Отчет по практике в ТОО "Ромат"

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 04:27, отчет по практике

Краткое описание

Сату бөлімі немесе логистикалық бөлім - сыртқы сату каналдардың қолбағысымен даму жұмысын, әлеуметтік партнерлерді іздестіру мен оларды іріктеу, агенттік шарттар жасауымен оларды басқару, дилердің шарт талаптарын орындауды бақылау, келіссөздерді жүргізу, партнерлармен келісімге келу, әрекеттер мен дәлелдеу және басқа да жылжыту бағдарламаларды жасау мен ұйымдастыру, есеп беретін дилерлердің жоспарлы көрсеткіштерге жетуды қамтамасыз ету, сауда орындардың жұмысын тексеру, қызметтерді сату және жаңа бизнес түрлері арқылы компанияның ұлттық жобаларымен бағдарламаларға қолбағыс жасау, аймақтық жобалырдың орнатуын бақылау және т.б. жұмыстар атқарады.

Оглавление

1 Кәсіпорынның шарушылық қызметімен танысу
2 Бухгалтерлік есеп құруының негіздері мен кәсіпорындағы есеп саясаты
3 Кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметінің талдауы
4 Меншік капиталдың есебі
5 Негізгі құралдар мен материалды емес активтерінің есебі
6 Тауарлық – материалдық қорлардың есебі
7 Ақша қаражатының, есеп айырысулардың, қаржылық есебі мен несиелік есебі
8 Еңбек пен оны төлеудың есебі
9 Өндірістік шығындар есебі мен талдауы
10 Кірістер мен шығыстар есебі
11 Қаржылық есептілік: құруының практикасы мен әдістемесі

Файлы: 1 файл

Отчет по практике Ромат.doc

— 262.00 Кб (Скачать)

Жоспар

 

1 Кәсіпорынның шарушылық  қызметімен танысу

 

2 Бухгалтерлік есеп  құруының негіздері мен кәсіпорындағы  есеп саясаты

 

3 Кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметінің талдауы

 

4 Меншік капиталдың  есебі

 

5 Негізгі құралдар  мен материалды емес активтерінің есебі

 

6 Тауарлық – материалдық  қорлардың есебі 

 

7 Ақша қаражатының,  есеп айырысулардың, қаржылық  есебі мен несиелік есебі

 

8 Еңбек пен оны төлеудың  есебі

 

9 Өндірістік шығындар  есебі мен талдауы

 

10 Кірістер мен шығыстар  есебі

 

11 Қаржылық есептілік: құруының практикасы мен әдістемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәжирибе бойынша  есеп

 

1 Кәсіпорынның  шарушылық қызметімен танысу

 

«РОМАТ» фармацевтикалық  компаниясы – Қазақстанның жетекші  фармацевтикалық кәсіпорындарының бірі. 1992 жылы көтерме-бөлшек фирма  ретінде іргесін көтерген компания қазіргі уақытта өзінің сауда маркасына дәрі-дәрмектер, биопрепараттар мен полимерлі медициналық бұйымдарды өндіру жөніндегі заманауи зауыт пен ұлттық дистрибьютерлік желі мен дәріханалардың бөлшектік желінің басын біріктіретін ірі фармацевтикалық холдинг.

Компанияның негізгі  мақсаты – отандық нарықты  жоғары сапалы фармацевтикалық дәрі-дәрмектермен және осындай тауарлардың кең  спектрымен уақытылы қамтамасыз ету.

 «Ромат» компаниясының зауыттары  GMP өндірістік тәжірибесінің ережелерінің талаптарына сәйкес әлемдегі белгілі өндірушілердің заманауи өндірістік жабдығымен жарақтандырылған. Ол әлемдік сапа стандартына сәйкес келетін өнім шығаруға мүмкіндік береді. Компания зауыттарында дәрі-дәрмектер таблетка және капсула, инфузиялық ерітінділер, галеналық-бөлшектеп өлшеу өнімдері және ферменттік препараттар түрінде шығарылады. «Ромат» компаниясының медициналық бұйымдар зауыты - Қазақстандағы бір жолғы пайдаланатын үш құрамды шприцтер шығаратын жалғыз зауыт. Өнімінің құрамына көпшілігі өмірге қажетті және әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектердің 130 түрі бар.

 «Ромат» компаниясы – өз  қызметін Қазақстанның барлық аумағында жүзеге асыратын ұлттық деңгейдегі дистрибьютор. Компанияның өңірлік желісінде еліміздің барлық ірі қалаларында 18 филиалы бар. 2006 жылы Бейжіңде (Қытай) өкілдігі ашылды.

