Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 07:00, курсовая работа
Қандай да болмасын өнім өндіру еңбек күші мен өндіріс құралдарының бірігуі арқасында болады. Өнім өндіру ерекшеліктеріне және атқаратын функцияларына байланысты,өндіріс құралдары екі топқа бөлінеді:
еңбек заты (шикізат,материалдық ресурстар) - еңбек күшінің әсерімен бастапқы қалыптарын өзгертіп , дайын өнімге айналатын заттар;
құрал – жабдықтар – олардың қатысуымен дайын өнім өңделіп шығарылады.
Аталған құралдар мен еңбек зеттеры өндірістік қордың негізгі мазмұнын құрайды және өндірістің экономикалық
1.Бөлім. Негізгі құралдардың жіктелуі, мойындау шарттары және бағалануы.
1.1. Негізгі құралдардың жіктелуі,мойындау шарттары.
1.2. Негізгі құралдардың бағалануы.
2.Бөлім. Негізгі құралдардың есебі.
2.1.Негізгі құралдар қозғалысы.
2.2.Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозу есебі.
2.3.Негізгі құралдарды жөндеудің есебі.
2.4.Негізгі құралдардың синтетикалық және аналитикалық есебі.
2.5.Негізгі құралдарға түгендеу.
3.Бөлім. Негізгі құралдарға салынатын салықтар.
3.1 .Дивиденттерді негізгі құралдар нысанында төлеу туралы.
3.2.Жер,мүлік және көлік құралдары салықтары бойынша есепті түзету.
3.3.2009 жылғы көлік құралдарына салықты есептеу тәртібі.
Қосымшалар
Қолданылған әдебиеттің тізімі
3. Егер күрделі жөндеу туралы ақпарат расталмайтын болса, мұндай жағдайда бухгалтер жөндеуге жұмсалған шығыстарды тануға қатысты өзінің қаржылық есептілігін қайта қарауы қажет болады.
3.2.Жер, мүлік және көлік құралдары салықтар бойынша есепті
Жаңа Салық кодексінің 365-бабына сәйкес, егер осы бапта өзгеше көрсетілмесе, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері көлік құралы салығын төлеушілер болып табылады.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге жататын және есепте тұрған, тіркемелерді қоспағанда, көлік құралдары салық салу объектілері болып табылады.
Салық кодексінің 368-бабына сәйкес салық төлеуші салық салу объектілерін, әрбір көлік құралы бойынша салық ставкасын негізге ала отырып, салық кезеңі үшін салық сомасын дербес есептейді.
Көлік құралдары меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында салық кезеңінен аз уақыт болған жағдайда,салық сомасы көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында іс жүзінде болған кезең үшін салықтың жылдық сомасын он екіге бөлу және көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық құқығында немесе оралымды басқару құқығында іс жүзінде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледі.
Салық кодексінің 368-бабының 5-тармағына сәйкес иелерінен айдап әкетілген және ұрланған деп саналған көлік құралдарын тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органда көлік құралын есептен шығару кезінде көлік құралына іздеу салу кезеңінде салық төлеуден босату үшін осы негіз бойынша көлік құралын есептен шығарылғанын растайтын құжат негіз болып табылады.
Салық кодексінің 369-бабының 1-тармағына сәйкес, егер меншік құқығында,шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында 1шілдеге дейін болған көлік құралдары бойынша осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғалар бюджетке салық төлеуді салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша, ағымдағы төлемдерді енгізу арқылы салық кезеңінің 5шілдесінен кешіктірмей жүргізеді.
Жоғарыда көрсетілгендерден шығатыны, бұл кәсіпорын көлік құралдарына салық бойынша ағымдағы төлемдер есебінен 2009жылдың 5шілдесіне дейін тапсыру қажет екендігі және ол көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында салық кезеңінен аз уақыт болған жағдайда, салық сомасы көлік құралы меншік құқығында , шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында іс жүзінде болған кезең үшін салықтың жылдық сомасын он екіге бөлу және көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды санына көбейту арқылы есептелінеді.
Сонымен қатар ,кәсіпорын бюджетке салық төлеуді салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша, ағымдағы төлемдерді енгізу арқылы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірмей жүргізуі керек.
