. Сондықтан қаржылық стратегия кәсіпорынның операциондық қызметінің бағыттары мен стратегиялық мақсаттарымен сәйкес болуы керек. Қаржылық стратегия кәсіпорынның корпоративтік стратегиясымен сәйкес тиімді дамуын қамтамасыз ететін негізгі факторларының бірі ретінде қарастырылады.
Сонымен қатар, қаржылық стратегия кәсіпорынның операциондық қызметінің стратегиялық дамуын қалыптастыруға да әсер етеді.
Бұл операциондық стратегияның негігі мақсаттары-өнімді өткізудің жоғарғы темпін қамтамасыз ету, операциондық табыстың өсуі мен тұтынушылық нарықтың даму тенденциясына (тұтынушылық немесе өндірістік фактор) сәйкес кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатумен байланысты.
Егер егер тауарлық және қаржылық нарықтардың даму тенденциясы сәйкес келмесе (кәсіпорын өзінің шаруашылық қызметін жүзеге асыратын сегменттерде), операциондық қызметтің стратегиялық мақсаттарының дамуы қаржылық шектеулермен байланысты жүзеге аспайды. Бұндай жағдайда кәсіпорынның операциондық стратегиясы сәйкесінше өзгертіледі.
Кәсіпорынның қаржылық қызметін қамтамасыз ететітін операциондық қызметтін стратегиясының әр түрлілігіне қарай келесі базалық түрлерін көрсетуге болады:
- шектеулі өсім. Операциондық стратегияның бұл түрі технологилық прогрестің ықпалына тәуелділігі төмен, өндірістік технологиясы мен өнімнің тұрақты ассортиментері бар кәсіпорындарда қолданылады.
Кәсіпорынның тұрақты бәсекеге қабілеттілігі мен тауарлық нарықтың конъюктурасының ауытқуының төмен денгейінде болған жағдайда осындай стратегияны таңдауға болады. Осы базалық стратегияның негізгі типтері: бәсекеге қабілеттілкті күшейту стратегиясы, нарықты кеңейту стратегиясы, өнімді жетілдіру стратегиясы болып табылады. Сәйкесінше кәсіпорынның қаржылық стратегиясы бұл жағдайда алдымен активтердің өсуі мен өндірістік процестерді тиімді қамтамасыз етуге, өндірістің шектеулі көлемін өсіруді және өнімді өткізуді қамтамасыз етуге бағытталады. Бұл жағдайда қаржылық қызметтің стратегиялық өзгеруі минимумге дейін төмендейді.
- жылдамдатылған (интегрирленген немесе дифференциацияланған) өсім. Операциондық қызметтің бұл түрі технологиялық прогресске тәуелді дамып келе жатқан салада, сонымен қатар кәсіпорынның өмірлік цикілінің ең алғашқы кезеңдерінде таңдалады. Осы базалық стратегияның негізгі типтері: тігінен интегралды стратегия, қайта интегралды стратегия, көлденең диверсификациялы стратегия. Қаржылық стратегия бұл жағдайда қаржылық қызметтің дамуының жоғарғы қарқынды қамтамасыз етудің негізгінде күрделі сипатқа ие.
- қысқарту (немесе қысу). Бұл операциондық стратегия көбінесе өмірлік цикілінің соңғы кезеңінде тұрған, сонымен қатар қаржылық дағдарыс кезеңінде тұрған кәсіпорындармен таңдалады. Бұл негізінен «артықтарды қысқарту» қағидасына негізделген, яғни өндірілген өнімнің ассортименті мен көлемін қысқарту, нарықтың жеке сегменттерінен кету және т.б. қарастырады.
Осы базалық стратегияның негізгі типтері: құрылымды қасқару стратегиясы, шығындарды қысқарту стратегиясы, шектеу стратегиясы. Қаржылық стратегия бұл жағдайда қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында тиімді дезинвестициялауды және капиталды пайдаланудағы жоғарлы моневрлікті қолдануды көздейді.
