Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы стратегиясының мәні
Курсовая работа, 29 Ноября 2011, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Қазақстандық экономиканың нарықтық қатынастарға өту жылдарында көптеген кәсіпорындар мен ұйымдар қаржылық-шаруашылық қызметпен байланысты проблемаларға кезігіп, төлем қабілетсіздік жағдайына тап болды, сондықтан кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы стратегияны әзірлеу аса маңызды рөлге ие болып отыр.
Оглавление
КІРІСПЕ
1. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы стратегиясының теориялық мәні
1.1. Ұйымның дағдарысқа қарсы басқаруының теориялық негіздері
1.2. Дағдарысқа қарсы басқару жүйесінің ерекшеліктері
1.3. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының әдістемелік негіздері
2. “Сұлтан ” ЖШС – нің дағдарысқа қарсы стратегиясын талдау
2.1. Кәсіпорынның технико – экономикалық сипаттамасы
2.2. “Сұлтан ” ЖШС – нің дағдарысқа қарсы стратегиясын бағалау
3. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы старатегияны жүзеге асыруды ұйымдастыру жолдары
3.1. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы старатегияны жүзеге асыруды ұйымдастыру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР ТІЗІМІ
Файлы: 1 файл
Новый_0.docx
— 126.39 Кб (Скачать) Егер
өнімді сатуда ешқандай мәселе болмаса,
онда оның себебі өнімнің өзінде емес,
айналым қаражатының
Қаражаттың үлкен айналымдылығы арқылы экономикалық дағдарыстың себебі тауардың пайдалылығында тұжырымдалады. Егер сату көлемі азайса, себебін өнімді өткізуден іздеу қажет. Бұдан кейінгі сұрақтар дайын өткізілмеген өнім қорларының болуымен, тауардың тұтыну қасиетімен, баға саясаты және тауардың жылжу және өткізу жүйесімен байланысты болады.
1.2.
Дағдарысқа қарсы
басқару жүйесінің
ерекшеліктері
Жоғарыда айтылғандардың
Экономиканың дағдарысты жағдайы, өнеркәсіптік өндіріс көлемінің төмендеуі, өзара төленбеген төлемдердің өсуі, айналым қаражатының жеткіліксіздігі кәсіпорындарда дағдарысқа қарсы басқарудың стратегиясын әзірлеудің қажеттілігін ескертеді, бұл жерде екі маңызды методологиялық аспектілер қарастырылады:
- дағдарысқа қарсы басқарудың мәнін бейнелеу;
- кәсіпорындарда ерекше беталыстарды бөлу.
Дағдарысқа қарсы басқару объективті және субъективті сипатты себептер бойынша кәсіпорынның дағдарысты жағдайын жеңу үдерісі болып саналады.
Дағдарысқа
қарсы басқару келесідей
- шаруашылық қызметтегі басым тәсілдемелерді бөлу, яғни іскерлік белсенділіктің жоғарылауына мүмкіндік туғызатын өзіне тән өсудің нүктелері;
- ресурстық қамтамасыз етуді негізді болжау;
- атқарылатын жұмыстың сандық және сапалық белгілерін бағалауды, және де кәсіпорында жүргізілетін әрекеттерге түзетулерді енгізу мүмкіндіктерін анықтау.
Дағдарысқа қарсы басқаруды жүзеге асыру барысында келесідей бағыттарды бөліп көрсетуге болады:
1.
Қабылданатын шешімдерді
2.
Өзгерістерді болжау
3.
Оперативті шешімнің
Қазіргі кезде экономикалық өсудің критерийлері бойынша стратегияның сыныпталуы кең қолданылады:
- шоғырландырылған өсу стратегиясы – жаңа өнімді шығаруды немесе
жетілдіруді болжайды, және де нарықтағы кәсіпорынның жағдайын жақсарту мүмкіндіктерін немесе жаңа нарыққа өтуді қарастырады;
- біріктірілген өсу стратегиясы – меншікті сатып алу есебінен экономикалық өсуді, және де жаңа өндірістік құрылымдарды құруды қамтамасыз етеді;
- әртараптандырылған өсу стратегиясы – кәсіпорын нақты нарықта, белгілі бір саланың шеңберінде, белгіленген тауарлармен әрі қарай дамымаған жағдайда жүзеге асырылады;
- өндірісті қысқарту стратегиясы, немесе жою стратегиясы, - кәсіпорын күш-қуатты қайта топтастыруды, құрылымдық қайта құруды немесе жоюды қажетсінгенде жүзеге асырады.
Алғашқы екі стратегияны жүзеге асыру барысында саланың ішіндегі кәсіпорынның жағдайы өзгереді. Банкротқа ұшырау тетігінің негізгі идеясы болып, пайдалылығы төмен өндірісті жою табылады. Жою стратегиясы кәсіпорын әрі қарай бизнесті жүргізе алмаған жағдайда, өндірістің толығымен тұқырту үдерісін көрсетеді.
