Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 16:31, курсовая работа
Қазақстандық экономиканың нарықтық қатынастарға өту жылдарында көптеген кәсіпорындар мен ұйымдар қаржылық-шаруашылық қызметпен байланысты проблемаларға кезігіп, төлем қабілетсіздік жағдайына тап болды, сондықтан кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы стратегияны әзірлеу аса маңызды рөлге ие болып отыр.
КІРІСПЕ
1. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы стратегиясының теориялық мәні
1.1. Ұйымның дағдарысқа қарсы басқаруының теориялық негіздері
1.2. Дағдарысқа қарсы басқару жүйесінің ерекшеліктері
1.3. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының әдістемелік негіздері
2. “Сұлтан ” ЖШС – нің дағдарысқа қарсы стратегиясын талдау
2.1. Кәсіпорынның технико – экономикалық сипаттамасы
2.2. “Сұлтан ” ЖШС – нің дағдарысқа қарсы стратегиясын бағалау
3. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы старатегияны жүзеге асыруды ұйымдастыру жолдары
3.1. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы старатегияны жүзеге асыруды ұйымдастыру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР ТІЗІМІ
Дағдарысқа қарсы басқарудың әдістері мен инструментарилері. Батыстық экономистер дағдарысқа қарсы басқаруды аман қалу басты мақсат болу кезіндегі кәсіпорынның өмір сүруіне қатер төндіретін жағдайдан өту үшін қажетті қызмет ретінде анықтайды. Бұл қызмет кәсіпорынның өмір сүруіне қауіп төндіретін жайттардан өтуден интенсивтілігін жоғарлатумен сипатталады. Хаберланд бойынша бұл антидағдарыстық басқару бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде кәсіпорын менеджменті қатаң және тез шешуші шараларды жүргізумен байланыста қысқа мерзімді проблемаларды шешу үшін барлық назарын аударады. Кейбір ғалымдар дағдарыстардың оңды сипаттамаларын көрсету арқылы дағдарысқа қарсы менеджментті – келе жатқан дағдарысқа алдын – ала анықтап, жаңа даму курсын әзірлеуге мүмкіндік беретін инструменттерді жасау болып табылады.
Сондай – ақ дағдарысқа қарсы менеджмент түсінігі уақыттық сипаттамаларға ие болады. Біріншіден, мұндай анықтау дағдарыстық процестен өту, оны әлсіретуге алып келетін дағдарыс кезіндегі шараларды әзірлеу мен жүргізудің барлық міндеттерінен тұрады. Коппаның пікірі бойынша бұл антидағдарыстық басқарудың мағынасы. Екіншіден, бұл түсінік кең мағыналы болу үшін оған дағдарысқа профилактика мен терапия жасауды қосу керек. /8/.
Бұл бітіру жұмысында «Дағдарысқа қарсы менеджмент» түсінігі ең кең мағынада қарастырылады. Яғни ол мақсаттылық пен уақыттылық сипаттамаларын ескереді. Сондықтан «Антидағдарыстық менеджментті » кәсіпорындағы базалық айналмалы көрсеткіштерді сақтау бойынша шараларды жоспарлау мен жүзеге асыру болып табылады. /9/
Өтімділік, табыс немесе айналым сияқты айнымалы базистік көрсеткіштерді сақтауды қамтамасыз етуге тікелей ықпал ету салдарынан «Реактивті дағдарысқа қарсы менеджменттің » жекелеген құрамдас бөліктерін нақты мақсаттылығын сипатталады, мәселен өтімділік пен табыстылықтың белгілі бір деңгейіне жету. Бұл мақсаттылық және сонымен қатар уақыттың жетіспеушілігі дағдарысқа қарсы салмақталынған тұжырымнаманы әзірлеуді, сондай – ақ бұрынғы мақсаты мен нормалды қайта қарауды қиындатады. «Рекактивті дағдарысқа қарсы менеджментті» жағдайда қалпына келтіруге бағытталған жоспарлау мен критерийлердің көп емес санына негізделген шараларды енгізу ретінде «Антиципативті дағдарысқа қарсы менеджмент» нақты шараларды әзірлеу міндетіне қарағанда тек қана төмен деңгейде қалыптастырылатын жалпы мақсаттарды әзірлеумен байланысты шараларға бағытталады. Антицепативті қатынас кәсіпорынның барлық облыстарын қамтитын менеджменттің ұзақ мерзімді міндеттері ретінде түсіндіріледі. /10/
Ал «Дағдарыстан өту тұжырымдамасы » түсінігінің мағынасы келесіні білдіреді: нәтижесі жоспарланған және содан соң дағдарыстан өтіп кетуі бойынша жүзеге асырылған шаралары болып табылатын барлық әзірлеу мен басқару процестерінің жүйелі көрінісі. Оны екі категорияға бөлуге болады:
Дағдарыстын өту бойынша тұжырымдаманы әзірлеуге дейінгі ең басында жауапты тұлғалар (кәсіпорын иелері, жоғары басшылық, мемлекеттік органдар) дағдарысқа өздерінің қатынастарын анықтау керек. Бұл өте маңызды болып табылады. Себебі бұл дағдарысқа қарсы шаралардың бүкіл барысына өзінің ізін қалдырады. Дағдарысты қабілдаудың екі тұжырымдамасы болады. /11/:
Дағдарыстық жайтта кәсіпорынның тек оның төлем қабілеттігімен еместігімен ғана емес, сондай – ақ меншік иелерімен несие берушілердің құқықтарын шектеумен сипатталады. /12/:
Нарықтық экономика жағдайында жалпы жүйелер үшін және жекелеген кәсіпкерлер үшін дағдарыстық жағдайы туындайды. Әдетте жауап ретінде жүйе алдымен тәжірибелік апробациядан өткен және содан кейін теориялық тұрғыда негізделген сәйкес механизмдерді шығарады. Осындай механизмдердің біреуіне корпоративтік реструктуризациялау жатқызылады. Жалпылықпен қабылданған теорияға сәйкес оған өндірістердегі, капитал құрылымындағы немесе кәсіпорыннан күнделікті іскерлік циклінің құрамдас бөлігі болмайтынын меншіктегі кез – келген өзгерістер жатқызылады. Реструктуризациялау бойынша қызметті екіге бөлуге болады. Стратегиялық реструктуризациялау әсіпорын иелері үшін меншікті капитал құнының жоғарлауына, әрекет етушіфирма ретінде оны қолдаумен байланыстыміндеттер мен копротивтік меншікті сақтап қалуға бағытталады. Дағдарыстық жағдайдағы кәсіпорынды реструктуризациялау төлемқабілетсіз және банкротфирмаларды әрекет етуші немесе қызметтерін асырушы кәсіпорорындар жағдайына қайтару мақсатымен қайтадан ұйымдастыруға (реорганизация) бағытталған шешімдерге шоғырландырылады. Қазақстанда қалыптасқан жағдайға орай басты назар біздің пікіріміз бойынша дағдарыстық жағдайда кәсіпорындарды реструктуризациялау техникасына , қағидаларына, мақсаттарына аударылып шоғырлану қажет. /13/
Реструктуризациялау мақсаттары мен оларға жету критерийлері. Реструктуризациялаудың басты мақсаты – кәсіпорынды дағдарыстан шығару болып табылады. Бұл жерде ең бастысы өндірістің тиімділігіне жету, активтерді басқару сипаттамаларын өзгеру және заемдық қаржыландыру мүмкіндіктерін қолдану сияқты бағынысты мақсаттарға жету керек.
Кәсіпорынның қызмет етуі бойынша тиімділігінің маңызды көрсеткіші ретінде меншікті капитал құнын жоғарлату болып табылады. Сондықтан реструктуризация әдетте осы бағыт бойынша жүзеге асырылады. Осы жердегі кәсіпорынның құнын көрсеткішін реструктуризациялау критерийі ретінде алу кездейсоқ емес. Кәсіпорынның иелерін түпкілікте өндірістің типі мен технологиясы, өнімнің параметрлері, өткізу нарықтары сияқты проблемалар аз қызықтырады. Олардың капиталы салымдарының тиімділік критерийі ретінде кәсіпорын иесінің жеке әл – ауқат деңгейінің жоғарлауы мен фирманың тұрақты дамуына себепші болатын салымдар құндарының тұрақты өсуі болады. /14/
Кәсіпорынның құны бизнесті бағалау арқылы анықталады. Бағалаудың дәстүрлі үш тәсілдемелер ішінде біздің пікіріміз бойынша тек ақшалай ағымдардың дисконтталған құнын анықтауәдісі ғана компанияның ішкі экономикалық құнын толық тұрғыда бейнелеген. Бұл ақша ағымдарының кәсіпорынның нарықтық құны көрсеткіші мен жоғары дәрежеде корреляциялаумен айрықшаланады. Сондай – ақ ол опперациялық, инвестициялық және қаржылық қызметтерге қатысты барлық шешімдерді ескеретін ақшалай ағымды көрсеткішін экономикалық мәнімен айрықшаланады.
Фирманың құны көрсетіші – кәсіпорынның тұрақтану периоды (есептік период) бойынша ақша ағымдарының ағымдық келтірілген құндары мен есептік периодтан аса ақша ағымдарын дисконтталған құндарының қосындысы ретінде анықталады.
Ақшалай ағымдар қарыздық міндеттемелерді, меншікті айналмалы қаражаттарға және капитал салымдарына қажеттілік, мақсатты бағыттағы өз басқаруында қалған кәсіпорынның қаржылық ресурстарындағы өзгерістерді ескерумен таза пайда көрсеткіш негізінде анықталады.