- сәйкестендіру (немесе жинақтау). Кәсіпорынның бұндай операциондық стратегиясы шаруашылық бірлік стратегиялары немесе шаруашылықтың жеке стратегиялық бөліктерін қарастырыған әр түрлі типтерді өзіне жинақтайды. Бұл стратегия негізінен аумақтық диверсификацияланған және кең ауқымды операциондық қызметі бар ірі кәсіпорындарға тән. Сәйкесінше осындай кәсіпорындардың қаржылық стратегиясы әр түрлі стратегиялық мақсаттардың дамуына тәуелді басқарушылық стратегияның жеке объектілерінде дифференцацияланады.
3) қаржылық стратегиялық дамуыдың доминанты саласын айқындау.
Бұл қағида кәсіпорынның негізгі мақсатты функциясын - ұзақ мерзімде нарықтық бағасын ұлғайтуға және қаржылық қызметінің тиімді бағыттарын анықтауды қамтамасыз етеді.
Қаржылық стратегияны қалыптастыруда келесідей қаржылық қызметінің дамуының доминантты саласын көрсетуге болады (сурет 3):
- кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру стратегиясы.
Бұл қаржылық стратегияның доминантының мақсаттары, мәселелері мен негізгі стратегиялық шешімдері кәсіпорынның корпоративтік стратегиясын жүзеге асуын қаржылық қамтамасыз ету қажет және соған сәйкес болу керек.
- кәсіпорынның қаржылық ресурстарын бөлу стратегиясы. Бұл қаржылық стратегияның доминантының стратегиялық параметрлерінің жиыны бір жағынан шаруашылық бірлік стратегиясы мен жеке функционалды стратегияларды жүзеге асыруда қаржылық қамтамасыз етуге бағытталса, екінші жағынан стратегиялық перспективада кәсіпорынның инвестициялық қызметінің қалыптастыруға бағытталуы қажет.
Сурет 3. Кәсіпорынның жалпы қаржылық стратегиясының доминантты саласы
- кәсіпорынның қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегиясы.
Бұл қаржылық стратегияның доминантарының мақсаттары, мәселелерін мен негізгі стратегиялық шешімдері кәсіпорынның стратегиялық даму процессінде қаржылық теңдіктің негізгі параметрлерін қалыптастыру мен қамтамасыз етуге бағытталуы керек.
- кәсіпорының қаржылық қызметін басқарудың сапасын жоғарлату стратегиясы. Бұл қаржылық стратегияның доминанттарының стратегиялық параметрлер жиынын кәсіпорынның қаржылық қызметкерлерімен өңделеді және кәсіпорынның жеке функционалды стратегиялары мен копоративтік стратегияларға жеке болк ретінде кіреді.
4) қаржылық стратегияның альтернативті таңдау мүмкіндігімен қаматамасыз ету. Қаржылық стратегиялық шешімдер негізінде альтернативті бағыттарын, қаржылық қызметті жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін іздестіру және жалпы қаржылық стратегияның негізінде құрастырылған және жүзеге асырудың тиімді механизмін қалыптастыру арқылы ең жақсы нұсқаны таңдау мүмкіндігі болуы қажет.
Кәсіпорынның стратегиялық басқаруының барлық жүйесінің негізгі ерекшелігі альтернативтілігі және ол қаржылық стратегияның жиынының негізгі элементтерімен байланысты, олар: қаржылық мақсат, қаржылық қызметтің жеке аспектілері бойынша қаржылық саясат, қаржылық ресурстарды қалыптастыру көздері, қаржылық басқарудың түрі мен менталитеті және т.б.
5) қаржылық қызметте технологиялық прогрестің нәтижелерін қолдануды қамтамасыз ету. Қаржылық стратегияны қалыптастыруда қаржылық қызмет жаңа технологияларды енгізудің негізгі механизмі болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның стратегиялық дамуының жалпы мақсатын жүзеге асыруда оның қаржылық стратегиясының технологиялық прогрестің нәтижелерін көрсетеді және оның жаңа нәтижелеріне қолдануда тез бейімделуіне белгілі бір деңгейде тәуелді.
