Негізгі құралдардың есебі» тақырыбының жоспары

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 07:00, курсовая работа

Краткое описание

Қандай да болмасын өнім өндіру еңбек күші мен өндіріс құралдарының бірігуі арқасында болады. Өнім өндіру ерекшеліктеріне және атқаратын функцияларына байланысты,өндіріс құралдары екі топқа бөлінеді:
 еңбек заты (шикізат,материалдық ресурстар) - еңбек күшінің әсерімен бастапқы қалыптарын өзгертіп , дайын өнімге айналатын заттар;
 құрал – жабдықтар – олардың қатысуымен дайын өнім өңделіп шығарылады.
Аталған құралдар мен еңбек зеттеры өндірістік қордың негізгі мазмұнын құрайды және өндірістің экономикалық

Оглавление

1.Бөлім. Негізгі құралдардың жіктелуі, мойындау шарттары және бағалануы.
1.1. Негізгі құралдардың жіктелуі,мойындау шарттары.
1.2. Негізгі құралдардың бағалануы.

2.Бөлім. Негізгі құралдардың есебі.
2.1.Негізгі құралдар қозғалысы.
2.2.Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозу есебі.
2.3.Негізгі құралдарды жөндеудің есебі.
2.4.Негізгі құралдардың синтетикалық және аналитикалық есебі.
2.5.Негізгі құралдарға түгендеу.

3.Бөлім. Негізгі құралдарға салынатын салықтар.
3.1 .Дивиденттерді негізгі құралдар нысанында төлеу туралы.
3.2.Жер,мүлік және көлік құралдары салықтары бойынша есепті түзету.
3.3.2009 жылғы көлік құралдарына салықты есептеу тәртібі.

Қосымшалар
Қолданылған әдебиеттің тізімі

Файлы: 1 файл

Негізгі құралдар.doc

— 491.50 Кб (Скачать)

   Мақсаттық белгілеуіне және орындалатын іс- қызмет аясына байланысты, сонымен қатар Қазақстан Республикасын Ұлттық бухгалтерлік есеп бойынша 2008ж.  18 қарашадағы  №16 қаулысымен бекітілген қаржы шаруашылық қызметтің бухгалтeрлік есебі шоттарының бас жоспарына сәйкес негізгі құралдар мынандай топтар бойынша мақсатты белгілеу мен орындалатын іс -қызмет аясына байланысты жіктеледі.                                                                                                         

     Негізгі құралдардың бастапқы құны - ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан, сондай- ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген шығындардың жиынтығынан тұрады. Негізгі құралдарды тасымалдау кезінде болған  ақауларды жөндеуге кеткен және басқа да қажет болып саналатын шығындар активтің бастапқы құнына кіргізілмей,ол ағымдағы кезеңнің шығыны ретінде есепке алынады. Негізгі құралдың әр түрі бойынша оның бастапқы құнына мынадай шығындар кіргізіледі:                                                                                                                      

     а)жер учаскесінің бастапқы құнына:                                                                                                 

     Жерді сатып алу бағасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттікке төленген комиссиялық сыйақылары, сатып алу сату жөніндегі келісімшартты рәсімдеу үшін заңгердің қызметіне төленетін төлем және ол үшін төленетін салықтар мен алымдар, жерді тиісті мақсатқа пайдалануға әзірлеуге кеткен шығындар (үйді бұзғаннан алынған   материалдарды сатудан түскен түсімді алып тастағанда қалған ескі үйді бұзуға байланысты шығындар, жерді тазалау,тегістеу, тағы басқа) енгізіледі.                                                                                                          

     ә)құрал жабдықтардың бастапқы құнына:                                                                                     

     Құрал- жабдықты сатып алу бағасы, оны тасымалдауға,әкелуге, тиеп- түсіруге кеткен шығындар, оның ішінде тасымалдау кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал -жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында кеткен шығындар және тағы да басқалар енгізіледі.                                                                                                  

     Алайда құрал- жабдықтарды монтаждауда, тасымалдау кезінде болған бүліну нәтижесін жөндеу үшін кеткен сомалар ағымдағы шығындарға жатқызылады. Егер негізгі құралдар несиеге алынған болса,ол үшін төленген пайыз сомасы да ағымдағы шығын  қатарына жатады және негізгі құралдың бастапқы құнына қосылмайды.                                                                  

      Кәсіпорынның өзі салған үйлер мен ғимараттардың бастапқы құнына осы құрылысты салу үшін кеткен шығындар: материалдар, жұмысшылар мен қызметкерлерге төленген еңбекақы сомалары,еңбекақы бойынша бюджетке жасалған аударым бойынша бюджетке жасалған аударым, алынған несиелер үшін есептелген пайыздар сомасы, заңгерлерге,архитекторларға төленген төлемдер,құрылысты салу үшін рұқсат алу барысында жұмсалған сомалар мен басқа да кеткен шығындар енгізіледі.                                                                        