1.3
Кәсіпорынның дағдарысқа
қарсы басқаруының
әдістемелік негіздері
Кәсіпорын
қызметін талдау барысында, жағдайдың
пайда болу келешегін бағалауда
стратегияның төрт түрінің сапалы ара
қатынасын қарастыру маңызды
болып саналады. Қарастырылған сыныпталуда
стратегияның алғашқы үш түрі ілгерішілдікке
бағытталған қызметті бейнелейді. Оның
нысандары болып нарықтағы
Дамудың сапалы факторларының бірі болып, өндірісті қысқарту немесе жою стратегиясы табылады. Берілген стратегия жиі өндіріске немесе жеке тауарларға таралады және кәсіпорынды қайта құрумен байланысты. Бұл түсінік пайдалылығы төмен өндірістен кәсіпорынды босату үдерісімен және ертеректе қарастырылған үш стратегияның біреуін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін жеделдетірілген перспективалық даму үшін әлуетті құрумен теңбе-тең.
Таза
күйінде жою өте сирек
Кәсіпорынды
басқару әлеуметтік-
Сурет 1.2. Кәсіпорын жағдайының ауысуы.
А
1 – 4- жағдайлар; А – ғаламдық стратегияның өзгеру нүктесі.
Жағдай 1 – белсенді даму: нарықтың жаңа секторындағы жағдай үшін күрес, нарықтағы белсенді мінез-құлық, өзінің тұтынушылары үшін бәсекелік күрестегі жетістік. Бұл жағдай даму стратегияның жоғарғы үлес салмағымен және жою стратегияның төменгі үлес салмағымен сипатталады.
Жағдай 2 – тұрақты даму: нарықтағы тұрақты жағдай. Даму стратегиясы жою стратегиясымен келісілген, яғни пайдалылығы жоғары өндірістің кеңеюі қатарлас жүреді және ол пайдалылығы төмен өндірісті жоюмен үйлестірілген.
Жағдай 3 – қайта құрылымдау: қаржылық, материалды, технологиялық және басқарушылық ресурстарды қайта топтастыру, олардың келешекті нарықта шоғырлануы, тұтынушылармен тереңдетілген жұмыс және жаңа тауарлық қатарларға көшу. Мұндай жағдайда бірінші жағдайда бейнеленетін нарықтағы белсенді мінез-құлық үшін әлует құрылады. Қайта құрылымдаудың мақсаттары мен бағыттары бір жағынан – маркетингтік зерттеулермен, екінші жағынан – стратегиялық менеджменттің міндеттерімен анықталады. Бұл жағдайда жою стратегиясы басым болады, ал даму стратегиясы төменгі үлес салмағымен сипатталады.
Жағдай 4 – банкротқа ұшырау: нарықтағы жайғасымды жоғалтудың басқарылмайтын үдерістері, тұтынушылармен қарым-қатынастың күрт құлдырауы, өткізімнің кенет нашарлауы, қызметтің (венчурлық жобалар) жаңа бағыттарын игеруге жеткіліксіз қаржы-қаражат. Мұндай жағдай даму стратегиясының үлесі нөлге дейін біржолы қысқару барысында жою стратегия үлесінің кенет ұлғаюымен сипатталады, яғни кәсіпорын қызметін анықтайтын барлық үдерістер белсенділігін тоқтатады, әлсіз жүреді немесе мүлдем тоқтатылады.
Кәсіпорын
жағдайында жүргізілген талдау дағдарысқа
қарсы басқарудағы негізгі
- кәсіпорынның қызметіне әсер ететін оның факторларының өзара байланыстылығы;
- кәсіпорынның факторларының санына және қиындығына әсер етуі (олардың нұсқалығы);
- оның өзгерістер жылдамдығы ретінде түсінілетін ортаның ептілігі;
- кәсіпорынның нақты факторлар туралы ақпарат көлемінің функциясы ретінде қарастырылатын анықталмағандық.
Кәсіпорынның
үш жағдайының біреуінің тұрақтылығын
менеджер менеджменттің, жекелей алғанда
маркетингтің стратегиясын дұрыс таңдап
және оны тізбекті түрде жүзеге асыру
арқылы қамтамасыз етеді. Басқару үдерісінің
тұрақты балансын қолдау, «өнім-тауар»
стратегиясын жүзеге асырудың қажетті
шарты болып табылады. Менеджердің
міндеті факторларды бағалау
жағдайының жетімсіздігімен, көрсетілген
үдерістер балансына
Тұрақты даму жағдайының қайта құрылымдау жағдайына ауысуды басқару ерекше зейінді және кәсіпқойлықты талап етеді. Кәсіпорынды жағдай 3-ке көшірудің тәсілдері және нысандары туралы шешімді менеджер анықталмағандық жағдайында қабылдайды, демек, банкротқа ұшырау жағдайына тап болу ықтималдылығы өте жоғары. 3-ші суретте жағдай 3-ке өту туралы шешімді қабылдау А ғаламдық стратегияның өзгеру нүктесімен көрсетілген. Мұндай атау осы стратегияны жоғарыда қарастырылған және көбірек «техникалық» мазмұнымен ерекшеленетін төрт стратегияның ішінен бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.