Отчет по практике в ТОО "Ромат"

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 04:27, отчет по практике

Краткое описание

Сату бөлімі немесе логистикалық бөлім - сыртқы сату каналдардың қолбағысымен даму жұмысын, әлеуметтік партнерлерді іздестіру мен оларды іріктеу, агенттік шарттар жасауымен оларды басқару, дилердің шарт талаптарын орындауды бақылау, келіссөздерді жүргізу, партнерлармен келісімге келу, әрекеттер мен дәлелдеу және басқа да жылжыту бағдарламаларды жасау мен ұйымдастыру, есеп беретін дилерлердің жоспарлы көрсеткіштерге жетуды қамтамасыз ету, сауда орындардың жұмысын тексеру, қызметтерді сату және жаңа бизнес түрлері арқылы компанияның ұлттық жобаларымен бағдарламаларға қолбағыс жасау, аймақтық жобалырдың орнатуын бақылау және т.б. жұмыстар атқарады.

Оглавление

1 Кәсіпорынның шарушылық қызметімен танысу
2 Бухгалтерлік есеп құруының негіздері мен кәсіпорындағы есеп саясаты
3 Кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметінің талдауы
4 Меншік капиталдың есебі
5 Негізгі құралдар мен материалды емес активтерінің есебі
6 Тауарлық – материалдық қорлардың есебі
7 Ақша қаражатының, есеп айырысулардың, қаржылық есебі мен несиелік есебі
8 Еңбек пен оны төлеудың есебі
9 Өндірістік шығындар есебі мен талдауы
10 Кірістер мен шығыстар есебі
11 Қаржылық есептілік: құруының практикасы мен әдістемесі

Файлы: 1 файл

Отчет по практике Ромат.doc

— 262.00 Кб (Скачать)

 

ЖШС «Ромат» кәсіпорынның негізгі қаржылық – шаруашылық көрсеткіштерін қарастыра отырып, өнім өткізу мен қызмет көрсетуден алынатын табысы 1177774 мың теңгеге өскенін айтуға болады. Қызмет көрсетуден және өнім өткізуден алынған табыстың ұлғаюмен қатар көрсетілген қызмет пен өткізілген өнімнің өзіндік құнының де 874672 мың теңгеге өскеніне назар аударайық. 2012 жылы кәсіпорын өндірісте пайдаланылмайтын негізгі құралдарды сатудан қосымша келген 135556 мың теңге табыс алды. Ал өткен жылмен салыстырғанда қосымша табыстың 21936 мың теңгеге төмендегені байқалады.

Сату көлемінің ұлғайғанына  қарамастан өткізу бойынша шығындар 27845 мың теңгеге төмендеді. Еңбеақының жоғарылауы, коммуналдық шығындардың ұлғаюы себебінен, сонымен қатар, автокөліктерге қызмет қөрсету және басқа да шығындар салдарына әкімшілік шығындар 97847 мың теңгеге өсті. Басшылық шешімімен алынған несиені мерзімінен бұрын қайтару үшін айлық төлемді ұлғайту белгіленген салдарынан қаржыландыру шығындары 187423 мың теңгеге өсті.

2011 жылы операциондық  қызметтен алынған табыс 526625 мың  теңгені құрады, яғни өткен жылмен салыстырғанда 185995 мың теңгеге артық.

Сонымен қатар, 2011 жылы ЖШС  «Ромат» кәсіпорында корпоративтік  салық бойынша шығын болған жоқ. Оның себебі өткен жылдың салық бойынша 38236 мың теңгені құрайтын оң қалдығы  бар және ол жартылай 17606 мың теңгеге жабылған, ал сол жылдың соңында 20630 мың теігені құрады.  

Қорытынды жылда салық  бойынша оң қалдығы 17606 мың теңге, ал бұл өткен жылмен салыстырғанда 1427 мың теңгеге кем.