     Кәсіпорындар мен ұйымдар жерді және сол жерге салынған үйлер мен ғимараттарды біртұтас ретінде пайдалануға сатып алса,онда осы объектілердің бастапқы құнын бухгалтерлік есепте әрбір объекті бойынша бөліп көрсету керек. Себебі үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі және олар тозады, ал жердің пайдалану мерзімінде шек жоқ,яғни ол амортизацияланбайтын материалдық актив болып табылады. Егер бұл жағдайда жер учаскесі ғана пайдалануға алынып, ал үйлер мен ғимараттар бұзылатын болып келісілген болса,онда олардың құндары әрбір объекті бойынша жекеленіп бөлінбейді. Бұл жағдайда тек қана жер сатылып алынған болып есептелінеді. Және де оның бастапқы құны бұл ретте сатып алу бағасымен үйлер мен ғимараттарды бұзуға кеткен барлық объектілердің шығынының қосындысынан, бұзғаннан алынған материалдардың бағасын шегеру арқылы анықталады.                                                      

     Мысалы:кәсіпорын жер учаскесін және сол жерде орналасқан үй мен қоса 500000(бес жүз мың) тенгеге сатып алды делік. Бұл жерде орналасқан үй бұзылуға тиіс. Кәсіпорынның оларды сатып алу барысында төленген шығындары 25000 (жиырма бес мың) теңге. Үй бұзуға кеткен шығын 40000(қырық мың )теңге. Бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен табыс 20000 (жиырма мың) теңге. Жерді тазалау мен тегістеуге кеткен шығын 15000 (он бес мың) теңге. Осы мәліметтерді қортындылайтын болсақ,сатып алынған жердің бастапқы құны 560000 (бес жүз алпыс мың) теңгені құрайды (500000+25000+40000+20000+15000=560000 теңге). Кәсіпорындар мен ұйымдарда негізгі құралдың бастапқы құны былайша анықталады:                               

    - үлес қосушылар мен құрылтайшылар негізгі құралды жарғылық қорға өзінің үлесі ретінде салса,онда олардың құны құрылтайшылармен арадағы келісім бойынша;                                                                                                                

    - ұйымдар негізгі құралдарды өзі дайындап, яғни жасап шығарғанда немесе сатып алған кезде шыққан шығындардың нақты сомасы бойынша;                                                                                                                                             

    -ұйымдар негізгі құралдарды басқа заңды тұлғалардан немесе жеке адамдардан тегін алған кезде қабылдау - өткізу актісінің мәліметтері бойынша немесе эксперттік жолымен.                                                                                        

      Негізгі құралдардың ағымдағы құны- бұл кәсіпорынның белгілі бір уақыттағы, яғни бүгінгі күнгі негізгі құралының нарықтың бағасы болып табылады.                                                                                                                        

      Негізгі құралдардың баланстық құны -бұл кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы құны болып табылады.                                                                

     Негізгі құралдардың қалдық (жойылу) құны- негізгі құралдың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі шығындарды алып тастау арқылы анықталады.                                                                                                                                                            

     Негізгі құралдардың келісілген құны-бұл кез келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.                                                                                                                            

     Бухгалтерлік шоттарда есептелген негізгі құралдардың бастапқы құндары тек мына жағдайларда ғана есептелінеді:                                                            

     а)негізгі құралдардың пайдалы қызмет атқаратын мерзімін ұзартатындай немесе қысқартатындай оның жалпы жағдайына әсер ететіндей қосымша күрделі қаржы жұмсалғанда немесе ішінара бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде;                                                            

     ә)ҚР Үкіметінің шешімдері бойынша негізгі құралдарды қайта бағалағанда.                                                                                                                                                                                                                                    

     Негізгі құралдардың есебі әрбір бөлек объекті бойынша бүтін сомада жүргізіледі. Негізгі құралдарды пайдалануға берген кезде оның бастапқы құнымен қалпына келтіру құны тең болады, себебі оны пайдалануға берген уақытымен оны қайта бағалау уақытының арасында айырмашылық жоқ. Уақыт өткен сайын негізгі құралды өндіруге, салуға жұмсалатын материалдың бағасы және ол үшін қолданылатын техниканың шығыны  жұмысшылардың еңбекақысы жалпы негізгі құралды өндіру, салу жағдайы белгілі бір себептермен өзгеріп отырады. Негізгі құралдардың құны осы бір кезде жасап шығаруға, өндіруге, салуға кеткен, жұмсалған қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады. Осыған байланысты негізгі құралдарды оқтын- оқтын, уақыт өте қайтадан бағалап тұрады.                                                                       

      Негізгі құралдарды қайтадан бағалау кезінде оның осы кездегі, яғни бүгінгі күні өндіріп шығаруға кететін құны анықталады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда негізгі құралдарды тиісті түрдe қайта бағаланғаннан бастап оларды баланста қалпына келтіру құнымен есептейді.                                                                                     

