Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 04:27, отчет по практике
Сату бөлімі немесе логистикалық бөлім - сыртқы сату каналдардың қолбағысымен даму жұмысын, әлеуметтік партнерлерді іздестіру мен оларды іріктеу, агенттік шарттар жасауымен оларды басқару, дилердің шарт талаптарын орындауды бақылау, келіссөздерді жүргізу, партнерлармен келісімге келу, әрекеттер мен дәлелдеу және басқа да жылжыту бағдарламаларды жасау мен ұйымдастыру, есеп беретін дилерлердің жоспарлы көрсеткіштерге жетуды қамтамасыз ету, сауда орындардың жұмысын тексеру, қызметтерді сату және жаңа бизнес түрлері арқылы компанияның ұлттық жобаларымен бағдарламаларға қолбағыс жасау, аймақтық жобалырдың орнатуын бақылау және т.б. жұмыстар атқарады.
1 Кәсіпорынның шарушылық қызметімен танысу
2 Бухгалтерлік есеп құруының негіздері мен кәсіпорындағы есеп саясаты
3 Кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметінің талдауы
4 Меншік капиталдың есебі
5 Негізгі құралдар мен материалды емес активтерінің есебі
6 Тауарлық – материалдық қорлардың есебі
7 Ақша қаражатының, есеп айырысулардың, қаржылық есебі мен несиелік есебі
8 Еңбек пен оны төлеудың есебі
9 Өндірістік шығындар есебі мен талдауы
10 Кірістер мен шығыстар есебі
11 Қаржылық есептілік: құруының практикасы мен әдістемесі
Кесте – 3 Еңбекақы бойынша келесі корреспонденция қойылады:
№ |
Операция мазмұны |
Дебет |
Кредит |
1 |
Әкімшілік басқарудың қызметкерлеріне |
7210 |
3350 |
2 |
Аяқталмаған құрылыс жұмыскерлеріне |
2930 |
3350 |
3 |
Жеке тұлғалардан табыс салығы ұсталынды |
3350 |
3120 |
4 |
Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарнасы аударылды |
3350 |
3220 |
5 |
Өтеу сомасы еңбекақыдан ұсталынды |
3350 |
1250 |
9 Өндірістік шығындар есебі мен талдауы
Бухгалтерлік шығындарға өндірістің есеп беру кезеңіндегі нақты шығындары жатады және олар шығарылатын өнімнің өзіндік құнының құрамына кіреді. Оған мыналар жатады: шикізат пен материалдар құны, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы, амортизациялық өтемдер, жал төлемі, салықтар.
Дайын өнімнің өзіндік құны - кең көлемді, көп түрлі және өзгермелі экономикалық категория. Ол – кәсіпорынның өнімдерді өндіру мен сату шығындарын көрсететін сапалық көрсеткіш. Өзіндік құн төмендеген сайын пайда мен өндіріс рентабельділігі сәйкесінше жоғары болады. Кәсіпорын үшін өнімнің өзіндік құнын анықтау қажет, себебі сол арқылы өндіріс пен жеке өнім түрлерінің рентабельділігі, ішкі өндірістік шаруашылық есеп, өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары, өнімнің бағасы, енгізілген жаңа техника, технологияның экономикалық тиімділігі, осы көрсеткіш бойынша жоспардың орындалуы анықталады.
Өнімнің өзіндік құны кәсіпорын жұмысына тікелей тәуелді және тәуелсіз әртүрлі шығындардан құралады.
Өнімнің өзіндік құны жөнінде шынайы ақпарат алудың бір шарты өнім құнына кіретін шығындардың ғылыми негізделген түрде жіктелуі.
Өндірістік шығындар құрамы бойынша, түрлері бойынша, пайда болу орындары мен апарылатын көздеріне қарай жіктеледі.
1) Құрамына қарай шығындар элементтік, кешендік болады. Бір элементтік шығындар деп бір элементтен тұратын, материалдар, еңбек ақы, амортизация және басқалары. Кешендік шығындар бірнеше элементтерден тұрады, мысалы, құрамына материалдар, еңбек ақы және басқалары кіретін цех немесе жалпы зауыттық шығындар.