Бұл жағдайда іс жүзінде иелену мерзімі болып 2009 жылдың қаңтар айынан бастап көлік құралдарын тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарда автокөлікті көлік құралдарының тіркеу есебінен алу сәтіндегі мерзім табылады.
Салық кодексінің 396- бабына сәйкес заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін негізгі құралдар немесе жылжымайтын мүлікке инвестициялар болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағындағы ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй құрылысы, үй- жайлар, жер мен берік байланыстағы өзге де құрылыстар салық салу оюъектісі болып табылады.
Салық кодексінің 397-бабына сәйкес бухгалтерлік есептің деректері бойынша айқындалатын салық салу объектілерінің орташа жылдық баланстық құны заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің салық салу объектілері бойынша салық базасы болып табылады.
Салық салу объектілерінің орташа жылдық баланстық құны ағымдағы салық кезеңінің әр айының бірінші күні мен есепті кезеңнен кейінгі кезең айының бірінші күніндегі салық салу объектілерінің баланстық құнын қосу кезінде алынған соманың он үштен бірі ретінде айқындалады. Салық төлеушілер салықты есептеуді салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргізеді.
Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық кезеңі ішінде мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуге міндетті, олар салық кезеңінің басындағы бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша айқындалған салық салу объектілерінің баланстық құнына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы айқындалады.Бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
Салық кодексінің 399-бабының 5-тармағына сәйкес салықтың ағымдағы төлемдерінің сомасын, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеуші салық кезеңіндегі 25ақпаннан, 25 мамырдан, 25 тамыздан және 25 қарашадан кешіктірмей тең үлестермен енгізеді. Салық кодексінің 399-бабының 6-тармағында анықталғандай, салық кезеңі ішінде салық салу объектілері шығып қалған жағдайда, мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық салу объектілері шығып қалған айдан бастап салық кезеңі айларының санына көбейтілген, салық кезеңінің басына бухгалтерлік есеп деректері бойынша айқындалған, шығып қалған салық салу объектілерінің бастапқы құнының 1/13-іне салық ставкасын қолдану жолымен айқындалатын сомаға азайтылады. Ағымдағы төлемдер азайтылуға жататын сома ағымдағы төлемдерді төлеудің қалған мерзімдеріне тең үлестермен бөлінеді.
Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлушілер салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын және декларацияны табыс етуге міндетті.
Салық кодексінің 402-бабының 2-тармағына сәйкес мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабы есепті салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірілмей табыс етіледі. Салық кодексінің 402- бабының 3-тармағына сәйкес салық кезеңі ішінде мүлік салығы бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде, ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы салық салу объектілері бойынша 1 ақпандағы,1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиісінше ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешіктірмей табыс етіледі.
Салық кодексінің 394-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар мүлік салығын төлеушілер болып табылады.
Сонымен қатар есепте мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық салу объектілері шығып қалған айдан бастап салық кезеңінің соңына дейінгі ағымдағы салық кезеңі айларының санына көбейтілген, салық кезеңінің басына бухгалтерлік есеп деректері бойынша айқындалған, шығып қалған салық салу объектілерінің бастапқы құнының 1/13- іне салық ставкасын қолдану жолымен айқындалатын сомаға азайтылады. Ағымдағы төлемдер азайтылуға жататын сома ағымдағы төлемдерді төлеудің қалған мерзімдеріне тең үлестермен бөлінеді.
3.3.2009 жылғы көлік құралдарына салықты есептеу тәртібі
Қазақстан Республмкасының 10.12.2008 жылғы №100- IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 365-бабына сәйкес:
1.Егер осы бапта өзгеше көрсетілмесе, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері көлік құралы салығын төлеушілер болып табылады.
2.Лизинг алушы қаржы лизингі шарты бойынша берілген салық салу объектілері бойынша көлік құралы салығын төлеуші болып табылады.
