Ақша қаржаттар қозғалысының есебін талдау және аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:59, дипломная работа

Краткое описание

Бухгалтерлік есеп жүйесі Қазақстан Республикасының экономикасының дамушы секторының бірі болып табылады. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күнде бухгалтерлік есеп басқару жүйесінедгі басты орынды алуда.
Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін халықаралық стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкестендіру. Ол әрине халықтың жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикалық тұрақты өсуіне әсер етеді.

Оглавление

КІРІСПЕ……………………………………………………………………....5


1. Ақша қаражаттарының есебi бухгалтерлiк есеп нысаны ретiнде………………………………………………………………………….8
1.1 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы ……………………...........8
1.2 «Оптика» АҚ жалпы эконмикалық сипаттамасы және есеп саясаты………………………………………………………………………....12


2. Ақша қаражаттарының есебiн ұйымдастыру . ………………........20
2.1. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебi……………………………….......20
2.2. Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебi……………….....25
2.3. Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебi……………………….....29
2.4. Банктегi арнайы шоттардағы қолма-қол ақшаның есебi………….........34


3. Ақша қаражаттары есебiнiң аудитi……………………………..........38
3.1. Ақша қаражаттары есебi аудитiнiң мақсаты мен мiндеттерi…….........38
3.2. Касса операцияларының аудитi………………………………………….44
3.3. Есеп айырысу шоттарының аудиті..........................................................50


ҚОРЫТЫНДЫ ……………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ….…………………....
ҚОСЫМШАЛАР …………………………………………………………...

Файлы: 1 файл

Копия дип22222.docx

— 126.29 Кб (Скачать)

 

 Валютамен  есеп айырысуды жүргізген кезде субъектілер 1012-«Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша» шотын ашады. Валюта кассасындағы есеп субъект кассасындағы операцияларға ұқсас жүргізіледі, тек оның айырмашылығы мынадай: кіріс және шығыс касса ордерлерінде, касса кітабында каражаттарсомалары шетел валюталарымен және теңгеге айнал-дырылған түрінде көрсетіледі.

Валюта  кассасы үшін жеке касса кітабы ашылады. Валюта операциялары үлкен көлемде  жүргізілген кезде жеке машинограммалардың және басқа да есеп регистрлердің  жүргізілуі мүмкін.

Валюта  түскен кезде 1012-шоты дебеттелінеді де және мына төмендегі шоттар кредиттеледі:

1032-«Ел ішіндегі валюталық шоттағы ақша» валюта шотынан валюта түскен кезде;

1630-«Алынуға арналған есептеулер» шоты – кассаға алынған валюта түсімінің сомасына;

6250-«Бағам айырмашылығынан аланатын кіріс» шоты – тиісті шетел валюталарына қатысты теңге бағамының құлдырауы жағдайындағы бағам айырмашылықтарының сомасына;

1251-«Қызметкерлердің және басқа да тұлғалардың берешегі» шоты – есеп беретін адамдардың кассаға өткізілген валюта түріндегі сомаларына.

Валюта  кассасынан валюта берген кезде –  1030 -шот кредит-телінеді және мына төмендегі шоттар дебеттелінеді:

1251-«Қызметкерлердің және басқа да тұлғалардың берешегі» шоты – есебіне берілген шетел валютасының сомасына;

1032-«Ел ішіндегі валюталық шоттағы ақша» шоты – валюта шотына өткізілген валюта сомасына;

7430-«Бағам айырмашылығы бойынша шығыстар» шоты – тиісті валюталарға қатысты теңге бағамының көтерілуі нәти-жесінде болған бағам айырмашылықтарының сомасына;

Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол  ақшаның есебі. Қоғамдық тамақтандыру мен бөлшек сауда кәсіпорындарының ерекшелігіне байланысты олардан түскен түсімнің басым көпшілігі қолма-қол  ақша каражаттары бойынша түсетіндіктен, оларға оперативтік кассасының есебін жүргізуге тура келеді. Оперативтік  касса, әдетте, сауда залында орнала-сады. №1034 Қазақстан Республикасының  Үкіметінің қаулысына сәйкес, қолма-қол  ақшамен есеп айырысатын барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің  Ережесі  бекітілген. Аталған ережеде тыңшылық жадысы бар бақылаушы кассалық машинасын (ТЖБКМ) енгізуді ұсынған болатын.

ТЖБКМ көмегімен  есептеуді жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілер тауарын  сатып алушыларға бақылаушы-кассалық машинаның чегін беруге міндетті, өйткені ол сатушы мен сатып алушының арасындағы алып-сату келісім-шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуын қуаттайды.

