Отчет по практике в ТОО "Ромат"

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 04:27, отчет по практике

Краткое описание

Сату бөлімі немесе логистикалық бөлім - сыртқы сату каналдардың қолбағысымен даму жұмысын, әлеуметтік партнерлерді іздестіру мен оларды іріктеу, агенттік шарттар жасауымен оларды басқару, дилердің шарт талаптарын орындауды бақылау, келіссөздерді жүргізу, партнерлармен келісімге келу, әрекеттер мен дәлелдеу және басқа да жылжыту бағдарламаларды жасау мен ұйымдастыру, есеп беретін дилерлердің жоспарлы көрсеткіштерге жетуды қамтамасыз ету, сауда орындардың жұмысын тексеру, қызметтерді сату және жаңа бизнес түрлері арқылы компанияның ұлттық жобаларымен бағдарламаларға қолбағыс жасау, аймақтық жобалырдың орнатуын бақылау және т.б. жұмыстар атқарады.

Оглавление

1 Кәсіпорынның шарушылық қызметімен танысу
2 Бухгалтерлік есеп құруының негіздері мен кәсіпорындағы есеп саясаты
3 Кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметінің талдауы
4 Меншік капиталдың есебі
5 Негізгі құралдар мен материалды емес активтерінің есебі
6 Тауарлық – материалдық қорлардың есебі
7 Ақша қаражатының, есеп айырысулардың, қаржылық есебі мен несиелік есебі
8 Еңбек пен оны төлеудың есебі
9 Өндірістік шығындар есебі мен талдауы
10 Кірістер мен шығыстар есебі
11 Қаржылық есептілік: құруының практикасы мен әдістемесі

Файлы: 1 файл

Отчет по практике Ромат.doc

— 262.00 Кб (Скачать)

ТМҚ-ды кiрiстеуге мына құжаттар негiз болып саналады:

  • шот-фактура, онда: қатар нөмiрi мен күнi, атауы және жабдықтау мен ТМҚ-ты сатып алушының СТН, ҚҚС-ын есепке қою туралы куәлiк нөмiрi, әкелiнген ТМҚ атаулары мен саны, құны, акцизделетiн ТМҚ сомасы т.б.;
  • тауарлы-транспорттық накладной;
  • тауарды қабылдап алған материалды жауапты тұлғаның жазған накладнойы мен құжаттары, атап айтқанда:

Материалдардың шығысы мынадай құжаттар бойынша рәсiмделедi: лимиттiк-жинақтама картасы, материалдарды  айырбастауға арналған талап-актiсi, материалдарды босатуға арналған талап накладнойы.

Негізгі құжаттары: кіріс  және шығыс накладнойлары, шот-фактуралар, тауарлы-транспорттық накладной, ТМҚ  қабылдау-беру актісі болып табылады.

Тауарлық-материалдық  құндылықтар бір жылдың ішінде немесе компанияның бір операциялық циклының ішінде сатылатын немесе пайдаланылатын болғандықтан ағымдағы активтер қатарына жатады. ТМҚ шаруашылық субъектісінде келесі түрлерге бөлінеді:

  • өндіріс процессінде немесе жұмыстар орындағанда және қызмет көрсетілгенде пайдалануға арналған шикізат, материалдар, шала фабрикаттар және құрастырмалы бұйымдар, отын, ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндірістік және шаруашылық инвентарьдың өзге де материалдары (Материалдар шоттары);
  • аяқталмаған өндіріс. Оның өзіндік құнына тек шикізат шығындары ғана емес, сонымен бірге еңбек шығындары  және жанама үстеме шығыстар да кіреді (Негізгі және Көмекші өндіріс, Меншікті өндірістің шала фабрикаттары шоттары);
  • дайын өнім және шаруашылық субъектісінің қалыпты қызметі барысында сатуға арналған тауарлар (Дайын өнім және Тауар шоттары).

Тауарлық-материалдық  құндылықтар құрамына кірмейтін  тауарларға мыналар жатады:

  • Консигнациядағы тауарлар.
  • Жолдағы тауарлар.

Тауарлық-материалдық құндылықтар бағалау күрделі процесс болып табылады және келесі сатылардын тұрады:

  • ТМҚ-ға жатқызылатын тауарлардың санын анықтау;
  • ТМҚ-ның өзіндік құнына кіруге тиісті шығындарды анықтау;
  • ТМҚ құнын шығысқа жатқызу тәртібін анықтау.

