Аудит пәнінен бағдарлама

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 11:06, реферат

Краткое описание

Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сонымен қатар өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылымдардың бірі. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық жағдайын, ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны қажет етушілерге жеткізіп отыратын жүйе болып табылады.

Файлы: 1 файл

бух есеп пәнінен әдістемелік нұсқаулық.doc

— 752.50 Кб (Скачать)

Заңды ақпаратты тасымалдаушы ретінде көріну себебі – олар материалдық  объект ретінде,  жүргізілген шаруашылық операциялар  туралы толық ақпарат алуға және оның дәлелдік күшін қамтамасыз етуге қажетті мәліметтер жинақтайды. Құжаттар «деректеме» деп аталатын жекелеген элементтерден тұрады. Деректемелер тұрақты және айнымалы болып екі түрге бөлінеді. Тұрақты деректемелерге шаруашылық субъектісіне қатысты мүлде өзгермейтін немесе ұзақ уақыт бойы өзгермейтін деректемелер жатады. Олар: шаруашылық субъектісінің атауы мен мекен –жайы, банктегі ағымдық шотының нөмірі, цех немесе қоймасының нөмірі, жұмысшылардың табельдік нөмірлері. Айнымалы деректемелер операцияның сипатына байланысты болып келеді.

     Есептеу процесінде ыңғайлы және дұрыс болуы үшін құжаттар келесі ерекшеліктер бойынша жіктеледі: Мақсаты бойынша, олардың түрлері: Үкімдік, атқарылушылық, бухгалтерлік толтыру және құрамдастырылған болып бөлінеді. Құрастырылған орнына байланысты ішкі және сыртқы құжаттар болып бөлінеді. Көрсету тәсілі және операцияның мазмұнының көлемі бойынша жіктеледі.

Құжат айналымын  басқару жүйесі кәсіпорында келесі кезеңдерді қамтиды:

  • бухгалтерлік қызмет туралы ережені дайындау
  • бухгалтерияның және кәсіпорындағы есепке қатысы бар басқа қызметкерлердің лауазымдық қызмет нұсқаулығын дайындау
  • кәсіпорындағы құжат айналымының кестесін құру
  • есепті ақпаратты өңдеу технологиясын құру
  • істің номенклатурасын құру және құжатты ағымдағы сақтау тәртібі

     Құжат айналымының кестесі кәсіпорын басшысының бұйрығымен бекітіледі. Бухгалтерлік алғашқы құжаттарының папкаларға тігіліп нөмірленуі сақтаудың тәртібіне және қажет болған құжатты іздестіру кезінде жылдам орындауды қамтамасыз етуге арналған.

    Құжаттаумен алғашқы есепке алу мүліктің нақты қозғалысы мен оның көздерінің есепте толық көрсетілуін қамтамасыз ете алмайды. Бухгалтерлік есеп пен есеп берудің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдарда мүліктерге және қаржылық міндеттемелерге түгендеу жүргізіліп отырады.      Түгендеу жүргізудің негізгі мақсаттары мыналар:

  • нақты қолда бар мүліктерді анықтау;
  • нақты қолда бар мүлікті бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстыру;
  • есепте міндеттемелердің көрсетілуін анықтау.

     Түгендеуге кәсіпорынның қай жерде тұрғандығына қарамастан барлық мүлкі мен қаржылық міндеттемелері жатады.

    Түгендеу барысында құжатталмаған фактілер анықталуы мүмкін. Мысалы: тауарлардың табиғи кемуі, тауарлардың шығынға ұшырау және ұрлану нәтижесінде кемуі, өлшеу мен операцияларды рәсімдеу кезінде жіберілген қателіктер және т.б.

    Мүліктер мен міндеттемелерге дұрыс және уақтылы түгендеу жүргізуге кәсіпорынның басшысы жауапты болады.

     Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңға сойкес мына жағдайларда кәсіпорынның мүліктері мен міндеттемелеріне түгендеу жүргізу міндетті болып табылады:

  • ұйымның мүлкін жалға бергенде, сатып алғанда, сатқанда;
  • жылдық бухгалтерлік қорытынды есеп жасау алдында;
  • тауарлы-материалды қорларға жауапты тұлғалар ауысқанда;
  • мүлікті ұрлау, зиян келтіру фактлері анықталғанда;

• ұйым қайта құрылған немесе таратылған кезде бөлу балансын құру алдында жүргізіледі;

• нормативті актілерімен қарастырылған өзге де жағдайларда.

      Түгендеу жүргізілу ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болып келеді. Мысалы, белгіленуі мен сипатына байланысты түгендеу жоспарлы және ағымдағы болып бөлінеді және т.с.с.

     Нақты қалдық және бухгалтерлік есеп мәліметтері арасындағы түгендеу нәтижесінде анықталған ауытқулар келесідей көрініс табады.

      Тауарлық – материалдық құндылықтар артық шыққан жағдайда, оның пайда болу себептерін және кінәлі адамдарды анықтайды. Қалдықтар кірістеледі және шаруашылық субъектінің кірісіне енгізіледі.

