Банкроттықтың мәні мен дағдарысқа қарсы басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 14:23, курсовая работа

Краткое описание

Екінші тарау мемлекеттің экономиканы басқарудағы дағдарыстар туындауы және дағдарысты реттеудегі мемлекеттің рөліне арналған. Тәжірибе көрсетуі бойынша мемлекеттік басқару оның ішінде дағдарысқа қарсы басқару шараларына байланысты дағдарыстар әртүрлі өтеді. Өйткені дағдарыс сферасы тек объект ғана емес, сонымен қатар басқару субъектісі де болуы мүмкін. Тіпті соңғысы дағдарыс көзі болуы да мүмкін, оның жағдайы мен дамуы басқару объектісінің даму тенденциясы мен жағдайына сай келмей дағдарыс жағдайы туындауы мүмкін. Бұны мемлекеттік басқару жүйесінде қарастыру өте маңызды.

Оглавление

КІРІСПЕ............................................................................................................................3
1 БАНКРОТТЫҚТЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ КӘСІПОРЫНДЫ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ .............................5
1.1 Кәсіпорын банкроттығының экономикалық табиғаты мен мәні ......5
1.2 Кәсіпорындағы дағдарыс түсінігі, типтері және дағдарысқа қарсы басқару ..........................11
1.3. Дағдарысқа қарсы басқаруды ұйымдастыруды, концептуалды тұрғыдан қарастыру ...................15
2 КӘСІПОРЫН ДАМУЫНДАҒЫ БАНКРОТТЫҚ ЖӘНЕ ДАҒДАРЫСТАР, ОЛАРДЫ БАСҚАРУ САЯСАТЫ ..........................19
2.1 Кәсіпорындағы дағдарыстың пайда болуы .........................................................19
2.2. «Тас - құм» АҚ сипаттамасы және оның қаржылық - экономикалық жағдайын талдау .................................22
3 КӘСІПОРЫНДЫ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУДЫДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ........................32
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................................36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................38

Файлы: 1 файл

Банкроттықтың мәні және кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару,курстык жумыс.doc

— 329.50 Кб (Скачать)

ЖОСПАР

 

 

КІРІСПЕ............................................................................................................................3

 

1 БАНКРОТТЫҚТЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ КӘСІПОРЫНДЫ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ .........................................................5

        

    1. Кәсіпорын банкроттығының экономикалық табиғаты мен мәні ......5
    2. Кәсіпорындағы дағдарыс түсінігі, типтері және дағдарысқа қарсы

басқару .......................................................................................................................11

1.3.  Дағдарысқа қарсы  басқаруды ұйымдастыруды, концептуалды

тұрғыдан қарастыру .................................................................................................15

 

 

2 КӘСІПОРЫН ДАМУЫНДАҒЫ БАНКРОТТЫҚ ЖӘНЕ ДАҒДАРЫСТАР, ОЛАРДЫ БАСҚАРУ САЯСАТЫ ...........................................................................19

 

2.1 Кәсіпорындағы дағдарыстың пайда болуы .........................................................19

2.2. «Тас - құм» АҚ сипаттамасы  және оның қаржылық - экономикалық жағдайын талдау .......................................................................................................22

 

3 КӘСІПОРЫНДЫ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ  БАСҚАРУДЫДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ  ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ..............................................................................32

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................................36                                                         

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................38                                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан қүрылымды мүлдем жаңартып, әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуға жол ашатын де-мократиялық қоғам күруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшіру міндеті түр. Осы негізінде әлеуметтік, рухани және тағы басқа күрделі мәселелерді шешу - бүгінгі күннің басты талабы. Сөйтіп бұл мәселелерді дәйекті түрде жүзеге асыру бүкіл қоғам мүшелерінің жаңаша көзқарасына, нақты іс - қимылына және олардың экономикалық біліміне тікелей байланысты. Экономикалық тәрбие - қоғамды дамытудың пәрменді күші. Сондықтан бүгінгі жаңа шаруашылықты жүргізу тәсілдеріне негізделген экономиканы басқаруға тартылатын мамандардың экономика-лық білім дәрежесі де жоғары болуы қажет.

