Ақша қаражаттар есебінің теориялық негіздемесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 19:42, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі жанындағы «Қаржылық есеп және аудит әдістемесі департаментінің» «Ақша қаражаттарының айналым қалдық ведомось»- деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субьектілердің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды түлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді» делінген.

Файлы: 1 файл

1 Ақша қаражаттар есебінің теориялық негіздемесі.docx

— 31.20 Кб (Скачать)
 

     1 Ақша қаражаттар есебінің теориялық негіздемесі

                   

         1.1 Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәні мен

мақсаты 
 

     Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі  жанындағы «Қаржылық есеп және аудит әдістемесі департаментінің»  «Ақша қаражаттарының айналым қалдық ведомось»- деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субьектілердің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды түлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді» делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында:«Заңды тұлғалар, субьектілер (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге) тапсырады» делінген.                                   

     Барлық  шаруашылық жүргізуші субьектілерде  өндірілген өнімді сату барысында, сондай-ақ материалдық қүндылықтарды, негізгі  құралдарды, тауарларды сатып алғанда  немесе бюджеттен тыс басқа да мекемелерге эртүрлі төлемдерді төлеуге байланысты түрлі операциялар пайда болады. Әрбір кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бір уақытта өндірілген өнімін сатып немесе қызмет көрсетіп, жабдықтаушы ретінде болатын болса, екіншіден сол өнімдерді өндіріп шығару үшін қажет болатын шикізаттар мен материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады.

     Осындай кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың  арасында алашақ және берешек операциялар  көбіне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз төлеу жолы арқылы жүргізіледі. Қолма қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс. Ақшаларды сақтау және қолма қолсыз ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері:

     - ҚР   Әділет   министрлігінде   тіркеуден   өткен   заңды   түлғаларға   есеп айырысу шоттарын ;

     - Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есепке алу үшін заңды тұлғаларға валюталық шоттарды;

     - Бюджеттік мекемелерге, олардың  бюджеттен тыс қаражаттары бойынша,  қоғамдық ұйымдарға, өндірістік, коммерциялық қызметпен айналысатын  жеке тұлғаларға ағымдық шоттарды;

                                     

     - Республикалық бюджетте тұрған мекемелерге бюджеттік шоттарды;

         - Ұлттық     банк     мекемелеріндегі     екінші     деңгейдегі     банктерге корреспонденттік шоттарды  ашады.                                                   

           Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының қаржылық есебін жүргізу мен оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:

     - Ақшамен есеп айырысу операцияларын  толық және уақтылы дер кезінде  есептеу;

     - Субьектідегі ақшалай қаржылардың  түгелдігін және оларды дұрыс,  тиімді пайдалануды бақылау.

     - Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу.

     Ақша  қаражаттарының бухгалтерлік есебінің міндеттері:

     - Қолма қолсыз ақша аудару жолымен  және қолма қол ақшамен қажетті  есеп айырысуларды уақтылы және  дұрыс жүргізу;

     - Ақша қаражаттарының қолда бары  мен қозғалысын және есеп айырысу  опрацияларын есептік тіркелімдерде  толықтай және жедел түрде  көрсету;

     - Бұл енген    лимиттерге,    қорларға    және    сметаларға    сәйкес    ақша қаражаттарын мақсаты бойынша жұмсаудың қолданыстағы ережелерін сақтау;

     - Белгіленген   мерзімдерге   ақша   қаражаттары   мен   есеп   айырысудың жағдайына    түгендеуді    ұйымдастыру    және    жүргізу.    Мерзімі    кешігетін дебиторлық   және   кредиторлық   берешектердің   туындауын   болдырмаудың мүмкіндіктерін  іздестіру;

     - Кассадағы, есеп айырысу шотындағы  және банктегі басқа шоттардағы  ақшалардың бар жоғы мен сақталуына  бақылау жасау;

     - Есеп айырысу - төлем тәртібінің  сақталуына, материалдық құндылықтар  мен қызметтер үшін сомалардың  уақтылы аударылуына, сондай - ақ  несие тәртібінде алынған ақша  қаражаттарының қайтарылуына бақылау.  
 

