Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы стратегиясының мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 16:31, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстандық экономиканың нарықтық қатынастарға өту жылдарында көптеген кәсіпорындар мен ұйымдар қаржылық-шаруашылық қызметпен байланысты проблемаларға кезігіп, төлем қабілетсіздік жағдайына тап болды, сондықтан кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы стратегияны әзірлеу аса маңызды рөлге ие болып отыр.

Оглавление

КІРІСПЕ
1. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы стратегиясының теориялық мәні
1.1. Ұйымның дағдарысқа қарсы басқаруының теориялық негіздері
1.2. Дағдарысқа қарсы басқару жүйесінің ерекшеліктері
1.3. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының әдістемелік негіздері
2. “Сұлтан ” ЖШС – нің дағдарысқа қарсы стратегиясын талдау
2.1. Кәсіпорынның технико – экономикалық сипаттамасы
2.2. “Сұлтан ” ЖШС – нің дағдарысқа қарсы стратегиясын бағалау
3. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы старатегияны жүзеге асыруды ұйымдастыру жолдары
3.1. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы старатегияны жүзеге асыруды ұйымдастыру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Новый_0.docx

— 126.39 Кб (Скачать)

КІРІСПЕ 

1. Кәсіпорынның  дағдарысқа қарсы стратегиясының  теориялық мәні

   1.1. Ұйымның дағдарысқа қарсы басқаруының  теориялық негіздері

   1.2. Дағдарысқа қарсы басқару жүйесінің  ерекшеліктері

   1.3. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы  басқаруының әдістемелік негіздері 

2. “Сұлтан ” ЖШС – нің дағдарысқа қарсы стратегиясын талдау

   2.1. Кәсіпорынның технико – экономикалық сипаттамасы

   2.2. “Сұлтан ” ЖШС – нің дағдарысқа қарсы стратегиясын бағалау 

3. Кәсіпорынның  дағдарысқа қарсы старатегияны  жүзеге асыруды ұйымдастыру жолдары

3.1. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы старатегияны жүзеге асыруды ұйымдастыру жолдары 

ҚОРЫТЫНДЫ 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР ТІЗІМІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                             
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                

                                                   КІРІСПЕ

    Қазақстандық  экономиканың нарықтық қатынастарға өту  жылдарында көптеген кәсіпорындар мен  ұйымдар қаржылық-шаруашылық қызметпен  байланысты проблемаларға кезігіп, төлем қабілетсіздік жағдайына  тап болды, сондықтан кәсіпорындағы  дағдарысқа қарсы стратегияны әзірлеу  аса маңызды рөлге ие болып  отыр.

    Қазақстанның  экономикалық дағдарысы – бұл  көп аспектілі құбылыс, қарама-қайшылықтар  кешенінің көрінісі; оның алдын-алуының  дайын рецепті жоқ, сондықтан  кәсіпорының дағдарысқа қарсы стратегиясын, жаңа тәсілдерді, және тұжырымдамаларды қайта қарастыру қажет.

    Кәсіпорында жалпы дағдарыстың барлық себептері  өзара тығыз байланысты және себеп-салдарлы байланыстар кешенін білдіреді. Мұндай проблемалар кешенін өндірісті  дамыту мақсатымен шешу екі бағыттағы  шараларды жүзеге асыруды болжайды: біріншісі - мұндай қиын проблемалардың қолданбалы және теориялық сұрақтарын шешудің негізіндегі мемлекеттің  экономикалық жүйелерін ұйымдастыру  бойынша ұзақ мерзімді құрылымдық сипаттағы  шараларды кіріктіреді. Шаралардың екінші бағыты дағдарысты ахуалда және инвестициялардың жоқ жағдайына  тап болған кәсіпорындарға жеделдетілген, бірақ қатаң басқарылатын әсер ету  сипатына ие. Экономикадағы жағдай экстремалдылықтың белгілерін иемденіп, қазіргі кездегі әлеуеттің елеулі бөлігінің ысырап мүмкіндігінің  өсуіне байланысты олардың өміршеңдігін және әрі қарай дамуын қамтамасыз ету қажет.

