Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 07:00, курсовая работа
Қандай да болмасын өнім өндіру еңбек күші мен өндіріс құралдарының бірігуі арқасында болады. Өнім өндіру ерекшеліктеріне және атқаратын функцияларына байланысты,өндіріс құралдары екі топқа бөлінеді:
еңбек заты (шикізат,материалдық ресурстар) - еңбек күшінің әсерімен бастапқы қалыптарын өзгертіп , дайын өнімге айналатын заттар;
құрал – жабдықтар – олардың қатысуымен дайын өнім өңделіп шығарылады.
Аталған құралдар мен еңбек зеттеры өндірістік қордың негізгі мазмұнын құрайды және өндірістің экономикалық
1.Бөлім. Негізгі құралдардың жіктелуі, мойындау шарттары және бағалануы.
1.1. Негізгі құралдардың жіктелуі,мойындау шарттары.
1.2. Негізгі құралдардың бағалануы.
2.Бөлім. Негізгі құралдардың есебі.
2.1.Негізгі құралдар қозғалысы.
2.2.Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозу есебі.
2.3.Негізгі құралдарды жөндеудің есебі.
2.4.Негізгі құралдардың синтетикалық және аналитикалық есебі.
2.5.Негізгі құралдарға түгендеу.
3.Бөлім. Негізгі құралдарға салынатын салықтар.
3.1 .Дивиденттерді негізгі құралдар нысанында төлеу туралы.
3.2.Жер,мүлік және көлік құралдары салықтары бойынша есепті түзету.
3.3.2009 жылғы көлік құралдарына салықты есептеу тәртібі.
Қосымшалар
Қолданылған әдебиеттің тізімі
Негізгі құрал объектілерін өтеусіз беру туралы шешім шаруашылық жүргізуші объектіге қатысушылардың жалпы жиналысында қабылданады.
Салынып біткен,яғни аяқталған құрылыстар үшін ол объектілерді қабылдап алуға тағайындалған комиссия алдымен оларды іске қосу-қабылдау актісін толтырады. Қабылдау актісі бухгалтерлік алғашқы құжат болып саналады. Бұл актіде мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:
-объектінің аты;
-oбъектіні қабылдап алушы мен тапсырушы ұйымның аты;
-салынып біткен құрылыстың қабылданған кездегі жағдайы;
-құрылыстың салынып біткен уақыты;
-амортизациялық аударым мөлшері;
-бастапқы құны;
-басқа да шартты белгілері.
Негізгі құралдардың салынып біткен аса ірі объектілеріне ұйымдағы бас механикалық бөлім төлқұжат толтырады. Негізгі құралдарға төлқұжат толтыру олардың есебін дұрыс ұйымдастырудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Негізгі құралдарға толтырылатын төлқұжаттарда олардың пайдалануға берілген уақыты, техникалық сипаттамасы (көлемі, материалдық өзгешелігі, тозу мөлшері,істен шығарылу себебі) және тағыда басқа мәліметтер жазылады. Осы төлқұжаттардың негізінде ұйымдар әрдайым өздеріндегі негізгі құралдарға түгендеу жүргізіп және олардың іске жарамдылығын тексеріп отырады.
Негізгі құралдарға толтырылған қабылдау –тапсыру актісі кейіннен бұйымның бухгалтериясына тапсырылуы тиіс. Актімен бірге объектінің техникалық төлқұжаттары да беріледі. Бухгалтерия бұл құжаттардың негізінде тиісті түгендеу карточкалармен негізгі құралдарды есептейтін кітапшалардың тиістілерін толтырып, кейіннен бұл құжаттар кәсіпорынның тиісті бөлімдеріне табыс етіледі. Актіні ұйымның басшысы бекітеді. Кәсіпорындағы бұрын салынған үйлер мен ғимараттарға, орнатылған жабдықтарға жалғастырылып салынған немесе олардың бастапқы құнын өсіретін қосымша салынған құрылыстар, орындалған жұмыстар қабылдау актісі бойынша негізгі құралдардың құрамына өзіндік құны бойынша қосылады.
2.5. Негізгі құралдарды түгендеу
Негізгі құралдарды түгендеу олардың сақталуын бақылау мен нақты бар екендігін анықтау мақсатымен №16 «Негізгі құралдардың есебі» бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес жүргізіледі.
