Аудит пәнінен бағдарлама

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 11:06, реферат

Краткое описание

Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сонымен қатар өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылымдардың бірі. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық жағдайын, ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны қажет етушілерге жеткізіп отыратын жүйе болып табылады.

Файлы: 1 файл

бух есеп пәнінен әдістемелік нұсқаулық.doc

— 752.50 Кб (Скачать)

      Қазақстан Республикасының  банк мекемелері заңды тұлғалар  арасындаға есеп айырысуларды  жүргізу үшін және ақша қаражаттарын  сақтау үшін теңгемен және шетел валютасында банктік шоттар ашады. Банктік шот – бұл клиентке банктік қызмет көрсету және ақша қабылдау туралы банк пен клиент арасындағы келісімдік қатынасты бекіту әдісі. Ұйымдар банктерде ағымдық, корреспонденттік, жинақтық, депозиттік және карт-шоттар аша алады.

Қазақстанда ҚР «Төлемдер  және ақша аударымдары» туралы Заңына сәйкес банк мекемелері арқылы іске асырылатын қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың бірыңғай жүйесі жұмыс істейді (27.06.1998 жылғы № 237-I, 28.12.1998ж., № 36-1; 29.03.2000ж. № 42-П; 13.03.2003ж № 394-П; 05.05.2003 № 409-П; 08.05.2003ж. № 482-П; 13.12.2004ж. №11-Ш; 08.07.2005жылғы. № 69-Ш ҚР Заңдарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген).

     Ағымдық шоттар бойынша операциялар шот иесінің жазбаша бұйрығы негізінде жүргізіледі. Субъектінің банктегі ағымдық шотына нақты ақша қабылдануы және берілуі немесе нақты ақшасыз есеп айырысу үшін кең тараған құжаттар:

-төлем хабарламасы

-ақша чегі

-төлем тапсырмасы

-талап төлем тапсырмасы

-есеп айырысу  чегі   

Кәсіпорын банкіден уақтылы (күн сайын немесе банк тағайындаған уақытта) ағымдық шотынан үзінді, яғни есепті  кезеңдегі жасалған операциялар тізбегін алып отырады. Банкінің үзіндісіне басқа да ұйымдар мен кәсіпорындардан ағымдық шотқа келіп түскен және одан аударылған ақша қаражаты бойынша құжаттар, сондай-ақ кәсіпорыннан келген құжаттар тіркеледі.

Ұйымның бухгалтериясы  ағымдық шоттағы операциялардың синтетикалық есебін 1030 «Банктік ағымдық  шоттағы ақша қаражаты» шотында  жүргізеді.  

 Шетел валютасымен  байланысты операциялар № 21 «Валюталық  бағам өзгерістерінің әсері»  ҚЕХС реттеледі. 

Кәсіпорындарда шетел валютасындағы ақша қаражатының есебі 1032 «Банктегі ағымдық шоттағы валютамен ақша қаражаты» шотарында жүргізілуі мүмкін. Бұл шоттар активті. Бұл шоттардың дебетінде есепті мерзімнің басындағы және соңындағы шетел валютасымен ақша қаражатының қалдығы, шетел валютасымен түскен ақша қаражаты, ал кредитінде шыққан шетел валютасы көрсетіледі. Бұл шоттардың аналитикалық және синтетикалық есебі 1010 және 1030 шоттарындағы есеп тәріздес жүргізіледі.

№ 21 «Валюталық бағам  өзгерістерінің әсері» ҚЕХС –на сәйкес, шетел валютасындағы операция шетел валютасында көрінетін және реттелетін мәміле болып табылады. Оған келесі мәмілелер жатады:

- бағасы шетел валютасында  көрсетілген тауарлар мен қызметтерді  сатып алғанда немесе сатқанда;

-алашақ немесе берешек сома шетел валютасында көрсетілгенде;

- валютаны айырбастау  келісімін орындалмаған тарап  болып табылса; 

Шетел валютасын теңгемен қайта есептегенде ҚР Ұлттық Банкімен бекітілген бағам емес, нарықтық бағамды  қолдану керек делінген.

Шетел валютасындағы  операциялар есепте операцияны валютада жүргізу күнгі бағаммен бейнеленеді.

