Негізгі құралдардың есебі» тақырыбының жоспары

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 07:00, курсовая работа

Краткое описание

Қандай да болмасын өнім өндіру еңбек күші мен өндіріс құралдарының бірігуі арқасында болады. Өнім өндіру ерекшеліктеріне және атқаратын функцияларына байланысты,өндіріс құралдары екі топқа бөлінеді:
 еңбек заты (шикізат,материалдық ресурстар) - еңбек күшінің әсерімен бастапқы қалыптарын өзгертіп , дайын өнімге айналатын заттар;
 құрал – жабдықтар – олардың қатысуымен дайын өнім өңделіп шығарылады.
Аталған құралдар мен еңбек зеттеры өндірістік қордың негізгі мазмұнын құрайды және өндірістің экономикалық

Оглавление

1.Бөлім. Негізгі құралдардың жіктелуі, мойындау шарттары және бағалануы.
1.1. Негізгі құралдардың жіктелуі,мойындау шарттары.
1.2. Негізгі құралдардың бағалануы.

2.Бөлім. Негізгі құралдардың есебі.
2.1.Негізгі құралдар қозғалысы.
2.2.Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозу есебі.
2.3.Негізгі құралдарды жөндеудің есебі.
2.4.Негізгі құралдардың синтетикалық және аналитикалық есебі.
2.5.Негізгі құралдарға түгендеу.

3.Бөлім. Негізгі құралдарға салынатын салықтар.
3.1 .Дивиденттерді негізгі құралдар нысанында төлеу туралы.
3.2.Жер,мүлік және көлік құралдары салықтары бойынша есепті түзету.
3.3.2009 жылғы көлік құралдарына салықты есептеу тәртібі.

Қосымшалар
Қолданылған әдебиеттің тізімі

Файлы: 1 файл

Негізгі құралдар.doc

— 491.50 Кб (Скачать)

Негізгі құралдарды тұрғызу, салу немесе алу жөніндегі барлық нақты болған қажетті шығындар, соның ішінде сатып алынғанда өтелмеген салықтар мен алымдарды төлеу (үйлер мен жаңа автомобильдерді алу кезінде төленген ҚҚС,сатып алу келісімшартты жасаған кезде төленетін мемлекеттік баж салығы  және т.б.),жеткізу, монтаж, пайдалануға беру, құрылыс кезінде берілген кредит үшін пайыздар, белгілеуі бойынша қолдану үшін жұмыс істейтін жағдайға келтіруге тікелей байланысты басқа да  кез келген шығындар кіретін бастапқы баға бойынша кіріске алу сәтінде негізгі құрал-жабдықтар кіріске алынады.                                                             

Жер учаскесінің бастапқы құнына шотта көрсетілген сатып алу бағасы, жылжымайтын мүлік бойынша агенттерге комиссиялық сыйақылар, сатып алу-сату шартын рәсімдеу жөніндегі заңгерлердің қызметіне төлеу, мұндайда туындайтын салықтар мен алымдар, жерді мақсатты пайдалану үшін дайындауға кететін шығындар (үйді бұзу кезінде алынған материалдарды өткізуден түскен кірістерді шығарып, ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу және т.б.) кіреді; сатып алынған жабдықтың бастапқы құнына алу бағасы, тасу шығындары, соның ішінде тасымал кезіндегі сақтандыру, монтаж, пайдалануға берілетін жабдықтың жарамдылығын тексеру мақсатымен сынақ өткізу кіреді, үйлер мен ғимараттарды салғанда бастапқы құнға құрылыс жөніндегі шығындар; материалдар, еңбекті төлеу, қосымша шығындардың тиісті үлесі, архитекторлардың, заңгерлердің қызметіне төлеу, құрылыс кезінде сақтандыруға жұмсалатын шығындар, құрылысқа берілетін кредиттер бойынша пайыздар, құрылысқа рұқсат алу үшін шығатын шығындар.                                                         

Қажетті болып саналмайтын шығындар (тасымал кезінде алынған зиянды жоюға кеткен шығындар, монтаж кезінде жабдықты бүлдіру салдарынан жасалған жөндеу және т.б.) бастапқы құнға кірмейді, ал ағымдық шоттағы шығындар ретінде ескеріледі.                                                                                                             

Негізгі құралдар қоймада резерв ретінде тұрады,белгіленген тәртіппен тоқтатылып қойылады. Баланста саналатын негізгі құралдар тәртібін іс жүзінде заңдарға сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы белгілейді және бекітеді.                                                                                                             

 

     2.2.Негізгі құралдардың тозуы және оларға амортизациялық

                                      аударым мөлшерін есептеу

       Негізгі құралдар   өндіріс үдерісінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдар сатып алуға тура келеді.

