Аудит пәнінен бағдарлама

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 11:06, реферат

Краткое описание

Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сонымен қатар өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылымдардың бірі. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық жағдайын, ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны қажет етушілерге жеткізіп отыратын жүйе болып табылады.

Файлы: 1 файл

бух есеп пәнінен әдістемелік нұсқаулық.doc

— 752.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алғы сөз

      

        Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сонымен қатар өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылымдардың бірі. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық жағдайын, ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны қажет етушілерге жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Сонымен қатар ұйымның қаржылық жағдайын жоспарлау, бақылау, бағалау және талдау үшін қажет. Тек бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын, шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есеп – бұл қазіргі кезеңде маңызды қолданбалы мәні бар арнайы экономикалық білім аумағы болып табылады. Ол қызметінің түрі мен мақсатына тәуелсіз, қоғамдық пайдалы немесе қайырымдылық іс атқарса да, өнім шығарса немесе қызмет көрсетіп, жұмыс орындаса да әрбір ұйымға қажетті.

              Бухгалтерлік есепті білу және  оның көмегімен алынған мәліметтерді  талдай алу тек кәсіби мамандарға ғана емес, сонымен бірге, шаруашылық басшыларына да қажет. Өйткені олар ұйымдағы бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастырылуына тікелей жауапты болып келеді. Қазіргі кезде бухгалтерлік есептің негіздерін білу экономикалық білім берудің қажетті бөлігі болып саналады. 

           Бухгалтерлік есептің ақпарапттық  жүйесі қаржылық /сыртқы/ және басқарушы  /ішкі/ есеп болып екіге болып  екіге бөлінеді.

         Бүгінгі таңда ел экономикасының  нарықтың жолға көшуіне байланысты  жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде.

         Осы бухгалтерлік есеп тұрғысында  белгілі ғалым Б. Де Солозано  былай деген: «Бухгалтерлік есеп  барлық ғылымдар мен өнердің  ең алдында тұрады, басқалары  онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес», ал оның әріптесі Р. А. Фаулки: «Есеп-бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы»-деп атаған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          

1-Тақырып: Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі

 

Негізгі түсініктер: бухгалтерлік есеп, статистикалық есеп, оперативтік есеп, актив, капитал мен міндеттемелер, құжаттау, түгендеу, бағалау, калькуляциялау, баланс, екі жақты жазу, шоттар, есептілік, өлшемдер.

 

     Шаруашылық есеп-кәсіпорынның  өндірістік шаруашылық қызметі  туралы мәліметтер алуға көмектесетін құрал. Есеп - кәсіпорындарды ресурстармен, материалдармен және басқада түрлерімен қамтамасыз ету үшін, қоғам мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен жасалатын, материалдық игіліктерді бөлу саласын қамтиды. Есеп деректері шаруашылық процесстерді бақылау, оларды басқару үшін пайдаланылады. Есеп басқа экономикалық пәндермен: статистика, қаржы, талдау, бақылау, менджмент, аудит, маркетинг және т.б. тығыз байланысты. Өндіріс процесін бейнелеу үшін есептің үш түрі қолданылады:

1. Оперативтік есеп.

2. Статистикалық есеп.

3. Бухгалтерлік есеп.

Бухгалтерлік есеп туралы түсінікті  келесі сызба түрінде көрсетуге  болады:

   

1-Сызба.   «Бухгалтерлік  есеп туралы түсініктің» мазмұны                

      Бухгалтерлік есептің қандай мәселемен шұғылданатын, нені зерттейтіндігін, қай жерлерде қолданылатындығын зерделеп қарау - бұл пәннің негізгі бағыты болып саналады.   

Бухгалтерлік есептің  пәнін анықтау үшін біріншіден, объектілерін анықтап алу қажет. «Объект» латын сөзінен аударғанда «пән» деген мағынаны білдіреді. Бухгалтерлік есепті меншік түріне тәуелсіз барлық кәсіпорындар жүргізеді. Кәсіпорындар қызметкерлерді,өндіріс құрылыс - жабдықтарын   пайдалану арқылы өнімдер өндіреді, жұмыстар орындайды, қызметтер көрсетеді. Әрбір кәсіпорынның өзінің қарамағында меншік құрайтын шаруашылық құрал-жабдықтар болады. Бұл құрал - жабдықтар әртүрлі құралу көздерінен құралады.     Сондықтан, бухгалтерлік есептің объектілеріне мыналар жатады:                             

  • Шаруашылық құрал-жабдықтар (активтер)
  • Олардың құралу көздері(міндеттемелер мен меншікті капитал)
  • Шаруашылық процестер мен шаруашылық операциялар

     Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметі барысындағы кәсіпорын қаржысының ауыспалы айналымын есепке алады. Ол дайындау, өндіріс, сату процесін қамтиды. 