                               Д 1310, 2410, 2710-2740   К 6280

   Тауарлық – материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі 1280 «Басқа да қысқы мерзімді дебиторлық борыш» шотында «Жетіспеушілік пен жоғалтулар» аралық шотында есепке алынады.

   ТМҚ-ның жетіспеушілігі табиғи кему нормасының шегінде өндіріс шығындарына жатқызылады.

    Алайда, жетіспеушілік фактісі анықталғанша ТМҚ - ды табиғи кему нормасының шегінде есептен шығаруға тыйым салынады. Егер кәсіпорында бекітілген табиғи кему нормасы болмаса, онда тауарлық-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі нормадан тыс жетіспеушілік болып саналады. Табиғи кему нормасынан асқан жетіспеушілік сомасы кінәлі адамға жүктеледі.

    Есеп тіркелімдеріне бухгалтерлік жазуларды тіркеу барысында қателіктер жіберілуі мүмкін. Оларды түзету үшін бухгалтерлік есепте келесі тәсілдер қолданылады:

1. Корректуралық тәсіл қателіктер шаруашылық операцияларын құжаттарға бухгалтерлік өткізбе құру арқылы тіркеу барысында, есеп тіркелімдерінде қорытынды шығарылмай тұрып анықталғанда қолданылады. Қате жазу бір сызықпен сызылып, үстінен дұрыс сомасы немесе шоты жазылады. Мысалы,  кассаға есеп айырысу шотынан 5721 теңге келіп түсті. Бухгалтер бұл операцияға келесі бухгалтерлік өткізбе құрады: 

Дт 1010 Кт 1040  5271. Бухгалтерлік өткізбе сомасынан қате жіберілген. Қате келесі тәртіппен түзетіледі:                                         

                                                         5721

                 Д 1010           К1040      5271


2. Сторнолық жазу. Бұл тәсіл шоттар корреспонденциясында немесе сомасында қате жіберілгенде қолданылады. Есеп автоматтандырылған жағдайда операцияның сомасынан қате жіберілсе, бұл жазуды кері сан жазу деп атайды.

Мысалы, ұйымның кассасынан қызметкер Б.С. Султановқа операциялық шығыстарға 17520 теңге берілді.  Оған келесі бухгалтерлік өткізбе құрылған:

             Дт  7210        Кт1010       17520,

Ал негізінен бұл  соманы Б.С. Султановтың есебіне  жазу керек еді. Мұндай жағдайда сторнолық  жазу жазылады:


     Дт 7210    Кт 1010                ,  ,          осыдан  кейін дұрыс корреспонденция  беріледі: 

 

     Дт 1250       Кт 1010  17520    

     Дәл осылай сторнолық жазу қате берілген жазудың күшін жояды.

     Егер операцияның сомасы ұлғайтылып қате берілсе, онда кері сан жазу тәсілі қолданылады. Мысалы, жоғарыда берілген операция бойынша кәсіпорын шығынына 17250 теңге апарылған делік. Онда кері сан жазу арқылы артық соманы алып тастаймыз.

                  Дт 7210      Кт 1010    17520

                  Дт 7210      Кт 1010      -270

    Бұл тәсілді есеп тіркелімдерінің қорытындысы шығарылып қойылғаннан кейін де қолдануға болады.

3. Қосымша жазу  тәсілі шаруашылық операциясын бейнелеу кезінде сомасы азайтылып қате берілгенде қолданылады.

Мысалы, кәсіпорын қызметкеріне 28547 теңге еңбек ақы есептелінді. Бухгалтер бұл операцияға келесі бухгалтерлік жазу құрады:

                   Дт 7210         Кт 3350   27547

Жетпей тұрған сомаға дәл осындай қосымша бухгалтерлік жазу құрылады:

                  Дт 7210         Кт 3350     1000.

 

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Бухгалтерлік құжатқа түсініктеме беріңіз.
  2. Барлық құжаттарға тән жалпы деректемелерді атаңыз.
  3. Құжаттардың жіктелу белгілерін атаңыз.
  4. Ақтаушы құжаттардың өкімдік құжаттардан айырмашылығы неде?
  5. Есеп тіркелімдері деп нені айтады?
  6. Есеп тіркелімдерінің түрлерін атаңыз?
  7. Қателерді түзетудің корректуралық әдісіне сипаттама беріңіз?
  8. Қандай жағдайларды сторнолық жазу әдісі қолданылады?
  9. Бухгалтерлік есепті жүргізудің мемориалды-ордерлік нысанының        

          мәні неде?

  1. Бухгалтерлік есепті жүргізудің журналдық-ордерлік нысанына

          сипаттама беріңіз?

  1. Түгендеу дегеніміз ен?
  2. Түгендеу түрлеріне сипаттама беріңіз?
  3. Жоспардан тыс түгендеу қандай жағдайлара жүргізіледі?
  4. Тауарлық-материалдық қорлардың жетіспеушілігі есепте қалай

         бейнеленеді?

  1. Есеп саясатына түсініктеме беріңіз.
  2. Қандай жағдайларда есеп саясатына өзгеріс енгізуге болады?