Ромат дәрі-дәрмек заттары мен медициналық  жабдықтар шығаратын 120 өндіруші компаниямен  ұзақ мерзімді берік серіктестік  қатынастар орнатқан. Тауарлық құрамында  әрқашан Элай Лилли (Швейцария), Глаксо Смит Кляйн (Ұлыбритания), Нестле (Швейцария), Никомед (Австрия), Новонордиск (Дания), Пфайзер (США), Шеринг АГ (Германия), Санофи және басқа да осындай тәрізді белгілі шетелдік фармацевтикалық өнім өндірушілердің тауарлары бар.

 Компанияның маңызды бәсекелік артықшылығы СанЕжН нормалары мен GDP стандарттарына сәйкес жобаланған және жарақтандырылған автоматтандырылған өңірлік қоймалардың болуы. Олардың әрқайсысы өз алаңдарына бір уақытта 120 мың текше метр тауар өнімін орналастыра алады. Компанияның барлық қоймалары бірыңғай ақпараттық жүйемен, заманауи тиеу-түсіру техникасымен және арнайы қойма жабдығымен жарақтандырылған.

 «Ромат» компаниясы «Қазақстандағы  № 1 дәрі-дәрмек заттарын өндіруші»  номинациясы бойынша «жыл таңдауы»  конкурсының алтыншы рет жеңімпазы болып табылады. Осы марапаттаулар жоғарғы сапалы марка ретінде Роматтың жоғарғы мәртебесін растайды. 2002 жылдың сәуірінде Еуропалық Парламентте (Брюссель) Ромат компаниясына жоғары дәрежелі марапат ұсынылды – нарықтарды зерттеу жөніндегі еуропалық орталықтың (EMRC) сыйлығы. Бұл марапатқа өз саласында үлкен жетістіктерге жеткен, экономиканың дамуына және бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтер шығаруға үлес қосқан жетекші фирмалар ғана ұсынылады.

2006 жылдың қазанында  компания тағы да бір жоғарғы  дәрежелі марапат алуға ұсынылды – ол «2006 жылғы Ұлттық Экономика Көшбасшысы» Құрмет белгісі. Бұл марапатпен оң беделін және шығарылатын өнімнің тұрақты сапасын растайтын ғана емес, белсенді өсуіне ықпал ететін инновацияларды меңгеруге қуаты болуы тиіс.

Сурет -1 ЖШС Ромат басқарылуының құрылымы.

 

ЖШС «Ромат» басқармасының  төрағасы және оның басқарушы директорлары – фирманың атқарушы органының лауазымды адамдары. Директордың орынбасарлары жекелеген бөлімшелердің немесе қызмет бағыттарының директорлары лауазымында қызмет етеді. Директор (лат. dirigere, directum – «басқару» - ұйымның стратегиясы мен дамуының, кадрлармен жұмыстың, кәсіпорынның қаржылық жағдайын реттейтін жоғарғы лауазым.

Бас бухгалтер – бухгалтерлік есепті ұйымдастырып, шаруашылық операцияларын орындау кезіндегі заңдылықты сақтауға, бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуі үшін қажетті жағдайдың бәрін жасауға, бас бухгалтер есепке қажетті құжаттар толтырып, деректер беруге қатысты талаптарын кәсіпорынның барлық бөлімшелері мен қызметтерінің, қызметкерлерінің орындалуын қамтамасыз етуге және басқару шешімін қабылдауға қажетті ақпаратты қамтамасыз етеді.

Сату бөлімі немесе логистикалық бөлім - сыртқы сату каналдардың қолбағысымен даму жұмысын, әлеуметтік партнерлерді іздестіру мен оларды іріктеу, агенттік шарттар жасауымен оларды басқару, дилердің шарт талаптарын орындауды бақылау, келіссөздерді жүргізу, партнерлармен келісімге келу, әрекеттер мен дәлелдеу және басқа да жылжыту бағдарламаларды жасау мен ұйымдастыру, есеп беретін дилерлердің жоспарлы көрсеткіштерге жетуды қамтамасыз ету, сауда орындардың жұмысын тексеру, қызметтерді сату және жаңа бизнес түрлері арқылы компанияның ұлттық жобаларымен бағдарламаларға қолбағыс жасау, аймақтық жобалырдың орнатуын бақылау және т.б. жұмыстар атқарады.

Қамтамасыз ету бөлімі тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесімен қарастырылған жолдармен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, басшылыққа тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды өткізу нәтижелерін ұсыну, нормативтік құжаттарымен және тендерлік құжаттамамен қарастырылған жолдармен және шарттармен әлеуетті жеткізушінің енгізген тендерлік өтінімді қамтамасыз етуін, шарттың орындалуының қамтамасыз етуін қайтару рәсімін жүзеге асыру, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу рәсімдері жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында және сайтта ақпарат (хабарландыру) орналастыру.

Талдау бөлімі ұйым қызметіне  талдау жасап, қызметін оңтайландыруды арнайы жобалайды.