       Негізгі құралдардың тозуын «табиғи» және «сапалық» тозу деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың материалдық жағынан тозуы болып табылады, яғни жұмыс істеу үдерісінде машиналар мен құралдардың  жеке бөлшектерінің қажалып мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жетуі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың көп уақыт бойы пайдаланылғандығына ғана байланысты емес,оған сонымен қатар басқа да табиғи жағдайлар әсер еткендігіне байланысты. Яғни негізгі құралдардың табиғи тозуы (физикалық тозуы) олардың ұзақ уақыт пайдаланылуы және оларға басқа да факторлардың әсер етуі нәтижесінен болып табылады.

Негізгі құралдардың сапалық тозуы олардың толық табиғи тозуы жетпей-ақ құнсызданып, өндірістің даму үдерісінен кейін қалуы, яғни активтердің ғылым мен техниканың дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан пайда болады.

      Осы жоғарыда аталғандарды қорта келе, негізгі құралдардың тозуы дегеніміз, олардың табиғи және сапалық сипаттарын жоғалтуы депте айтуға болады.

       Негізгі құралдардың сапалық тозуының бірінші себебі-өндіріс салаларында ғылыми- техникалық прогреске байланысты еңбек өнімділігінің өсуі болып табылады. Еңбек өнімділігі өскен сайын белгілі бір дайын бұйымды,құрал-жабдықты және тағы да басқаларды өндіруге кететін  қажетті уақыт азаяды да, оның құны соғұрлым төмендейді. Осыған сәйкес еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты жаңа құрал -жабдықтардың , машиналардың,яғни негізгі құралдардың бағасы бұрын сатып алынған осындай негізгі құралдардың бағасына  қарағанда арзан болады. Мұндай жағдай ұйымдарға қымбат және тозыңқыраған машиналар мен көліктердің, құрал-саймандардың тағыда басқа негізгі құралдардың орнына жаңа әрі сапасы жоғары негізгі құралдарды сатып алуды тиімді етеді.

  Негізгі құралдардың сапалық тозуының екінші себебі ғылыми- техниканың өркендеуіне байланысты жаңадан толық жетілген, өнімділігі жоғары әрі тиімді негізгі құралдардың пайда болуына байланысты. Кәсіпорындарда өнімділігі төмен негізгі құралдардың орнына, техникалық жағынан жетілдірілген тиімдімділігі жоғары негізгі құралдарды пайдалану әр уақытта тиімді болып табылады. Сондықтан да өнімділігі жоғары машиналар мен құралдардың пайда болуы және олардың бағасының арзандауы бұрынғы пайдаланылып келген негізгі құралдардың сапалық тозуына әкеліп соқтырады. Барлық ұйымдар қандай меншікте болса да (мемлекеттік,жеке меншік,акционерлік және т.б.) өздерінің негізгі құралдарының тозу дәрежесін анықтап және оны есептеп отырады. Ескертетін жағдай негізгі құралдарың ішінде мына төменде аталған активтерге тозу дәрежесі анықталмайды және де оларға амортизация есептелмейді

-жерге;

       -кітапхана қорларына;

       -фильм қорларына;

       -архитектуралық және өнер ескерткіштеріне;

       -өнімді малдарға;

       -мұражайлық құндылықтарға.

       Сонымен қатар амортизациялық аударым мынадай жағдайларда есептелмейді:

       -қайта құру,жаңарту және техникалық қайта қорландыру жұмыстары жүргізіліп      

       жатқан уақытта;

       -негізгі құралдарды уақытша тоқтатып қойған мерзімде.

    Негізгі құралдар  өндіріс үдерісінде пайдаланылған кезде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты құндарын өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған өнімдерге біртіндеп ауыстырып отырады. Бұл үдеріс «амортизация» деп аталады. Амортизация сөзі латын тілінен аударғанда «өтеу» деген мағынаны білдіреді. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп,ал өнім сатылған кезде қайтарып отырады, яғни негізгі құралдардың тозуына байланысты құнының кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады.

      Амортизациялық аударым мөлшері дегеніміз негізгі құралдардың бастапқы құнынан белгіленген пайызбен есептеліп шығарылған бір жылдық амортизациялық аударым сомасы,

       Ұйымдарда негізгі құралдағы ай бойы есептелген амортизациялық аударым сомасы ай сайын өндірілген өнімнің,атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнына қосылып отырады.

      Кәсіпорындарға жаңадан келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарға амортизациялық аударым келесі айдың басынан (бірінен) бастап есептеледі. Ал ұйымның балансынан есептен шығарылған негізгі құралдарға келесі айдың басынан (бірінен) бастап амортизациялық аударым есептеу тоқтатылады.

      Негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу мына әдістер бойынша жүргізіледі:

      1.Құнды бірқалыпты (тура жолды) есептен шығару әдісі.

2.Құнды орындалған жұмыстың, өндірілген өнімнің көлеміне тепе-тең мөлшерде есептеп шығару әдісі (өндірістік әдіс).

3.Жылдамдатып есептеншығару әдістері:

     а)қалдық құнының кему әдісі;

     ә)сандардың жиынтығы бойынша  құнын есептеп шығару (комулятивті әдіс) әдісі.