ТЖБКМ сатылып  алынғанда оны тіркеуден өткізу үшін салық органына арыз жіберіледі. Оны тіркеуден өткізу үшін келесідей  құжаттарды ұсыну қажет: арыз, заңды  тұлғаның мемлемкеттік тіркеуден өткені туралы куәлігінің көшірмесі , БКМ паспорты; қолма-қол ақшаны тіркейтін журналы  т.б. Салық органдары арыз бланкісінің  дұрыс толтырылғандығын және БКМ-ның  белгіленген талапқа сәйкес келетіндігін тексеріп есепке қояды, сосын ТЖБКМ-на карточкасын береді. БКМ-ның пайдалану  мерзімі біткен соң салық органына қайтарылады. БКМ қондырған кезде  салық органының өкілетті инспекторы  тыңшылықты жадында сақтайтын қондырғыға пароль енгізеді. Пароль шаруашылық жүргізуші  субъектінің тіркеуден өткен  салық органдарында сақталады.

Ақша  операциялық кассаға түскен кезде  1010-«Операциялық кассадағы қолма-қол ақша» аралық шоты дебеттеледі және мына шоттар кредиттеледі:

6010-«Дайын өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан алынатын кіріс» шоттары және басқа да шоттар – кассаға алынған түсімнің сомасына;

 1630-«Алынуға арналған есептеулер» шоты – сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің кассаға алынған сомаға.

Кәсіпорын кассасына түскен түсімді өткізгенде – 1010 шоты дебеттеледі де, ал 1010 шоттың «Операциялық кассадағы қолма-қол ақша» аралық шоты кредиттеледі.

 

 

2.2. Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі

 

Банкі шоттары  теңгеменде, шетелдік валютасымен де ашылуы мүмкін. Банк келісім бойынша  ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарын ашқан кезже, шот иесінің пайдасына  келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші тараптарға  тиесілі ақша сомаларын аудару жөніндегі  ұйғарымын орындауда және басқа  да қызмет түрлерін көрсетуді өз міндетіне  алады.Банк шоттары бойынша жасалған келісім-шарты келесі мәліметтерден  тұрады: реквизиттері; келісім мәні немесе келісім-шарттың жасалған нәрсесі; салық қызметі органдары берген салық төлеуші-шот иесінің тіркеме  нөмірі; банктің көрсететін қызметінің шарты және оларды төлеу тәртібі. Келісімде жақтар тарапынан келісілген басқа да жағдайлар қарастырылуы мүмкін.

Банк  пен Қазақстан Республикасының  резиденті – заңды тұлға мен  оның жекелеген құрылымдық бөлімшесі  арасында келісім жасау үшін: қойылған қол үлгілері және мөр таңбасы  бар құжаты; клиенттің салық есбіне қойылғанын растайтын, салық қызметі  органдары берген, белгіленген үлгідегі құжаты; аудандықеңбек және халықты  әлеуметтік қолдау бөлімі берген шаруашылық жүргізуші субъектінің Қазақстан Республикасының Зейнеткерлік қорына жарналар төлеуші ретінде тіркелгендігі жөніндегі фактісін растайтын белгіленген үлгідегі құжаты; мемлекеттік тіркеуден өткендігін  растайтын, өкілетті органдар берген белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі немесе оған теңестірілген құжаттың көшірмесі; Қазақстан Республикасы заң тәртібімен бекітіліп, куәландырылған құрылтайшылық құжаттың көшірмесі тапсырылады.

Банкте  жинақ шоттарын ашқан кезде, банктер  салымдарды салушылардан қабылдауға келісім-шартта көрсетілген тәртіпте, оларға марапаттау төлеуге және әрекет етіп тұрған заң  актілері мен келісім-шартта қарастырылған  тәртіпте және келісілген жағдайында салымдарды қайтаруға өз міндетіне  алады.

Егер  де банкте шот иесінің пайдасына  жаңылыс аударылып кеткен ақша қаражатының  фактісі анықталса, онда ол сол қаражаттарды шот иесіне хабарламай-ақ қатесін  жөндеуге құқылы. Бірақ бұл жағдай келісім-шартта қарастырылғаны жөн.

Банктегі  шоттардың көшірмесін беру келісім-шартқа сәйкес банктер арқылы жүзеге асырылады.Банк шот иесіне олардың есеп шоттарының көшірмелерін беру қызметін элекрондық тәсілмен, егер бұл келісімде қарастырылған  болса, арнайы адам жұмсау арқылы атқаруға құқылы. Банктердегі есепшоттары  бойынша операцияларды тоқтату  Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, шот иесінің ақша қаражаттарының жұмсалынбауына немесе алуға тыйым  салу құқығы бар өкілетті органдардың  тиісті шешімдерінің негізінде жүзеге асады. Банктегі есепшоттары бойынша  операциялардың жаңартылуы осы шешімдерді қабылдаған тиісті органдардың жазбаша  хабарландыруының немесе қаулыларының негізінде жүзеге асырылады.