    Басты міндеттеріне кәсіпорынның өміршеңдігі  үшін нарықтық сфера оның бәсекеге қабілеттілігін талап етеді, ол мыналардан көрінеді: өндірістік ресурстарды тиімді пайдаланудан, инвестицияларды тартудан, икемділікті, жұмылдырылғыштықты және нақты пайданы алуды көтеруден.

    Өндіріске бағытталған инвестициялардың кенет  қысқару және экономикалық дербес шаруашылық субъектілердің инновациялық белсенділігіне мемлекеттің әсер ету мүмкіндектерінің тарылу жағдайында мемлекеттік қолдаудың  бірінші кезектегі зерттеу объектісі  болып табылатын нақты жобалармен қатар, технологиялық дамудың стратегиялық басымдылықтарын таңдаудың жауапкершілігі өседі. Мемлекеттік деңгейде мұндай таңдауды әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету үшін кәсіпорын жағдайын қаржылық-экономикалық болжау және мониторинг жүйесі қажет, ал бұл өз кезегінде  шаруашылық субъектінің әлеуетін экономикалық бағалауға, дағдарысты құбылыстардың  алдын-алуға және кәсіпорынның бұдан  да жоғарғы даму деңгейіне шығару бойынша шараларды әзірлеуге  мүмкіндік береді. 
 
 
 
 
 

  1. Дағдарысқа қарсы басқаруда стратегияның мәні 

  1.1. Ұйымның дағдарысқа қарсы басқаруының теориялық негіздері 

      Қатаң бәсекелестік жағдайда шаруашылық жүргізудің нарықтық нысаны шаруашылық жүргізудің жеке субъектілердің дәрменсіздігіне  немесе олардың уақытша төлем  қабілетсіздігіне алып келді. Мысалы, статистиканың мәліметтері бойынша, ҚР-да терең экономикалық дағдарыстың  нәтижесінде залалды кәсіпорындардың  саны 80%-ды құрайды. Мұның нәтижесінде  Қазақстандағы төленбеген төлемдер өте үлкен шамаға жетті, ал бұл  өз кезегінде баспа-бас айырбас  мәміленің үлкен көлеміне алып келді. Алайда, экономиканың тұрақтану жағдайында елде мұндай кәсіпорындардың болмауын күтпеген жөн. Мысалы, АҚШ-та жаңадан  құрылған шағын және орта кәсіпорындардың 50%-ы өздерінің қызметін бір жылдың ішінде тоқтатады. Сонымен қатар  заңмен танылған банкроттар бар-жоғы барлық кәсіпорындар санының 1%-ын құрайды. Жоғарыда айтылғандар дағдарысқа қарсы басқару  бойынша тұрақты жұмыстар жүргізу  қажеттігі туралы қорытынды жасауға  мүмкіндік туғызады.

      Неліктен  алғашқы кезде қолайлы болған кәсіпорындар төлем қабілетсіздік  жағдайға ұшырайды? Теория көрсетіп және тәжірибе растап тұрғандай, қазіргі  жағдайда төлем қабілеттілігінің бұзылуы  кәсіпорын стратегиясының сыртқы орта жағдайларының өзгерістеріне сәйкес келмеуінен пайда болады.

      Осыдан 30 жыл бұрын кәсіпорынды басқару  тәжірибесінде стратегиялық қағидалар  болмаған. Тек 60-70-інші жылдарда басқарудың жаңа әдістері және сонымен қатар  «стратегиялық басқару» термині  пайда болды. Бұл ең алдымен бизнестің  сыртқы ортасының өзгеруімен байланысты.

