Кәсіпорындағы бюджеттеу тиімділігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2013 в 14:52, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың мақсаты - кәсіпорындағы бюджеттеудің тиімділігінің негізгі теориялық аспектілерін, «Химфарм» АҚ-ғы бюджеттеудің тиімділік көрсеткіштерін,кәсіпорындағы бюджеттеудің тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру болып табылады.
Дипломдық жұмыстың қойылған мақсатына сәйкес келесідей міндеттер қойылған:
- кәсіпорындағы бюджеттеу: түсінігі, қызметтерін қарастыру;
- кәсіпорын бюджетінің негізі түрлері және оларды құру процестерін қарастыру;
- кәсіпорындағы бюджеттеудің тиімділігі: мәні, көрсеткіштерін қарастыру;
- «Химфарм» АҚ-ның технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау;
- «Химфарм» АҚ- ғы бюджеттеудің құрылымын көрсету;
- «Химфарм» АҚ- ғы бюджеттеудің тиімділік көрсеткіштерін талдау;
- бюджеттеу тиімділігін материалды ынталандыруды қарастыру.

Файлы: 1 файл

Ксіпорындағы бюджеттеудің тиімділігі.docx

— 136.82 Кб (Скачать)

КІРІСПЕ

 

Нарықтық жағдайда өзінің қызметінен тұрақты табыс алатын кәсіпорын жетілген болып табылады. Бұл міндет – тұрақты бюджеттеудің негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. Белгілі болғандай, нарық субъектілерінің қызметін үйлестіру бағаға байланысты, тек олар ғана шаруашылық байланысқа қатысушыоар үшін өндірістің әдістері мен тиімді көлемін анықтайды. Әрбір кәсіпорын өзінің әрекетін бағалық механизмге, ұсыныс пен сұраныстың заңына бағындыру керек. Өйткені, оны кейінге қалдыру мүмкін емес. Бірақ, әрбір кәсіпорынның ішкі құрылымында баға механизмі әкімшіліктің, менеджерлердің және басқа да мандардың қызметімен жасалады. Сондықтан, кәсіпорын қызметі жоспарлы шешім қабылдау арқылы реттеледі. Осы ұстанымнан жоспарлауды кәсіпорынның ішкі қызметінде баға мен нарықты алмастыратын және бюджет жасау жолымен жүзеге асырылатын механизм ретінде қарастыру керек.

«Бюджет» түсінігі ұлттық экономика үшін ғана емес, сондай – ақ жеке кәсіпорын үшін де қолданылады.Сонымен қатар, бюджет түсінігімен кәсіпорынның шаруашылық қызметінің ағымдағы бюджеттік кезеңге (әдетте кварталға немесе жылға) жоспары түсіндіріледі. Бюджет – жоспардың сандық сипаты, координациялануы мен орындалуын бақылау құралы.

Бюджеттендіру – ресурстарды ұтымды пайдаланудың маңызды басқарушылық кезеңі.Бюджеттендіру жүйесінің оперативті басқарудың технологиясы екені сөзсіз. Сонымен бірге ол кәсіпорын міндеттеріне және стратегиялық мақсаттарына сәйкес құрылуы тиіс. Демек, бюджеттендіру шегінде есептік кезеңде қызметті бағалау үшін есептілік жасауға керекті ақпарат жинақталуы қажет. Тоқсан немесе ай бойынша нәтижелердің стратегиялық мақсаттарға сәйкестігін басқару үшін бюджеттік баптар мен бюджеттік модельдің аналитикалық бөлімін мақсатқа қол жеткізуге әсерін тигізетін факторлармен сабақтастыру керек.

Кәсіпорындағы бюджеттеу - кәсіпорындағы барлық деңгейінде бизнесті басқару технологиясы,оның стратегиялық мақсаттарына жетуі әрбір жылға бюджеттерді (смета) құру жолымен қамтамасыз етіледі.

Дипломдық жұмыстың зерттеу  объектісі – емдік дәрі – дәрмектерді өндірумен, дәрі – дәрмектердің, этил спиртінің сапасын бақылаумен, фармацевтикалық дәрілерді, емдік заттарды сатумен, дәрілік шикізатты дайындау және сатып алумен айналысатын «Химфарм» АҚ болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты  - кәсіпорындағы бюджеттеудің тиімділігінің  негізгі теориялық аспектілерін, «Химфарм» АҚ-ғы бюджеттеудің тиімділік көрсеткіштерін,кәсіпорындағы бюджеттеудің тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру болып табылады.

