Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 16:31, курсовая работа
Қазақстандық экономиканың нарықтық қатынастарға өту жылдарында көптеген кәсіпорындар мен ұйымдар қаржылық-шаруашылық қызметпен байланысты проблемаларға кезігіп, төлем қабілетсіздік жағдайына тап болды, сондықтан кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы стратегияны әзірлеу аса маңызды рөлге ие болып отыр.
КІРІСПЕ
1. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы стратегиясының теориялық мәні
1.1. Ұйымның дағдарысқа қарсы басқаруының теориялық негіздері
1.2. Дағдарысқа қарсы басқару жүйесінің ерекшеліктері
1.3. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының әдістемелік негіздері
2. “Сұлтан ” ЖШС – нің дағдарысқа қарсы стратегиясын талдау
2.1. Кәсіпорынның технико – экономикалық сипаттамасы
2.2. “Сұлтан ” ЖШС – нің дағдарысқа қарсы стратегиясын бағалау
3. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы старатегияны жүзеге асыруды ұйымдастыру жолдары
3.1. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы старатегияны жүзеге асыруды ұйымдастыру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР ТІЗІМІ
Көрсетілген нүкте, сонымен қатар стратегиялық иілгіштік нүктесі, ғаламдық стратегияның өзгеру нүктесі және түрлендіру нүктесі деп те аталады. Берілген нүкте кәсіпорынның дамуында мінез-құлық сызығының жай өзгерісі жеткіліксіз болғанда, менеджердің басқарылатын бизнес туралы елесін өзгерту керектігін көрсететін, және де әрі қарай немен айналысу керектігін анықтайтын мезет. Ұстанымпаздық мезет болып, осы нүктеге түсе отырып, кәсіпорын тым күшейіп (қайта құрылымдау және дайындық арқылы нарықтың жаңа секторына және жаңа бизнеске шыға отырып) оны өте алуы немесе күйреуге ұшырауы саналады.
Осы
нүктемен байланысты кәсіпорынның дамуы
үшін нарықтың әр түрлі секторындағы
жағдаят факторларының алуан
түрлілігін талдау, ғылыми ашылымдардың
және технологиялардың серпіні, қоғам
дамуын болжау маңызды болып табылады.
Бірақ, ең бастысы – менеджердің
түйсігі, оның кәсіпорын дамуының бағытын
таңдау барысында нарықтық жағдаяттың
өзгеруін болжай білу саналады. Қайта
құрылымдауды басқару, және де нарықтың
жаңа секторындағы өзіндік қатысуын
кеңейту – бұл бизнестің
Егер менеджерлердің ынтасы, олардың тапқырлығы кәсіпорынның нарықтағы өміршеңдігін қамтамасыз етсе, онда оның қызметін ретке келтіреді, оны нәтижелі етіп стратегиямен жұмыс істеудің белгілі бір қағидалар жинағы жасайды. Олардың негізгілерін атап өтейік:
Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі фирмалардың даму тәжірибесі тиімді стратегияларды қалыптастырудың келесідей бағыттарын көрсетеді:
Стратегиялық менеджменттің сызба нұсқасы өзінің мазмұны бойынша сызықтық болып табылады. Кәсіпорын қызметін стратегиялық жоспарлауды ұйымдастырудың отандық тәжірибесін талдау, осы сызбанұсқаны практикада жүзеге асырған кездегі нысаны кәсіпорынның өзіндік ерекшелігіне байланысты екенін көрсетеді. Сонымен қатар, кәсіпорындардың жеке тәжірибесі қазақстандық нарықтың тұрлаусыздығы барысында стратегиялық менеджменттің пәрменділігінің көтерілуі тек жоспарлы тәртіпті түрлендіру арқылы мүмкін болуын көрсетеді. Бұл жерде 1.3. - суретте келтірілген сызбанұсқа бойынша өзара байланысты төрт блоктың қосарлас жүзеге асырылуына көшу туралы сөз болып жатыр.
Сурет
1.3. Стратегиялық
менеджменттің сызықтық
емес үдерісі.
Мұндай сызба нұсқа стратегиялық басқаруды сызықтық емес ұйымдастыру деп аталады. Оның негізгі тағайындалуы – стратегиялық басқарудың сапасын көтеру болып табылады. Ал негізгі құралы – кәсіпорынның ішкі ортасының сыртқы өзгерістерімен (заңды және кездейсоқ) келісуі болып табылады. Батыстың үдемелі фирмаларының тәжірибесі мұндай тәсіл сыртқы ортаның тұрлаусыздық жағдайындағы кәсіпорынның сызықтық сызбанұсқасының елеулі басымдылығын көрсетеді. Басқаша айтқанда, стратегиялық менеджмент үдерісін мұндай ұйымдастыру, фирма қызметіндегі дағдарысты құбылыстарды қалыптастыруға тиімді қарсы тұрады.
Әзірленетін
экономикалық стратегиялардың барлық
айырмашылығы және көп бейнелілігі
кең таралған қисындық квадрат әдісі
арқылы қисындық ретке келтіруге
беріледі. Өндірістік кәсіпорынның экономикалық
стратегияларын талдау үшін қолданылатын
қисындық квадрат 4 - суретте көрсетілгендей
бейнеленеді.