     1.2  Есеп айырысу шоты  операцияларының  есебі 
 

Барлық шаруашылық субъектілер ақша қаражаттарын банктердің сәйкес мекемелеріндегі шоттарда сақтайды және міндеттемелер бойынша төлемдерді жүзеге асырады. Көп жағдайда бұл төлемдер қолма-қолсыз есеп айырысу нысанында болады, ал қажетті қолма - қол есеп айырысулар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативті құжаттарымен бекітілген мүлшерде ғана жүзеге асады. Заңды түлғалар арасындағы төлем 4000 айлық есеп айырысу көрсеткішінен артып кеткен жағдайда, есеп айрысу тек қолма - қолсыз түрде жүзеге асу керек. Ақша қаражаттарын сақтау және заңды түлғалармен есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк

     -банк бенефициар - ақша қаражаттарды келісім-шарт негізінде қабылдаушы банк;

     -    аударушының банктік идентификациялық  коды;

     -    филиалдар арасындағы айналымдар  коды;

     -    төлем мақсатының коды;

     -  валюталау күні - бенефициар банктік шотына ақша қаражаттардың кіріске алыну күні, оны төлемді жүргізуші субъект белгілейді.Төлем құжатында еш бір түзетулерге жол берілмейді. Егер олар болатын болса, онда банк бұл тапсырманы орындаудан бас тартып, үш күн ішінде құжатты клиентке қайтарады. 
 

     1.3 Валюталық шот  операцияларының  есебі 
 

     Резиденттер арасындағы операциялар бойынша  нормативті актілермен қарастырылған  жағдайлардан басқа барлық төлемдер тек теңгеде жүзеге асу керек. Қазақстан Республикасында резидент және резидент еместердің жүргізетін валюталық операциялары өкілетті банк пен банктік емес қаржылық мекемелері арқылы жүзеге асады. Валюталық операцияларды жүргізудің негізі №115 2001ж. 20 сәуірде Ұлттық Банк қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» № 54-1, 1996. 24 желтоқсандағы Заңы және «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізу ережелері» болып табылады. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің негізгі органы Ұлттық Банк болып табылады. Өкілетті банктерде заңды тұлғалар - резиденттермен шетел валютасындағы шоттардың ашылуы, жүргізілуі және жабылуы №266,2000.2 маусымдағы «Қазақстан Республикасының банк клиенттерінің банктік шоттардың ашылу, жүргізілу және жабылу тәртіптері туралы» Нұсқаулықта көрсетілген тәртіпте жүзеге асады. Заңды тұлға -резиденттерінің тауарлар (жұмыс, қызмет) экспорты үшін түсетін валюталық сомасы экспорт күнінен бастап 120 күн ішінде міндетті түрде банк шоттарына кіріске алынуы керек. Заңды тұлғалар - резиденттер резидент емес тұлғаға төлем ақы жүргізген кезде өкілетті банкке дүрыс ресімделген құжаттарды (келісім-шарттар, инвойстар, коноссаменттер т.б.) ұғынуы тиіс. Өкілетті банктер валюта заңының орындалуын тексеру мақсатында жүзеге асып жатқан валюталық операцияға тиісті қажетті қосымша ақпарат пен құжаттарды талап етуге құқылы. Ағымдағы валюталық операциялар өкілетті банктер арқылы шектеусіз жүргізіледі «Валюталық реттеу туралы»    Заңға    және    «Капитал    қозғалысымен    байланысты    валюталық операцияларды   тіркеу  ережелеріне»   сәйкес   капиталдың  резидент  еместен резидентке  қозғалысымен  байланысты  операцияларды     жүргізу  мен   есебін ұйымдастырудың тәртіптері бекітілген. 
 

     2 Халықаралық қаржылық  есеп стандарттарының  ақша қаражаты 

     2.1 Ақша қаражаттарының  қозғалысы туралы  есептер 
 

     Компанияның ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат қаржы есептілігін пайдаланушыларға компанияның ақша қаражаттарын жасау  қабілеті мен олардың баламаларын, сондай-ақ ақша қаражаттарына қажеттілікті бағалау үшін негіз беретіндігімен пайдалы. Пайдаланушылар қабылдайтын  экономикалық шешімдер ақша қаражаттары  мен олардың баламаларын жасау  қабілетін, сондай-ақ оларды уақытқа  қарай бөлу мен оларды жасау айқындылығын қажет етеді.

     Cтандарттың  мақсаты компанияның өткен кезең  ішіндегі ақша қаражаттарының  қозғалысы туралы есеп беру  арқылы ақша қаражаттары мен  ақша баламаларындағы тарихи  өзгерістер туралы ақпарат беруін  талап етуде болып табылады, онда  кезең ішінде операциялық, инвестициялық  және қаржылық қызметтен түскен  ақша қаражаттарының түсімдері  мен төлемдерін жіктеу жүргізіледі. 

