Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 13:33, доклад
Еліміздің Тұңғыш Президентінің стратегиялық бағытын табысты іске асыру, жүргізілген экономикалық және саяси реформалар мемлекетіміз бен қоғамымызды дамудың жаңа сапалы сатысына көтерді.
«НҰР ОТАН» ХАЛЫҚТЫҚ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ |
Еліміздің Тұңғыш Президентінің стратегиялық бағытын табысты іске асыру, жүргізілген экономикалық және саяси реформалар мемлекетіміз бен қоғамымызды дамудың жаңа сапалы сатысына көтерді. Қазіргі заманға сай демократиялық даму үстіндегі әлеуметтік мемлекет құру енді алшақ келешек емес, жуықтағы мақсатқа айналмақ. Оған қоғамды жұмылдыра отырып және экономикалық, саяси, әлеуметтік салаларды басқарудың демократиялық құралдарымен, халықтың, әрбір қазақстандықтың ауқымды әлеуметтік бастамаларын іске асыру тетіктерімен қамтамасыз ете отырып қол жеткізуге болады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті әзірлеген стратегиялық бағдарламалар біз осы жолда не істеуіміз керек деген сұраққа жауап береді. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы осы мақсатқа кім және қалай қол жеткізуге болатынын біледі. Қазақстанды гүлденген демократиялық мемлекетке айналдыратындар жасы мен кәсібі, ұлты мен діні әртүрлі сіздермен біз, құрметті қазақстандықтар. Бар күш-жігерімізді жұмылдыра отырып, еңбегімізге деген, қоғамдағы өз орнымызға және билігімізге деген жаңа көзқарастарды тәрбиелей отырып, біз еліміз бен өз өмірімізді қайта өзгертеміз. Осыған жету үшін біздің қолымызда қажеттінің бәрі бар, яғни халыққа есепті үкімет пен өкілді биліктің қуатты органдары бар. Біздің барлық мақсаттарымыз сараланып, саналы түрде жасалған. Біз қайда бет алғанымызды білеміз және Отанымыздың болашағы жарқын екеніне сенеміз. * * * Еліміз бен партиямыздың өмірінде партияның азаматтық белсенділікті дамытуға қабілетті, қоғамды жұмылдыра алатын және мемлекеттік басқаруға қатысу үрдісіне басшылық жасай алатын жаңа кезеңі келді. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы нақ осындай жолды – алдағы өзгерістердің тарихи маңыздылығын, Елбасы саясатына белсенді де, әрекетшіл қолдау көрсету қажеттігін түсіне отырып жасалған жолды таңдайды. Бүгінгі таңда Тұңғыш Президенттің стратегиялық жоспарларымен қаланған әлеуметтік бағдарланған мемлекет идеалдарын іске асыру үшін барлық жағдайлар жасалып отыр. Біздің «Қазақстандық бағыт - 2009» бағдарламамыз Парламент пен Үкіметтің қызметі үшін аса маңызды бағыт-бағдарға айналды. «Отан» партиясы осы жылдардың ішінде жалпыхалықтық партия деп аталу құқығына ие болды – ол шын мәнінде билікке - мемлекетті дамытуға, ал қоғамға - билікті бақылауға көмектесті. Осы күндері
бұл үлгі өзінің логикалық жалғасын
тауып отыр. Қоғамға Елбасы ұсынған
демократиялық қайта өзгеру бағдарламасы
барлық қазақстандықтарға өз мемлекетін
басқаруға қатысудың мол * * * Қазақстан өзінің жоғары экономикалық даму қарқынымен ерекшеленетін Тәуелсіз мемлекетке айналды. Қазақстан экономиканың еркін дамуын және азаматтар құқығы мен мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз етіп отырған мемлекет ретінде танылды. Қазақстан дамудың аймақтық көшбасшысына айналды және оның экономикалық табыстары еліміздің әр отбасы мен әр азаматының әл-ауқаты мен өмірінің жақсаруына әсер етуі керек. Ол үшін біз не істеуіміз керек? Жаңашылдық серпілісті
жүзеге асыру керек. Бұл мақсаттарға біздің партиямыздың да стратегиясы болып табылатын «Қазақстан – 2030» даму стратегиясы арналған. Ол Әлемнің бәсекеге ең қабілетті 50 елінің қатарына Қазақстанның кіруі бағдарламасында және Елдің индустриалдық-инновациялық даму стратегиясында нақтыланған. Экономика әлемнің өзге де мемлекеттерінің өсу қарқыны мен инновациялық тенденцияларын стратегиялық басып озу мақсатында жұмыс істеуі керек. Ол тек озық ғылым мен болашақ технологиясына арқа сүйеуі қажет. Біз осыған қалай қол жеткіземіз? |