Жаңадан ашылатын заңды тұлғалар Қазақстан  Республикасының заңына сәйкес жарлық капиталын төлегенін қуаттайтын құжаттарды ұсынуы тиіс, ол тіркеуден  өткен соң заңды тұлғаға ағымдағы шоттар ашады.

Есеп  айырысу және басқа да шоттарды рәсімдеу үшін банкте келесі құжаттар пайдаланылады.

Қолма-қол  ақша жарнасына берілетін хабарлама. Шот иесінің банктегі шотына қосып  есептеу үшін түсім қаражаттарын және қолма-қол ақшамен салынатын  басқа да сомаларды банкке қабылдау жөніндегі бұрығы. Хабарлама сиямен бір дана етіп жазылады; Қабылданған  ақшаға банк түбіртек береді және ол кассаның шығыс ордеріне қоса тіркеледі.

Есеп  айырысу шоты бойынша операциялардың есебі 1030-«Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша» шотында жұргізіледі. Субъектілер шоттары бойынша банк екі дана етіп бет есебін ашады. Бірінші дана бет есептің көшірмесі болып табылады және ол бастапқы құжаттармен бірге шаруашылық жүргізуші субъектіге беріледі, екіншісі – бет есебі болып қалады.

Көшірме атқарушының қойған қолымен және банктің «көшірме үшін» мөрінің  таңбасымен расталынады.

Көшірмелердегі  әрбір түзету атқарушы мен бас  бухгалтердің немесе оның орынбасарының  қойған қолдарымен куәландырылуы және банк мөрінің таңбасымен бекітілуі  тиіс. Көшірмелерге қоса тіркелген  құжаттарда көшірмеге  қол қойған операцияны жүргізуші қызметкердің қолымен бірге штамп және осы  құжаттардың бет есебі бойынша  келтірілген жазбалардың күні көрсетілген  календарлық штемпелі қойылу тиіс. Көшірмелер бірінші немесе екінші болып  қолқою құқығы бар адамдарға субъектінің  келісімі бойынша бекітілген мерзімде беріледі. Көшірмелер субъектілерге  почта арқылы жіберілуін немесе банк клиенттері үшін қолайлы жерде орналастырылған  абоненттік жәшік арқылы жіберілуі  мүмкін.

Банкінің  қате аударған сомаларының мән-жайын  анықтағанға дейін 1030-«Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша» шоты кредитінен 1280-«Өзге де дебиторлық берешек» шотының дебетіне есптен шығарылады, ал есепке алынған сомалар 1030-шоттың дебеті және 3390-«Өзгелер» шотының кредиті бойынша көрініс табады.

 

Кесте 5

Негізгі шоттар корреспонденциясы

 

Шаруашылық әрекеттің  мазмұны

Дебет

Кредит

1.

Есеп айрысу шотына кассадан ақша қаражаттары келіп түсті

1030

1010

2.

Есеп айрысу шотына жолдағы ақша қаражаттары есептелді

1030

1020

3.

Есеп айрысу шотына депозиттік банк шоттарындағы ақша қаражаттары салынды

1030

1050

4.

Есеп айрысу шотына басқа мекемелерге  көрсеткен займдарды өтеуден  түсті

1030

1110, 2010

5.

Есеп айрысу шотына жөнелтілген  өнім үшін сатып алушылардан ақша қаражаттары келіп түсті

1030

1210

6.

Есеп айрысу шотына бюджетке артық  төленген сома қайтарылды

1030

1410-1430

7.

Есеп айрысу шотына ерте берілген аванс сомасы қайтарылды

1030

1610, 2910

8.

Есеп айрысу шотына несие келісім-шарты  бойынша алынған ақша қаражаттары  келіп түсті  (банк займы)

1030

3010, 4010

9.

Есеп айрысу шотына алынған аванстар бойынша ақша қаражаттары келіп  түсті

1030

3510, 4410

10.

Есеп айрысу шотына мемлекеттік  субсидиялардан алынған кіріс түсті

1030

6230

11.

Есеп айрысу шотына сатылған өнімдерден (көрсетілген қызметтерден) түсім  келіп түсті:

    • ҚҚС сомасынсыз
    • ҚҚС сомасы

 

 

1030

1030

 

 

6010

3130

12.

