Кәсіпорындағы бюджеттеу тиімділігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2013 в 14:52, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың мақсаты - кәсіпорындағы бюджеттеудің тиімділігінің негізгі теориялық аспектілерін, «Химфарм» АҚ-ғы бюджеттеудің тиімділік көрсеткіштерін,кәсіпорындағы бюджеттеудің тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру болып табылады.
Дипломдық жұмыстың қойылған мақсатына сәйкес келесідей міндеттер қойылған:
- кәсіпорындағы бюджеттеу: түсінігі, қызметтерін қарастыру;
- кәсіпорын бюджетінің негізі түрлері және оларды құру процестерін қарастыру;
- кәсіпорындағы бюджеттеудің тиімділігі: мәні, көрсеткіштерін қарастыру;
- «Химфарм» АҚ-ның технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау;
- «Химфарм» АҚ- ғы бюджеттеудің құрылымын көрсету;
- «Химфарм» АҚ- ғы бюджеттеудің тиімділік көрсеткіштерін талдау;
- бюджеттеу тиімділігін материалды ынталандыруды қарастыру.

Файлы: 1 файл

Ксіпорындағы бюджеттеудің тиімділігі.docx

— 136.82 Кб (Скачать)

Цехтік бюджет (өнімнің  өндірістік өзіндік құны)



Жалпышаруашылық бюджеті



     Коммерциялық шығындар бюджеті


 

 

 

 

 

 

 

 


             Кіріс пен шығыс бюджеті


 


 

    қаржылық 


                бюджет

Ақша қаражаттары қозғалысының бюджеті 




Жоспарлы баланс (есептік  баланс)

 

 

Сурет 1. Бюджеттер құрылымының  «классикалық үлгісі»

 

Әрине, ұсынылған сызбаның ең қарапайым түрі, сондықтан барлық жасалатын жоспарлардың байланыстарын  көрсетпейді.  Операциондық бюджет – белгілі мерзімдегі операциялық  қызметті жүргізумен байланысты кірістер мен шығыстар жоспары. Ол сатылым  бюджеттен бастап кәсіпорындағы  иерархиялық құрылымына байланысты бөлімшелердің шығыстар бюджетіне  дейін қамтиды.

Өндіріс бюджеті - алдағы бюджеттік (жоспарлы) кезенде шығарылатын өнімдердің түрі мен санын анықтайды.Кәсіпорын сату бюджетінде көрініс табатын болжаулы сұранысты және жоспарлы кезеңнің соңындағы (ағымдық жылдағы өнімдердің ақырғы қорын қоса ескерумен) қалаулы қор көлемін назарға алып, өнім өндірудің құрылымы туралы шешімді негіздейді.Жоспарлы сату көлемін заттай түрде белгіленгеннен кейін жсопарланған деңгейде дайын енімдердің қорларын өткізу және қолдау бюджетін орындау үшін өндірілетін өнімдердің немесе қызметтердің бірлік санын анықтауға болады.Өндіріс бюджеті заттай және ақшалай бірліктермен жасалады.

Ендігі жерде өндіріс  көлемі туралы деректерді ескере отырып (есте ұстап), еңбек және материалдардың тікелей шығынының бюджетін әзірлеуге  кірісе беруге болады.

Өндірістің жалпы шығынын  анықтау үшін материал, еңбек шығындары  мен үстеме шығыннан пайда болатын  өнім бірліктерінің өзіндік құнын  есептеу керек. Сондықтан да бас  бюджетті әзірлеудің келесі кезеңі жеке бюджеттерді жасау; материалдарды  пайдалану бюджеті, еңбек шығынының  бюджеті, үстеме шығын бюджеті.Өндіріс  жоспарының деректері негізінде  материалдарды пайдалану бюджеті  жасалады.

Кіріс бюджеті – алынған жалпы кірісті, одан кейін таза табысты көрсетеді.

Шығыс бюджеті – қажетті қорлардың нормасын, жабдықтың өнімділігін, еңбекақыны, дайын өнім өндірісін бюджеттеу.

