Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 07:00, курсовая работа
Қандай да болмасын өнім өндіру еңбек күші мен өндіріс құралдарының бірігуі арқасында болады. Өнім өндіру ерекшеліктеріне және атқаратын функцияларына байланысты,өндіріс құралдары екі топқа бөлінеді:
еңбек заты (шикізат,материалдық ресурстар) - еңбек күшінің әсерімен бастапқы қалыптарын өзгертіп , дайын өнімге айналатын заттар;
құрал – жабдықтар – олардың қатысуымен дайын өнім өңделіп шығарылады.
Аталған құралдар мен еңбек зеттеры өндірістік қордың негізгі мазмұнын құрайды және өндірістің экономикалық
1.Бөлім. Негізгі құралдардың жіктелуі, мойындау шарттары және бағалануы.
1.1. Негізгі құралдардың жіктелуі,мойындау шарттары.
1.2. Негізгі құралдардың бағалануы.
2.Бөлім. Негізгі құралдардың есебі.
2.1.Негізгі құралдар қозғалысы.
2.2.Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозу есебі.
2.3.Негізгі құралдарды жөндеудің есебі.
2.4.Негізгі құралдардың синтетикалық және аналитикалық есебі.
2.5.Негізгі құралдарға түгендеу.
3.Бөлім. Негізгі құралдарға салынатын салықтар.
3.1 .Дивиденттерді негізгі құралдар нысанында төлеу туралы.
3.2.Жер,мүлік және көлік құралдары салықтары бойынша есепті түзету.
3.3.2009 жылғы көлік құралдарына салықты есептеу тәртібі.
Қосымшалар
Қолданылған әдебиеттің тізімі
Бұл кестеде жылдық амортизация сомасы мен орындалған жұмыстың өндіріс процесінде тікелей пайдалануымен байланысты екенін көреміз. Жинақталған тозу сомасы жыл сайын орындалған жұмыстың көлеміне немесе пайдалануға тікелей байланысты өсіп отырады, ал қалдық құн жойылу құнына жеткенше орындалған жұмыстың бір өлшем бірлігіне тікелей пропорционалды түрде азайып отырады.
Өндірістік әдіс бойынша амортизацияны есептеу тау-кен өнеркәсібінде ең қолайлы әдіс болып саналады. Аталған өндірісте амортизацияны есептеу тонна мөлшерлемесі бойынша жүргізіледі. Бұл әдіс негізгі құралдарды пайдалану мерзімі ішінде объектінің қайтарымы бойынша дұрыс есептелінсе ғана пайдаланады.
Амортизацияны есептеудің жеделдетілген әдістері. Бұл әдіс өндірістік мақсатта пайдаланылатын негізгі құралдардың көптеген түрлері бойынша пайдаланылады, бірақ ол оның алғашқы жылдарында өндірілетін өнімнің өзіндік құнын негізсіз күрт өсіреді,сондықтан оны іс жүзінде пайдаланудың өзі екіталай. Дегенмен де,теоретиктер,оның екі түрін ұсынды
а)Кумулятивтік әдіс;
ә)Азайып отыратын қалдық әдіс.
Кумулятивтік әдіс- латын тілінен аударғанда «өсу» және «жиналу» деген мағынаны білдіреді,яғни сандарды қосудың көмегімен тозудың сомасы есептелінеді, демек объектінің қызмет ету мерзіміндегі жылдар санын қосу арқылы анықталады. Мысалы, автокөліктің болжамды қызмет ету мерзімі бес жыл. Бірінші жылы объектінің бастапқы құнының 5/15 бөлігіне амортизация есептелінеді. Екінші жылы 4/15 бөлігіне, үшінші жылы 3/15,төртінші жылы 2/15,бесінші жылы 1/15 бөлігіне.
Жыл сайынғы амортизациялау нормасы: бөлімінде жылдар санының қосындысы, ал алымында:бірінші жыл үшін-5,екінші жыл үшін-4, үшінші жыл үшін-3,төртінші жыл үшін-2, бесінші жыл үшін-1 болатын бөлшек саны болып табылады. Әрбір бөлшек санды амортизацияланушы құнға көбейту арқылы жыл сайынғы амортизациялық соманы анықтайды.
Төменде негізгі құралдардың тозуын кумулятивтік әдіс бойынша есептеу жолы көрсетілген.
Негізгі құралдардың амортизациясын кумулятивтік әдісі
бойынша есептеу
Мерзімі (жылдары) | Бастапқы құны | Кумулятивтік саны мен амортизациялаудың нормасы | Жинақталған жылдық тозу сомасы | Айға есептелген амортизация- ның сомасы (тенге) |
Сатып алынған мерзімі: 1-ші жыл
2-ші жыл
3-ші жыл
4-ші жыл
5-ші жыл |
100 000
100 000
100 000
100 000
100 000 |
5/15 x90 000=30 000
4/15 x90 000= 24 000
3/15x90 000=18 000
2/15x90 000=12 000
1/15 x 90 000=6000 |
30 000
54 000
72 000
84 000
90 000 |
70 000
46 000
28 000
16 000
10 000 |
Кестенің мәліметтерінен кумулятивтік әдіс бойынша есептелген амортизация сомасы объектіні пайдаланудың бірінші жылында күрт өсіп, соңғы жылдарында азайғанын көреміз.