Кез келген жағдайда өзгерістерге дайындалып үлгермейтін  кәсіпорынды дағдарысты деп есептеуге  болады. Мұндай жағдайға ұшырамау үшін кәсіпорынның экономикасы дағдарысқа тап болған себептерін уақытында  түсіну керек және қиындықтардың (қаржылық қиындықтар) сыртқы көріністеріне дейін  шаралар қолдану қажет.

    Сурет 1.1.Ұйымның және басқару қағидаларының эволюциясы

    Aз  өзгермелі сыртқы орта 

      

      
 
 
 

 

    Өзгермелі сыртқы орта ,

    өзгерістер  болмашы,бірақ

    білінетін

      
 
 
 
 
 
 
 

      
 
 
 
 

    Тез өзгермелі сыртқы орта,

      кенет және білінбейтін өзгерістер

    

    

      
 
 

     Тұтынушы

    

      
 
 
 
 
 
 

    Дағдарысты  жағдайда болған қазақстандық кәсіпорындарда жүргізілген зерттеулер кәсіпорынның дағдарысқа ұшырайтын себептер кешенін  айқындады. Оларды екі топқа бөлуге болады:

       1. Сыртқы факторлар, олар кәсіпорынға  байланысты емес немесе кәсіпорынға  аз - маз дәрежеде әсер етуі  мүмкін (Кесте 1).

       2. Дағдарыстың ішкі факторлары, олар  кәсіпорын қызметінің нәтижесінде  пайда болады және оларға мыналар  жатады:

         1) нашар басқару;

         2) жеткіліксіз қаржылық  бақылау;

         3) маркетинг аумағындағы  жеткіліксіз күш-жігер;

         4) сәтсіз сатып  алулар және қосылулар;

         5) өндірісті (операцияларды)  әлсіз басқару;

         6) сауда-өндірістік  қызметтің шамадан тыс кеңеюі;

         7) ірі жобаларға  жеткіліксіз есептелген салымдар.

    Енді  оларды толық қарастырайық:

  1. Нашар басқару. С.Слаттер (1984) оның бес негізгі көрсеткіштерін анықтаған:

         - өктемшілік (авторитарлық);

         - тиімді қадағалаушы  комиссияның болмауының барысында  компанияның басқарма төрағасының  және атқарушы директорының қызметтерін  біріктіру;

         - тиімсіз директорлар  кеңесі;

         - қызметтің негізгі  бағыттарын басқарушылармен ескермеу;

         - топ-менеджерлерде  басқарушылық дағдылардың жеткіліксіздігі.

       2. Жеткіліксіз қаржылық бақылау.  Шығындар, сметалар, ақша қаражаттың  қозғалысы және тағы басқалар  туралы мәліметтерді беретін.

    1.1. кесте -  Дағдарысты дамудың сыртқы факторларын талдау

Факторлар Дағдарысты  факторлардың көрінісі Мүмкін болатын  салдары
Ұлттық  экономиканың жағдайы Үкімет банк пайызының мөлшерлемесін, ақша массасын, салықтарды реттеу арқылы экономикалық саясаттың нашарлау салдарын тегістеуге тырысады Несиенің қымбаттауы, шығындардың өсуі
Саяси факторлар Мемлекеттің кәсіпкерлік  қызметке тыйым салуы немесе шектемелі сипатына көзқарасы; үкімет қызметінің тұрақсыздығы және т.б. Инвестициялық ахуалдың нашарлауы, елден капиталдың әкетілімі
Құқықтық  факторлар Монополияға қарсы  реттеудің жеткіліксіздігі; сыртқы экономикалық қызметті шектеулі реттеу; заң шығарушы базаның дамымауы Өнімге бағаны көтеру есебінен монополист-кәсіпорындармен  пайданы көтеру; сыртқы нарыққа шығудың  қиындықтары
Әлеуметтік  факторлар Дәстүрлер, өмірлік  құндылықтар; экономиканың әкімшілік-жоспарлы менталитеті; қаржыны басқару дағдыларының болмауы; мәдениеттің жоғары емес деңгейі Басшылықтың төмен  деңгейі; ысырапқорлыққа тартымдылық; қылмыстылық, жемқорлық
Технологиялық факторлар Мемлекеттің ғылымға  және техникаға шығындары; төмен  техникалық деңгей Технологиялық тоқырау; өнімнің жоғары өзіндік  құны және төмен сапасы; кәсіпорындардың  бәсекеге жарамдылығының және өнімділігінің  төмен деңгейі
Сатып алушылар мен жабдықтаушылардың  өзара қарым-қатынасы Түсімдердің өсуінің  жай қарқыны; өнім, шикізат жеткізілімінің кідірісі Төленбеген  төлемнің өсуі; өнім сапасының және өндіріс көлемінің төмендеуі 
 