Бухгалтерлік есеп пен есеп беру тәртібі бойынша барлық кәсіпорындар бухгалтерлік есеп мәліметтерінің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ ұйымдағы негізгі құралдардың нақтылы бар-жоқтығын бақылау мақсатында жылына бір рет өзінің мүліктеріне түгендеу жұмысын жүргізіп тұрулары қажет. Ұйымдарда негізгі құралдарды түгенде жылдық қорытынды есеп беретін уақыт алдында қараша айының бірінен кейін жүргізілуі керек. Үйлерді, ғимараттарды және тағыда басқа жылжымайтын мүліктерді екі жылда бір рет, ал кітапхана қорларын бес жылда бір рет түгендеуге болады.
Негізгі құралдарды жоғарыда көрсетіліп жазылған мерзімдерден бұрын, яғни жиі түгендеу мынадай жағдайларда жүргізіледі:
-негізгі құралдарға жауапты адам қызметінен ауысқанда;
-негізгі құралдар ұрланған, жоғалған жағдайда;
-өрт немесе басқа да кенеттен болған табиғи апат жағдайларына байланысты;
-ұйым бір бағынышты органнан екінші орган қарамағына ауыстырылғанда және тағы да басқа жағдайларда.
Кәсіпорындарда негізгі құралдарға түгендеу жұмысын жүргізу үшін тағайындалған комиссия жұмыс жүргізуден бұрын мыналарды толық тексеріп алулары қажет:
-түгендеу карточкалардың, түгендеу кітапшалардың, түгендеу тізімнің түгелдігін және олардың жағдайын немесе жоқтығын;
-негізгі құралдардың төлқұжаттарының немесе техникалық құжаттарының түгелдігін және олардың жағдайын немесе жоқтығын;
-жалға алынған немесе жалға берілген, уақытша пайдалануға және сақтауға
берілген, сондай-ақ уақытша сақтауға алынған негізгі құралдардың тиісті
құжаттарының түгелдігін немесе жоқтығын.
Егер ондай тиісті құжаттар болмаған жағдайда негізгі құралдарға жауапты адамдардың ондай құжаттарды табуын талап ету қажет. Егер бухгалтерлік есептің тіркелімдерінде немесе техникалық құжаттарда қателіктер жіберілген болса, онда ол қателіктерді анықтап, құжаттарға тиісті өзгерістерді енгізу керек. Негізгі құралдарға түгендеу жүргізу барысында комиссия міндетті түрде объектілерді мұқият қарап шығып, түгендеу тізіміне олардың толық атын, қандай жұмысқа арналғандығын, инвентарлық нөмірі мен негізгі техникалық көрсеткішін, бастапқы құны мен тозу құнын және тағы да басқа керекті мәліметтерді енгізіп жазулары керек. Түгендеу барысында кәсіпорынның балансында бұрын есепке алынбаған, сондай-ақ есеп тіркелімдерінде сипаттайтын мәліметтері дұрыс көрсетілмеген немесе тіпті көрсетілмеген негізгі құралдар табылған жағдайда түгендеу тізіміне олар жайлы жетіспейтін мәліметтер дұрыс және толықтырылып жазылуы керек. Бұрын есепке алынбаған объектілері ағымдағы баға бойынша, ал олардың тозу құны ол негізгі құралдың сол күнгі техникалық жағдайына қарап анықталып, субъектінің балансына кіріске алынады. Бұл объектіге қойылған нарықтық бағасы мен тозу құны тиісті түгендеу актісінде көрсетілуі қажет. Егер құрылыстың, үйдің, ғимараттың жарым жартылай бұзылуы немесе оларға қосымша істелген күрделі жұмыстар түгендеуге дейін есепке алынбаған жағдайда комиссия тиісті құжаттар бойынша объектінің бастапқы құнының өсуінің немесе кемуінің нақты сомасын анықтап, оларды түгендеу тізіміне енгізуі керек. Сонымен қатар комиссия бұл қосымша жұмсалған қаржыны немесе қосымша шығынның есеп тіркелімдеріне жазылмай қалуына кінәлі адамдарды анықтауы керек.
Кәсіпорындарда негізгі құралдарға түгендеу жұмысы жүргізілетін уақытта басқа жақта болатын объектілерге басқа жаққа жібермей тұрып, алдын ала тексеріп, түгендеу тізіміне енгізу керек. Машиналар мен жабдықтар және күш беру қондырғылары түгендеу тізіміне түгендеу нөмірі және зауыттық нөмірі тағыда да басқа көрсеткіштері көрсетіліп тіркеледі.