     Негізгі құралдардан бастапқы бағасын белгілі бір күндегі қолданылып жүрген бағаға сәйкес келтіру мақсатында объектілерді қайта бағалау жүргізіледі.                                                                                                                                                                                                  

      Қайта бағалау жүргізілген күні ұйымда негізгі құралдарға есептелінген тозу сомасы негізгі құралдардың құндарының  өзгеруіне қарай түзетіледі. Қайта бағалау сомасы  негізгі құралдардың пайдалану мерзіміне қарай субъектіде қолданылатын амортизациялық аударым сомасын есептеу әдісіне сәйкес анықталған мөлшерде бөлінбеген кіріске апарады. Қайта бағалаудың барлық сомасын бөлінбеген кіріске актив есептен шығарылған сәтте ғана ауыстырылады. 

  

 

 

         

 

 

 

 

 

 

                         2.Бөлім.Негізгі құралдардың есебі

                    2.1.Негізгі құралдар қозғалысының есебі

Негізгі құралдар негізінен өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді, құрылғыларды салудан; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алудан; өз күшімен құрал- саймандар дайындаудан; малдардың төлдерін негізгі табынға ауыстырудан; жас өсімдіктер көп жылдық өсімдіктерге өткеннен; басқа субъектілер мен жеке тұлғалардан ақысыз алынған негізгі құралдардың келіп түсуінен;объектілерді ұзақ мерзімге жалға алудан; жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп түскендерден қалыптасады. Негізгі құралдардың түсуі мынадай құжаттармен рәсімделеді.                                                                                                                    

Негізгі құралдарды қабылдау тапсыру актісі негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; негізгі құрал- жабдықтардың бір цехтан екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, сондай- ақ басқа да субъектілерге берілген кезінде оларды негізгі құралдардың құрамынан шығару үшін қолданылады.                                                              

Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің , құрал- сайманның, жабдықтардың және т.б. объектілердің есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типте болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол беріледі.

Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттама қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қояды, субъект жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.                                                                                              

Алыс- беріс актісінде, міндетті реквизиттермен қоса, комиссия қызмет ету мерзімін және болжамдық жою құнын көрсетеді. Қызмет ету мерзімін шаруашылық жүргізуші субъекті дербес анықтай алады, яғни ол негізгі құралдың техникалық жағдайынан, нормасынан және басқа да көрсеткіштерінен шығады. Ал болжамдық жою құны негізінен шаруашылық жүргізуші субъектінің есептік саясатында көрініс табуы керек, болмаса оны қабылдау комиссиясы көп жағдайда көзбен анықтайды,не болмаса бастапқы құнының 0,01-ден  2,0%-ке дейінгі сомасы алынады.                                                                                                                                

Негізгі құралдардың кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех(бөлім) қызметкері толтырады. Алушының және тапсырушының қолдары қойылған  бірінші данасы бухгалтерияға тапсырылады, ал екіншісі тапсырушы цехта қалады.                                                                  

Негізгі құралдарды ақысыз беру (сыйлау) кезінде акт (тапсырушы және қабылдаушы субъектілер үшін) екі дана етіп жасалынады.                                                     

Негізгі құралдарды басқа субъектіге сату кезінде актінің үш данасы жазылады: алғашқы екеуі өткізуші субъектіде қалады (онда бірінші дана- негізгі құралдардың нақты бары, қозғалысы туралы есеп беруге, екіншісі-есеп айрысу төлем құжаттарына тіркеледі),үшінші дана-  негізгі құралдарды қабылдаушы адамға беріледі.                                                                                                    

Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру (ауыстыру) актісі негізінде бухгалтерияда мүліктік карточка ашылып,негізгі құралдардың таңдамалы есебі жүргізіледі. Негізгі құралдардың  әрбір объектісіне мүліктік нөмір беріледі. Нөмірлеу әдетте реттік-сериялық жүйе бойынша жасалады. Мысалы, үй үшін 0001-ден 0299 дейінгі нөмірлер,ал ғимараттар үшін 0300-ден 0399-ға дейін және т.б.нөмірлер бөлінеді. Мүліктік нөмір негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісінде келтіріледі және ол пайдалануда тұрған уақыт бойы объектіде сақталады,ал істен шыққанда қайта түскен объектіге ұзақ уақыт бойы (бес жылға дейін) берілмейді. Толтырылған мүлік карточкалары әрбір жіктеуші топ бойынша бір данада жүргізілетін «Негізгі құралдарды есептеу мүлік түгендеу карточкаларының тізімдемелерінде» (№НҚ-6) тіркеледі. Істен  шыққан негізгі құралдар бойынша категорияларды  «Архив» картотекасы бөліміне қояды.                                         

Информация о работе Негізгі құралдардың есебі» тақырыбының жоспары