Негізгі құралдардың  ортажылдық құны 8240359 мың теңгеге  өсті, ал өсу қарқыны 127,3 пайызды құрады. Бұл өсудің негізгі себебі 2011 жылы кәсіпорын жаңа негізгі құралдарды сатып алды.

Сонымен қатар, 2011 жылы еңбек  өнімділігі бір жұмысшығ шаққандағы 225,69 мың теңгеге өсті. Бұл өткізуден алынатын табыстың ұлғаюына және өнімділіктің өсу салдарынан еңбек шығындарының азайғандығын көрсетті.

 Өткізуден алынатын  пайданың өсу қарқыны негізгі  құралдардың ортажылдық құнынан  төмен болған себебінен 2011 жылы  қор қайтарымы 7,7  тенге құрады, яғни 0,7 тенгеге төмендеді  

Еңбекақы шығындары 2011 жылы 203673 мың теңгеге ұлғайды. Оған әсер еткен факторлардың бірі еңбекақының 9560 тенгеге өсімі және жұмысшылардың ортатізімдік санының 124 адамға көбейгені.

ЖШС «Ромат» кәсіпорынның қызметін мінездемелейтін негізгі  факторлардың бірі бұл өтімділік (рентабельділік). Ол 2011 жылы 0,2  пайызды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,01 пайызға артық. Бұның себебі өткізуден алынатын табыстың өзіндік құнынан артық болғандығында. Өтімділіктің (рентабельділік) оңтайлы өсім динамикасы кәсіпорынның қалыпты қаржылық жағдайының куәлігі ретінде қарастырылады. 

 

 

4 Меншік капиталдың  есебі

 

Қазақстан Республикасының  заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы  барысында, яғни шаруашылық қызметпен  айналысу үшін белгілі бір  мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғаш құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.

ЖШС «Ромат» жалпы кәсіпорынның меншікті капиталының есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы, яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрлымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.

Кәсіпорын мүлкінің құрамы, яғни ұйымның барлық мүлігі қысқа мерзімді активтер және ұзақ мерзімді активтер болып  екіге бөлінеді.

Ұзақ  мерзімді активтер негізгі құралдардан, метериалдық  емес активтерден, ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардан, басқа да ұзақ мерзімді активтерден құралады. Жалпы ұзақ мерзімді активтер шаруашылық субъектінің материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.

Ал, қысқа мерзімді активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда  табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, қорлар, қысқа мерзімді дебиторлық берешектер және басқа да қысқа мерзімді активтер жатады.

Кәсіпорын мүліктерінің (капиталының) құрылу көздері. Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен қысқа мерзімді қаржыларының құнынан құралады.

Ұйымның меншікті капиталының  көздері болып мыналар саналады:

- жарғылық капитал;

- резервтік капитал;

- бөлінбеген кіріс.

Кәсіпорындар  өздерінің  қызмет атқаруы барысында  меншікті қаржыларының басқа қарыз қаражаттарын да пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық қарыздар жатады.

Жарғылық  қор меншік иесінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып табылады.

Меншік  иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай  ұйымның жарғылық қоры мынадай  түрлерге бөлінеді.

Кәсіпорындардың (толық  серіктестік, коммандиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.

Жарғылық  қор мөлшері  ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.

Барлық  ұйымдардың меншікті капиталына екі  қасиет тән. Біріншіден, ол материалдық-құндылық құрылым иеленбегендіктен сезілмейді және ол әрқашанда активтің көзі рөлінде қатысады. Екіншіден, меншікті капитал ақшалай түрден заттық түрге ауыса алатын немесе керісінше жағдайда өзінің нысанын өзгертетін «меншікті құралдар» түсінігіне синоним деп қарастыруға болмайды.

