Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 07:00, курсовая работа
Қандай да болмасын өнім өндіру еңбек күші мен өндіріс құралдарының бірігуі арқасында болады. Өнім өндіру ерекшеліктеріне және атқаратын функцияларына байланысты,өндіріс құралдары екі топқа бөлінеді:
еңбек заты (шикізат,материалдық ресурстар) - еңбек күшінің әсерімен бастапқы қалыптарын өзгертіп , дайын өнімге айналатын заттар;
құрал – жабдықтар – олардың қатысуымен дайын өнім өңделіп шығарылады.
Аталған құралдар мен еңбек зеттеры өндірістік қордың негізгі мазмұнын құрайды және өндірістің экономикалық
1.Бөлім. Негізгі құралдардың жіктелуі, мойындау шарттары және бағалануы.
1.1. Негізгі құралдардың жіктелуі,мойындау шарттары.
1.2. Негізгі құралдардың бағалануы.
2.Бөлім. Негізгі құралдардың есебі.
2.1.Негізгі құралдар қозғалысы.
2.2.Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозу есебі.
2.3.Негізгі құралдарды жөндеудің есебі.
2.4.Негізгі құралдардың синтетикалық және аналитикалық есебі.
2.5.Негізгі құралдарға түгендеу.
3.Бөлім. Негізгі құралдарға салынатын салықтар.
3.1 .Дивиденттерді негізгі құралдар нысанында төлеу туралы.
3.2.Жер,мүлік және көлік құралдары салықтары бойынша есепті түзету.
3.3.2009 жылғы көлік құралдарына салықты есептеу тәртібі.
Қосымшалар
Қолданылған әдебиеттің тізімі
Жеңіл автомобильдердің үш айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша:
салық салынатын двигателінің көлемі 1500-ден жоғары -2000 текше сантиметрді қоса алғандағы, бес айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша;
салық салынатын 2000- нан жоғары-2500 текше сантиметрді қоса алғандағы, сегіз айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша;
салық салынатын 2500- ден жоғары -3000 текше сантиметрді қоса алғандағы және он бес айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша;
салық салынатын двигателінің көлемі 3000- нан жоғары-4000 текше сантиметрді қоса алғандағы көлемде болған кезде салық сомасы двигательдің аталған көлемінен асып түскен әрбір бірлік үшін теңгеге ұлғайтылады;
Пайдалану мерзіміне қарай ұшу аппараттарының салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:
1999 жылғы 1 сәуірден кейін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алынған ұшу аппараттарына:
Пайдалану мерзімі 5 жылдан жоғары - 15 жылды қоса алғанда – 2,0
Пайдалану мерзімі 15 жылдан жоғары - 3,0
1999 жылғы 1 сәуірге дейін сатып алынған, сонымен қатар 1999 жылғы 1сәуірден кейін сатып алынған және Қазақстан Республикасында 1999 жылғы 1 сәуірге дейін пайдалануда болған ұшу аппараттарына:
Пайдалану мерзімі 5 жылдан жоғары -15 қоса алғанда -0,5;
Пайдалану мерзімі 15 жылдан жоғары – 0,3;
Көлік құралының пайдаланылу мерзімі көлік құралдарының паспортында көрсетілген көлік құралы шығарылған жыл негізге алына отырып есептелінеді.
Салық кодексінің 367-бабының 1 және 2-тармақтарының 1-тармақшасына сәкес салықты есептеу жеңіл автомобильдердің двигателінің көлеміне байланысты бекітілген келесі ставкалар бойынша жүргізіледі:
1500- ден жоғары 2000 текше см қоса алғанда, 3 айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын (бұдан ары – АЕК);
2000-нан жоғары 2500 текше см қоса алғанда, 5 айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын;
2500-ден жоғары 3000 текше см қоса алғанда, 8 айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын;
3000- нан жоғары 4000 текше см қоса алғанда,15 айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын.
Сонымен қатар салық сомасы двигательдің аталған көлемінен асып түскен әрбір бірлік үшін теңгеге ұлғайтылды:
1.Көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында салық кезеңінен аз уақыт болған жағдайда, салық сомасы көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында іс жүзінде болған кезең үшін салықтың жылдық сомасын он екіге бөлу және көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды санына көбейту арқылы есептеледі.
2.Салық кезеңі ішінде дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар өз қызметінде пайдаланатын салық салу объектілеріне меншік құқығын, сондай-ақ заңды тұлғалар салық салу объектілеріне меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқықтарын берген кезде,егер осы бапта өзгеше көзделмесе , салық сомасы мынадай тәртіппен есептеледі:
1)Беруші тарап үшін:
Салық кезеңінің басында қолда бар көлік құралдары бойынша салық сомасы салық кезеңінің басынан бастап көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептеледі;
Салық кезеңінің ішінде сатып алынған көлік құралдары бойынша салық сомасы көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бірінші күнінен бастап көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептеледі;
2)Алушы тарап үшін- салық сомасы көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бірінші күнінен бастап, салық кезеңінің соңына дейін немесе алушы тарап одан кейін аталған көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезеңге есептеледі.