2) Шығындар түрлері бойынша экономикалық элементтер және калькуляциялау баптары бойынша топтастырылады.
Өнімдердің
өзіндік құнына кіретін шығындардың
элементтеріне мыналарды
Шығындарды элементтері бойынша топтастыру өнімді өндіруге жұмсалған нақты шығындарды, жалпы шығындар сомасындағы жеке элементтердің арақатынасын көрсетеді. Жекелеген өнімдердің өзіндік құнын есептеу үшін өндірістік кәсіпорындар шығындарды калькуляциялау баптары бойынша топтастырады. Шығындар номенклатурасын әрбір кәсіпорын өз спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып, өздері бекіте алады. Олардың жалпы тізімі салалық өнімдер есебі мен өзіндік құнды калькуляциялау жөніндегі нұсқаулары бойынша анықталған. Жалпылама түрде калькуляциялау баптары келесі түрде болады:
3) Пайда болу
орнына қарай шығындар
4) Шығындарды апару объектілеріне байланысты, яғни өнімдер, жұмыстар, қызметтер бойынша олардың өзіндік құнын анықтау мақсатында топтастыру.
Өнімдердің өзіндік құнын анықтаудың ең қарапайым тәсілі жалпы жиынтық шығындар сомасын өндріс көлеміне, яғни өнімдер санына бөлу. Бұл тәсілді кәсіпорын тек бір ғана өнім түрін өндірген жағдайда пайдаланылады. Күрделірек тәсіл - шығындар баптары бойынша калькуляциялау. Мұнда тура шығындар өнімдерге тікелей апарылады, ал жанама шығындар арнайы базалар мен бөлу коэффициенттері арқылы өнімдер түрлері арасында бөлінеді.
Процестер бойынша калькуляциялау әдісі дайын өнім бірнеше өндірістік кезеңдерден өңдеуден өтуі нәтижесінде пайда болатын өндірістерде пайдаланылады. Бұл әдіске байланысты шығындар есебі әрбір процесс бойынша, ал олардың іштерінде калькуляциялау баптары бойынша жүргізіледі.
Процестер бойынша
калькуляциялаудың екі түрі бар:
жартылай өнімді және жартылай өнімсіз.
Жартылай өнімді калькуляциялау әдісі
бойынша алдыңғы өңдеу
Жартылай өнімсіз әдіс бойынша әрбір кезеңде тек өңдеу шығындары ғана есепке алынады. Ал дайын өнімнің өзіндік құны барлық өңдеу кезеңдердегі материалдар, шикізаттар, өңдеу және жалпы өндірістік шығындардың сомаларын қосу арқылы анықталады.
10 Кірістер мен шығыстар есебі
Субъект қызметінің қаржылық нәтижесі туралы есеп бухгалтерлік есептің №3 «Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп» стандартымен анықталады. Онда заңды тұлғаларды рет-ретімен құру және ұсыну мақсатында қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі есептің баптарын жіктеу және есепке алудың тәртібі көрсетіледі, бұл өз кезегінде заңды тұлғаның әр мезгілдегі есептік кезеңдердегі қаржылық есебі мен түрлі заңды тұлғалардың қаржы есептерін салыстыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ стандарт, негізгі қызметтен алынған табыс пен шығынды, төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан болатын табыс пен зиянды, сондай-ақ есеп кезіндегі есептік бағаның, есеп саясатының өзгеруінен және қаржылық есептегі елеулі қателерді түзетуден болатын әр түрлі табыс және шығындарды ашудың тәртібін анықтайды.
Табыстар мен шығындар баптарының арасын ажырату да субъектінің жұмысының нәтижесін көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл бөлімдерге әр түрлі баптар жатады. Мысалы, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп жалпы табысты, салық салынғанға дейін және салық салынғаннан кейінгі негізгі қызметтен алынған табысты және таза табысты көрсету мүмкін.
Есепті кезеңде табылған табыстар мен шығындардың барлық баптары есепті кезеңнің таза табысын немесе шығынын анықтау барысында есепке алынады.