Біртектес, құндары бірдей, бір уақытта кәсіпорынға келіп кіріске алынған шаруашылық құралдарының аттарымен қатар сандары да жазылады. Пайдалануға жарамайтын, жөндеуге, бұрынғы қалпына келтіруге келмейтін негізгі құралдар түгендеу тізіміне енгізілмейді. Ондай негізгі құралдарға пайдаланылған уақыты мен тозуының себептері жазылып, бөлек акт жасалады. Ұйымның меншігіндегі негізгі құралдармен қатар жалға алынған негізгі құралдарына да түгендеу жүргізіледі. Бұл объектілерге түгендеу жүргізу жалға алғандағы тізімі бойынша жүргізіліп, тізімге негізгі құралдарды жалға берген субъектінің аты, жалдық мерзімі көрсетіліп жазылады. Түгендеу тізімінің бір данасы негізгі құралдарды жалға берген заңды тұлғаға, яғни негізгі құралдың иесіне жіберіледі. Кәсіпорынның бухгалтериясы негізгі құралдарға түгендеу жүргізудің нәтижесін анықтау үшін салыстыру тізімдемесін жасайды. Мұндай тізімдеме түгендеу барысында анықталған кәсіпорынның бухгалтерлік есеп мәліметтері мен ақпараттарына сәйкес келмейтін бұрын есепке алынбаған, яғни артық шыққан немесе кем шыққан негізгі құралдарға жасалады. Түгендеу жүргізу комссиясы өз жұмысының соңында қорытынды жасап, өз шешімін шығарады. Бұл шешімді кәсіпорынның басшысы бекітуі керек.
1.Түгендеу нәтижесінде негізгі құралдардың жауапты тұлғаның кінәсінен болған жетіспеушілік анықталса:
Дт
1280,1250 2410
2. Жауапты тұлға материалдық зиянның орнын толтырса:
Дт
1060
3.Материалды зиян материалға жауапты тұлғаның еңбек ақысынан ұсталды:
Дт
3350
4.Түгендеудің нәтижесінде негізгі құралдардың жетіспеушілігі анықталды,бірақ
оған жауапты тұлға табылды:
Дт
7470,7210
5.Түгендеу нәтижесінде бұрын есепке алынбаған негізгі құралдар анықталды:
Дт
2410
6. Негізгі құралдар қайта бағаланды:
Дт
2410
7.Қайта бағаланған негізгі құралдардың тозуына түзету жүргізілді:
Дт
5420
3.Бөлім. Негізгі құралдарға салынатын салықтар.
3.1.Дивидендтерді негізгі құралдар нысанында төлеу туралы
Жыл қорытындысы бойынша компания құрылтайшылары дивидендтердің төленуін кәсіпорында бар белгілі бір НҚ түрінде алу ниетін білдірді.
ХҚЕС тұрғысынан ұсынылған жағдайды қарастыратын болсақ бухгалтер есепте активтерді сатуды-дебиторлық берешекті есептеумен негізгі құралдарды және бөлек дивидентер бойынша міндеттемелерді есептеуді бөлек көрсетті.
Бұдан әрі бухгалтер өзара талаптарды есептеуді жүзеге асырды. 18- «Түсім» ХҚЕС сәйкес негізгі құралдарды сату кезінде сатудан түскен ақша алынған немесе күтіліп отырған қарсы ұсыныстың әділ құны бойынша бағалануы тиіс.
Бухгалтер дивидендтерді төлеу шотына негізгі құралдарды беру кезінде есептелген табысты және ҚҚС-ын дұрыс көрсетті. Негізгі құралдарды есептен шығарып тастаған кезде бухгалтер баланстық құнды – 100 000 теңгені жиналған амортизация құн сомасына азайтты. Бірақ 16-«Негізгі құралдар» ХҚЕС-на сәйкес баланстық құн-кез келген жиналған амортизация және құнсызданудан болған жиналған залалды шегергеннен кейінгі актив танылған сома.
Тиісінше, негізгі құралдардың қалдық құнын есептен шығарып тастау бойынша жазбада бухгалтер 75 000 теңгені емес,100 000 теңгені көрсетуі тиіс еді. Дивиденттер бойынша міндеттемелерді есептеген кезде бухгалтер өткен жылдардың бөлінбеген табыс сомасын азайтты, бұл қаржы есептілігіне әсер етпейді.