Біздің ойымызша, нарықтық экономиканы қалыптастыру біздің Қазақстан Республикасында жаңа қоғам қүру. Осы мәселе туралы әлі де бірқатар пікір - таластарды алға тартуға болар еді. Қазақстан Республика-сының Президенті   Н. Ә.Назарбаев: «Қазастанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу мен дамуының стратегиясы » деп аталатын еңбегінде біздің стратегияны былай деп анықтайды: « меншіктің негізгі түрлерін (жекеменшік пен мемлекеттік меншік) үйлестіре және өзара іс -қимыл жасай отырып бәсекелестік бастамаға негізделген әлеуметтік - экономика қүру... ».

«Дағдарысқа қарсы басқару» термині салыстырмалы түрде жақында пайда болды. Оның пайда болу себебі Қазақстан экономикасын реформалау және Қазақстанның дағдарысты даму аясына өтуімен байланысты. Ре-формалау нәтижесі дағдарысқа әкелетінін көбісі күткен жоқ, бірақ бүгінгі күні экономиканы дағдарыстан тек жаңа типтегі басқару шығара алатынын көбісі түсінеді. Бүндай басқару « дағдарысқа қарсы » атауына ие болды. Бірақ аты атымен, ал мәні үлкен пікір талас туғызды. Дағдарыс қандай тереңдікте болмасын, әйтеуір өтеді. Бүны көптеген елдердің экономикалық даму тарихы  көрсетті.  Және  дағдарысқа қарсы  басқару  қажеттігін  керек

етпейді. Сонда бүндай типтегі басқару уақытша мінезді немесе тек праг-мативті   мәнде   ма?   Онда   неге   жоғары   білім беру   жүйесінде   мамандар дайындап, ғылыми концепция қалаудың қажеттігі қанша?

Банкроттық-кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды. Сондықтан шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің өсу денгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және қаржылық банкроттықы жағдайынан шығу үшін кәсіпорынның жағдайын жақсартуға бағыттылған бағдарлама жасау керек.

Банкроттық – нарықтық экономика жағдайында объективті экономикалық құбылыс болғандықтан Қазақстанда ол оны сауықтырудың құралына айналмады.

Сондықтан бұл жұмыстың мақсаты – кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы, төлемқабілетсіз болу себептері, оның салдары және оның алдын алу бағыттарын анықтау, банкроттыққа қарсы басқарудың ролі мен маңызын зерттеу болып табылады.

Қойылған мақсатқа сәйкес және мәселенің зерттелу маңыздылығына қарай міндеттері:

      -«банкроттық»  ұғымының әлеуметтік-эконмикалық, экономикалық-құқықтық  мазмұнын ашу;

      -кәсіпорындағы  банкроттықтық жағдайлардың пайда  болу себептері мен белгілерін анықтау;

      - кәсіпорында  дағдарысқа қарсы басқару саясатын  жан-жақты талдау;

      -кәсіпорын  дәрменсіздігінің даму кезеңдерін  сипаттау;

      -банкроттыққа  қарсы басқарудың кәсіпорында  дамуын жетілдіру;

Зерттеу объектісі ретінде банкроттыққа ұшыраған кәсіпорындарды атауға болады.

Зерттеу пәні банкроттықтың алдын алу шаралары бойынша теориялық және практикалық мәселелер жиынтығы және Қазақстан кәсіпорындарда оны шешудің жаңа бағыттарын талап ететін мәселелер.

Бұл курстық жұмыста дағдарысқа қарсы басқару мәселелерін кешенді түрде мемлекетпен, экономикамен, өндіріспен, ұйымдастырылумен, адамдармен байланыстырып жазуға тырыстық. Сонымен қатар бұл еңбекте тек дағдарыстың мүмкін болатын масштабын ғана емес, сонымен қатар оның әр түрлі формалары, мазмұны, себептері және оның салдары қарастырылған.

Курстық жұмыс үш тараудан түрады. Бірінші тарауда қүбылыстың объективті мәні қарастырылған, онда «дағдарыс» түсінігі сипатталып, экономикалық дағдарыстар талданып және оған анықтамалар берілген, оның қүрылымдарына ғылыми көзқарастар және пайда болу себептері берілген. Бүл жерде әртүрлі фаза да пайда болған дағдарыстарды басқару мүмкіндіктері және қажеттілігі дәлелденген.