Дипломдық жұмыстың қойылған мақсатына сәйкес келесідей міндеттер  қойылған:

 

 

 

  •    кәсіпорындағы бюджеттеу: түсінігі, қызметтерін қарастыру;
  •   кәсіпорын бюджетінің негізі түрлері және оларды құру процестерін қарастыру;

- кәсіпорындағы бюджеттеудің тиімділігі: мәні, көрсеткіштерін қарастыру;

  • «Химфарм» АҚ-ның технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау;
  • «Химфарм» АҚ- ғы бюджеттеудің құрылымын көрсету;

- «Химфарм» АҚ- ғы бюджеттеудің тиімділік көрсеткіштерін талдау;

-  бюджеттеу тиімділігін материалды ынталандыруды қарастыру.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Дипломдық жұмыстың бірінші  бөлімі кәсіпорындағы бюджеттеудің тиімділігінің негізгі теориялық аспектілері деп аталады. Бұл бөлімде кәсіпорындағы бюджеттеудің түсінігі, түрлері, қызметі және тиімділік көрсеткіштері қарастырылған.

Екінші бөлім «Химфарм» АҚ–ғы бюджеттеу тиімділігінің ерекшеліктері деп аталады.Осы бөлімде «Химфарм» АҚ – ның жалпы сипаттамасы және техника-экономикалық көрсеткіштері,бюджеттеудің құрылымы туралы жазылған.

Үшінші бөлім кәсіпорындағы бюджеттеу тиімділігін арттыру жолдары деп аталады.

Дипломдық жұмысты жазу барысында  ғалымдардың еңбектері, кәсіпорын  мәліметтері пайдаланылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.КӘСІПОРЫНДАҒЫ БЮДЖЕТТЕУДІҢ  ТИІМДІЛІГІНІҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ  АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Кәсіпорындағы бюджеттеу:  түсінігі, қызметтері

       

       Бюджет – бұл жоспар, негізінен қысқа немесе орташа мерзімді болып келіп, соның мәліметтерін ағымдық және шұғыл басқарушылық шешімдерді қабылдау барысында қолданылады. Сол себепті «бюджеттеу сметасы, жоспарлау жүйесі» деген бюджеттеу түсінігі қолданылады. Белгілі бір іс-шараларды болжамдау – бұл жоспарлау, ал бюджеттеу – бұл осы жоспарлаудың қаржылық сипаттамасы, жоспарланған іс әрекеттерді қаржылық көрсеткіштерге ауысуы деп есептеуге болады.

Бюджет – жоспардың  сандық сипаты, координациялануы мен  орындалуын бақылау құралы.Бюджеттер  мекеме бойынша жалпылай да, оның бөлімшелері  бойынша да жасалуы мүмкін.  Негізгі  бюджет (master budget) өндірісті, сатуды, тарату мен қаржыландыруды қамтиды. Бұнда болашақ түсімдер, ақша ағымдары мен жоспарлар сандық сипатта қарастырылады. Бюджеттер менеджерлердің қызметінде басты рөл атқарады.

Бюджеттеудің мақсаттары:

  • Ұйымнын мақсаттарынын орындалуын қамтамасыз ету.
  • Әрбір жылдың операцияларын жоспарлау.
  • Ойлары мен жоспарлары жөніндегі ақпарат.
  • Бөлімшелердің іс-әрекетін үйлестіру.
  • Жұмысшылардың мативациясы.
  • Басқару.

Жоспарлау деп қызмет мақсаттарын  белгілі-бір кезең ішінде қол  жеткізуге қажет сандық және сапалық  көрсеткіштер ретінде көрсетуді айтады.Жоспарлау кезеңі бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

  • Оперативті (ағымдағы) жоспарлау – біржылға дейінгі мерзім;
  • Тактикалық (орта мерзімді) жоспарлау – 1-3 жылға дейінгі мерзім;
  •    Стратегиялық (ұзық мерзімді) жоспарлау – 3 жылдан артық мерзімге. Кәсіпорында жоспарлау жүйесін енгізу келесі міндеттерді жүзеге асыруға көмектеседі:
  • Кәсіпорындағы ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға;
  • Қызмет кооржинациясын қамтамасыз етеді және жеке бөлімщелер мен жалпы кәсіпорынның мүдделерінің өзара байланысын орнатады;
  • Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нысандарын талдауға, жоспарлауға, бағалауға мүмкіндік жасайды және қабылданған басқарушылық шешімдердің негіздемесін дамытуға;
  • Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, қаржылық жағдайды көтереді.