     Компания  осы Стандарттың талаптарына  сәйкес ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп дайындауға және оны қаржы есептілігі берілетін әрбір кезең үшін өзінің қаржы есептілігінің құрамдас бөлігі ретінде ұсынуға міндетnі

     Компанияның қаржы есептілігін пайдаланушылар компанияның ақша қаражаттары мен  ақша баламаларын қалай жасайтынына  және пайдаланатынына мүдделілік танытады. Бұл компания қызметінің сипатына қарамастан және ақша қаражаттарының компания өнімі  ретінде болатынына не болмайтынына қарамастан, бұл қаржы институты  жағдайында болуы мүмкін. Компаниялар, олардың негізгі кіріс келтіретін қызметінің айырмашылығына қарамастан, шын мәнінде бірдей себептер бойынша  ақша қаражаттарына бірдей мұқтаж болады. Олар ақша қаражаттарына өздерінің  операцияларын жүргізу, міндеттемелерін  өтеу және өздерінің инвесторларына кірісті қамтамасыз ету үшін мұқтаж болады. Тиісінше, осы Стандарт барлық компаниялардан ақша қаражаттарының қозғалысы  туралы есеп беруін талап етеді.  
 

      2.2 Ақша қаражаттарының  қозғалысы туралы  ақпараттың артықшылығы 

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп оны қаржы  есептілігінің қалған нысандарымен бірге пайдаланған кезде ақпарат  береді, онда өзгеріп отыратын жағдайлар  мен мүмкіндіктерге бейімделу үшін пайдаланушыларға компанияның таза активтеріндегі өзгерістерді, оның қаржы  құрылымын (өтімділігі мен төлем  қабілетін қоса алғанда) және түсімдер мен ақша

     кредиттер (қаржы компаниялары берген аванстық төлемдер мен кредиттерден басқалары); басқа тараптарға берілген аванстар мен кредиттер қайтарылымынан алынған ақшалай түсімдер (қаржы институттарының аванстық төлемдері мен кредиттерінен басқалары); келісім-шарттар коммерциялық немесе сауда мақсаты үшін жасалған немесе төлемдер қаржы қызметі ретінде жіктелетін жағдайларды қоспағанда, мерзімді келісім-шарттар, опциондар мен своптар бойынша ақшалай төлемдер; және келісім-шарттар коммерциялық немесе сауда мақсаты үшін жасалған немесе түсімдер қаржы қызметі ретінде жіктелетін жағдайларды қоспағанда, мерзімді келісім-шарттар, опциондар мен своптар бойынша ақшалай түсімдер.

      Келісім-шарт белгілі бір позицияны хеджирлеу  ретінде ескерілген кезде, ол бойынша  ақша қаражаттарының қозғалысы хеджирленетін  позиция бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы сияқты бағаланады.

     Қаржы қызметінен ақша қаражаттарының қозғалысы  туралы ақпаратты жеке ашудың зор  маңызы бар, өйткені бұл ақпарат  компанияға капитал беретін инвесторлардың ақша қаражаттарының болашақ түсімдеріне  қатысты талаптарын болжау үшін қажетті. Қаржы қызметінен түсетін ақша қаражаттары  қозғалысының мысалдары мыналар  болып табылады: акциялар эмиссиясынан немесе басқа да үлестік құралдардан  түскен ақша түсімдері; компанияның акцияларын сатып алу немесе өтеу үшін акция иеленушілеріне ақшалай төлемдер; қамтамасыз етілмеген облигациялардан, заемдардан, вексельдерден, қамтамасыз етілген облигациялардан, кепілдік және басқа да қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кредиттерден ақшалай түсімдер; кредиттік сомаларды ақшалай өтеу; және қаржылық жалдау бойынша берешекті азайту үшін жалға алушының ақшалай төлемдері.  
 

     2.3  Шетел валютасындағы  ақша қаражаттарының  қозғалысы 
 

     Ақша  қаражатының шетелдік валютамен  операциялар нәтижесінде пайда  болатын қозғалысы ұйымның қолданыстағы валютасында ақша қаражатының осы  қозғалысы пайда болған күндегі  қолданыстағы және шетелдік валюталар  арасындағы айырбастау бағамының шетелдік валютадағы сомасына қолдану жолымен  көрсетілуге тиіс.

     Шетелдік  еншілес ұйымның ақша қаражатының  қозғалысы ұйымның қолданыстағы валютасында ақша қаражатының осы  қозғалысы пайда болған күндегі  қолданыстағы және шетелдік валюталар  арасындағы айырбастау бағамы бойынша  қайта есептелуге тиіс.

Информация о работе Ақша қаражаттар есебінің теориялық негіздемесі