6) қаржылық стратегиялық шешімдерді қабылдау процесіндегі қаржылық тәуекел деңгейінің есебі. Ең алдымен бұл қаржылық қызметтің түрлері мен формаларын, қаржылық ресурстарды, қаржылық қызметті басқарудың жаңа ұйымдастырушылық құрылымдарын таңдау бағытымен байланысты. Қаржылық тәуекелдің деңгейі инфляция мен пайыздық ставкалардың өзгеру кезінде жоғарлайды.
7) қаржылық стратегияны жүзеге асыру кезінде қаржылық менеджерлердің біліктілігі. Кәсіпорының қаржылық стратегиясынның жеке параметрлерін қалыптастыру мен жүзеге асыру үшін дайындықты білікті қаржылық менеджерлер қамтамасыз ету керек. Бұл менеджерлер стратегиялық басқарудың негізгі принциптерімен таныс болуы қажет және қаржылық қызметтің жеке аспектілерін басқару механизмін, қаржылық стратегиялық контроллинг әдісін білу керек.
1.3 Қаржылық стратегияның қалыптастыру үрдісі мен құрылу кезеңдері
Қаржылық стратегияны қалыптастыруда негізгі назар ақшалай табыстың, ішкі ресурстардың мобильділігін, өнімнің өзіндік құнының максималды төмен болуы, табысты дұрыс қалыптастыру мен бөлу, айналым қаражаттарының қажеттілігін анықтау, кәсіпорынның капиталын рационалды қолдануды толықтай қарастырады.
Қаржылық стратегия төлемқабілетсіздік, инфляцияның қарқынына және басқа да күтпеген жағдайларды ескере отырып қалыптастырылады.
Ол өндірістік мәселелерге сәкес келуі керек және өзгерістер енгізу мен корректировкалар жүргізілуі мүмкін. Қаржылық стратегияны жүзеге асуын бақылау табыстардың түсуімен, табысты тиімді және рационалды қолдануды қамтамасыз етеді, яғни дұрыс қаржылық бақылау ішкі резервтерді қалыптастыру, шаруашылықтың рентабельдігін жоғарлату және ақша салымдарын арттыруға мүмкіндік береді.
Қаржылық страегияның негізгі бөлігі ішкі нормативтерді құрастыру болып табылады.
Сондықтан, қаржылық стратегияның тиімді болады, егер теория мен қаржылық стратегияның тәжіирибесі, қаржылық стратегияның мақсаттары нақты экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерге сәйкес қатаң орталықтандырылған қаржылық стратегияны басқару мен экономика-қаржылық жағдайдың өзгеруіне байланысты икемді өзгеруін қамтамасыз ету.
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын құрастыру бірнеше кезеңдерден тұрады. Ең алдымен қаржылық стратегия қандай мерзімге жасалатынын анықтау қажет. Қаржылық қызметтің мақсаттары мен қаржылық жоспарлаудың өңдеу деңгейі қаржылық стратегияның мерзіміне байланысты болады.
Ұзақ мерзімді қаржылық стратегия табыстың қолданылу мен қалыптасуы, қаржылық ресурстарға деген қажеттілік пен оны қалыптастыру көздерін сипаттайды. Қысқа мерзімді қаржылық стратегия ұзақ мерзімді қаржылық стратегия негізінде құрастырылады, ұзақ мерзімді қаржылық стратегияны нақтыладырады және ағымдағы қаржылық ресурстарды сипаттайды.
Ұзақ мерзімді және орта мерзімді қаржылық стратегия жоспары 3-5 жылғы іріленген түрде құрастырылады, ал қысқа мерзімді қаржылық стратегия жоспары жоғары деңгейде нақтыланған түрде бір жылға құрастырылады.