Қаржылық есептілікті  дайындау және ұсыну қағидаларымен  бекітілген тану критерилеріне сәйкес, операцияны жүргізу күні болып операцияны есептілікте тану күні саналады. Шетел  валютасында көрініс тапқан баланс баптарын қайта бағалау мақсатында олар ақшалай және ақшалай емес болып екі топқа бөлінеді.

Шетел валютасындағы  ақша қаражаты және шетел валютасының  тұрақты сомасы төлемі арқылы алынатын немесе өтелетін активтер мен міндеттемелер  ақшалай бап болып табылады. Мысалы, қысқа мерзімді дебиторлық және кредиторлық борыштар, алынған және берілген несиелер. Балансты құру кезінде шетел валютасындағы ақшалай баптар есептілікті құру күнінің бағамы бойынша қайта есептеледі.

Ақшалай баптарға жатпайтын  баптар ақшалай емес болып саналады. Мұндай баптарға негізгі құралдар, материалдық емес активтер, тауарлық-материалдық қорлар және т.б. жатады. Олар қайта бағаланбайды және баланста операцияны жүргізу күнгі бағаммен көрсетіледі.

Ақшалай баптарды балансты құру күніне немесе есеп айырысу күніне қайта бағалау (қайта есептеу) нәтижесінде туындайтын бағамдық айырмалар пайда мен зиян туралы есепте бейнеленеді.

Бағамдық айырма –  бұл бағам өзгерген жағдайда шетел  валютасының дәл сол мөлшерін бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру жүйесінде есептілік валютасында көрсету нәтижесінде пайда болған айырмашылық. Пайда болған айырма шаруашылық субъектісінің қарауына қарай, бухгалтерлік есепте екі тәсілмен бейнеленуі мүмкін:

- қаржылық – шаруашылық  қызмет нәтижесіне тікелей жатқызу тәсілі: оң айырма – қаржылық қызметтен алынған кіріс есебінің шоттарына, ал теріс айырма – қаржылық қызмет нәтижесінде шыққан шығыстар есебінің шоттарына жатқызылады.

- жинақтық  тәсіл: оң айырма алдын-ала алдағы кезең кірісі шотында, ал теріс айырма алдағы кезең шығыстары шотында жинақталып,  қаржылық – шаруашылық қызмет нәтижесіне келесі тәртіппен:

а) шетел валютасындағы  дебиторлық және кредиторлық қарыз  – олардың өтелуіне есептен шығарылуына) қарай;

б) басқа жағдайларда  – баланстың тиісті баптарымен шаруашылық операциялардың жүргізілуіне қарай жатқызылады.

барлық сомасы осы  есепті мерзімде танылады.

 

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Кассадағы ақшаның есебінде қандай құжаттар рәсімделеді?
  2. Ақшаның есебі қандай заңнамалық және нормативті құжаттармен реттеледі?
  3. Қазақстанда қолданылатын нақты ақшасыз есеп айырысу нысандарын атаңыз.
  4. Банкте ағымдық шот ашу үшін қандай құжатар талап етіледі?
  5. Банк операциялары қандай құжаттармен рәсімделеді?
  6. Кассадағы және аңымдық банктік шоттағы ақшаның синтетикалық есебі қандай есеп тіркелімдерінің көмегімен жүргізіледі?
  7. Ұйымдар қандай мақсатпен карт-шоттар ашады?
  8. Қандай жағдайларда аккредетивтер ашу ұсынылады?
  9. Чектің қандай түрлері бар және оларға сипаттама беріңіз.
  10. Ұйымдар қандай жағдайларда төлем карточкаларын қолданады?
  11. Қандай жағдайларда ұйым «Жолдағы ақша» шотын қолданады?
  12. Кассадағы ақша қаражатына түгендеу жүргізудің жиілгі қандай?
  13. Түгендеу жүргізу тәртібі?
  14. Бухгалтерлік есепте кассадағы ақша қаражатының жетіспеушілігі

                қалай рәсімделеді?

  1. Түгендеу нәтижесінде анықталған ақша артықшылығы қалай

рәсімделеді?

