Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 11:06, реферат
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сонымен қатар өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылымдардың бірі. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық жағдайын, ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны қажет етушілерге жеткізіп отыратын жүйе болып табылады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Бухгалтерлік есеп стандарттары туралы түсінік.
2. Бухгалтерлік есеп
стандарттарының мәні мен
3. Есеп саясаты деген не?
4. Халықаралық стандарттардың мәні?
5. Қаржылық есеп беру тұжырымдамалары деген не және нені анықтайды?
6. Бухгалтерлік есеп қағидалары деген не?
7. Қазақстан Республикасында
бухгалтерлік есеп
ұйғарымдар анықталған?
8. Қазақстан Республикасында
«Бухгалтерлік есеп және қаржыл
туралы Заңында» қандай негізгі қағидалар анықталған?
9. Ақпаратты пайдаланушылар түрлері
Өзін-өзі бақылау арналған тестілік тапсырмалар:
1. Есептеу қағидасы деген не?
а) кіріс пен шығысты туындауы бойынша емес, ақша төлегенде немесе ақша алғанда есепке алу;
ә) есепке кіріс пен
шығысты ақшаның түсуі немесе
шығындалуы бойынша емес, туындағанда
алу;
б) ақпаратты шынайы көрсету;
в) ақпаратты уақтылы есепке алу;
2. Клиент автокөлігін тех қызмет көрсету орталығына жөндеуге 31.08.06-де берді. ТҚКО көлікті 01.09.05 күні жөндеп, клиент қызмет көрсетушіге ақшаны 02.09.06 аударды. ТҚКО ақшаның келіп түскендігі туралы хабарламаны 03.09.06 күні алады. Есептеу қағидасы бойынша ТҚКО кірісін қай күні есепке алады?
а) 31.08.06
ә) 01.09.06
б) 02.09.06
в)03.09.06
3. Бухгалтерлік есеп түрлеріне не жатады?
а) қаржылық
ә) оперативті
б) дербес
в) статистикалық
г) дұрыс жауап жоқ.
4. Ақпаратты
пайдаланушылар қандай
а) активті және пассивті
ә) сыртқы және ішкі
б) сыртқы
в) ішкі
г) орта пайдаланушылар.
5. Қаржылық есептілік элементтерін атаңыз:
а) актив, капитал
ә) міндеттемелер
б) кіріс пен шығыс
в) пайда мен зиян
г) жауаптардың барлығы дұрыс.
СӨЖ-на арналған тапсырмалар
Ұсынылған және өз беттеріңізше таңдап алған ғылыми әдебиет тізіміне сүйене отырып:
1. «Бухгалтерлік есептің концептуалдық негізі» тақырыбын оқып зерделегеннен кейін тақырыптың негізгі түсініктерінің тізімін құраңыз және анықтамасын беріңіз (глоссарий).
2. Жалпы оқулықтар
мен оқу құралдарын пайдалана
отырып қағидалар сызбасын
3. Бухгалтерлік есеп
түрлерінің әр түрлі белгілері
бойынша салыстырмалы
3- Тақырып: Бухгалтерлік баланс
Негізгі түсініктер: баланс, актив, пассив, капитал, міндеттеме, баланс баптары, қысқа мерзімді активтер, ұзақ мерзімді активтер
Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік баланс ұйымның бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көретін негізігі қаржылық есептіліктердің бірі болып табылады. Осыған байланысты бухгалтерлік есептілік ақпаратын пайдаланушылар қатары көбейіп келеді. Өйткені, балансты оқи білу тек кәсіби мамандарға ғана емес, сонымен бірге, ұйымдардың басшыларына, акционерлерге, салық органдарының, қаржылық және банктік құрылым қызметкерлерінеде өте қажет.
Баланс термині латын тілінен аударғанда – екі рет және lanx – таразы табақшалары, сөзбе – сөз аударғанда екі табақша дегенді білдіреді және тепе-теңдік символы ретінде қолданылады.
Кәсіпорын әдетте есеп беріліп отырған айдан кейінгі айдың бірінші күніне шаруашылық құралдары мен оның көздерінің баланстық қортындысын жасайды. Баланс шаруашылық құралдарын өндіріс процесінің құрамы мен функциялық ролі бойынша, ал оның көздерін құралу формасы және мақсаты, міндеті бойынша ақшалай бағамен белгілі мезгілге топтастыру. Баланс деректері бойынша біржақты немесе екіжақты кесте ретінде беріледі және 2 бөлімнен актив пен пассивтен тұрады.
Баланстың активінде
Екінші бөлімі ұзақ мерзімді активтер, мұнда: негізгі құралдар, материалдық емес активтер, ұзақ мерзімді инвестициялар бейнеленеді.
Актив деп кәсіпорын бақылауындағы, сатып алу кезінде өзіндік құны өлшемге келетін экономикалық ресурстарды айтады.
Активтердің өзіне тән келесі белгілері бар:
- оларға өткен кезең
операциясының нәтижесінде
- олар жеткілікті түрде шынайы бағаланады;
- болашақта ұйымға
пайда әкелуге қабылетті
Ұйымның мүліктері құралу көзіне және мақсатына қарай меншікті және сырттан тартылған болып екіге бөлінеді.