Сату бюджеті - кәсіпорын өнімдерін өткізудің өткізу жоспары бөлімінің қызметкерлері мен сарапшыларының, басқарушыларының талқылау нәтижесі болып табылады. Сатуды жоспарлау - көптеген факторларды ескеруге тура келетін күрделі процесс: сату тарихы, экономиканың жалпы жағдайы, баға саясаты, маркетингтік зерттеудің нәтижесі, өндіріс қуаты, бәсекелестік, мемлекет тарапынан болатын шектеулерді ессптеу және т.б. Сатуды жоспарлау тек өндіріс қуатына ғана емес, сонымен бірге нарықта өткізудің мүмкіндіктеріне байланысты болады. Сату бюджетін жасау барысында мына ықпалды факторларды ескеру қажет: бәсекелестердің қызметі, жабдықтаушылар мен сатып алушылардың тұрақтылығы, жарнаманың нәтижелілігі, сұраныстың маусымдық ауытқуы, іскерлік саясаты, экономиканың жалпы жағдайы, мемлекет тарапынан шектеулердің болуы және т.б.

Тікелей материалды шығыстар бюджеті – бюджеттік кезеңде айналмалы ресурстардың (шикізат,материалдар,) қаржылық және материалды тұтыну бөлігінде тікелей өндіріс шығынның жоспары болып табылатын және бюджет құрамына кіретін төртінші деңгейлі бюджет.

Коммерциялық  шығындар бюджеті – бюджеттік кезеңде сатылым бюджет құрамына кіретін және жеке өнім түрін өндіру бойынша тікелей коммерциялық шығындар жоспары болып табылатын үшінші деңгейлі бюджет.

Еңбекақы шығыстарының бюджеті – бюджеттік кезеңде еңбекақы төлеу бойынша тікелей шығындар бюджет құрамына кіретін төртінші деңгейлі бюджет.

Ақша қаражаттары  қозғалысының бюджеті – бюджеттік кезеңде кәсіпорында ақшалай қаражаттың шығындары бар қаржылық бюджеттің есептілік құжаттың бірден – бір негізі болып табылады.

 

1.3 Кәсіпорындағы бюджеттеудің  тиімділігі: мәні, көрсеткіштері

 

Кәсіпорын бюджетінің атқарылуын бақылау қаржылық жыл кезеңінде  нақты көрсеткіштермен жоспарлы көрсеткіштерді салыстыру арқылы жүзеге асырылады.Бюджетте жоспарланған көрсеткіштердің нақты көрсеткіштерден ауытқуын анықтау үшін кәсіпорында қаржылық – шаруашылық қызметте жедел және периодты бақылау жүзеге асырылады.

Жедел бақылау кәсіпорын  бюджетінің бірп жылға бекітілген, табыстар мен шығыстарының ай сайынғы  жоспары негізінде іске асырылады.Табыстар мен шығыстардың ай сайынғы жоспарында кәсіпорынның бөлімшесінен соңғы уақытта  түскен ақпаратынан тыс кіріс  бөлігі сияқты шығыс бөләгә де анықталады және осы бөліктердің балансы  бекітіледі.Оның қалыптасу әдістемесі бюджеттің қалыптасу әдістемесіне ұқсас. Ай сайынғы жоспар жоспарланатын  айдан 1-2 күн бұрын жасалады және кәсіпорынның басшысымен бекітіледі.

Тиімді басқару үшін квартал  сайын бюджетпен қарастырылмаған  соңғы жағдайлардың қаржылық кезеңінде  негізгі көрсеткіштерге қандай әсер беретіні туралы басшылыққа ақпарат беру негізінде кәсіпорын бюджетінің атқарылу болжамы құрастырылады.

Кәсіпорын басшысы қажет  болған жағдайда сәйкес бап бойынша  кәсіпорынның жылдық бюджетін түзету туралы шешім қабылдайды. Бюджеттің  орындалуына бақылау жасау және түзетуді енгізу көпдеңгейлі ауытқуды талдау әдістемесін қолдану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Нөлдік деңгейді жоғарғы  деп атайды.