 

Тестілер мен есептер:

1.Ұйымның ағымдық  шотына сатып алушылардан ақша келіп түсті:

а. Д 1030     К3310

в. Д 1030     К1210

с. Д 3310     К1030

д. Д 1070     К3310

е. Д 1210     К1030 

2. Ағымдық шоттан банк несиесі қайтарылды:

а. Д 1010     К1030

в. Д 1030     К3010

с. Д 3010     К1030

д. Д 3010     К1010

е. Д 1010     К3010

3.Ұйымның ағымдық  шотына сатып алушылардан келіп  түскен ақша қандай құжат негізінде  рәсімделеді: 

а. төлем тапсырмасы

в. төлем хабарламасы

с. кіріс ордері

д. шот-фактура

е. кіріс кассалық ордері

4. Ағымдық  шоттағы қаржы есебінен аккредетив  ашылды.

а. Д 1060     К1030

в. Д 1030     К1210

с. Д 1060     К1210

д. Д 1210     К1060

е. Д 1030     К1060 

5.Банк несиесі  (3010) арқылы қызметкерлерге еңбек ақы төленді (3350)?

а. Д 7210      К3310

в. Д 3010      К1030

с. Д 3310      К3010

д. Д 3310      К3010

е. Д 3310      К1030 

6. Ұйымның кассасынаа  ақша қандаі құжат негізінде  кірістеледі: 

а. кіріс ордері

в. кассалық кіріс ордері

с. чек

д. кіріс наклоднойы

е. төлем хабарламасы

7. Ұйымның ағымдық  шотынан ақша қаражатының шығуының  синтетикалық есебі қандай құжатта  жүргізіледі:

а. Бас кітапта

в. 2-ші Журнале-ордерде

с. 1-ші Журнал-ордерде

д. Кассалық кітапта

е. 2-ші Журнале-ордерге ашылған 2-ші ведомосте.

8. Қандай жағдайларда заңды тұлғалар арасында есеп айырысулар нақты ақшасыз есеп айырысу нысандарыменжүргізіледі:

а. Егер ақшаны алушы  басқа қалада болса;

в. Төлем 4000 теңгеден асса;

с. Төлем 4000 АЕК-тен асса;

д. Төлем 40000 тенгеден аз болса;

е. Тқлем 40000 АЕК-тен асса.

9. Чектер  қандай түрлерге бөлінеді:

а. өтелген және өтелмеген

в. Ақшалай және ақшалай емес

с. бір ретті  және көпретті қолданылатын

д. төлемдік және өтелген 

е. Бөлшектік және толық

10. Банкке ағымдық  шот ашу үшін тапсырылатын құжаттардың бірі:

а. Төлем тапсырмасы

в. Ұйым жарғысының көшірмесі

с. есеп айырысу  чегі

д. төлем карточкасы

е. технико-экономикалық негіздеме

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7-Тақырып. Дебиторлық борыш есебі.

 

Негізгі түсініктер: дебитор, алынуға тиісті шоттар, саудалық дебиторлық борыш, саудалық емес дебиторлық борыш, ақшалай жеңілдік, сауда жеңілдігі, сатылған тауарлың қайтарылуы, күмәнді борыш,  несиеге таза сатып өткізуден пайыз әдісі, дебиторлық борышты төлеу мерзіміне қарай есепке алу әдісі, есеп беруге тиісті тұлға, вексель, алдағы кезең шығыстары. 

 

      Ақша құралдары және оның эквиваленттерінен басқа қысқы мерзімді өтімді активтерінің маңызды түрлерінің бірі дебиторлық борыш (алынуға тиісті шоттар)  және алынған вексельдер болып табылады. Олар тауарды несиеге сатқанда пайда болады. Алынуға тиісті шоттар осы кәсіпорынның басқа компанияның ақша құралдарына, тауарлары мен қызметтеріне және өзге де ақшалай емес активтеріне қойылатын талабы болып табылады. Басқа заңды және жеке тұлғалардың кәсіпорынға қарызы дебиторлық борыш болып табылады. Дебиторлық борыш шот-фактурамен немесе ресми қарыздық міндеттемемен расталады (вексельдер).

Дебиторлық борыштар төлеу мерзіміне сәйкес немесе борышты өтеу мерзіміне қарай келесі түрлерге бөлінеді:

  • ұзақ мерзімді;
  • қысқа мерзімді (ағымдағы);

     Қысқа мерзімді  қарыздар- ұйымның бір жылға дейінгі  қарызы, ал бір жылдан жоғары- ұзақ мерзімді қарыздар болып  саналады.