Сурет
1.4. Қисындық квадрат
әдісімен кәсіпорынның
экономикалық стратегиясын
талдау
Қағида | Үдеріс | Нәтиже |
Негізділік | Ұйым | Үйлестіру |
Нормативтік-
құқықтық қамтамасыз ету |
Басшылық | Бақылау |
Бұл
сызба нұсқадағы негізгі
Көлденең
өзара байланыс. Қағида бұл –
кәсіпорынды басқарудағы
Басқаша
сөзбен айтқанда, мақсатқа жету үдерісі
уақыт бойынша бөлінген және кәсіпорын
құрылымының өзгеруін болжайды. Нәтиже
– басқару үдерісінде көздейтін
мақсатты бейнелейді. Практика жүзінде
қаланатын нәтижені бейнелеу мақсаттар
жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Мұндай
жағдай «қағида – үдеріс – нәтиже»
тізбегін нәтижеге жетудің кезеңді
тәртібі ретінде қарастыруға
мүмкіндік бермейді. Серпінді нарықтық
орта жағдайында берілген тізбек сипаты
бойынша итерационды болып
Тік
өзара байланыс. 1. «Қағида – негізділік
– нормативтік-құқықтық қамтамасыз
ету» тізбегі. Экономикалық стратегияны
әзірлеу барысында негіз
2.
«Үдеріс – кәсіпорын - басшылық»
тізбегі. Экономикалық
3.
«Нәтиже – үйлестіру - бақылау»
тізбегі. Өтпелі экономика
Тұрақсыздық жағдайдағы кәсіпорынның стратегиясын әзірлеуде маңызды рөлге сыртқы жағдайлар, ең алдымен өткізу ие. Стратегияны әзірлеу барысында ең негізгі талап болып – нарық жағдаятын кешенді талдауды жүргізу, және де нормативті-құқықтық актілер табылады, сонымен қатар салық саясаты саласында да. Бұл талапты өнім стратегиясын кешенді әзірлеу арқылы стратегиялық менеджменттің және маркетинг әдістерін келістіру жолымен орындауға болады. «Өнім - тауар» стратегиясын қалыптастыру сызба нұсқасы 1.5. - суретте келтірілген.
Стратегиялық маркетинг
Баға саясаты
Сурет 1.5. Стратегиялық менеджменттің және стратегиялық маркетингтің өзара іс-қимылы.
А
– тұтынушылардың сұрауы негізіндегі
өнім-тауардың жетілдірілуі: сыртқы түрді
(стайлинг), бәсекеге жарамды ораманы,
сауда белгісін анықтау; Б
– нарықтағы сұранысты зерттеу
негізінде әзірленетін баға саясаты;
В – нарық секторын, кең мағынада,
басқару факторы ретінде
Негізгі стратегиялық талап ретінде жасалатын тауардың өмірлік циклі аралығында, ең алдымен пайдалану сатысында өндіруші жағынан қамтамасыз ету табылады. Мұндай талап келесідей жағдайларда жүргізіледі: тапсырыс берушілердің (тұтынушылардың) сұрауларының есебі; материалды ағындарды оңтайландыру; тиімсіз және ыңғайласпа материалды ағындарды шығару; еңбекті бөлу деңгейін және тапсырыстың мөлшерін азайту, және сонымен қатар өндірістің үздіксіздігінқамтамасыз ету. [4]
Дағдарысқа
қарсы басқару өндірісте және
өткізуде сапалы өзгерістерді қамтамасыз
ететін шаралар кешенін қолдануда
және өндірімінде тұжырымдалады. Кәсіпорындарда
мұндай шаралар жүйесі қаржылық жағдайын
сауықтыру атауын алған және қаржылық
ағындарды ретке келтіруге
Кәсіпорынның
экономикалық стратегиясының ролін
және мазмұнын зерттеуге көптеген шетелдік
және отандық ғылыми жарияланымдар
арналған. Мысалы, жапондық корпорациясының
стратегиясы нарықта
Финдық
менеджменттің экономикалық стратегиясының
негізгі құрамдас бөлігі болып өзара
бір-бірімен байланысты топтардың
қызығушылықтарының кеңдігі, біртума
дағдылар негізіндегі ресурстарды
ұтымды пайдалану, бәсекелес жағдайындағы
әр түрлі қызығушылықтардың
Американдық менеджменттегі стратегия компанияның ресурстарын бөлу және үйлестіру негізіндегі қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті әрекеттер моделін көрсетеді. Бұл жерде екі стратегияны бөліп көрсетуге болады:
Сонымен, кәсіпорын стратегиясы негізгі экономикалық мақсаттармен анықталады, және де өз кезегінде нарықтық тауашасын айқындайды, инфрақұрылымды құруға, кәсіпорынды сыртқы ортаға бейімдеуге және әрекеттердің іштей үйлесуін қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады. [5]
Экономикалық стратегия түсінігіне бірыңғай көзқарастың болмауы ұлттық нарықтық қатынастар ерекшелігімен, және де мемлекет жағынан оларды реттеу деңгейімен түсіндіріледі. Осындай көзқарас жағынан шаруашылықты жүргізудің отандық тәжірибесін талдау, дағдарысқа қарсы басқарудың айрықшалықты мезеттерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Информация о работе Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы стратегиясының мәні