Бірінші деңгейді тереңдетілген  деп атайды.Бірінші деңгейді талдауда жоспарлы кезеңде көлемнің өзгеруі  қарастырылмаған негізгі бюджетті, жоспарды қолданады.Тәжірибеде икемді бюджетті қолданады.

Икемді бюджет екінші деңгейлі талдаудың бірден бір бөлігі болып табылады.Кірістің ауытқуы 2 категорияға бөлінеді:

  1. Негізгі және икемді бюджетті құру кезінде сатылым көлемінің

өзгеруінен ауытқу пайда  болады және айнымалы шығындар тұрақты  болады.

  1. Нақты мәліметтерді жәнен икемді бюджетті салыстыру кезінде

икемді бюджеттен ауытқу пайда болады және нақты сатылым  көлемі алынады.

Талдаудың екінші деңгейі  сатылым көлемінің өзгеруінен пайда болатын ауытқуды көрсетеді.Олар өз кезегінде нарықтағы үлесіне, нарық сыйымдылығына әсерін тиігзе отырып,  тексере алады.

Бірінші және екінші деңгейлі талдаудың мәліметтерін және икемді бюджеттің мәліметтерін салыстыру объективті қорытынды үшін жеткілікті болмауы мүмкін, сондықтан үшінші деңгейлі ауытқу өткізеді.

Тиімділік көрсеткіштері — кәсіпорындағы үрдістің, жобаның тиімділік көрсеткіштерінің қатынасы. Кәсіпорын бюджеті жасалып және қабылданып болғаннан кейін нақты көрсеткіштер жоспарланған көрсеткіштермен салыстырылуы керек, бюджеттік жоспарлаудың сапасына бағалау жасау қажет.

Берілген бағалауға бюджетті басқару сапасының индексін –  ВІ қолданған оптимальды.

 

ВІ = 1- (Вфакті - Вжоспі)/ Вжоспі 

 

мұндағы,

Bфактi – кірістің, шығыстың, активтің, пассивтің, ақша қаражаттарының қозғалысының бюджеттік көрсеткіштерінің і – ші фактілік мағынасы;

Bжоспi – кірістің, шығыстың, активтің, пассивтің, ақша қаражаттарының қозғалысының бюджеттік көрсеткіштерінің і – ші жоспарлы мағынасы.

Ауытқуларды талдау кезінде  бақылаудағы және бақылауда емес себептерді ажырата білу керек. Ауытқудағы бақылауда емес себептері сыртқы ортаның өзгеруіне байланысты болады.

Бюджеттің атқарылуын бақылау  бюджет баптарындағы фактілі және жоспарлы көрстекіштердің ауытқуы туралы мәліметтерге негізделеді.Бюджеттің  атқарылуын бақылауды жүзеге асыру  мақсаты негізінде бақылаудың екі деңгейлі жүйесін қолдануға болады. Төменгі деңгей – құрылымдық бөлімшелерде бюджеттің атқарылуын бақылау.Жоғарғы деңгей – барлық құрылымдық бөлімшелерде бюджеттің атқарылуын бақылау(шығын бойынша баптардан тұратын бюджетті бақылауды қоса алғанда).

Бюджеттеудің басқару  жүйесін тиімді ұйымдастыру кезінде  бюджеттің орындалуына бақылау  жасалуы және түзету енгізілуі мүмкін.

Бюджеттеуді басқару бюджет бойынша директор тағайындаудан  басталады.Әдетте, бюджет бойынша директор болып қаржылық директор тағайындалады.Ол штаттық эксперт ретінде болады және бөлімше қызметін үйлестіреді.Одан басқа бюджет бойынша комитет құрылады. Бюджет бойынша комитет – бұл стратегиялық және қаржылық жоспарды тексерумен айналысатын орган болып табылады,ұсыныстар береді, компания қызметіне жедел түзету енгізеді.