Қорлардың өзіндік құнына келесі шыындар кіреді:

  • ТМҚ сатып алуға кеткен шығындар;
  • Өнімді өндіруге кеткен шығындар

Аяқталмаған өндіріс  тура (өнімнің бір бірлігін өндірумен  тікелей байланысты шығындар, бұл  шығындар көбінесе айнымалы болып келеді) және жанама (негізгі өндіірске қызмет көрсетумен байланысты шығындар: көмекші өндіріс жұмысшыларының мерзімдік еңбек ақысы, өндірістік негізгі құралдардың амортизациясы, өндірістік негізгі құралдарды күту, ағымдық және күрделі жөндеу шығындары және т.с.с, бұлар өндіріс көлеміне тәуелсіз болғандықтан, тұрақты шығындар б.т.).

Өзге де шығындар(ТМҚ-ны орналасқан жеріне тасымалдау кезінде немесе оларды тиісті жағдайға келтіру барысында пайда болса ғана өнімніің өзіндік құнына кіреді).

Келесі шығындар ТМҚ-ның  өндірістік өзіндік құнына кірмейді:

  • Өткізу шығыстары;
  • Әкімшілік шығыстар;
  • Өзге де операциялық шығыстар.

Жалпы, ТМҚ есебі №2 «Қорлар» Қаржылық есептіліктің халықаралық  стандартына сәйкес жүргізіледі. Қорлардың  құнын анықтау барысында олардың  бағасын дұрыс белгілеу  маңызды  болып табылады. Есепті кезең ішінде материалдардың көптеген түрлерінң бағалары өзгеріп тұрады. Материалдың бір түрі, мысалы, бір ай ішінде әр түрлі бағамен келіп түсуі мүмкін. Сонымен бірге, материалдардың бір түрін сатып өткізгенде, оның қандай ретпен және бағамен сатылғандығын анықтау мүмкін емес. Сондықтан, материалдар құнының болжамды қозғалысын  аталмыш стандарттарға сәйкес келесі әдістермен бағалау ұсынылады:

- Ерекшеліктеріне қарай сәйкестендіру әдісі. Бұл әдіс өзара орнын алмастыруға келмейтін ТМҚ мен арнайы жоба мен тапсырыс бойынша өндірілген тауарлар және көрсетілген қызметтер бірлігінің өзіндік құнын анықтауда қолданылады.

- Орташа салмақтандырылған құн әдісі. ТМҚ әрбір бірлігінің құны есепті кезең басындағы біртектес ТМҚ бірліктерінің орташа салмақтандырылған құны мен есепті кезең ішінде сатып алынған немесе өндірілген біртектес бірліктердің құнымен анықталады. ТМҚ-ның орташа салмақтандырылған құны ТМҚ-ның барлық құнын олардың санына бөлу арқылы анықтайды.

- ФИФО әдісі - «Бірінші келді бірінші кетті» деген мағынаны білдіреді. Пайдаланылған немесе сатып өткізілген ТМҚ бірінші келіп түскен ТМҚ бағасымен бағаланады. Ал есепті кезеңнің соңында ТМҚ қалған қалдығы мерзім соңында келіп түскен ТМҚ бағасымен бағаланады.

Қаржылық есептілікте  қорларды бағалау олардың өзіндік құнына негізделген. Алайда, «Қорлар» атты №2 ҚЕХС сәйкес, ТМҚ өзiндiк құнмен сатып өткiзiлетiн таза құнының ең төменгiсiмен бағаланады. ТМҚ-ды сатып өткізудің таза құны, әдеттегi шаруашылық қызмет барысында болжанып отырған сату бағасымен оларды жинақтауға және  сатылуын ұйымдастыруға кеткен шығындар  шегергендегi шығындарға тең болады. Сатып өткізудің таза құны ТМҚ бүлiнгенде, олар iшнара толық ескiргенде немесе олардың сату бағасының төмендеуiне байланысты өзiндiк құн қалпына келмейтi жағдайда қолданылады.

ТМҚ-дың өзiндiк  құны мен сатып өткізудің таза құнының ең төменгiсiн анықтау  үшiн 3 тәсiл қолданылады.

Баптық әдiс. ТМҚ-дың әрбiр атауы бойынша  баланстық құн мен сатып өткізудің  таза құнының ең төменгiсi iрiктелiнiп  алынады.

Негiзгi тауар  топтары бойынша, яғни әрбiр тауар топтары бойынша баланстық құн мен сатып өткiзу құнының төменгiлерi iрiктелiнедi.

Босалқылардың жалпы деңгейi бойынша анықтау  тәсiлi. Барлық ТМҚ бойынша баланстық  құн мен сатып өткізудің таза құнының ең төменгiсi iрiктелiнiп алынады.