         - ақпарат жүйесінің  әлсіздігі құлдырауға мүмкіндік  туғызады. Слаттер жалпы төрт  мәселені айқындады:

         1) ұсынылатын ақпаратты  қате немесе сәйкессіз түрде  беретін басқарушылық есептің  сәтсіз әзірленген жүйесі;

         2) нақты алынған  ақпаратты әлсіз қолдану;

         3) бақылауға кедергі  жасайтын кәсіпорынның сәтсіз  құрылымы;

         4) үстеме шығындарды  бөлудің нашар жүйесі.

       3. Маркетинг аумағындағы жеткіліксіз  күш-жігер. Мұндай жағдай өткізудің  сәтсіз құрастырылған жоспары  барысында, оның тұжырымдамасының  болмауынан, нарықты зерттеу бойынша  ақпараттың жеткіліксіздігінен  және тағы басқа жағдайда пайда  болуы мүмкін.

       4. Сәтсіз сатып алулар және қосылулар.  Сатып алу саясатын жүргізетін  компаниялар қайтарымдарды ала  алмаулары мүмкін, ал ол өз  кезегінде жылдам құлдырауға  мүмкіндік туғызады. Мұндай жағдай  сатып алулар компанияның негізгі  қызметімен байланысты болмағанда  және синергияны қамтамасыз етпегенде  болуы ықтимал.

       5. Өндірісті (операцияларды) әлсіз  басқару. Құлдырау сатысындағы  компаниялар өздерінің өндірістік  қызметіндегі мәселелермен жиі  кездеседі. Сондай-ақ олар шығындардың  тиімсіз құрылымына ие болуы  мүмкін. Ал бұл нашар қызмет  қатынастары, өндірістің тиімсіз  әдістері немесе жұмысшылардың  әлсіз дайындықтарынан болуы  мүмкін.

       6. Сауда-өндірістік қызметтің шамадан  тыс кеңеюі. Көптеген кішігірім  компаниялар операциялардың шамадан  тыс кеңею мәселесінен азап  шегеді.

       7. Ірі жобаларға жеткіліксіз есептелген  салымдар. Ірі жобаларға үлкен  қаражатты инвестициялау жиі  пайдалылықтың төмендеуіне немесе  банкротқа алып келеді. Ірі жоба (мұндайға жаңа өнімге немесе  үдеріске елеулі күрделі қаржы  жұмсалымы, маркетинг аумағындағы  кең ауқымды компаниялар және  тағы басқалар жатады) компания  қаражатының елеулі сомасын талап  етеді.

    Кәсіпорын қызметінің нәтижесінде пайда болған ішкі факторлар дағдарыстың себебі болуы мүмкін. Ішкі факторлар сыртқы факторлардың іс-әрекетін күшейтетінін зерттеулер растады. Қазақстандық кәсіпорындарда экономикалық дағдарыстың ішкі себептерін соңғы екі жылдағы сату көлемінің  ұлғаюынан немесе азаюынан көруге болады.

Информация о работе Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы стратегиясының мәні