Қаржының сақталуы мен  қозғалысын бақылайтын және шаруашылық қаржының ауыспалы айналым процесін оның көздерін ескеретін әдістері мен  тәсілдерінің жиынтығы бухгалтерлік есеп есеп әдісінің негізгі элементтері болып табылады:

1.  Құжаттау және  түгендеу. Бұлар шаруашылық құралдарының  көздері мен процестерін есептеу  және бағалау, бақылау.

2. Есеп объектілерінің  құнын өлшеу тәсілі ретінде  бағалау және калькуляциялау.

3. Шоттар мен екі жақты жазу шаруашылық операцияларын тіркеу және ағымдағы топтастыру ретінде қолданылады.

4. Баланс және есеп  беру деректерін қорытындылау  тәсілі ретінде қолданылады.

Шаруашылық қаржысы  өлшенетін және жасалған операцияларды  есепте бейнелейтін өлшеу бірліктерін есептік өлшемдер деп атайды. Олардың үш түрі бар.

1. Заттай өлшемдер.

2. Ақшалай өлшемдер.

3. Еңбек өлшемдері.

      Бухгалтерлік есеп меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындарда жүргізіледі. Кәсіпорын – бұл мемлекеттің немесе жеке сектордың кез-келген коммерциялық, өнеркәсіптік немесе шаруашылық субъектісі. ҚР 27.12.94 ж. Азаматтық кодексіне сәйкес заңды тұлғалар екі түрге бөлінеді:

-коммерциялық, мақсаты - табыс алу және оны қатысушыларына (акционерлеріне) тарату;

- коммерциялық емес - табыс алу мақсаты жоқ. Оларға табысты қатысушылар арасында бөлуге тыйым салынған. Олар кәсіпкерлік қызметпен айналыса алса да, алған табысын тек қызметінің мақсатына ғана жұмсай алады.

     Бухгалтерлік есептің дамуы өзінен-өзі әр түрлі есеп тәжірибелерінің пайда болуына әкеп соқтырды. Әр түрлі елдердің экономикалық және сауда қатынастарының жүйелері қаншалықты ұқсамаса, олардағы бухгалтерлік есеп үлгілері мен әдістері де соншалықты ұқсас келмейді. 1966 жылы Г.Р. Хэтфилд бухгалтерлік есептің үш үлгісін анықтап берді. Олар: британ-американдық, континентальдық және оңтүстік-американдық. 

 

Өзін-өзі бақылау  сұрақтары:

1. Бухгалтерлік есептің  пәні болып не табылады?

2. Бухгалтерлік есеп  әдісінің элементтеріне не жатады?

3. Бухгалтерлік есепте  қолданылатын өлшем түрлерін атаңыз.

4. Қаржылық қызметтің  қандай сатылары бухгалтерлік  есепте бейнеленеді?

5. Шаруашылық субъектісінің мүлкіне не жатады?

6. Негізгі құралдарға не жатады?

7. Материалдық емес активтерге не жатады?

8. Кәсіпорын міндеттемелері деген не?

9. Меншікті капиталға не жатады?

  1. Әлемдік тәжірибеде бухгалтерлік есептің қандай үлгілері бар?
  2. Қазақстанда кәсіпорындардың қандай ұйымдастырушылық-құқықтық ныандары бар?

 

Өзін-өзі бақылауға  арналған тестілік тапсырмалар:

1. Шаруашылық  объектісінің өндірістік-шаруашылық қызметі қандай үрдістерден тұрады(дұрыс жауаптарды белгіле):

а) өндірістік;

в) сату;

с) тұтыну;

д) құрылыс;

е) айырбас;

ж) жабдықтау.

2. Өндіріс  процесінде:

а) дайын өнім үлестіреледі;

в) өнім өндірушіден тұтынушыға беріледі;

с) материалдық игілік құралады;

д) өнім мен қызмет өз мақсатымен қолданылады;

е) өніммен жабдықталады.

3. Ұзақ мерзімді  активтерге:

а) еңбек заттары;

в) негізгі құралдар;

с) айналым құралдары;

д) ақша құралдары;

е) аяқталмаған өндіріс  жатады;

4. Шаруашылық  субъектісінің активтері құнды өнімге көшіру әдісі бойынша қандай түрлерге бөлінеді?