3.Салық кезеңі ішінде дара кәсіпкелерге, жекеше нотариустар, адвокаттар болып табылмайытын жеке тұлғалар салық салу объектілеріне меншік құқығын берген кезде салық сомасы мынадай тәртіппен есептіледі:
1)Көлік құралына меншік құқығын дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғаларға берген кезде салықтың жылдық сомасын тараптардың біреуі есептеп,бюджетке енгізеді;
2)Көлік құралына меншік құқығын дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға,адвокаттарға, заңды тұлғаларға берген кезде бюджетке төленуге жататын салық сомасын есептеу осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
4. Сатып алу кезінде Қазақстан Республикасында есепте тұрмаған көлік құралын сатып алған кезде салық сомасы көлік құралына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың бірінші күнінен бастап салық кезеңінің соңына дейінгі кезең үшін есептеледі.
5. Иелерінен айдап әкетілген және ұрланған деп саналған көлік құралдарын тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органда көлік құралын есептен шығару кезінде көлік құралына іздеу салу кезеңінде салық төлеуден босату үшін осы негіз бойынша көлік құралын есептен шығарылғанын растайтын құжат негіз болып табылады.
Салық міндеттемесін орындау іздеу салынған көлік құралының иесіне қайтарылған кезден бастап, осы Кодекстің 51-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
369-бап. Салықты төлеу мерзімі
1. Егер меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында 1шілдеге дейін болған көлік құралдары бойынша осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғалар бюджетке салық төлеуді салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша, ағымдағы төлемдерді енгізу арқылы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірмей жүргізеді.
2.Сатып алу кезінде Қазақстан Республикасында есепте тұрған көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңінің 1шілдесінен кейін алған жағдайда, заңды тұлғалар салық кезеңі үшін декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей көрсетілген көлік құралы бойынша салық төлеуді жүргізеді.
3.Жеке тұлғалар меншік құқығында 1 қазанға дейін болған көлік құралдары бойынша бюджетке салық төлеуді салу объектілерінің тіркелген жері бойынша салық кезеңінің 1 қазанынан кешіктірмей жүргізеді.
4. Осы кодекстің 368-бабының 4-тармағында көрсетілген көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңінің 1 қазанынан кейін алған жағдайда, бюджетке салық төлеу көлік құралын тіркеуге дейін немесе тіркеу кезінде жүргізіледі.
5.Көлік құралының меншік иесі атынан меншікті сенімгерлік басқару құқығымен көлік құралдарына салық төлеуі көлік құралы меншік иесінің осы салық кезеңі үшін салық міндеттемесін орындауы болып табылады.
370-бап. Салық кезеңі
Көлік құралдары салығын есептеу мен төлеуге арналған салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.
371-бап. Салық есептілігі
Төлеушілер – заңды тұлғалар көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп- қисабын ағымдағы салық кезеңінің 5шілдесінен кешіктірмей, сонымен қатар декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша салық органдарына табыс етеді.