|
Өмір сапасының қазақстандық стандарты >> |
Бейбітшілік пен гүлдену кезеңінде өмір сүру |
Партия ішкі саяси шешімдерді қабылдау үдерістеріне белсенді ықпал етуге бел буып отыр. Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеті еліміздің дамуы үшін оңтайлы сыртқы саяси жағдайларды жасауға бағытталған тиімді және белсенді сыртқы саясат жүргізуге апарады. Мемлекетіміздің гүлденуі тұрақты және даму үстіндегі жағдайда ғана мүмкін екендігін толық біз түсінеміз. Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат Қазақстанның одан әрі дамуы мен азаматтарының әл-ауқатының негізгі шарттары ұлттық қауіпсіздік және егемендік болып табылады. Біздің мемлекетіміз қазіргі заманғы қауіп-қатерлер: халықаралық терроризм, діни лаңкестік, есірткі саудасы, заңсыз көшіп-қонуға барынша әрекет етуі тиіс. Партия көршілес мемлекеттер мен әлемнің жетекші ірі елдерімен өзара тиімді ынтымақтастыққа және тұрақтылық, серіктестік қатынастарға негізделген көпсалалы саясатты қолдайды. Қазақстанның сыртқы саясаты өзіндік ұлттық мүдделер негізінде қалыптасып, одан әрі экономикалық, саяси даму үшін қолайлы сыртқы орта қалыптастыруға бағытталуы тиіс, сондай-ақ, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен халықаралық беделін қамтамасыз етуі қажет. Теңдік және өзара тиімділік, халықаралық құқық нормаларының мүлтіксіз сақталуы жағдайында партия барлық елдермен және халықаралық ұйымдармен табысты өзара қатынас жасауды жақтайды. Біз Қазақстанның
Ресеймен одақтастық қатынасты, ҚХР-мен
көршілестік ынтымақтастықты, Орталық
Азия елдерімен достық және ынтамақтастық
қатынастардың дамуына Бұл бағыттарда өзіміздің серіктестерімізбен тиімді экономикалық өзара әрекет етудің жаңа формалары және Қазақстан Орталық Азия, сондай-ақ, жалпы әлем қауіпсіздігіне төнген қатерлерге қарсы әрекеттердің жаңа сапалы әдістерін іздеу қажет. Біз халықаралық құрылымдарының реформалану қажеттігін, олардың осы заманғы геосаяси және геоэкономикалық жағдайларға бейімделуін жақтаймыз. «Жанжал» және «қақтығыстар» концепциясын біз «кездесулер» және «өркениет диалогы» идеясына қарсы қоямыз. Бірігу процесін біз Қазақстанның сыртқы саясатының басыңқы бағыттары ретінде танимыз. Қазіргі заманның әскері Партия соғысқа
қабілетті қазіргі заманғы Партия мыналарды іске асыруды қажет деп есептейді: – Осы заманғы әскери техникамен жабдықталған, кәсіби әскерге көшу; – ҚР Қарулы күштерінің кәсіби және соғысқа дайындық деңгейін үнемі жоғарылатып отыру; – әскери қызметкерлердің жалақы және әлеуметтік сақтандыру деңгейін жоғарылату; – әскери қызметкерлер мен запасқа шығарылғандар үшін тұрғын үй мәселесін шешу; – әскери қызметкерлерді азаматтық өмірге бейімдеу жүйесін дамыту, қызметін өтеу барысында жарақат алып немесе мертіккен әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету; –Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және жергілікті соғысқа қатысқандар үшін әлеуметтік төлемдердің көлемін көбейту жеңілдіктер беру; – баламалы қызмет өтеудің тиісті заңнамасын әзірлеу және «дедовщинаны» жою. |
|
ИННОВАЦИЯЛАР, БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЭКОНОМИКАСЫ |
Серпінді даму үстіндегі еркін экономика - әлеуметтік мемлекеттің және өмір сапасының қазақстандық стандартының негізі болып табылады. Еліміздің әрбір азаматына тек нарықтық экономикада өз орнын табудың ауқымды мүмкіндіктері ғана ұсынылып қоймай, сонымен бірге мемлекет оның бастамаларын іске асыруға ат салысады. Біз Қазақстанның дамуының жаңа, сапалы, барынша күрделі кезеңіне аяқ бастық. Ол ең алдымен еліміздің жаһандық бәсекелестікке дайындығына және БСҰ-ға кіруімен байланысты болмақ. «Қазақстанда жасалған» маркасын әлем танып, мойындайтын болады. Еліміз тауарлар, қызметтер, еңбек ресурстары, капитал және қазіргі заман технологияларының әлемдік нарығының ажырамас серпінді бөлігіне айналады. Біз Ішкі жалпы өнім қуатының көлемін азайтуға, жалпы өнім берудің жоғарылауына, Қазақстан бизнесінің инновациялық белсенділігін сапалы арттыруға қол жеткіземіз. Біз шикізаттық бағыт-бағдардан индустриалды экономикадан кейінгі сипаттағы экономиканы қалыптастыруға аяқ басып отырмыз. Мұнай химиясы, машина жасау, металлургия, құрылыс материалдарын өндірудің жоғарғы технологиялық саласында және тамақ өнеркәсібі өндірісі инновацияның негізгі басымдығына айналады. Партия аймақтарды дамытудағы тепе-теңсіздіктер мен сәйкессіздіктерді жоюға қол жеткізетін болады. Жаңа озық қалалары аймақтық дамуда үлкен серпіліс жасайды және өнеркәсіптік аймақтарының негізіне айналады. Біз ұмтылыс жасап отырған экономиканың инновациялық сипаты ішкі жалпы өнімнің ғылыми көлемін жоғарылату жөніндегі шаралармен тығыз байланысты болады, сондықтан біз инновациялық инфрақұрылым: технопарктер, технополистер, еркін экономикалық аймақтар мен бизнес инкубаторларын дамытуға ат салысатын боламыз. Біз әлемдік инновациялық макротехнологияларды жасауға аяқ басу үшін нанотехнологиялар мен жаңа материалдар, биотехнологиялар, көмірсутегі және тау-кен металлургия секторларына арналған технологиялар, ядролық технологиялар мен жаңартылатын энергетика технологиялары, информатикалық және ғарыштық технологияларды жасау саласындағы ғылыми зерттеулерді қарқындатуымыз қажет. Біз ғылыми зерттеу шығындарын ІЖӨ-дан 2 пайызға дейін көбейтуге қол жеткіземіз және қазақстандық инновациялық ірі компаниялардың дамуына қолдау көрсетеміз, оларға осы технологияларымен шетелдік нарыққа шығуға көмектесеміз. Біз бизнес, ғылым мен білім арасындағы серіктестіктің қазақстандық моделін жасауға қол жеткіземіз. Даму институттарының жоғарғы тиімділігіне, олардың мөлдірлігіне, өзара қарым-қатынасы мен бірін-бірі толықтырып отыруына қол жеткіземіз. Қызмет көрсету экономикасын дамыту Қазақстан шикізаттық типтегі экономикадан қызмет көрсету экономикасы моделіне сапалы қарқынды серпіліс жасауы қажет. Қазақстан әлемге төмендегідей болып танылуы тиіс:
Инфрақұрылымды дамыту Қазақстан дамыған көліктік және телекоммуникациялық өнеркәсібі бар елге айналуы тиіс. Біздің байтақ жеріміздегі аймақтарымыз көптеген автомобиль және темір жол магистральдарымен жалғастырылған жағдайда ғана бәсекеде басымдық таныта алады. Сонда ғана біз Қытай, Ресей және Еуропа арасындағы стратегиялық көпірге айналып, тасымалдың барлық пайдаларын көретін боламыз. Біз барлық экономика саласында озат телекоммункациялық технологияларды енгізуге ұмтылуымыз қажет. Еліміздің барлық аймақтарын бірыңғай ақпараттық кеңістікке біріктіре отырып, сондай-ақ, байланыс пен интернетті қол жетімді ете отырып, оның дамуына қуатты серпіліс береміз. Агроөнеркәсіптік саясат Партия еліміздегі агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамытуды, оның қайта өңдеу базасын, сату қауіпсіздігін күшейтуді және еліміздің өзіндік жеткіліктігін, ветеринарлық және фитосанитарлық жағдайына көңіл бөледі. Біз алдымызға ауылшаруашылығының өндіріс деңгейін арттыру, жердің құнарлығының нашарлауына жол бермеу, су және өзге де табиғи ресурстарды тиімді пайдалану міндетін қоямыз. Біз ауылшаруашылық өндірісті жаңартуымыз қажет, ғылым және техниканың осы заманғы түрін енгізу негізінде оның