Екінші тарау мемлекеттің экономиканы басқарудағы дағдарыстар туындауы және дағдарысты реттеудегі мемлекеттің рөліне арналған. Тәжірибе көрсетуі бойынша мемлекеттік басқару оның ішінде дағдарысқа қарсы басқару шараларына байланысты дағдарыстар әртүрлі өтеді. Өйткені дағдарыс сферасы тек объект ғана емес, сонымен қатар басқару субъектісі де болуы мүмкін. Тіпті соңғысы дағдарыс көзі болуы да мүмкін, оның жағдайы мен дамуы басқару объектісінің даму тенденциясы мен жағдайына сай келмей дағдарыс жағдайы туындауы мүмкін. Бұны мемлекеттік басқару жүйесінде қарастыру өте маңызды.

Үшінші тарауда дағдарысқа қарсы басқару концепциясының жеке үйымға немесе фирма, кәсіпорын және сол сияқтыларға қатысты матери-алдарды қамтиды. Бұл жерде дағдарыс құбылысы тек макроэкономикалық көлемде ғана емес, сонымен қатар қандай кішігірім болмасын жекелей үйымда да пайда болатын құбылыс ретінде ой қалыптасады. Жұмыс қолданылған өдебиеттер тізімі мен және қосымшалармен аяқталады.

 

1 БАНКРОТТЫҚТЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ КӘСІПОРЫНДЫ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

        

    1. Кәсіпорын банкроттығының экономикалық табиғаты мен мәні

 

   Нарық жағдайында  кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі  оның қаржы-экономикалық тұрақтылығы  болып табылады. Бірақ бірқатар  отандық кәсіпорындардың қаржылық  нәтижесі мен экономикалық дамуы  ойдағыдай қолданыс таба алмай, дәрменсіз немесе банкроттық  жағдайға душар болуда.

Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы ретінде соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады. Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралың 07.04.1995 жылғы № 2173 Заңына сәйкес, ол қарызын төлей алмайтын, ақшалай міндеттемелер талабын қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмау жатады.Басқаша айтқанда, шаруашылық субъектісінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялық қызметті қаржыландыра алмауы, қарыздардың, мідеттемелердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі немесе борышкердің балансының қанағаттанарлықсыз құрылымына байланысты ұғымдар кіреді.

Баланстың қанағаттанарлықсыз құрылымы борышкердің мүлкі мен міндеттемелерінің өтімділік деңгейінің жетіспеуіне байланысты кредитордың алдында мүлік есебінен міндеттемелерін дәл уақытысында төленбеуі жағдайында орын алады. Мұндай жағдайда мүліктің жалпы құны борышкер міндеттемелерінің жалпы сомасына тең немесе одан асып кетуі мүмкін.

«Банкроттық» ұғымы экономикалық және құқықтық қатынастардың өзара тығыз байланысқан кең саласын қамтиды. Құқықтық тұрғыдан, банкроттық – кәсіпорынның жойылуына (ликвидация) негіз болатын төлемқабілетсіздігінің құқықтық танылуы болып саналады. Совет энциклопедиялық сөздікте банкроттық (итальян сөзі Banco – банк және gotto – құлдырау) – дәрменсіз, кәсіпорынның немесе азаматтың қаржысыз болуы, осыған орай өз міндеттемелерін төлеуге дәрменсіз болуы .

Дәрменсіздік (банкроттық) орыс ғалымдарының көзқарастары бойынша – борышкердің төлемқабілетсіздігінің сотпен анықталуы немесе баланс құрылымының қанағаттанарлықсыз болуы.

Ал қазақстандық ғалымдар өз анықтамасын ұсынды: банкроттық – шаруашылық субъектісінің экономикалық дәрменсіздігі, оның қарыз міндеттемелері бойынша төлемқабілетсіздігі, шаруашылық соттың шешімімен жариялануы.

Жалпы банкроттық өзінің мәні бойынша – нарықтық экономиканың қалыпты құбылысы, бәсекелік күрестің табиғи процесі. Банкроттық бәсекелік күрес нәтижесі ретінде өндірістің дамуын, іскерлікті ынталандырады.

Банкроттық-кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды. Сондықтан шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің өсу денгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және қаржылық банкроттықы жағдайынан шығу үшін кәсіпорынның жағдайын жақсартуға бағыттылған бағдарлама жасау керек.