Азайып отыратын қалдық әдіс. Бұл әдісте кумулятивтік әдістің принциптеріне негізделген. Оны екі еселенген амортизациялау нормасын қолдану арқылы азайып отырған қалдық әдісі деп те атайды. Мысалы, жоғарыда айтылған автокөліктің қызмет ету мерзімі бес жыл. Бірқалыпты үлестіру әдісінде амортизациялау нормасы 20% болады.
Екі еселенген нормасымен есептелініп, азайып отыратын қалдық әдісінде амортизациялау нормасы мынаған тең 40% болады. Бұл белгіленген ставка қалдық құнға әрбір жылдың соңында жатқызылады.
Қалдық құнды азайту үшін қажетті шамамен шектелетін соңғы жылды қоспағанда, тозуды есептеген кезде жойылу құны есепке алынбайды деп саналады. Автокөліктің бастапқы құны 100 000 теңге. Бес жыл бойы амортизация мынадай мөлшерде есептелінеді.
Мерзімі | Бастапқы құны | Екі еселенген амортизацияның жылдық сомасы | Жинақталған жылдық амортизация- ланған сомасы | Айға есептелген амортизация- ның сомасы (теңге) |
Сатып алынған мерзімі: 1-ші жыл
2-ші жыл
3-ші жыл
4-ші жыл
5-ші жыл |
100 000
100 000
100 000
100 000
100 000 |
40%x100 000=40 000
40%x60 000=24 000
40%x 36 000=14 400
40%x21 600= 8640
2960 |
40 000
64 000
78 400
87 040
90 000 |
60 000
36 000
21 600
12 960
10 000 |
Халықаралық практикада баяу амортизация деп аталатын әдіс бар, мысалыға, күрделі пайыздық әдіс, бірақ оны тек қана арнайы жағдайда ғана пайдаланады. Бұл әдістің мәні мына жағдайдан тұрады: онда негізгі құралды пайдаланудың бірінші жылында тозу сомасы аз мөлшерде есептен шығарылып, ал келесі жылдары ол біртіндеп арта бастайды. Амортизациялық әдіс өзгертудің нәтижесі ағымдағы және болашақтағы есеп беру кезеңдерінде көрініс табады.
Мысалы: «Әлия» ЖШС 2007 жылы желтоқсан айында құны 1 608 333 теңге тұратын сауда құрал – сайманын сатып алған. Оның болжаған жою құны 3760 теңге тұрған, ал пайдалану мерзімі 15 жыл.
Кәсіпорын амортизациясын есептеу үшін кумулятивтік әдіс пайдаланған, ал 2009 жылдан бастап бірқалыпты әдіске көшкен.
Есеп қағидасындағы өзгерістердің әсерін есептеу және оны көрсету мынадай жолмен жасалынады:
Кезеңі | Кумулятивтік әдісі бойынша амортизацияны есептеу | Бірқалыпты әдісі бойынша амортизацияны есептеу |
2007жыл | (160833 3760)x15/120=200571 | (1608333-3760)/15 =106971 |
2008жыл
| (1608333- 3760)x15/120=187200 | (1608333-3760)/15=106971 |
2009 жыл | 200572+187200=387772 | 106971+106971= =213942 |
Амортизацияны есептеу үшін кумулятивтік саны мынадай формула бойынша есептелінеді:
15 x (15+1)/2=120
Екі әдісті пайдаланудың салдарынан 173830 теңгеге айырма пайда болған, осы пайда болған айырма таратылмаған табысқа жатқызылады.
2.3.Негізгі құралдарды жөндеудің есебі
Негізгі құралдар пайдалану процесінде табиғи және моральді жағынан тозады. Олардың жекелеген бөлшектері негізгі құралдарды тұтастай алғандағымен салыстырғанда неғұрлым қысқа мерзімде тозады.
Негізгі құралдар уақытынан бұрын тозып кетпеуі үшін, оларды мезгіл сайын жөндеп тұру керек. Ұйымдастыр – техникалық белгілеріне қарап, жөндеуді күрделі және жай деп бөледі.
Күрделі жөндеу деп негізгі құралдардың объектісін тұтастай алғандағымен салыстырғанда тозу мерзімі азырақ жекелеген бөліктерін қалпына келтіруді айтады. Машиналардың, жабдықтардың және көлік құралдарының күрделі жөндеуі деп бір жылдам астам мерзімде агрегатты толық бөлшектеп, барлық тозған детальдары мен бөлшектерін ауыстырып немесе қалпына келтіріп, агрегатты қайта жинауды және сынақтан өткізуді, жүйелі түрде жүргізіліп отыратын жөндеуді айтады. Машиналардың негізгі агрегаттарына машина маркасына байланысты алдын-ала белгіленген жолын жүріп өткеннен кейін күрделі жөндеу жұмысы жасалынады.