техникалық және технологиялық артта қалулығын жоюымыз керек. Біз фермерлік, қожалық шаруашылықты дамытуға және көтермелеуге, олардың құқықтарын қорғауға қол жеткізуіміз қажет. Біз ауыл өндірісін сақтандыру жүйесін жетілдіруге қол жеткіземіз және фермерлер үшін оны барынша тиімді жасаймыз. Біз мемлекеттік сатып алу, аграрлық биржалар және өндіруші үшін тиімді жағдайда ауылшаруашылық тауарларын өткізуді ұйымдастыруға үкіметтің көмек көрсету шаралары бағдарламаларының кеңейтілуіне көңіл бөлеміз. Біз ауылшаруашылық өнімінің әлемдік нарықтағы қазақстанның орнын айқындап, экспорттық мүмкіндігі бар қажетті бағытты дамытуымыз қажет. Жақын арада астықты әлемдік экспортқа шығаратын бірінші бестікке кіруіміз керек. Сыртқы экономикалық қызмет Біздің партиямыз қазақстандық тауар белгілерінің аумақтық және әлемдік нарыққа шығуын, олардың өндірісін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалуын және ілгерілеу стратегиясын жасауда. «Нұр Отан» партиясы – Орталық Азия нарығын кең көлемде игеру қажеттілігін жақтайды. Біз Ресей, Қытай, Каспий және Қара теңіз аймақтарының тауарлар және қызмет көрсету нарығына Қазақстанның тұрақты қатысуына ұмтыламыз. Біз Бүкіләлемдік сауда ұйымына Қазақстанның кіруі арқылы әлемдік экономикаға кіруі үшін елдің бірігуін және отандық кәсіптердің сапаны басқарудың халықаралық жүйесіне (TGM) ISO стандартына көшуін қолдаймыз. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары Біз жаһандық және аймақтық экономикада бәсекелестікпен (ойыншылар) отандық экономиканың алдында болатын ұлттық көшбасшы кампаниялар құруды, нығайтуды және дамытуды жақтаймыз. Осы стратегия мемлекеттік - жеке меншік серіктестігінің серпінді жобаларын жүзеге асыруды жөнге келтіреді. Корпоративті көшбасыларды құру негізінде экономиканың тиімді секторларында жаңа компаниялар қалыптастыру, Қазақстанда жұмыс істеуге шетелдік бизнесті тарту, оларға қолдау көрсету және қажет болса, жұмыс істеп жатқан өнеркәсіптерді қайта реттеу жолдары арқылы жүргізілуі қажет. Корпоративтік көшбасшыларды құру процесін қажетінше ынталандырудан соң, мемлекет осы көшбасшылардың барлық қызметін нарық тәртібіне бағындыруы қажет, қолдау көрсету және мемлекет тарапынан көмек көрсету тиісті нарық құралдары формасында жасалуы тиіс. Корпоративтік көшбасылар даму «катализаторы» ретінде жұмыс жасауы қажет. Олар өз бизнестерінің бәсекеге қабілеттілігін сапалы жоғарлатып, олар үшін экспорттық «тетіктерді» табуы керек. Сөйтіп олар Қазақстанды экономикалық дамудың «аймақтық локомотивіне» айналдырады, «қуып жетушілік даму» деп аталатын стратегия шектерін іске асыра отырып, дамыған елдердің арасында оны жаңа тұрақты позицияға шығарады. Тиімді қор нарығын
дамыту - еліміздің маңызды Партиямыз мемлекеттің экономикалық саясатындағы басым бағыттардың біріне айналатын шағын және орта бизнестің серпінді дамуын, еліміздің ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнес субьектілерінің үлесін жоғарғы деңгейде қамтамасыз етуін қолдайды. Ол үшін біз мыналарға қол жеткізетін боламыз: - кәсіпкерліктің нормативтік- - әкімшілік шығындарды азайту мақсатында шағын және орта бизнес субьектілері үшін салық салу жүйесін жетілдіру, оларды бақылау және тексеру жүйелерін жеңілдетуді құру; - ұлттық қаржы-несие жүйесін оңтайландыру және шағын және орта бизнесті инвестициямен қолдау; - меншіктік бизнеске қолдау
көрсету инфрақұрылымын дамыту,
шағын кәсіпкерлікті оқыту - шағын және орта бизнес
субьектілерін бақылаудың және
тексерудің жеңілдетілген Партия ұлттық шикізат
ресурстарын басқарудағы Индустралды-инновациялық дамудың
мемлекеттік басқару жүйесін
жетілдіру талап етіледі, дамудың
мемлекеттік институттар |