     Дегенмен  көптеген ғалымдар банкроттықты  құқықтық қатынастарды сипаттайтын категория ретінде қарастырады. Құқықтық тұрғысынан банкроттық – ол сот шешімімен немесе борышкердің жариялауы бойынша борышкердің қаржы міндеттемелері бойынша кредиторлардың талабын толық қанағаттандыруға дәрменсіздігі. Банкроттық – кәсіпорынның жойылуына негіз болатын оның төлемқабілетсіздігінің құқықтық танылуы болып табылады. Құқықтық бағыттың негізі соттың дәрменсіз деп тануы.

Сонымен бірге қазақстандық зеттеушілер төлемқабілетсіз және дәрменсіз түсініктеріне нақты жауап берген: төлемқабілетсіз – деп борышкердің өтеу мерзімі бойынша қаржы міндеттемелрі мен басқа да қарсы сипатындағы талаптарын орындай алмауы, ал дәрменсіз – деп кәсіпорынды банкрот деп тану мақсатында тауарлар (жұмыс, қызмет) төлемі бойынша кредиторлар талабын қанағаттандыра алмауы.

Жалпы әрбір кәсіпорын үшін кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралардың маңыздылығы банкроттыққа қарсы басқарудың рөлін атқарады. Осыған сәйкес кәсіпорындар өндірген өнімдердің бағасын төмендету, өткізу көлемін көбейту, әрі нарықтағы тауарлардың сапалық көрсеткіштер жағынан ерекшеленетін өнім түрлерін өндіру арқылы нарықтағы жағдайын нығайтуға ұмтылады.

    Экономика-құқықтық  тұрғыда банкроттықты қарастыруда  оны таза экономикалық, немесе  таза құқықтық деп бөлуге болмайды.

Банкроттықты экономикалық тұрғысынан қарастырғанда негізінен шаруашылық субъектісінің дәрменсіз болуының себептерін зерттеуге бағытталады. Сонымен бірге, банкроттық макро-, микроэконмикалық түрде қарастырылады, яғни бірінші бағыт бойынша нарық теориясының қорытындыларына негізделсе, екінші – фирмалар теориясына негізделеді.

Басқаша айтқанда, экономикалық бағыт кәсіпорынның банкроттығын экономикалық механизмдерін, яғни оны қаржы банкроттықы ретінде қарастырады, ал құқықтық бағыт-кәсіпорынның төлемқабілетсіз, яғни банкроттық жағдайға душар болғанын мойындағаннан кейінгі кәсіпорындардың жоюлуы. Ұйымдастырушылық – құқықтық механизмі, банкроттықтың күрделі табиғатынан туындайды, яғни ол макроэкономикалық, микроэкономикалық және қоғамдық аспектіге ие: экономика тұрғысынан банкроттық және ликвидациялық процесс ретіндегі банкроттық.

Сонымен, банкроттық деп кредиторлар мен борышкерлер арасындағы соңғылардың төлемқабілетсіздігі мен міндеттемелері бойынша уақытылы қарызын төлей алмауы бойынша қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория болып табылады.

Кез келген басқару қызметі өз деңгейінде тәуекел сипатына ие болады. Қазақстандағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы басқару шешімдерінің қабылдау күрдешілікті мен олардың нәтижесін болжау күрделілігімен сипатталады. Коммерциялық ұйымдар пайданы максимализациялауға ұмтылуда заңдылыққа сүйенеді: пайда көп болған сайын, тәуекел де көп болады. Мұндай жағдай үш мүмкін болатын экономикалық нәтижесінен сипатталады: теріс (жеңілу, жоғалту, банкроттық, зиян), нөлдік, оң (жеңіс, пайда, табыс).

Кәсіпкерлік және тәуекел екі ажырамас түсінік. Банкроттық жағдайында кәсіпорынның банкроттыққа ұшырау ықтималдығы жоғары болады.

Кәсіпкерлік процестің қозғаушы күші (тәуекелге бару тілегі) Макконел К.Р. мен Брю бойынша жеке қызығушылық: «әрбір экономикалық бірлік өзіне тиімді іске ұмтылады. Сондықтан кәсіпкерлер мақсаты кәсіпорынның пайдасын максимализациялау немесе жоғалтуларды максимализациялау болып саналады. Осыған байланысты кәсіпкер пайда табу үмітіне қарай баруға мәжбүр.

Информация о работе Банкроттықтың мәні мен дағдарысқа қарсы басқару