Бухгалтер кәсіпорынның есебінде оны мынадай түрде көрсетті:
Дебет | Кредит | Сомасы | Операция мазмұны |
1210 | 6010 | 75 000,00 | НҚ сатудан түскен табыс табыс танылды |
1210 | 3130 | 9 750, 00 | ҚҚС есептелді |
7410 | 2410 | 75 000,00 | НҚ қалдық құны есептен шығарылды |
2420 | 2410 | 25 000,00 | НҚ жинақталған амортизация есептен шығарылды |
3030 | 1210 | 84 750,00 | Сату дивидендтердің ақы төлеу шотына жабылды |
3030 | 3120 | 4 237,50 | Берілген дивидендтерге НҚ түрінде ЖТС есептелді |
5520 | 3030 | 88 987,50 | Өткен жылдың бөлінбеген табысы дивидендтер сомасына және ЖТС азайтылды |
3130 | 1030 | 9 750,00 | ҚҚС сомасы бюджетке төленді |
Көрсетілген жағдайда салық тәуекелдері жоқ.
Дивидендтер көлемін бекіту қатысушылардың жалпы жиналысының айырықша құзыретіне жатқызылады. Бұл жағдайда, егер қатысушылар баланстық құн бойынша негізгі құралдар түрінде дивидендтерді бөлу туралы шешім қабылданса, онда негізгі құралдарды сатудан түскен табыс 75 000теңге емес, 100 000 теңгені құрауға тиіс.
Табыстарды давидендтер түрінде төлеу қатысушыларға- жеке тұлғаларға 5% ставкасы бойынша жеке табыс салығы салынды. Дивидендтер қатысушыларға – заңды тұлғаларға төленген жағдай болса, онда осындай табысқа төлем көзінен салық салынбайды. Бұл жоғарыда аталған жағдайда жеке табыс салығын ұстап қалу бойынша жасалған жазбалар, барлық қатысушы жеке тұлға болып есептелген жағдайда дұрыс екенін көрсетеді.
Қатысушыларға құрылтайшылар жиналысының шешімі бойынша жеке тұлғаларға төленуі тиіс дивидендтер сомасы- 88 987 теңгені құрайды. Дивидендтерді төлеу негізгі құралдар нысанында жүргізіледі.
Негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалған шығыстарды көрсетудің дұрыстығын айқындау үшін ҚР салық кодексінің «Жөндеуге жұмсалған шығыстар бойынша шегерімдер» деп аталатын 113-бабына сүйену қажет. Жөндеуге не құнды өсіруге жұмсалған шығындарға жатқызудың дұрыстығы туралы бухгалтердің кәсіби пайымдауын ғана емес, сонымен қатар техникалық мамандардың білімдерін де пайдалану керек, өйткені жоғарыда көрсетілген баптың 2-тармағына сәйкес техникалық құжаттың болуы және тиісінше жүргізілген жөндеу техникалық жағынан қабылдануы қажет.
Осы жағдайда ҚР Салық кодексі 113-бабының 2 және 2-1- баптарының талаптары бұзылған. Осындай жіберілген қателіктер үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің «Табыстарды, шығыстарды және салық салу объектілерін есепке алу ережелерінің бұзылуы» деп аталатын 208- бабына сәйкес мынадай түрде жауапкершілік көзделеді:
Лауазымды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге-жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Шағын немесе орташа кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға немесе коммерциялық емес ұйымдарға- бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға есепке алынбаған тауарлар құнының он проценті мөлшерінде айыппұл салынады.
Дұрысы
1. Техникалық құжаттаманың болуын және осы жөндеудің қабылдануын айқындап алған жөн: осындай жөндеу болды ма немесе шындығына келгенде жүргізілген жұмыстар негізгі құралдардың қызмет ету мерзімін ұзарту және өндірістік қуаттылығын арттыру мақсатында жүзеге асырылған ба;
2. Осы жұмыстардың күрделі жөндеу жүргізу сипатында болғанын таныған жағдайда, кәсіпорынның бухгалтері салық міндеттемесі бойынша шағым беру уақытынан аспайтын мерзімде, бірақ кез келген жағдайда салық тексеруі басталғанға дейін салық кезеңінде жөндеу мен амортизацияға жұмсаған өз шығындарын сонымен қатар қайта есептей отырып,100 000-нысан бойынша толықтыру декларациясын өткізуі қажет.
Информация о работе Негізгі құралдардың есебі» тақырыбының жоспары