Меншікті  капиталдың қаржылық есебінің негізгі мақсаты ресурстарды дұрыс қолдану мен сақтауда бақылаудың болуы. Бұл мақсатқа жету үшін қаржылық есеп мыналарды бақылауға қамтамасыз етуі тиіс:

- жарғылық капиталға қатысушылардың үлестерін уақытында және толық қабылдап алу;

- мерзімінде, толық және дәл көрсетілген жарғылық капиталдың немесе оның әр түрлерінің жалпы сомаларының өсуі немесе кемуі жайлы өзгерістерді айқындап отыру;

- меншіктік акцияларды сатудан (эмиссиялық кіріс) түскен табыстарды алу;

инфляцияға байланысты негізгі құралдарды, инвестицияларды және басқа да активтерді қайта бағалаудан кейін капиталдың сомасын уақытында және дәл анықтау;

- резервтік капиталдың уақытында және дұрыс құрылуы мен оны дұрыс қолдану;

- алдыңғы есеп беру жылы мен есеп беру жылында пайда болған бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал) сомаларын дұрыс анықтау және көрсету.

Меншікті  капитал  есебіне Халықаралық  қаржылық есеп  стандартының  бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарына  сәйкес V бөлім  арналған.

«Капитал  және резервтер» бөлімінің шоттары капитал мен резервтерді есепке алуға арналған. Капитал- бұл ұйымның активтерінде оның барлық міндеттемелерін шегергеннен кейін қалған үлес.

 

 

5 Негізгі құралдар  мен материалды емес активтерінің  есебі

 

ЖШС «РОМАТ» фармацевтикалық компаниясы басқармасы филиалының есеп саясатына сәйкес айналымдағы емес активтер бастапқы құнмен бағаланды.

Бастапқы құны – негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан, сондай – ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар және т.б. шығындарынан тұрады.

Бухгалтерия келіп түскен объектіні  материалдық жауапты адамға бекітіп, мүліктік карточка ашады, объектіге  мүліктік тізімдеу нөмірін беріп, мүлікті  Мүліктік тізімге алады, негізгі  құралдарды алу туралы жазбасы жасалады. Бұл мүліктерді бір ғана карточкада есепке алуға рұқсат етіледі. Бұл карточка бухгалтерияға келіп түскен негізгі құралдың актілері, техникалық төлқұжаттары және басқа құжаттар негізінде толтырылады. Карточкада объектілердің және олардың жекелеген құрылымдық элементтерінің қысқаша техникалық сипаттамасы беріледі, бірақ сол техникалық құжаттамадағы мәліметтері қайталанбайды. Негізгі құралды басқа субъектіге тапсыру (беру) кезінде негізгі құралдардың шығуы туралы белгі соғуға, сондай – ақ негізгі құрал объектілерінің субъект ішінде орын ауыстыруы кезінде «Негізгі құралдарды қабылдау – тапсыру (орнын ауыстыру) актісі», ескіру және тозу салдарынан негізгі құралдың объектілерін есептен шығаруға «Негізгі құралдар объектілерін есептен шығару актісі» негіз бола алады.

«Объектінің қысқаша  жеке сипаттмамасы» бөлімінде негізгі  объектінің тек негізгі сапалық  және сандық көрсеткіштері, сондай –  ақ объектінің техникалық құжаттамасында бар мәліметтерді қайталамай, осы  объект үшін неғұрлым маңызды екі – үш сапалық көрсеткіштермен шектеліп, оған қатысты маңызы қосымша құрылыстар, бейімдегіштер мен тиесілі заттар жазылады. Негізгі құралдардың топтама есебі жайында қысқаша жеке сипаттаманы әр объектіге жеке бермей – ақ, мүліктік карточкада есептелген объектілерінің тобына тұтастай береді.

Егер де объектінің сандық та және сапалық та көрсеткіштері айтарлықтай  өзгерсе, онда оларға жаңа карточка ашылуы мүмкін, ал ескі мүліктік карточка анықтама құжаты ретінде сақталады.

Бухгалтериядағы толтырылған Мүліктік карточкалардың негізінде негізгі құралдардың есебі бойынша жасалатын мүліктік карточкасын Тізімдемеге тіркейді, ол (тізімдеме) негізгі құралдардың жіктемесі бойынша бір данада жасалады.