Ақшалай ағымдардың дисконтталған әдістері арқылы алынған бизнестің құны өте жиі теріс шама болып қалады. Бұл болса, кәсіпорын иелерінің ақша қаражаттарын басқа жаққа кетуін білдіреді. Бұл көбінесе меншікті айналмалы қаражаттардың хроникалық тұрғыда жетіспеушілігі, елеулі қарыздық міндеттелер бойынша төлемдерді жүзеге асыру қажеттілігі. Капитал жұмсалымдарына қажеттіліктері кесірінен болған дағдарыстар жайттарға байланысты болады.
Реструктуризациялаудың тұжырымдамасы. Реструктуризацияның дәстүрлі міндеті – бизнестің құны көрсеткішін максимализациялау. Оның тұжырымдамасын әзірлеу келесі әдістемені көздейді. Бірінші кезеңде кәсіпрорынның құны жоғарыда айтылғандай ақшалай ағымдардың құнын дисконттау әдісі арқылы іске асырылады. Содан соң әсіпорынның операциялық (негізгі), инвестициялық және қаржылық қызметтерін реструктуризациялаудың түрлі варианттары әзірленеді.
Опперациялық (өндірістік) факторлар шендерінде шығарылатын өнімнің номенклатурасы, бағақалыптасуы, шығындардың тиімділігі, өткізу нарықтары, жарнамалық қызмет пен өнімді жылжыту жүйелері, өнімді сатқаннан кейінгі қызмет көрсету жүйесі (өнім сапасына кепіл беру) туралы талдауды қажет етеді./13/
Инвестициялық факторларға қатысты құнның қозғалуын анықтайтындарға негізгі және айналмалы құралдарға жұмсалымдарды басқаруды, меншікті айналмалы қаражаттың деңгейін оптимизациялауды жатқызуға болады. Осыған орай тауарлық материалдар запастардың деңгейі, дебиторлық берешек жинау, несиелік берешекті басқару, қуаттылықтың көбеюі, капитал жұмсалымдарын жоспарлау, активтерді сату талданады.
Қаржылық факторларға келетін болса, меншікті капиталдың құны, оның қарыз сапасы мен ара қатынасы, капиталдың құрылымы жатқызылады. Бұл қаржылық қызметті реструктуризациялау шеңберінде іскерлік тәуекелдің факторларын басқару, капиталдың оптималды құрылымын ұстап отыру мен үлестік салым бойынша пайда саясаты талданады. Мәселен, іскерлік тәуекелдің төмендеуі табыстың ставкасын төмендетеді./13/.
Әзірленген шаралар тексеру ақшалай ағындардың дисконтталған модельдері көмегімен жүзеге асырылады. Ал варианттарды іріктеу критерии ретінде кәсіпорын капиталы ның өсуі алынады. Бұл болса, яғни бизнестің құнын жоғарлатуға бағытталған стратегиялар реструктуризациялаудың одан ары болатын варианттарын қарастыруға негіз болады. Реструктуризациялау стратегиялары оңай варианттардан күрделілерге қарай қарастырылуы керек. Ондай жағдайда варианттарға артықшылық беру кезінде келесілер ескерілуі қажет.
Алайда
көптеген жағдайларда кәсіпорын
несие берушілердің талаптарын
қанағаттандыру басты мақсат болатын
жәйттарды ескеру керек. Оған жету
көп жағдайларда реструктуризациялаудың
дәстүрлі міндетімен үйлеспейді. Мәселен,
капиталдың құнын жоғарлату немесе максимализациялау,
әдетте елеулі капитал жұмсалымдарын
және қосымша сыртқы қаржыландыруға қажеттіліктен
туындайтын тәуекелдің жоғары деңгейімен
сипатталады.
2.1 Кәсіпорынның технико
– экономикалық сипаттамасы.
Кез
келген кәсіпорынның дамуында дағдарыстың
пайда болу ықтималдығы бар. Нарықтық
экономиканың өзіне тән белгісі
болып кәсіпорынның өмірлік кезеңінің
барлық сатысында (қалыптаса бастау,
өсу, кемелдік, құлдырау) дағдарысты жағдайлар
пайда болуы мүмкін.Қысқа
Экономикалық
дағдарыстан шығудың жолдарын іздеу
оның пайда болуына әкеп соғатын
себептерді жоюмен байланысты. Бизнестің
ішкі және сыртқы ортасына мұқият талдау
жасалады, кәсіпорынның маңызды құрамдас
бөліктері ерекшеленеді, әрбір құрамдас
бөлік бойынша ақпаратты жинау
жүргізіледі және кәсіпорынның нақты
жағдайын бағалау негізінде дағдарысты
жағдайдың себептері
Информация о работе Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы стратегиясының мәні