ТМҚ есебiнде  кезеңдiк және үздiксiз жүйе қолданылуы мүмкiн. Кезеңдiк қолдануда жыл iшiнде ТМҚ-дың есебi нақтыланып егжей-тегжейлi жүргiзiлмейдi. ТМҚ-дың нақты бары кезең сайын жүргiзiлiп отыратын құндылықтарды түгендеу нәтижесi бойынша оның түгендеу аяқталмай сатып өткiзiлген ТМҚ құны анықталмайды. Өйткенi ТМҚ өзiндiк құны төмендегі келесi сызбамен анықталады:

 

 

Сызба - 1 ТМҚ бағалану сатылары

 

Үздiксiз есеп  жүргiзу жүйесiн қолдану барысында  ТМҚ-дың келiп түсуi мен шығуы  олардың баланстық шоттарында толық  жүргiзiледi.

    Материалдық  құндылықтардың барлық түрлері 1300 бөлімшенің активті шоттарында жүргізіледі.

 

 

7 Ақша қаражатының,  есеп айырысулардың, қаржылық  есебі мен несиелік есебі

 

Ақша қаражатының, есеп айырысулардың, қаржылық есебі мен  несиелік есебі

Ақша қаражаттарының қозғалысы. Жалпы ақша қаражатының қозғалысы екі жолмен жүргізіледі:

- қолма қол ақшамен;

- нақты ақшамен немесе аударылып отыратын ақшамен.

Қолма-қол ақшамен  есеп айрысу кассадғы ақша қаражаттарымен жүзеге асырылады. Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады.Касса орналасқан ұй жайлары кассалардың техникалық жағынан беріктігі және өрттен сақтау сигнализация құралдары мен жарақтандыру жөніндегі талаптарға сай жабдықталады. Кәсіпорын басшылары ақшаның кассада, сондай ақ оны банктен жеткізетін немесе банкке өткізген кезде сақталуын қамтамасыз етуге тиіс. Тиесілі емес қолда бар ақша мен басқа да құндылықтарды кассада сақтауға тыйым салынады. Өзінің кассасында қолда бар ақшаны қажетті шекте сақтауы және ақша түсімін ең аз мөлшерде пайдалануы керек.  Кассалық операцияларды жүргізуші адамды кассир құжатнамаға да, ақша ға да жауапты болады. Касса операцияларын жүргізу үшін әр түрлі құжаттар қолданылады, оған жататындар:

  • кассалық кіріс ордері ( ко-1)
  • кассалық шығыс ордері (ко-2)
  • кіріс және шығыс кассалық ордерін тіркеу журналы (ко-3)
  • касса кітабы (ко-4)

Кассалық операциялар  күн сайын бас бухгалтермен бақыланып  күн басындағы қалдық пен күн  аяғындағы қалдықтарды есептеп  отырады. Егер кассадағы ақша қаражжаттары кәсіпорын жарғысында көрсетілген  лимиттен асып кетсе , онда қолма-қол ақша қаражаттары туралы хабарландыру құжаты негізінде ақшаны банктегі есеп айырысу шотына аударады.

Есеп айырысу шотындағы  ақша қаражаттар есебі кәсіпорынға  банктен келген «Выписка банка» деген  құжатнамада толық көрсетіледі. Ондғы ақша қаражаттарымен келесі құжаттар арқылы ғана қолданысқа енгізуге болады.

- төлем тапсырмасы;

- чек кітапшасы

- банк клиент бағдарламасы.

Төлем тапсырмасы есеп айрйысу  шотынан басқа да тұлғалармен  есеп айырысу үшін қолданылады. Онда бенефициардың барлық реквизиттері және не үшін төлеп жатқаны көрсетіледі. Оның қорытындысы «Выписка банка» хабарландыру құжатында көрініс табады. Жалпы банк белгілі бір уақыт мерзімі сайын есеп айырысу шотындағы қозғалыстарды тұтынушыға есеп беріп отырады. Сол есепте есеп айырысу шотына келген және кеткен ақша қаражаттарының толық сипаттамасы баяндалады

Чек кітапшасы кәсіпорынның жауапты тұлғаларының қолында болатын, есеп айырысу шотынан қолма-қол  ақша қаражатын алу үшін негіз  болатын бірден бір құжат. Оны  алу үшін  субьект банкке басша мен жауапты тұлғаның жеке басынкуәландыратын құжаттардың көшірмесін, фирма жарғысының көшіомесін, СТН көшірмелерін, өтінішті тапсырғаннан кейін ғана беріледі. Ол құжат ақша қаражаттарын қозғалысын реттейтін құжат болғандықтан қателердің болмауын қадағалап отыру керек. Егер қате кететін жағдайда банк қызметкері қате жіберілген бетті жарамсыз деп танып, мөр қояды.