Бюджеттендіру – ресурстарды  ұтымды пайдаланудың маңызды басқарушылық кезеңі. Бюджеттендіру жүйесінің оперативті басқарудың технологиясы екені сөзсіз. Сонымен бірге ол кәсіпорын міндеттеріне және стратегиялық мақсаттарына сәйкес құрылуы тиіс. Демек, бюджеттендіру шегінде есептік кезеңде қызметті бағалау үшін есептілік жасауға керекті ақпарат жинақталуы қажет. Тоқсан немесе ай бойынша нәтижелердің стратегиялық мақсаттарға сәйкестігін басқару үшін бюджеттік баптар мен бюджеттік модельдің аналитикалық бөлімін мақсатқа қол жеткізуге әсерін тигізетін факторлармен сабақтастыру керек.Бұл мақсаттар үшін көрсеткіштердің үйлестірілген жүйесін немесе тиімділікті көрсеткіштерінің басты жүйесін (key performance indicator - KPI) қолдануға болады.

Солардың көмегімен бюджеттендіру  жүйесі мөлдір, нәтижелердің тек оларды алуға қажетті факторлармен ғана емес, сонымен қатар кәсіпорын  мақсаттарымен де өзара байланысын қамтамасыз етеді. Кәсіпорын басшылары  бюджеттік процесстің нәтижелерінің  талдауын ала отырып, стратегияны  жүзеге асыру мақсаттарына байланысты шешімдерді қабылдай алатын болады.

Ол үшін:

  • Бюджет моделіне тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін енгізу және оперативті басқару жүйесін стратегиялық менеджментпен байланыстыру арқылы бюджеттендіру әдістемесін жетілдіру;
  • Бағдарламалық қамтамасыз етуді түзеу немесе сатып алу мүмкіндігін есере отырып, бюджеттендіру жүйесін қолдаумен байланысты еңбек шығыстарын оңтайландыру;
  • Кәсіпорын мақсатында қызметкерлердің жеке мүдделерін интеграциялау арқылы бюджеттендіру негізінде мотивация жүйесін дамыту қажет.

Кәсіпорындарда бюджеттік  модель басқару жүйесіне тәуелді. Бюджеттендіру  жүйесін құру өте күрделі процесс.Алдымен, бюджеттендіру мақсаттары мен міндеттері анықталуы қажет. Олар келесілерге негізделеді:

  • кәсіпорынның стратегиялық және тактикалық жоспарларды жасау мен бақылау;
  • шығындарды басқару мен бақылау;
  • кәсіпорын бөлімшелерінің қызметін координациялау;
  • коммуникациялар, яғни жоспарларды әр түрлі деңгейдегі басшыларға жеткізу;
  • кәсіпорын өтімділігінің жаңдайын бақылау;
  • жоспарланған және алынған нәтижелердің салыстырмалы анализі;
  • табыс нормасы бойынша өнімдердің жеке түрлерінің тиімділігін талдау;
  • дебиторлық жіне кредиторлы міндеттемелерді бақылау;
  • ақша ресурстарындағы қажеттіліктер мен қаржылық ағымдарды оңтайландыруды анықтау;
  • өндіріс циклдегі процесстердің ұзақтылығын бақылау;
  • жалпы активтердің табыстылығын бақылау;
  • инвестициялардың табыстылығын бақылау;
  • бизнестің өркендеуін бақылау.

Жеке менеджерлер менбөлімшелердің қызметін жоспарлау мен бақылануы  оңай болуы, басқарудағы шындыққа қол  жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар шешімдерді қабылдауды қаржылық құрылымды жасау арқылы орталықсыздандырады.

Кәсіпорындағы бюджеттеу - кәсіпорындағы барлық деңгейінде бизнесті басқару технологиясы,оның стратегиялық мақсаттарына жетуі әрбір жылға бюджеттерді (смета) құру жолымен қамтамасыз етіледі.

Сметалық кезең – уақытша кезең, уақыт кезеңіне дайындалатын бюджет және де бақылау пәні болып табылады.Сметалык кезең мыналарға тәуелді:

  • Бизнестің табиғатына.
  • Бөлімшелерді дайындауға арналған бюджет.
  • Негізгі бақылау - әдетте жыл айға, квартлға бөлінеді.