Бюджет бойынша басшылық – бюджеттік бағдарламалар үшін ұсыныстар мен ережелер жүргізу  рөлін атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. «ХИМФАРМ» АҚ- ҒЫ БЮДЖЕТТЕУ  ТИІМДІЛІГІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 «Химфарм» АҚ – ның  жалпы сипаттамасы және техника-экономикалық  көрсеткіштері

 

1993 жылы кәсіпорын «Химфарм» АҚ болып құрылды (1993 жылдың 25 желтоқсанынан шаруашылық субъектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік). Зауытта ортатонажды өндіріс өсімдіктік шикізат пен химиялық синтезді пайдаланып, субстанция шығаратын өндірістік үш цех жұмыс істеді.

1996 жылы Кәсіпорын «Химфарм» Ашық акционерлік қоғамы болып тіркелді(1996 жылы 23 қазанынан №2728-1958-АҚ (Ш/Қ) заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік). Мемлекеттік акция пакеттері           1 215 556 дана иесі атаулы жай акциялар (Уставтық капиталдың 80%) дайын дәрілік заттар өндірісіне көшу бойынша зауыттың толығымен қайта құру бағдарламасын әзірлеп, жүзеге асырған шетелдік инвестор басқармасының «DONNADALE Ltd» (Дублин қ.) ирландық фирмасына берілді.15 млн. АҚШ доллары көлемінде салынған капитал италяндық, германдық заманауи жабдықтарды алуға жұмсалды.

1997 жылы қуаттылығы айына 3,5 млн. бума таблетка өндіру бойынша қатты дәрі- дәрмектер цехы бірінші кезекте жіберілді. Медициналық спирт пен «Ордабасы» емдік бальзамының өндірісі жолға қойылды. Қазақстанның

барлық емдік - сауықтыру мекемелерінің қажеттілігін қанағаттандыратын медициналық спирт шығару цехының қуаттылығы тәулігіне 20 000 л болды.

1998 жылы 1-2 мл көлемде вакумдық толтырудағы ампуладағы инъекциялық қышқылдарды шығарудың бірінші бағыты орнатылды. Түрлі-түсті таблеткаларды шығару бойынша қатты дәрі-дәрмектер цехы айына 1 млн. қуаттылықпен екінші кезекте жіберілді. Ішке қабылдайтын және сыртқа пайдаланатын залалсыздандырылмаған қуаттылығы айына 1,9млн құты қышқылдар мен галенді препараттар шығаратын 4 бағыт пайдалануға берілді.

2000 жылы үшінші кезекте қуаттылығы айына 2.1 млн бума ішекте еритін қабықпен қапталған таблетка шығаратын қатты дәрі-дәрмектер цехы іске қосылды. Қуаттылығы айына 2,1 млн. құты зарарсыздандырылмаған шашыратқыш антибиотик бойынша цех салынды. 1-2 мл көлемде шприцтік толтырумен ампуладағы инъекциялық қышқылдарды шығарудың екінші бағыты орнатылды.2002ж капсулалық дәрілік препараттарды шығаратын бағыт монтаждалды.

2003 жылы кәсіпорын «Химфарм» Акционерлік қоғам болып қайта тіркелді(1996 жылы 23 қазанынан №2728-1958-АҚ (Ш/Қ) заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік). Зауыт Қазақстанның емдік-сауықтыру және дәріханалық мекемелерін халықаралық сапа стандартының талаптарына сай дайын дәрілік препараттармен қамтамасыз ету мақсатын алдына қойды. Қазіргі кезекте кәсіпорын номенклатурасы 200-ден астам дәрі түрлерін шығаруды көздеп отыр. Жыл сайын кәсіпорынның 35-40 препараты түрлі кезеңде әзірлеуде болады. Қазақстанның медициналық препараттар тәжірбиесінде кең қолданылымдағы және кең таралған дәрі-дәрмек түрлерінің 80% «Химфарм» Акционерлік Қоғамынан шығарылуда. Препараттардың 50% Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі бекіткен «Өмірлік қажетті және маңызды дәрі-дәрмектер» тізімдемесіне енгізілген. «Химфарм» АҚ дәрілік заттар өндірісінің барлық кезеңінде сапалы бақылауды қамтамасыз етумен жоғары сапалы өнімге қол жеткізуде. Дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігі Қазақстан Республикасы «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ ОҚФ сәйкестік сертификатымен расталды.