     Дебиторлық борышты қалыпты өтеу мерзімі 5-90 күн болып табылады, бұл мерзімнен асып кесте дебиторлық борыштың өтелу мерзімі өтіп кеткен болып саналады.



 

 

 

 

 

 

 

 

2-Сызба. Ағымдағы дебиторлық борыштың түрлері

       Халықаралық және қазақстандық стандарттар арасында дебиторлық борыш есебін жүргізу тәртібі мен есептілікте бейнеленуін тікелей реттейтін стандарт жоқ. Дебиторлық борыштың баланста қөрсетілуі  №1 «Қаржылық есептілікті ұсыну» ҚЕХС анықталады, бұл жерде саудалық және басқа да дебиторлық борыштың баланста бейнеленуі талап етіледі. (66 тармақ, f тармақша). Сонымен қатар 72 тармақта бас, еншілес, қауымдастырылған ұйымның және басқа да байланыс жақтардың бөлек баптарында дебиторлық борыштың бөлек ашылуы тиіс екендігі айтылады.

      Дебиторлық  борыштар қаржылық активтер түсінігінің ішіне кіреді және жекелеген мәселелері №39 «Қаржылық құралдар:  тану мен бағалау» ҚЕХС регламенттеледі, бұл жерде дебиторлық борышты тану мен бағалау критерилері құрылады. Осы стандарт бойынша қаржылық актив бастапқыда нақты шығындар бойынша анықталады, яғни берілген құралдың тең әділ құнымен бағаланады (66 тармақ). Дебиторлық борыш өнім өткізуде, қызмет көрсеткенде немесе жұмыс орындағанда пайда болады және сатып алушылардан алынатын ақшалай қаражат өлшемінде көрсетіледі. Дебиторлық борыш баланста күмәнді талаптар бойынша құрылған резервтерді шегеру арқылы көрсетіледі.

     Сонымен  дебиторлық борыш жасалған саудалық, саудалық емес операциялар нәтижесінде  пайда болады. Саудалық дебиторлық  борыш дегеніміз кәсіпорынның  қалыпты қызметі нәтижесінде сатылған тауарлар мен қызметтер үшін сатып алушының  міндеттеме сомасын айтамыз. Саудалық емес дебиторлық борышқа қызметкерлердің дебиторлық борышы, алынуға тиісті дивидендтер мен пайыздар, сақтандыру жағдайлары туындағанда сақтандыру компаниясына қойылатын талаптар, мемлекеттік органдарға салықты қайтару бойынша қойылатын талаптар және т.с.с жатады.

     Қазақстандық  және халықаралық стандарттарға  сәйкес, дебиторлық борыш тек  өзімен байланысты кіріспен бірге  танылады. Бұл кезде дебиторлық борыш бастапқы құны бойынша бағаланады, дебиторлық борыш сомасы күмәнді талаптар сомасына, ақша женілдіктеріне,  сату женілдіктерінің сомасына және қайтарылған тауарлар сомасына шегеріледі. Нәтижесінде дебиторлық борыштың таза құны анықталады.

Дебиторлық борыш есебі бухгалтерлік есеп жұмыс жоспарының «Қысқа мерзімді активтер» атты бірінші бөлімінің 1200-ші бөлімшесінде және «Ұзақ мерзімді активтер» атты екінші бөлімінде есептелінеді: Тауарлар мен қызметтер үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен бір жылдық есеп айырысу есебі 1210- Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі шотында жүргізіледі. Көрсетілген шоттың дебетінде клиенттің айдың басы мен айдың соңындағы қарыз сомасы және жыл ішінде алынатын сома,  кредитінде сатып алушыдан келіп түскен сома бейнеленеді.

     Дебиторлық  борыш танылғанда келесі бухгалтерлік  өткізбе құрылады:

     Дебет  1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың  қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

     Кредит  6010 «Өнімді өткізу мен қызмет  көрсетуден түскен кіріс»

     Сатып алушыларды  өзіне тарту үшін ұйымдар әр  түрлі женілдіктер жасайды, оларды  екі топқа бөлуге болады.

Информация о работе Аудит пәнінен бағдарлама