а) негізгі құралдар және өндіріс саласындағы құралдар;

в) өндіріс құралдары, айналым құралдары;

с) айналым және айналымнан тыс;

5.Ұйымның міндеттемелері  қандай түрлерге бөлінеді:

а) ағымдық;

в) ұзақ мерзімді;

с) уақыты өтіп кеткен;

д) айналым;

е) айналымнан тыс;

5. Бухгалтерлік  есепте қолданылатын өлшем түрлері:

а. бірегей

в. заттай

с. екі жақты

д. шартты

е. бастапқы

6. Бухгалтерлік  есеп үлгілерін атаңыз:

а. континенталдық

в. қарапайым

с. күрделі

д. аралас

е. субконтиненталдық

 

 

                             СӨЖ-на арналған тапсырмалар 

Ұсынылған және өз беттеріңізше таңдап алған ғылыми әдебиет тізіміне сүйене отырып:

1. «Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі» тақырыбын оқып зерделегеннен кейін тақырыптың негізгі түсініктерінің тізімін құраңыз және анықтамасын беріңіз (глоссарий).

2. Кәсіпорындарда бухгалтерлік  есептің ұйымдастырылуын реттейтін  нормативті – құқықтық актілердің  тізімін құрыңыз 

3. Бухгалтерлік есепке  анықтама беріңіз, анықтаманы  талдаңыз.

4. Ұлттық экономикада  қолданылатын есеп түрлеріне  талдау кестесін құрып, салыстырмалы  сипаттама беріңіз.

5. Бухгалтерлік есептің  әлемдік үлгілерін толықтырыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-Тақырып: Бухгалтерлік есептің концепциялары мен қағидалары

 

Негізгі түсініктер: сыртқы пайдаланушылар, ішкі пайдаланушылар, қаржылық есеп, басқару есебі, халықаралық стандарттар, актив, капитал, міндеттемелер, кіріс, шығыс, пайда, зиян.

 

     Бухгалтерлік есептің ақпаратының негізінде пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қаржылық есептілік құрылады. Ол:

  1. инвестициялық шешімдер мен несие беру шешімін қабылдау;
  2. шаруашылық субъектісінің болашақтағы ақша ағымын бағалау;
  3. ресурстарын шаруашылық субъектісіне сеніп тапсырыуымен байланысты оның ресурстары мен міндеттемелерін бағалау;
  4. басқару органдарының жұмысын бағалау мақсатында құрылады.

        Қаржылық есептілікті пайдаланушыларға қазіргі және тұрақты инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, қызметкерлер мен жұмысшылар, сонымен бірге, өкімет мекемелері, министрліктер, ведомствалар мен қоғамдық ұйымдар және де әр түрлі ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыратын басқа да қызығушылығы бар пайдаланушылар жатады. Қаржылық есептілікті пайдаланушылардың барлығын ішкі және сыртқы деп екі топқа бөлуге болады.

        Қаржылық есептілікті пайдаланушылардың  әр түрлі топтарының болуы  бухгалтерлік есептің бірыңғай  жүйе ретінде екі түрге бөлінуіне  себеп болды:

  1. Қаржылық есеп
  2. Басқару есебі

     Қаржылық есеп сыртқы және ішкі де пайдаланушыларға ұсынылатын бухгалтерлік есеп беруді құру және пайдаланумен айналысады. Басқару есебі негізінен ішкі пайдаланушыларға арналып құрылады. Оларға бухгалтерлік есеп ақпараты экономикалық операцияларды басқару мен өнім өндіруді бақылау, бюджеттің орындалуы мен пайда алуына мониторинг жүргізу, сонымен біргекомпанияның болашақ жетістігін қамтамасыз ететін шешім қабылдау үшін қажет деп саналады.

        Қаржылық есептілік компанияның  жалпы есептілігінің құрамдас  бөлігі болып табылады және  Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес құрылады

Қаржылық есептіліктің халықаралық №1-«Қаржылық есептілікті ұсыну» стандартына сәйкес, қаржылық есептіліктің мақсаты компанияның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері, қаржылық жағдайының өзгеруі туралы ақпарат ұсыну болып табылады.

        Қаржылық есептілік тұжырымдамалары  мыналардан тұрады:

  • Қаржылық есептілікті құру мақсаты;
  • Қаржылық есептіліктіңұйғарымдары (қағидалары);
  • Қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамалары;
  • Қаржылық есептіліктің элементтері;
  • Қаржылық ақпаратты тану және өлшеу өлшемдері;

Информация о работе Аудит пәнінен бағдарлама