Баланстың пассиві ұйымның өз меншік иелерінің алдындағы шығарылған капитал түріндегі және басқа заңды және жеке тұлғалардың алдындағы сырттан алынған капитал түріндегі міндеттемесі. Ендеше, баланстың пассиві меншікті капитал мен міндеттемелерден тұрады.
Міндеттемелер – бұл өткен кезеңдердің оқиғаларынан туындаған, өтелуі компаниядан экономикалық тиімділігі бар ресурстардың шығуына әкеп соқтыратын компанияның ағымдық борышы.
Мерзімділігіне қарай міндеттемелер ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып екіге бөлінеді. Қысқы мерзімді міндеттемелер: банк несиелері, жабдықтаушыларға қарыз, бюджет, жинақ зейнетақы қорына және басқа да кредиторлар алдындағы бір жылға дейін алынған борыш. Ұзақ мерзімді міндеттемелер жаңа техниканы енгізгенде, өндірісті ұйымдастыруға және ұлғайтуға және де бір жылдан астам уақытқа басқа да мақсатта несие мен займдар алғанда туындайды.
Капитал – бұл компания активтерінен оның барлық міндеттемелерін шегеріп тастағанда қалатын үлесі.
Ұйымның меншікті капиталының құрамына шығарылған капитал, резервтік капитал, және бөлінбеген пайда кіреді.
Баланстың активі мен пассивінің жекелеген көрсеткіштері баланс баптары деп аталады. Баланс активінің баптары шаруашылық қаржының жекелеген түрлерінің жай-күйін, ал пассив баптары шаруашылық құралдарының көздерінің жай-күйін бейнелейді. Актив мен пассивтің қортынды теңдігі баланстың ерекшелігі болып табылады. Бұл теңдік жалпы шаруашылық құралдарының екі жақты көрсетілуінен туындайды, яғни активтер- шаруашылық құралдарының сомасының өндіріс барысында оның функциялық рөлі бойынша көрсетілуі. Ал пассивте дәл сол құралдар оның құралу көздері бойынша көрсетіледі. Сонымен актив пен пассив әрқашанда тең болады:
А = П
Шаруашылық қызымет процесінде көптеген операциялар туындайды. Соның нәтижесінде бір бап бойынша сома көбейеді 2-ші бап бойынша азаяды немесе баланс баптарының екі немесе одан да көбі бір мезгілде көбеюі
мен азаюы мүмкін.Осыған байлансты, шаруашылық операциялар әсерінен болатын баланстағы өзгерістердің 4 түрі бар.
1 түрі: А+Б1-Б2=П
Түрлі–өзгерістер
баланстың тек активіндегі
2 түрі: А=П+Б1-Б2
Өзгерістер
тек баланстың пассивінде
3-түрі: А+Б1=П+Б2
Әртүрлі
өзгерістер баланстың активі
мен пассивінің құрамында
4-түрі. А-Б1=П-Б2
Өзгерістер
баланстың активі мен
Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар.
түрлері болады?
келтіріңіз.
ма?
Өзін-өзі бақылау арналған тестілік тапсырмалар:
Актив
Негізгі қүралдар 6000
Ағымдағы шот 6000
Барлығы 12000 Барлығы 12000
Кәсіпорынның кіріспе балансын толықтырыңыз.
А) тозу құны
Б) бастапқы құны
В) қайта қалыптасу құны
С) қалдық құны.
3. Кассадағы қолма-қол ақша;
Дебиторлық қарыз...
Бухгалтерлік баланстың баптарының тізімін өтімділік деңгейінің азаюына қарай жалғастырыныз.
4. Фирма менеджерлеріне еңбекақы есептеу:
А) баланс валютасын ұлғайтады
В) баланс валютасын азайтады
С) баланс валютасын өзгертпейді
5. СС=Сб +Айн (Д)-Айн(К)
Қандай жағдайда бұл формула дұрыс болып саналады?
6. \Реванш\ фирмасы
бизнес-туризм бойынша жұмыс
Актив
Касса 1 Жарғылық қор 397
Ағымдық шот 23
Пайда
Вексельдер
Дебиторлар 280
Тауарлар қоры 465
Ұзақ мерзімді қаржы-
лық салымдар
Негізгі құралдар 333
------------------------------
Барлығы
1340 Барлығы
\Реванш\ фирманың кредиторлық қарызы неліктен болады және мөлшері қанша?
8. 1796 ж. Эдуард Джонс алғаш рет бухгалтерлік баланстың алгебралық үлгісін құрды:
а+в=с+d
а,в,с,d-ның экономикалық мазмұны неде?
9. Шаруашылық
өмір фактілері балансқа әр
қалай әсер етеді,
А+а-а=П (1)
А=П+в-в (2)
А+с=П+с (3)
А-d= П-d (4)
Бұл теңдеулердің қайсысын пермутация деп, және қайсысын модификация деп атайды?
СӨЖ-на арналған тапсырмалар
Ұсынылған және өз беттеріңізше таңдап алған ғылыми әдебиет тізіміне сүйене отырып:
1. «Бухгалтерлік баланс» тақырыбын оқып зерделегеннен кейін тақырыптың негізгі түсініктерінің тізімін құраңыз және анықтамасын беріңіз (глоссарий).