«Химфарм» АҚ-ның базасында  Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің аналитикалық, микробиологиялық және токсикологиялық 3 бөлімнен тұратын сынақ зертханасы, Стандарттау,

метрология және сертификаттау  акредитті комитеті жұмыс істейді. Қазақстандағы жаңа препараттарды байқаудан өткізіп, енгізетін орталығы бар жалғыз кәсіпорын.«Химфарм» АҚ – соңғы жылдары Қазақстан мен ТМД ғалымдарының бірлесуімен 10-нан аса препараттардың («Рувимин» таблеткасы, «Жантақ» шәрбаты, «Гаухар» тұндырмасы және т.б.) сараптаудың технологиясы мен әдістемесін әзірлеп, өндіріске енгізді. «Химфарм» АҚ өнімді тек Қазақстанның ішкі рыногына ғана емес, сондай-ақ алыс-жақын шетелдерге экспортқа шығаруда. Болгария гидробрамидтің глауцина сустанциясын, цитизинді, Ресей термопистің экстрактін, мукалтинді сатып алады. Дайын дәрілік препараттар Қырғызстан мен Өзбекстанға экспортқа шығарылуда.

Бүгінгі таңда «Химфарм»  АҚ-ның 20 га территорияға орналасқан он

үш негізгі және қосалқы  цехтары, бес қоймалық кешені, гараждары бар. Зауыттың одан әрі дамуы мен жаңа өндірісті ашуы үшін қажетті инфрақұрылым мен бос алаңдар бар. «Химфарм» АҚ-ның ғылыми – зерттеу зертханасы, техниклық сапа бөлімі, орталық-зауыт зертханасы бар. Бұл өз күшімен шығарылған жаңа өнім түрлерін меңгеру мен жобалау, әзірлеме жүргізуге мүмкіндік береді. Кәсіпорын біліктілігі жоғары мамандармен қамтылған. 2012 жылдың 1 наурыз жағдайына компания қызметкерлерінің жалпы саны 635-ті құрайды. 2011 жылы орташа тізім бойынша адам саны 650.

«Химфарм» АҚ-ның негізгі қызметі – емдік дәрі – дәрмектерді өндіру, дәрі – дәрмектердің, этил спиртінің сапасын бақылау, фармацевтикалық дәрілерді, емдік заттарды сату, дәрілік шикізатты дайындау және сатып алу болып табылады.

Зауытта өндірілетін және белгілі дәрілік формада шығарылатын  арнайы 4 цех бар:

  • дәрілер, капсулалар;
  • шипамай, тұнба, шәрбат, сулы және спиртті ерітінді;
  • жақпа май, гель, суппозиториялары;
  • өсімдік шикізатынан және химиялық синтез негізіндегі

фармацевтикалық түп негізі.

Кәсіпорын миссиясы  - денсаулық - бұл әр адамның бақытының негізі болып табылады. Ең жақсы технологияларды, ең жақсы шикізаттарды қолдана отырып, адамның денсаулығын жақсарту үшін қолжетімді бағамен тиімді және жоғары сапалы дәрі – дәрмектер шығарады.

Зерттеу лабораториясы барлық жаңа технологиялармен жабдықталған және Қазақстанда ең тадаулылардың бірі болып саналады. Бүгінгі күні зауыт отандық дәрі – дәрмек өндірушілер арасында көшбасшы болып келеді. Кәсіпорын өнімді ішкі нарыққа өндіріп қана коймай, сондай – ақ оны шетелге белсенді экспорттайды.Кәсіпорынның Қазақстанда фармацевтикалық өнімді   жалпы өндіру көлемінің үлесі 55% - ды құрайды.

Информация о работе Кәсіпорындағы бюджеттеу тиімділігі