 

2 Бухгалтерлік  есеп құруының негіздері мен кәсіпорындағы есеп саясаты

 

Кәсіпорынның  есеп саясаты  кәсіпорын басшысының бұйрығымен күнтізбелік  жыл басталғанға  дейін ресімделуге  тиіс. Жыл ішінде есеп саясатында өзгерістер болмайды. Республиканың Заңнамалар мен бухгалтерлік есепті реттеудің нормативті реттеуінде өзгерістер болған жағдайда, меншік иелері ауысып немесе қайта құрылғанда есеп саясатына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Оларды есепті жыл басталғанға дейін басшының бұйрығымен ресімделуі және кейінгі жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жүргізу ұйым басшыларының жедел және стратегиялық шешім қабылдауына керекті қаржылық және өндірістік ақпараттарды сәйкестендіру, өлшеу, талдау, дайындау, түсіндіру  және ұсыну процесі болып табылады. Сондықтан ұйымның бухгалетерлік есебін ұйымдастырған кезде бірінші мезетте заң талаптары, оларды қажеттіліктері мен толықтығы жеткілікті мөлшерде бар болуын үнемі қадағаланып отырады.

ЖШС «Ромат» өзінің есеп жұмысына арналған есеп шоты бар. Оған с БанкЦентКредит қызмет етеді. Сонымен бірге негізгі нормативтік құжаттар ретінде бухгалтерлік есеп стандарты және оларға методикалық нұсқаулар, сонымен қоса  кәсіпорынның жұмыс шоттары жасалған негізгі шоттар жоспары пайдаланылады.

Есеп саясаты –  бұл ұйым қаржы есептілігін дайындау және ұсыну үшін қолданатын нақты қағидаттар, негіздер, келісімдер, ережелер және практика.

Кәсіпорының  бухгалтерлік есебінің негізгі міндеттері болып:

- субъектіні, тағыда басқа қызығушы  тұлғаларды  кәсіпорынның  шаруалық  қызметі туралы толық ақпараттармен қамтамасыз  ету;

- субъектілердің шаруашылық қызметтерін Қазақстан Республикасы  заңдылықтарына сай  жүргізілуін бақылау үшін мемелкеттік  органдарды қажетті ақпараттармен  қамтамасыз ету;

- кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп - есептеу, үздіксіздік,  түсініктілік, маңыздылық, шындық, тәуелсіздік, жан - жақтылық, толықтылық, салыстырылымдылық, кезектілік ұстамдарына негіздделе отырып жүзеге асырылады. Бухгалтерлік есептің қызметін ұйымдастыру өткізетін шаруашылық  операцияларға  ішкі  және  алдын – ала  бақылауды бас бухгалтердің міндетіне алудан басталады;

- ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңы;

- ХҚЕС  арқылы құрылған.

Бухгалтерлік есептің  тәсілдері. Оның қаржылық – шаруашылық операцияларды топтау мен тіркеу үшін кәсіпорын бас шоттар жоспары негізінде және жарғылық қызметті есепке ала отырып құрастырылған, жұмыс шоттар жоспарын (ЖШЖ) қолданады.

Жұмыс шоттар жоспарында қарастырылмаған операциялар пайда  болған кезде, кәсіпорын оның зерттемелерін  қолданып шоттар жоспарын толықтырады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік таңдап алынған есеп саясаты бір есепті кезеңнен екінші есепті кезеңге өтіп рет ретімен  қолданылады.

Шаруашылық операцияларды, активтерді, меншік капиталын, міндеттемелерді, шаруашылық әрекет нәтижелерін және т.б. есепке алудың балама әдістерін қарастыратын бухгалтерлік есеп стандарттары есеп саясатты құрастыру базасы болып табылады.

Есеп саясатының құрылымы мен құрылуына басшылық толығымен  жауапты.

Есеп саясатында қарастырылған  қысқа мерзімді активтер есебі жайлы мәліметтер толық қамту керек.

Ақша қозғалысы туралы есептілік кезеңдегі ақша қаражаттарының түсімі мен шығысы, инвестициялық  қызмет пен қаржылық жағдай жайлы  ақпаратты бағалауға мүмкіндік  береді.

Ақша қаражаты – бұл  жоғары өтімді актив және жалпыға  бірдей айырбас құралы, сонымен бірге барлық қалған активтерді бағалау мен есептеу негізі болып табылады. Ақша қаражаты міндеттемелерді тез арада өтеуге қабылетті болуы керек.

Ивестициялық қызмет – шаруашылық жүргізуші субъектілер  жүзеге асыратын табыс алу және меншікті капиталын өсіру мақсатындағы қаражат жұмсалымы.

Ивестициялық қызмет – табыс алу, меншікті капиталын  молайту, елдің материалдық байлығы  мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын  инвестициялық қаражат.