 

Тақырыпты бекітуге арналған тестілік тапсырма:

  1. Түгендеу нәтижесі бойынша  анықталған материалдардың артықшылығын:

А. Өндіріске есептен  шығару қажет

Б. Кінәлі тұлғаның жауапкершілігіне тарту керек.

С. Кіріске алу қажет.

Д. Ұйымның таза табысы есебінен есептен шығару.

Е. Кірісті ұлғайту  қажет.

2. Түгендеу  нәтижесі бойынша  анықталған  материалдардың жетіспеушілігін табиғи кему нормасының шегінде:

А. Өндіріске есептен  шығару қажет

Б. Кінәлі тұлғаның жауапкершілігіне тарту керек.

С. Кіріске алу қажет.

Д. Ұйымның таза табысы есебінен есептен шығару.

Е. Ұйымның шығынына жатқызу  керек.

3. Кассадағы  ақшаның жетіспеушілігі:

а. Пайыздар бойынша шығынға  жатқызылады.

Б. Ұйымның кірісіне жатқызылады.

С. Материалды-жауапты  тұлғаның жауапкершілігіне.

Д. өнімнің өзіндік  құнына.

Ұйымның өткізу бойынша  шығындарына жатқызылады.

  1. Құжаттардың жалпы деректемелеріне не жатады?

А. Материалдың атауы.

Б. Құжаттың атауы.

С. өлшем бірлігі.

Д. Сомасы.

Е. Бағасы.

  1. Қате жазуларды түзету әдістері:

А. Хронологиялық

Б. Жүйелік.

С. Сторнолық.

 Д. Формулалық.

Е. Қарапайым.

  1. Есепті жүргізу нысанына:

А. Есептілік нысаны.

Б. Мемориалдық-ордерлік.

С. Баланс.

Д. Бас кітап.

Е. Қарапайым жазу.

  1. Туындау орнына қарай қателердің  қандай түрлері болады?

    А. Локальды.

    Б. Транзиттік.

    С. Жазудағы  қате.

    Д. Қысқа  уақытты

    Е. Біруақытты.

     

6 - Тақырып: Ағымдағы активтердің есебі:

Ақша құралдары және олардың эквиваленттері

 

Негізгі түсініктер: ақша құралдары, ақша эквиваленттері, овердрафт, кассалық кіріс ордері, кассалық шығыс ордері, кассалық кітап, банктік шот, валюта, валюталық бағам, бағамдық айырма.

 

Өндірістік қызмет барысында ұйымдар өнімді өткізумен, жабдықтаушылардан материалдардың келіп түсуімен, қаржылық міндеттемелерінің орындалуы және тағы басқаларымен байланысты әр түрлі қарым – қатынасқа түседі. Осыған байланысты ақшалай есеп айырысулар не нақты ақшасыз есеп айырысу түрінде, не қолма – қол ақша айналымы түрінде жүргізіледі. Ақшалай есеп айырысу жүйесінің дұрыс және тиімді ұйымдастырылуы кәсіпорын қызметі барысында үлкен роль атқарады.

Ақша қаражаты – бұл жоғары өтімді актив және жалпыға бірдей айырбас  құралы, сонымен бірге барлық қалған активтерді бағалау мен есептеу негізі болып табылады. Ақша қаражаты міндеттемелерді тез арада өтеуге қабылетті болуы керек.

Бухгалтерлік есептің №7 «Ақша  қаражаттарының қозғалысы жөніндегі  есеп» деп аталатын халықаралық  стандартына сәйкес ақша қаражатына қаржылық ұйымдарда ағымдық шоттардағы ақша, қолма-қол купюралар, монеталар, валюта және айналымдық несиелік – ақшалай құжаттар  жатады.

Ақша қаражатының эквиваленті деп ақша, қаражатының белгілі бір сомасына жеңіл айнала алатын және құндылығын өзгерту қаупіне аз ұшырайтын қысқа мерзімді өтімділігі жоғары салымдарды айтады. Мысалы, банктік овердрафт. Овердрафт –бұрын дебеттік қалдықтан асатын сомаға төлем жасағанда активті шотта пайда болатын кредиттік қалдық. Яғни, банк төлеген сома клиент шотындағы ақшадан асып түссе овердрафт туындайды. Овердрафт әдетте қысқа мерзімді міндеттеме ретінде есепке алынады.

Кәсіпорынның күнделікті ағымдағы шаруашылық іс-әрекетіне қажет  нақты ақша кассада сақталады. Кассаға  қабылданған нақты ақша КО-1 нысанындағы кассалық кіріс ордері бойынша кіріске алынады. Кассадан берілген нақты ақша КО-2 нысанында кәсіпорынның шығыс ордері куәландырады. Кәсіпорында кассаның кіріс және шығыс ордерлерінің мәлеметтері жүзеге асқан соң касса кітабына (КО-4) тіркеледі.

Кассадағы операциялар есебі 1000 «Ақша қаражаты» бөлімшесінің 1010 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» шотында жүргізіледі.

Информация о работе Аудит пәнінен бағдарлама