3.Мыналар:
1) жалпы меншік құқығында, меншік құқығында өзінің мүшелеріне тиесілі және өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланылатын мынадай көлік құралдары бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер:
двигателінің көлемі 2500 текше см.дейінгіні қоса алғанда, бір жеңіл автомобиль;
двигателінің жиынтық қуаты 1000 га егістікке 1000 кВт мөлшеріндегі жүк автомобильдері;
2)өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде пайдаланылатын мынадай мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер:
сүт немесе ауыл шаруашылығы мақсаттарына су тасымалдауға арналған автомобиль-цистерналар;
ветеринария қызметінің автомобильдері;
автозообиологиялық зертханалар;
автожемтасығыштар;
автотиеушілер;
дән сепкіштерге автоқұйғыштар;
тыңайтқыш енгізуге арналған автомашиналар;
ұшақтарға минералдық тыңайтқыштарды және улы химикаттарды автотиеуіштер;
тең штамбельдерін автотасымалдауыштар;
автоулыжемшашқыш;
пәлекжинағыш машиналар;
а/ш АН-2 әуе кемесі;
өздігінен жүретін дестелегіштер;
астық жинағыш комбайндар;
доңғалақты тракторлар,өздігінен жүретін шассилер және оңтайлы энергетикалық құралдар;
мал азығын жинағыш комбайндар;
ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі автомобиль-шеберханалар;
өздігінен жүретін шөп шапқыштар;
майлағыштар;
жинағыш комбайндар;
3) мемлекеттік мекемелер;
4) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар, соларға теңестірілетін адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұоынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кемінде алты ай жұмыс істеген және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызмет үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
5) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша- меншігінде мотоколяскалары мен авомобильдері бар мүгедектер;
6) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша-Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қаһарманы» атағына ие болған, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
7) ауыл шаруашылығы құрылымынан шығу нәтижесінде пай ретінде алынған, пайдалану мерзімі жеті жылдан асқан жүк автомобильдері бойынша жеке тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылмайды.
366- бапқа сәйкес:
1.Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге жататын және есепте тұрған, тіркемелерді қоспағанда, көлік құралдары салық салу объектілері болып табылады.
2.Мыналар:
жүк көтергіштігі тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар;
мамандарылған медициналық көлік құралдары салық салу объектілері болып табылмайды.
367-бап. Салық ставкалары
1.Салықты есептеу айлық есепті көрсеткіштермен белгіленген мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі:
Рет № | Салық салу объектісі | Салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | | 3 |
1. | Двигателінің көлемі мынадай жеңіл автомобильдер (текше см): 1100-ге дейін қоса алғанда 1100-ден жоғары 1500-ді қоса алғанда 1500-ден жоғары 2000-ды қоса алғанда 2000-нан жоғары 2500-ді қоса алғанда 2500-ден жоғары 3000-ды қоса алғанда 3000-нан жоғары 4000-ды қоса алғанда 4000-нан жоғары |
1 2 3 5 8 15 117 |
2. | Жүк көтергіштігі мынадай жүк таситын арнаулы автомобильдер (тіркемелерді есептемегенде): 1 тоннаға дейін қоса алғанда 1 тоннадан жоғары- 1,5 тоннаны қоса алғанда 1,5 тоннадан жоғары - 5 тоннаны қоса алғанда 5 тоннадан жоғары |
3 5 7 9
|
3. | Шынжыр табанды машиналар мен механизмдерді қоспағанда, өздігінен жүретін машиналар мен пневматикалық жүрістегі механизмдер |
3 |
4. | Автобустар: отыратын 12 орынға дейін қоса алғанда отыратын 12- ден жоғары-25 орынды қоса алғанда отыратын 25 орыннан жоғары |
9 14 20 |
5. | Мотоциклдер,мотороллерлер, Двигателінің қуаты 55 кВт- дан жоғары мотоциклдер |
1 10 |
6. | Катерлер,кемелер,буксирлер, 160- қа дейін қоса алғанда 160-тан жоғары 500- ді қоса алғанда 500-ден жоғары 1000-ді қоса алғанда 1000-нан жоғары |
6 18 32 55 |
7. | Ұшу аппараттары | Әрбір киловатт қуаттан айлық есептік көрсеткіштің 4% |
Информация о работе Негізгі құралдардың есебі» тақырыбының жоспары