Қазақстан Республикасының 04.12.2008 жылғы № 96- IV «2009-2011 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы» Заңының Қазақстан Республикасының 10.12.2008.жылғы № 100-IV « Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің
2009 жылға арналған жеңіл автомобиль көлік құралдарына
Салық салу объектісі | Айлық есептік көрсеткіш | Салық ставкасы | Бастапқы мәліметтер (теңгемен) | Көлемнен асып түскен әрбір бірлік үшін 7 теңгеге ұлғаю | Салық ставкасы (теңгемен) | |
асып кету | Сомасы | |||||
1.Жеңіл автомобильдер |
|
|
|
|
|
|
1100-ге дейін қоса Алғанда | 1273 | 1 | 1273 | 0 | 0 | 1273 |
1100-ден жоғары 1500-ді қоса алғанда | 1273 | 2 | 2546 | 0 | 0 | 2546 |
1500-ден жоғары 2000-ды қоса алғанда |
|
|
|
|
|
|
1501 | 1273 | 3 | 3819 | 1 | 7 | 3826 |
1600 | 1273 | 3 | 3819 | 100 | 700 | 4519 |
1700 | 1273 | 3 | 3819 | 200 | 1400 | 5219 |
1800 | 1273 | 3 | 3819 | 300 | 2100 | 5919 |
1900 | 1273 | 3 | 3819 | 400 | 2800 | 5519 |
2000 | 1273 | 3 | 3819 | 500 | 3500 | 7319 |
2000-нан жоғары 2500-ді қоса алғанда |
|
|
|
|
|
|
2001 | 1273 | 5 | 6365 | 1 | 7 | 6372 |
2100 | 1273 | 5 | 6365 | 100 | 700 | 7065 |
2200 | 1273 | 5 | 6365 | 200 | 1400 | 7765 |
2300 | 1273 | 5 | 6365 | 300 | 2100 | 8465 |
2400 | 1273 | 5 | 6365 | 400 | 2800 | 9165 |
2500 | 1273 | 5 | 6365 | 500 | 3500 | 9865 |
2500-ден жоғары 3000-ды қоса алғанда |
|
|
|
|
|
|
2501 | 1273 | 8 | 10184 | 1 | 7 | 10191 |
2600 | 1273 | 8 | 10184 | 100 | 700 | 10884 |
2700 | 1273 | 8 | 10184 | 200 | 1400 | 11584 |
2800 | 1273 | 8 | 10184 | 300 | 2100 | 12284 |
2900 | 1273 | 8 | 10184 | 400 | 2800 | 12984 |
3000 | 1273 | 8 | 10184 | 500 | 3500 | 13684 |
3000-нан жоғары 4000-ды қоса алғанда |
|
|
|
|
|
|
3001 | 1273 | 15 | 19095 | 1 | 7 | 19102 |
3100 | 1273 | 15 | 19095 | 100 | 700 | 19795 |
3200 | 1273 | 15 | 19095 | 200 | 1400 | 20495 |
3300 | 1273 | 15 | 19095 | 300 | 2100 | 21195 |
3400 | 1273 | 15 | 19095 | 400 | 2800 | 21895 |
3500 | 1273 | 15 | 19095 | 500 | 3500 | 22595 |
3600 | 1273 | 15 | 19095 | 600 | 4200 | 23295 |
3700 | 1273 | 15 | 19095 | 700 | 4900 | 23995 |
3800 | 1273 | 15 | 19095 | 800 | 5600 | 24695 |
3900 | 1273 | 15 | 19095 | 900 | 6300 | 25395 |
4000 | 1273 | 15 | 19095 | 1000 | 7000 | 26093 |
|
|
|
|
|
|
|
4000-нан жоғары | 1273 | 117 | 148941 | 0 | 0 | 148941 |
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 367- бабына сәйкес 01.01.2009жылдан бастап
2009 жылға арналған жүк таситын автомобиль көлік құралдарына
Cалық салу объектісі | Айлық есептік көрсеткіш | Салық мөлшері | Салық сомасы |
2.Жүк таситын автомобильдер |
|
|
|
1 тоннаға дейін қоса алғанда | 1273 | 3 | 3819 |
1 тоннадан жоғары-1,5 тоннаны қоса алғанда | 1273 | 5 | 6365 |
1,5 тоннадан жоғары-5 тоннаны қоса алғанда | 1273 | 7 | 8911 |
5 тоннадан жоғары | 1273 | 9 | 11 457 |
Сонымен қорыта айтатын болсақ, субъектідегі негізгі құралдар есебі ХҚЕС №16 «Негізгі құралдар есебі» стандартына сәйкес ұйымдастырылады. Бұл стандарт меншік , шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығымен субъектіге қарайтын негізгі құралдар есебінің әдістемесін айқындайды. Негізгі құралдар 2410 шотта есепке алынады.
Негізгі құралдар олар ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық заттық құндылықтар (ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар,көлік құралдары, өндірістік және шаруашылық мүлік) және өнім беретін мал және басқалар.
Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды қайта сатуға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субъект балансында көрініс табады.
Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында пайдаланылады, олар бірте-бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте-бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады.
Негізгі құралдар көптеген құралдар бойына пайдаланатын қасиетімен нысанын сақтай отырып, жанама түрде тозады. Өзінің жолдан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.
Айналым құралдары бір ғана өндірістік процесте тұтынылады. Өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге толықтай қосады. Негізі құралдар ғылыми негізделген жіктемесі алға қойған мақсатқа жету үшін маңызды шарт болып табылады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны - ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан, сондай- ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген шығындардың жиынтығынан тұрады.Бухгалтерлік шоттарда есептелген негізгі құралдардың бастапқы құндары тек мына жағдайларда ғана есептіледі:
а)негізгі құралдардың пайдалы қызмет атқаратын мерзімін ұзартатындай немесе қысқартатындай оның жалпы жағдайына әсер ететіндей қосымша күрделі қаржы жұмсалғанда немесе ішінара бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде;
ә)ҚР Үкіметінің шешімдері бойынша негізгі құралдарды қайта бағалағанда.
Информация о работе Негізгі құралдардың есебі» тақырыбының жоспары