Осылайша кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп, қаржылық есептің қалған екі элементі туралы – яғни табыс пен шығындар туралы мәліметтерден тұрады. ҚР Президентінің 1995 жылы 26 желтоқсандағы №2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар Жарлығында, сондай-ақ ҚР-ның Ұлттық комиссиясының қаулысымен бекітілген бухгалтерлік есеп бойынша 1996 жылы 12 қараша №2 қаржылық есепті дайындау және тапсыруға қажетті Концептуалдық негізінде айтылғандай, бұл элементтер субъектінің қаржылық көрсеткіштерін өлшеумен тікелей байланысты. Табыстар активтердің көбейюін немесе міндеттемелердің азаюын көрсетеді, ал шығындар – активтердың азаюын немесе кезеңдегі міндеттемелердің көбеюін көрсетеді.
Табыстар мен шығындар
баптарының арасына қойылған шектеулер
тәжірибеде жалпы қабылданған болып
табылады. Бұл шектеу, баптың қалыптасу
көзі осы субъектінің ақша қаражаттарын
болашақта айналдыру
11 Қаржылық
есептілік: құруының
Қаржылық есеп берудің деректері бойынша қорлар мен шығындарды қалыптастыруға арналған қаражат көздерінің артықшылығын немесе көпшілігін анықтайды. Бұл орайда кәсіпорынның меншікті, несиелік және өзге қарыз көздерімен қамтамасыз етілгендігін анықтауға мүмкіндік туады. Қаржылық есеп беру кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін, яғни оның міндеттемелер бойынша толықтай және өз уақытында есептесе алатындығын бағалауға мүмкіндік береді. Баланстың өтімділігі кәсіпорын өз активтерімен міндеттемелерді жабу дәрежесімен анықталады. Қаржылық есеп беру мынадай активтерді: неғұрлым өтімді активтерді, жылдам сатылатын активтерді анықтауға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, қаржылық есеп берудің деректері бойынша кәсіпорының мынадай пассивтерін :неғұрлым жедел пассивтерді , қысқа мерзімді пассивтерді, ұзақ мерзімді пассивтерді және тұрақты пассивтерді анықтауға болады. Мұның өзі нарық жағдайында , бәсекелес – кәсіпорындардың ортасында жұмс жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Қаржылық есеп беру – бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі.Қазақстан Республикасы Ұлттық Комиссиясының 1996 жылғы 12 қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшті.Шаруашылық ету жағдайларының өзгеруіне байланысты кәсіпорынның есеп беру нысандары жетілу жағына өзгереді. Атап айтқанда,есеп беру Халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талабына сай келе бастады. Кәсіпорынның,мекеменің қаржылық есеп беруі есеп процесінің соңғы сатысы болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық есеп беруінде кәсіпорынның мүлік және қаржы жағдайына сипаттама беретін жиынтық деректер, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижелері көрсетіледі.
Кәсіпорынның қаржы
жағдайы – ресурстардың қолда
барын,орналастырылуын және пайдаланылуын
, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын
, баланстың өтімділігін
Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері. ҚР-ның президентінің 1998 жылғы 26 желтоқсандағы заң күші бар №2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» жарлығына сәйкес:
- бухгалтерлік баланстан;
- қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептен;
- ақша қаражаты қозғалысы туралы есептен тұрады.
Сондай-ақ осыларға тіркелген түсініктеме хаттардан және басқа да қосымша ақпараттан, таблицалардан, қаржылық есептерге негізделген немесе солардан алынған және солармен бірге оқылатын диаграммалардан тұратын қаржылық есепті меншік формасы мен қызмет түріне тәуелсіз заңды тұлғалар құрастырады.
Бухгалтерлік баланстың, қаржы-шаруашылық нәтижелері туралы есеп пен ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептің мазмұны мен форматы бухгалтерлік есептің тиісті стандарты арқылы тәртіпке келтіріледі және бір есепті кезеңінен келесісіне қолданылады.
Баланс – есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушылары да пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, адиторлар жұмыс процесінде дұрыс ешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек алады, ал талдаушылар қаржылық талдаудын бағытын анықтайды.
Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының мүмкін болатын тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайда талдауды баланстық талдау деп атайды. Бухгалтерлік баланс – қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорынның мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншіктік капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасымен жағдайын және кәіспорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.