Бюджеттің нысандары:

  • Негізгі (MASTER) бюджет (қатты)
  • Икемді бюджет
  • Дүркінді және сырғымалы бюджет
  • Өсу бюджеті (incremental budget)
  • Үстеме бюджет (add-on budget)
  • Скобтты бюджет (bracket budget)
  • Модифицировандық бюджет (stretch budget)
  • Мақсатты бюджет (target budget)
  • Стратегиялық бюджет (strategic budget)
  • Нөлдік нүктесіндегі бюджет

Өндірістік қызметті басқару  жүйесі кәсіпорынның өндірістік міндеттер  мен мақсаттарды жүзеге асыруын  қамтамасыз ететін құрылымдық элементтер мен өзара байланысты функциялардың  жиынтығын білдіреді.Өндірістік қызметті басқару ең алдымен жиынтық функциялар арқылы жүзеге асырылады. Ол көп қырлы  әрі әр түрлі объектілерді, қызмет түрлерін, міндеттерді және т.б. қамтуы мүмкін. Бұл қатынаста басқару  функциясын мына белгілер бойынша жіктеуге болады:

  • ұйымның алдына қойған мақсатына қол жеткізуді қамтамасыз ететін операцияларды жоспарлау;
  • әр түрлі қызмет түрлерін және бөлімшелерді үйлестіру.
  • тұтас ұйым бойынша топтардың және жеке қызметкерлердің мүдделерін бір арнаға салу;
  • өз жауапты орталықтардың мақсаттарына жеткізу үшін барлық деңгейлердегі басшыларды ынталандыру;
  • ағымдағы қызметті бакылау және жоспарлы тәртіпті қамтамасыз ету;
  • жауапты орталықтар мен оның басшыларының жоспарды қалай орындағанына баға берудің негізі;
  • менеджерлерді оқыту құралы;
  • ақпарат және басқару.

Жоспарлау - маңызы зор жоспарлы шешім әдетте бағдарламаны әзірлеу барысында жасалады, ал бюджетті әзірлеу процесі мәні бойынша осы жоспарларды нақтылаушы болып табылады.Жылдық бюджетті жасау процесі алдағы кезең жоспарларын нақтылай түседі, өйткені басшылар алдағы кезең жоспарлары нақтылыққа айналуы үшін ретімен толық (подробные планы) жоспарлар жасауы керек. Бюджетті жасау келесі кезендердегі қызметгердің ықтимал өзгерістерін назарға алып, алдағы кезеңнің операцияларын жоспарлауды білдіреді және келешекте кездесуі мүмкін өзгерістердің шарттарын жұмсарту үшін бүгінгі күннен кешіктіруге болмайтын шараларды анықтайды.Күнтізбелік-жоспарлы нормативтердін, негізінде әзірленетін бұйымдар мен бөлшектер шығарудың бағдарламасы озық техника мен технологияларды, кәсіпорынның өндірістік қуатын, еңбек өнімділігін арттыратын материалдық және моральдық ынталандыруды толық пайдалануды қарастырады.

Үйлестіру - әрбір жауапты орталықтың қызметі басқа жауапты орталықтардың жұмысына байланысты болып, бір-біріне әсерін тигізіп отырады. Сондықтан да жеке қызмет түрлерінің бюджетін әзірлеу процесінде ұйымның ортақ мақсатына ұмтылатын бөлімшелердің ұйымшылдықпен, яғни келісімге келіп жұмыс істеулерін үйлестіреді. Өндіріс жоспары маркетинг бөлімінің жоспарымен үйлестірілуі аса маңызды, яғни жоспарланған сату көлеміне сай өнім өндіру аса қажет.

Барлық орындаушылар бұл  жоспарлардың мазмұнын түсінбесе, басшылықтың  жоспары іске аспайды. Жоспар нақты  тармақтарды қамтиды: қанша тауар  мен қызметті өндіру қажет; кандай әдісті, қандай адамдарды және кандай жабдықты пайдалану керек; канша материал мен шикізатты сатып алу керек; қандай сату бағасын белгілеу керек; болашақта қандай саясатты ұстану керек  және қандай шектеулерді қолдану  керек және т.б. Мұндай ақпаратгың үлгісіне жарнамаға, техникалық қызметке, әкімшілік  шығындарына жұмсалуы мүмкін ең көп  шамадағы сомасы еңбекақы мөлшерлемесі және жұмыс уакытының саны; өнім шығарудьщ қажетті деңгейі жатады.

Информация о работе Кәсіпорындағы бюджеттеу тиімділігі