Есеп айрысу шотына жарғылық капиталға  салым ретінде алынған ақша қаражаттары  келіп түсті

1030

5030

13.

Есеп айрысу шотынан кассаға  ақша қаражаттары алынды

1010

1030

14.

Есеп айрысу шотынан ақша қаражаттары  шетел валютасын алу үшін аударылды

1032

1031

15.

Есеп айрысу шотынан депозиттік шоттарды толықтыру үшін ақша қаражаттары  салынды

1050

1030

16.

Жабдықтаушыларға (мердігерлерге, жалға  берушілерге, коммуналдық мекемелерге) аванс есеп айрысу шотынан аударылды

1610, 2910

1030

17.

Есеп айрысу шотынан бюджетке салықтар аударылды

3110-3190

1030

18.

Есеп айрысу шотынан ақша қаражаттары  несиені (займ) жабуға аударылды

3010, 4010

1030

19.

Есеп айрысу шотынан тауарлы-материалдық  қорлар мен орындалған жұмыстар үшін жабдықтаушылар мен мердігерлердің шоты төленді

3310

1030

20.

Жұмысшылардың төлемақысы есеп айрысу шотынан карт шотқа аударылды

3350

1030

21.

Есеп айрысу шотынан сатып алушыдан бұрын алынған аванс қайтарылды

3510, 4410

1030

22.

Есеп айрысу шотынан жарна бойынша  шығындар аударылды

7110

1030

23.

Есеп айрысу шотынан жалпы әкімшілік  және сату бойынша шығындар өтелді

7110, 7210

1030

24.

Банктің қызметі, өсім ақы, айып-пұл, сот  шығындары есеп айрысу шотынан аударылды

7210

1030


 

Банк  шоттары оның иесінің өтініші  бойынша жабылады.

Заңды тұлға  – шот иесін тарату немесе қайта  ұйымдастыру кезінде, немесе заңды  тұлғаның шотын бір жылдан астам, ал жеке тұлғалардың шотына үш жылдан астам кезінде ақша келіп түспеуіне  байланысты банкі шоттары жабылады, ал басқа жағдайда оны жабуға тыйым  салынады.

Банкідегі есепшот жабылғаннан кейін субъект  осы жөнінде он күндік мерзім ішінде шот иеінің банкідегі есепшот  жабылғандағы туралы хабарлама жасауы тиіс.

Есепшоты жабылған кезде сондай-ақ иесінің аты немесе есепшоттың нөмірі  өзгергенде – шот иесі қолдарындағы пайдаланбаған чектерді банкіге  қайтаруы керек.

Есеп  айырысу шоты бойынша мынадай  шаруашылық операциялары көрініс табады:

1030-«Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша» шоты дебеттеліп, мына төмендегі шоттары кредиттеледі:

1010-«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша» шоты – кассадан акеліп түскен түсім және депоненттелген еңбек ақы сомасы;

301-«Алынуға  арналған есептеулер» шоты –  сатылған өнім, жұмыс пен қызмет  төлемақысына;

1610-«Таурлық-материалдық қорларды бергені үшін алынған аванстар», «Жұмыстарды орындағаны және қызметтерді көрсеткені үшін  алынған аванстар», «Алынған өзге де аванстар» шоттары – сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстарына.

1030-«Есеп айырысу шотындағы ақша» шоты кредиттеледі де, мына шоттар дебеттеледі;

3310 «Төлеуге шоттар» шоты – алынған өндірістік қорлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін жабдықтаушылар мен мердігерлердің акцептелген шоттарының төлемақысына;

1010-«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша» шоты – еңбек ақыға, іс-сапарларға және басқа да шығыстарға жұмсауға арналған кассаға алынған сомасына;

1220-«Еншілес ұйымдарға инвестициялар», 1230-«Тәуелді ұйымдарға инвестициялар», 1240-«Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға инвестициялар» – шоттары кәсіпорындардың жарғылық капиталына салынған инвестициялардың сомасына;

5010-«Акциялар», 5020-«Облигациялар». -«Өзге де қаржылық инвестициялар» шоттары – сатылып алынған акциялар , облигациялар, банктердегі депозитшоттарына салынған салымдарына;

1610 -«Тауарлы-материалдық қорларды жеткізгені үшін берілген аванстар», 1610-«Орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін берілген аванстар» шоттары - жабдықтаушылар мен мердігерлерге төленген аванс сомаларына;

3010-«Банктердің қарыздары», 3020-«Банктен тыс мекемелердің қарыздары» шоттары – есеп айырысу шотынан өтелген банк несиелері мен заем қаражаттарының сомасына;

Информация о работе Ақша қаржаттар қозғалысының есебін талдау және аудиті