Банк клиент интернет желісі арқылы есеп айырысу шотындағы  ақша қаражаттарын реттейтін бағдарлама болып табылады. Интернет желісінен  ақша қаражаттарын ұрламас үшін банктен арнай электронды түрде кңлт береді және жеке пароль орнатады. Ол бағдарламамен тек бір ғана комьпютерде жұмыс жасау қажет.

 

 

 

8 Еңбек пен  оны төлеудың есебі

 

Еңбек және еңбек ақының алғашқы есебі ЖШС «Ромат» филиалы кәсіпорны шаруашылық қызметін  жасаудың процесінде қызметкерлерді жұмысқа қабылдап және жұмыстан шығарып отырады, яғни олардың сандары өзгереді, демек жұмыс барысында әр түрлі ауыс- түйістер болып түрады.

Қызметкерлердің құрамдылық өзгерісінің есебін кадрлар бөлімі жүргізеді, ол бүкіл субьектідегі және оның құрамдылық бөлімшелеріндегі қызметрерлердің санын және оның өзгеру себептерін, мамандықтарын, біліктілігін жұмыс стажын, білім жәнге басқа белгілерін есепке алады.

Жұмыс беруші жұмысқа  қабылдаған кезде еңбеккерлермен өзара тікелей жеке еңбек келісім- шарттарын жасайды.

Жеке еңбек келісімшарарты- жұмыс мен еңбеккерлер арасындағы жазбаша түріндегі келісім , онда жұмыс орны , келісім шарттың мерзімі, еңбек тәртібінің жағдайы, демалысы, жалақысы, еңбекті қорғаудың басқа  да  мәселері туралы сұрақтар қарастырылады.

Жеке еңбек келісім- шартында мыналар қарастырылады :

  • белгісіз мерзімге;
  • белгілі мерзімге;
  • белгілі бір жұмыс орнына, белгілі уақытқа;
  • еңбеккерлер жоқ болған жағдайда оның жұмысын уақыттттша атқаруға.

Егер де жеке енбек келісім- шартында мерзімі айтылмаса, онда ол белгісіз мерзімге қабылданған болып саналады.Жеке еңбек келісім-шарты екі данада жазбаша түрде жасалады және оған екі жақта кол кояды. Құрымдылық бөлімше бастығы  оны жұмысқа қабылдауға болатындығы туралы тұжырым жасайды: бұйрық жобасының сыртқы жағында жалданушының қандай жұмысқа қабылданғаны көрсетіледі.

Қызметкерлерді жұмыстан шығарғанда еңбек шартының тоқтатылуы туралы бұйрық қолданылады. Ұйрықтың негізінде кәсіпорынның бухгалтериясы қызметкермен есеп айырысады.

Жұмысшылар мен қызметшілердің жұмыс уақытының белгіленген  кестесін сақтап жүруін бақылау, жұмысістеген уақыт туралы деректер алу, еңбек  төлемі бойынша есеп айырысу, сондай-ақ еңбек жөнінде статистикалық  есеп беру үшін « Жұмыс уақыты есебінің табелінде» жұмыс істеп жұргендердің барлық категорияларының жұмыс уақытын пайдалану есебі жүргізіледі. Табельде    жұмысқа келмеу себептері туралы немесе жұмыс күнінің толық істелмегені туралы, мерзімінен артық жұмыс істегені туралы және басқа қалыпты жұмыс жағдайынан ауыткушылықтар жөнінде дұрыс толтырылған құжаттар негізінде ғана табельге белгі қойылады.

Ай сайын жұмыскерлерге  жалақы есептелінеді және төленеді. есептеу  үшін жұмыскерлердің нақты окладын  немесе нақты жұмыс жасау уақытын  анықтаймыз. Басында жұмыс уақытын есеп ке алу табелі толдтырылады да, еңбекақы есептеу ведомості толтырылады. Ол ведомостте әрбір жұмыскердің жиынтық еңбекақысын, еңбекақыдан ұсталатын ұсталымдарын және нақты еңбекақысының сомасы көрсетіледі. Нақты еңбекақы көрсеткіштері негізінде төлем ведомості құрылып жұмыскерлерге тиесілі сомалары ұсынылады. Ведомостте жазылған міндетті зейнетақы жарнасы зейнетақы қорларының шоттарына, ал жеке табыс алығы бюджет есебіне аударылады. Егер еңбекақы берілген күні кейбір тұлғалардың аванс алғаны белгілі болса, алынған аванстың сомасы нақты еңбекақы сомасынан шегеріледі.

Информация о работе Отчет по практике в ТОО "Ромат"