 

Кесте – 2 Негізгі құралдарда болатын амортизация нормалары.

 

 

№ п/п

 

Негізгі құралдар мен

 материалды емес  активтердің 

атауы

Жылдың норма амортизации,

%

1

Ғимарат

7

2

Құрылыстар

6

3

Передатолық құрылғылар

 
 

     электроқұрылғылар мен байланыс

8

 

     басқа

6

5

Жұмыс құрал-жабдықтар

7

6

Басқа да құрал-жабдықтар

 
 

насостар

15

 

Металлкескіштер

14

7

Мобильный көліктер

 
 

жүк көліктер

8

 

жеңіл көліктер

6

8

Компьютерлер

 
 

Компьютерлер

12,5

 

перифериялар, ақпаратты өңдеу құрылғылар

11

9

Офис жиһаздары

8

 

Шаруашылық инвентарь

6

 

Көшіретін техника

17

 

өлшегіш құрылғылар

8

 

Басқалар

6


 

Есеп саясатында белгіленгендей негізгі құралдарға аммортизацияны есептеу бірқалыпты тік сызықты  әдіс негізінде қолданады. Негізгі  құралдардың құны бойынша амортизацияны  бірқалыпты (түзу сызықты) есептеу әдісі, яғни объектінің құны, оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуына, оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына байланысты болып келеді.

Бұл тәсілде амортизациялық соманы аудару үшін:

  • қызмет етудің пайдалы мерзімі. Бүл кезде пайдалануға берілген объектінің жағдайы ескеріледі және күтіп ұстау жағдайына да байланысты болып келеді (жөндеу мәселесі және техникалық жағдайы, ауа райының оған тигізетін әсері т.б.)
  • Қазақстан Республикасының салық зандылықтарының белгіленген амортизациялық нормасының шегінде. Шаруашылық жүргізуші субъектісіндегі белгіленген нормалар, салық зандылығының нормасынан аспауы тиіс. Мысалы, жүк автокөлігінің бастапқы құны -100 000 тенге, 5 жыл мерзімі өткеннен кейін оның жойылу құны 10 000 теңгеге тең болады. Мұндай жағдайда жыл сайынғы амортизациялау нормасы амортизациялаушы құнның 20 % - ін құрайды немесе бірқалыпты тәсілге сәйкес 18 000 теңге болады.

Объектініні есептен  шығарған кезде, оған қысқаша сипаттама  беріледі, және оның есептен шығу себептері, негізгі запас бөлшектерінің жағдайы көрсетеледі және олардың жөндеуге жарамдылығы да айтылады. Егер де объект табиғат апаттарының, аварияның және тағы басқа да күтпеген жағдайдың да бірге тіркеледі. Актіні кәсіпорын басшысы бекітеді. Тек бекігеннен кейін объектіні жоюға кіріседі. Жоюдан алынған запас бөлшектері пайдалануы мүмкін болатын бағасы бойынша құндылықтар тиісті шоттар бойынша кірістеледі.

Айналымдағы емес активтердің  алғашқы есебін ұйымдастырғанда  келесі құжаттар қолданылады: мүліктік карточка, негізгі құралдарды қабылдау актісі, тозу есептемесі, негізгі құралдардың қозғалысы есебінің карточкасы, негізгі құралдарды есептен шығару актісі.

Материалдық емес активтерді қабылдау – тапсыру Актілерінің  қолда бар болуы және уақтылы жасалынуы , олардың бастапқы құны , амортизациялық аударымның анықталуы мен есептелуі және басқа да аса қажетті деректер көрсетіледі .

 

 

6 Тауарлық  – материалдық қорлардың есебі 

 

Тауарлы-материалдық  босалқылар келесiдей активтер түрiнде  болады:

  • өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар;
  • жартылай шикізаттар
  • құрастырушы бұйымдар, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, аяқталмаған өндіріс, субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар.

Информация о работе Отчет по практике в ТОО "Ромат"