Үйлер мен ғимараттардың күрделі жөндеуі кезінде тозған құрылымдары мен детальдары толық ауыстырылады немесе олар неғұрлым мықты және үнемді, жөнделіп жатқан объектінің пайдалану мүмкіндіктерін жақсартатын детальдармен ауыстырылады.
Күрделі жөндеулер негізгі құралдардың пайдалану мерзімін, өндіріс қуаттылығын, көлемін, жылдамдығын, болашақта оның экономикалық табыстылығын арттырса, онда ондай шығындар негізгі құралдардың бастапқы құнын өсіреді, ал барлық қалған жағдайда ондай шығындар ағымдағы шығын ретінде танылады және ол оның бастапқы құнына әсер етпейді.
Мысалы, кәсіпорындағы автомашинаның бастапқы құны 1 500 000теңге құраған және оның пайдалы қызмет ету мерзімі 8 жыл болған. Бес жыл пайдаланғаннан кейін автомашинаға құны 290 000теңге тұратын жаңа двигатель салынған, сонымен қоса 45 000теңге тұратын оң жақ қанаты ауыстырылған. Бұл жерде автомашинаның двигателі, оның бастапқы құнын өсіреді, ал 45 000 теңге тұратын қанаты ағымдағы ретінде танылады.
Ағымды жөндеу дегеніміз негізгі құралдарды жұмыс жағдайында ұстап тұру үшін оның тозған детальдарын ауыстыру немесе жөндеу болып табылады. Оны негізгі құрал- жабдықтарды пайдалану процесінде жасайды. Негізгі құрал- жабдықтардың тозуының алдын алу үшін күні бұрын жоспарланып қойған жөндеу жұмысын мерзімінде жүргізудің маңызы зор.
Жөндеу есебінде атқарылған жұмыс түрі барлық түрі бойынша рәсімделеді,жұмыс көлемін және оның өзіндік құнын анықтайды, жөндеуге жұмсалатын қаражатты мақсатты түрде пайдалануды бақылайды.
Негізгі құралдарды жөндеу мердігерлік және шаруашылық тәсілмен жүзеге асырылады. Неғұрлым прогрессивті және үнемді болып саналатын мердігерлік әдісте негізгі құралдарды арнайы жабдықталған субъектілері жөндейді; ал шаруашылық тәсіл бойынша жөндеу субъектінің өз күшімен және қаражатымен жүзеге асырылады.
Мердігерлік ұйымдармен жасасқан ағымды және күрделі жөндеулері үшін субъект жөнделетін объектілерді жөндеу орнына апарып және қайтадан әкелу шығындарымен қоса, аяқталған жөндеу жұмыстарының еңбек ақысын төлейді. Жабдықтар мен еңбек құралдарын жөндеу үшін мердігерлермен есеп айрысуды объект тұтастай біткен соң жасалады. Есеп айрысу құжаттары негізінде шоттардың корреспонденциясы жасалынады.
Күрделі жөндеу өткен негізгі құралдарды қабылдап алу «Күрделі жөндеуден өткен, қайта құрастырылған және жаңартылған негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі» бойынша құжатталады. Субъектінің негізгі құралдарды қабылдауға өкілетті қызметтері және жөндеу, қайта құрастырулар немесе жаңарту жұмыстарын жүргізген субъект өкілдерінің қол қойған актісі субъектінің бухгалтериясына немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.
Негізгі құралдардың жөнделген объектінің техникалық төлқұжатында күрделі жөндеуден өткен объектінің қысқаша сипаттамасы беріледі, сондай-ақ техникалық төлқұжатына қайта құрастыруға және жаңартуға байланысты өзгерістері енгізілуі мүмкін.
Егер жөндеуді, қайта құруды және жаңартуды сыртқы кәсіпорын орындаған болса, онда актіні екі дана етіп жасайды. Екінші данасын жөндеу,қайта құру және жаңарту жүргізген субъектіге береді.
Жабдықтардың автомашиналардың, тракторлардың, мүліктердің және басқа да негізгі құралдардың объектілерін жөндеу шығындары 8300 «Көмекші өндірістер» шотында, шығын баптарының мынадай номенклатурасы бойынша есептеледі:
Материалдар- жөндеуге жұмсалған материалдардың, қосалқы бөлшектердің және басқалардың құны. Материалдар өндірістік шығындарға нақты өзіндік құны бойынша қосылады.
Жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу – жөндеу құмысы үшін есептелген еңбекақы сомасы.
Еңбек-ақыдан есептелінген аударымдар- жұмысшылардың еңбек-ақысынан белгіленген процентпен мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыруға, зейнетақымен қамтамасыз етуге арналған және басқа да қорларға аударылады.
Электр энергиясы, жылу, газ, бу-жөндеу цехтарының технологиялық және басқа қажеттіліктеріне электр энергиясының, жылудың, газдың,будың шығындары .
Жөнделетін әрбір объектіге кәсіпорынның жөндеу цехтарында көп жолды карточкасы ашылады және оларда жөндеу бойынша шығындар жинақталады. Жөндеу жұмыстарын бітіргеннен кейін объектілерді акт бойынша тапсырыс берушілерге табыстайды.
Информация о работе Негізгі құралдардың есебі» тақырыбының жоспары