      Амортизациялық аударым есептеудің таңдап алған әдісі кәсіпорынның  есеп саясатында көрсетіліп, бір есеп беру кезеңінен екінші есеп беру кезеңіне дейін дәйекті түрде қолданады. Егер негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеудің әдісі өзгерген жағдайда осы өзгерістің   қандай себептерден болғаны айтылып көрсетілуі тиіс.  

  Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бір қалыпты есептеу әдісі, яғни объектінің құны,оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуына, оның қызмет ету  мерзімінің ұзақтығына байланысты болып келеді.

       Бұл  тәсілде амортизациялық соманы аудару үшін:

       -қызмет етудің пайдалы мерзімі. Бұл кезде пайдалануға берілген объектінің     жағдайы ескеріледі және күтіп ұстау жағдайына да байланысты болып келеді.

       -Қазақстан Республикасының салық заңдылықтарының белгіленген амортизациялық нормасының шегінде. Шаруашылық жүргізуші субъектісіндегі белгіленген нормалар, салық заңдылығының нормасынан аспауы тиіс. Мысалы, жүк автокөлігінің бастапқы құны-100 000теңге, бес жыл мерзімі өткеннен кейін оның жойылу құны 10 000теңгеге тең болады . мұндай жағдайда жыл сайынғы амортизациялау нормасы амортизациялаушы құнның 20%-ын құрайды немесе бір қалыпты тәсілге сәйкес 18 000теңге болады.

       Негізгі құралдардың амортизациясының бірқалыпты әдісі мына формула бойынша есептелінеді.

Бастапқы құн - жойылу құны = 100 000 – 10 000 = 18 000 теңге

               Пайдалану мерзімі                      5жыл

     Төменде негізгі құралдардың амортизациясын бір қалыпты әдіс бойынша есептеу жолы көрсетілген.

    Негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) бірқалыпты әдіс                               

                                        бойынша есептеу

   Мерзімі

Бастапқы    

    құны

Амортизацияның жылдық сомасы

Жинақталған тозу сомасы

  Қалдық        

     құны

Сатып алынған мерзімі:

1-ші жылдың аяғында

2-ші жылдың аяғында

3-ші жылдың аяғында

4-ші жылдың аяғында

5-ші жыл аяғында

 

 

 

    100 000

 

 

    100 000

 

 

    100 000

 

 

    100 000

 

 

    100 000

 

 

 

 

         18 000

 

 

         18 000

 

 

         18 000

 

 

         18 000

 

 

         18 000

 

 

 

 

      18 000

 

 

     36 000

 

 

      54 000

 

 

      72 000

 

 

      90 000

 

 

 

     82 000

 

 

     64 000

 

 

     46 000

 

 

     28 000

 

 

     10 000

Негізгі құралды пайдалану барысында  бір қалыпты табыс алынатын болып болжалынса ғана, бірқалыпты әдіс пайдаланылады, яғни ол объектінің пайдалылығының біртіндеп азайғанын көрсетеді.

       Амортизацияны орындалған жұмыстардың көлеміне пропорционалды түрде есептеу әдісі негізгі құралдардың тозуы тек олардың пайдалану нәтижесі болып табылады және оны есептеу процесінде уақыт кесіндісі ешқандай роль атқармайды. Жоғарыда сөз болған автокөлік белгілі бір операцияларды орындады делік, ал оның жүретін жолы 900 000 километрге есептелген. Онда әрбір километрге есептелінетін амортизациялық шығындар сомасы төмендегідей жолмен анықталады.

    Бастапқы құн - жойылу құны = (100 000-10 000):900 000к=0,10теңге

     Орындалатын жұмыстың

                  болжамды мөлшері

Егер  пайдаланудың бірінші жылында автокөлік 200 000 шақырым жол жүрсе, екінші жылы – 300 000 шақырым жол жүрсе, үшінші жылы – 100 000шақырым, төртінші жылы – 200 000 шақырым және бесінші жылы – 100 000 шақырым жол жүреді деп шамаланса-амортизация жарнасын есептеу төмендегідей жолмен есептелінеді.

  

         Негізгі құралдардың амортизациясын өндірістік тәсіл бойынша  

                                                        есептеу

 

Мерзімі

 

Бастапқы құны

 

Екі еселенген амортизацияның жылдық сомасы

Жинақталған жылдық амортизация сомасы

Айға есептелген амортизация сомасы(теңге)

Сатып алынған мерзімі:

 

1-ші жыл

 

2-ші жыл

 

3- шіжыл

 

4-ші жыл 

 

5-ші жыл  

 

 

 

 

100 000

 

100 000

 

100 000

 

100 000

 

100 000

 

 

 

 

40%x100 000=40000

 

40%x60 000   =24 000

 

40%x36 000 =144 00

 

40%x21 600 =8640

 

            2960

 

 

 

 

       40 000

 

       64 000

 

       78 400

 

       87 040

 

       90 000

 

 

 

 

        60 000

 

        36 000

 

        21 600

 

        12 960

 

        10 000

Информация о работе Негізгі құралдардың есебі» тақырыбының жоспары