Қаржы қызметі - заңи тұлға  қызметі, осы қызметтің нәтижесінде  меншікті капиталдың және қарыз қаражатының  мөлшері мен құрамында өзгерістер болады.

Ақша қозғалысы операциялық  қызметте тікелей тәсілмен анықталады. Тікелей тәсіл – бұл тәсілде ақшалай түсімдердің тек басты түрлері көрсетіледі. Олар: тауарлар мен қызмет көрсетулерден түскен ақша қаражаттары;

- жеткізілетін тауарлы-материалдық  қорлардан және көрсетілетін  қызметтерден түсетін аванстар;

- проценттер, дивиденттер  мен рояльти мен әр түрлі марапаттаулар және басқа пайда түріндегі;

- басқа түсімдер.

Дебиторлық берешек  Қазақстан Республикасы заңдарына  сәйкес өтеп алу уақыт мерзімі  өткен үмітсіз деп танылады да есептен шығарылады. Бұл берешек  салық салуға сәйкес 

Негізгі құралдар мен материалды емес активтерінің есебі

Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал – жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады.

 

 

3 Кәсіпорынның  қаржылық – шаруашылық қызметінің  талдауы

 

Қаржылық - шаруашылық қызметінің есебін беру. Қаржы шаруашлық қызметтің нәтижелері туралы есеп беру Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік еептің №3 стандартында ашылып көрсетіледі. Бұл стандарт бағалау әдісі, есеп саясаты өзгерген кезде және елеулі қателіктер анықталғанда және түзетілгенде қаржы – шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп беру мен олардың қаржы есептемелеріндегі баптардың сыныптамасын белгілейді :

-негізгі қызметтен  (өнімдерді , жұмыстарды , қызметтерді сатудан) алынған табыс;

- сатылған өнімнің  , жұмыстың , қызметтің өзіндік құны;

-жалпы кіріс;

-кезең шығындары . Оған енетіндер : жалпы және әкімшілік шығындары, проценттерді төлеу шығындары , сату жөніндегі шығындар;

-негізгі қызметтен  алынған кіріс немесе зиян;

-салық салуға дейінгі  әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян;

- табыс салығы;

-салық салудан кейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян – төтенше жағдайлардан алынған кіріс немесе зиян;

- таза кіріс немесе  зиян.

ЖШС «Ромат» кәсіпорынның 2011-2012 жылдары бойынша негізгі техникалық – экономикалық көрсеткіштерін бағалау үшін төмендегі кесте – 1 қарастырайық.

 

Кесте – 1 ЖШС «Ромат» кәсіпорынның 2011-2012 жыл бойынша қаржылық–шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері 

 

Көрсеткіштер

өлшем бірлігі

2011 жыл

2012 жыл

ауытқу (+; -)

өзгеріс (%)

А

1

2

3

4

5

6

1

Қызмет көрсетуден және өнім өткізуден алынған табыс

мың. теңге

7412882

8590656

1177774

115,9

2

Көрсетілген қызмет пен  өткізілген өнімнің өзіндік құны

мың. теңге

5776082

6650754

874672

115,1

3

Пайда

мың. теңге

1636800

1939903

303103

118,5

4

Басқа да табыс / нетто

мың. теңге

157492

135556

-21936

86,1

5

Қызмет көрсетуге және өнім өткізу үшін кеткен шығын

мың. теңге

244042

216197

-27845

88,6

6

Әкімшілік шығындар

мың. теңге

1184312

1282159

97847

108,3

7

Басқа да шығындар

мың. теңге

25308

50478

25170

199,5

8

Операциондық қызметтен  алынған табыс (зиян)

мың. теңге

340630

526625

185995

154,6

9

Қаржыландырудан табыстар

мың. теңге

-

-

-

-

10

Қаржыландыру шығыны

мың. теңге

321597

509021

187424

158,3

11

КТС

мың. теңге

4481

-

-4481

-

12

Кезең бойынша табыс (зиян)

мың. теңге

14552

17606

-1427

92,5

13

Негізгі құралдардың  жылдық орташа құны

мың. теңге

880605

1120964

240359

127,3

14

Еңбекақы төлеу қоры

мың. теңге

604856

808529

203673

133,7

15

Жұмысшылардың ортатізімдік саны

мың. теңге

993

1117

124

112,5

16

Қорқайтарымы

мың. теңге

8,4

7,7

-0,7

91

17

Қор жарақтандыру

мың. теңге

886,8

1003,5

116,74

113,2

18

Еңбек өнімділігі

мың. теңге

7465,1

7690,8

225,69

103

19

Орташа айлық еңбекақы

мың. теңге

50760

60320

9560

118,8

20

Рентабельділік 

%

0,19

0,20

0,01

105,3

Информация о работе Отчет по практике в ТОО "Ромат"