Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 09:01, курсовая работа
Сонымен қатар еңбек пен еңбекақы есебін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру үшін мынадай жағдайлар қажет:
Еңбектің өнімділігі мен орындалған жұмыстың көлемін ұлғайтуға ынталандыратын еңбекақының тиімді түрлерін кеңінен қолдану
Еңбек пен өндірісті басқарудағы ғылыми жолмен басқарудың типтелген прогрестің құрылымын қолдану.
Еңбекақы төлеудің сыйлық беру жүйесімен басқа да түрлерін жұмыстағы жетістіктермен тығыз байланыстыра отырып дұрыс қолдану.
Еңбек пен еңбекақы есептеуде осы күнгі талаптарға сай есептеу мен ұйымдастыру техникаларын қолдану, алғашқы есеп жүйесін жетілдіру мен жеңілдету.
Кіріспе ........................................................................... 3
Еңбек ақының теориялық негізі
Еңбек ақының түсінігі мен міндеттері ............ 4
Еңбек ақы жүйесі мен нысандары ................... 7
Еңбек ақы есебін ұйымдастыру
Еңбек ақы түрлері бойынша есебін жүргізу .... 29
Еңбек ақы есептеу және төлеу ........................... 35
Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың
аналитикалық және синтетикалық есебі...................... 43
Орташа жалақыны есептеу
Орташа жалақыны есептеу кезінде ұлғайту
коэффициентін қолдану ................................................ 50
«1С предприятия 8.0» үшін конфигурацияларда
орташа жалақы есебінің өзгерістері............................... 52
Қорытынды............................................................................. 54
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар.
Кіріспе ......................
аналитикалық және синтетикалық есебі...................... 43
коэффициентін
қолдану ..............................
орташа жалақы
есебінің өзгерістері...................
Қорытынды.....................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар.
1тарау. ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.
МІНДЕТТЕРІ:
Сонымен қатар еңбек пен еңбекақы есебін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру үшін мынадай жағдайлар қажет:
Еңбек жайлы есеп беруде көп салалы қызмет атқаратын шаруашылық субъектісінің жұмысшылары мен қызметкерлерін негізгі қызмет атқаратындар және негізгі емес қызмет атқаратындар – деп екі топқа бөледі. Ал өнеркәсіп орындарында қызмет істеушілер мынадай екі топқа бөлінеді:
2 өнеркәсіптік шаруашылық субъектісінің балансындағы өндіріске жатпайтын ұйымдардың жұмысшы қызметкерлері.
Атқаратын қызметтеріне қарай кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни шаруашылық субъектісінің жұмысшылары мен қызметкерлері жұмысшылар мен қызметкерлер болып екіге бөлінеді.
Есеп берген кезде қызметкерлер тобы басшылар, мамандар және тағы басқа да топтарға бөлінеді.
Басшылар қатарына – директор, ректор, президент, меңгеруші және тағы басқалар жатады.
Мамандар қатарына – инженерлер, техникалық қызметтегі адамдар және тағы басқалары жатады.
Басқа да қызметкерлер қатарына – құжаттарды дайындайтын, есеп пен бақылау жұмысын жүргізетін, шаруашылық қызметтерін атқаратын бухгалтерлер, менеджерлер, агрономдар, механиктер және тағы басқалары жатады.
Бухгалтерлің есепте жұмысшы қызметкерлердің саны мен олардың жұмыс істеген уақытын есепке алуға тура келеді. Шаруашылық субъектісіндегі қызмет атқаратын адамдардың жалпы саны олардың «тізімдегі саны» - деп аталады.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі саны – кәсіпорындар мен ұйымдарға, яғни шаруашылық субъектіге қызметке жаңа адамды алуға немесе кейбір қызметкерлерді жұмыстан босатуға байланысты өзгеріп отырады.
Еңбек есебі жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақыты есебінен тұрады.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамының есебі – кәсіпорындар мен ұйымдардың, мекемелердің яғни шаруашылық субъектісінің мамандар бөлімінде (кадрлар бөлімі) жүргізіледі. Мамандар бөлімінде алғашқы мынадай есеп құжаттары пайдаланылады:
Бірішні рет жұмысқа орналасқан жұмысшылар мен қызметкерлерге шаруашылық субъектісінің мамандар бөлімі еңбек кітапшасын толтырады.
Еңбек кітапшасы – мамандар бөлімінде сақталынып оған жұмысшылар мен қызметкерлердің қызмет орнының өзгеруі, алған мақтаулары мен сыйлықтары, сондай-ақ ескертулері, сөгістері және тағы да басқа деректер жазылады.
Жұмысқа
алу жайлы хат негізінде
Шаруашылық
субъектісіндегі әрбір қызметке
алынған адамға, яғни жұмысшылар мен
қызметкерлерге табельдік номер беріледі.
Бұл номер – еңбекақы бойынша есеп айырысу
құжаттарында көрсетіледі. Белгілі бір
кезеңдегі яғни, уақыттағы шаруашылық
субъектісінің жұмысшылар мен қызметкерлерінің
тізімдегі орташа санын анықтау үшін жұмысшылар
мен қызметкерлердің күнделікті сандық
есебін жүргізу қажет. Ол үшін жұмысшылар
мен қызметкерлердің тізімдегі саны әрбір
жұмыс күні сайын жұмысшылар мен қызметкерлердің,
жұмысқа алу, басқа қызметке ауысу бұйрықтары
негізінде анықталып отырады. Жұмысшылар
мен қызметкерлердің күнделікті тізімдегі
саны қызметкерлердің жұмыс уақытын пайдалану
есебінде табелінің деректеріне сәйкес
келуі тиіс. Есеп беретін айдағы шаруашылық
субъектісінің жұмысшылар мен қызметкерлердің
орташа саны сол айдағы әрбір календарлық
күндеріндегі жұмысшылар мен қызметкерлердің
тізімдегі санын қосып, яғни 1-нен 30-на
дейін немесе 1-нен 31-не дейін (ақпан айында
1-нен 28-не немесе 29-на дейін) мейрам және
қызмет істемейтін, демалыс күндерін қоса
алғандағы қосынды санды сандық календарлық
күніне бөлу арқылы табады.
1.2 ЕҢБЕКАҚЫ ЖҮЙЕСІ
МЕН НЫСАНДАРЫ.
Жалақы – бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім шартында және қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшін алады.
Еңбек тиімділігін арттырудың әртүрлі ынталандыру жолдары бар, атап айтқанда: сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдері. Жұмыс беруші нақты жағдайын ескере отырып, «Еңбекақы төлеу туралы» ережесін дербес әзірлей алады, сондай-ақ онда еңбеккерлердің категориясын, жұмыс уақытының тәртібін, «Қызметкер туралы» ережесін белгілей алады. Аталған ереже жұмыс берушіге еңбек тәртібін ұйымдастыру мен еңбек келісімі-шартын жасау үшін ғана емес, сондай-ақ шығыстар мен ұсталымдарды негіздеу үшін де қажет. Төлем жеке және (немесе) ұжмдық еңбек нәтижесі бойынша жасалуы мүмкін.
Бұл
жағдайда жұмыс берушінің белгіленген
жалақысының деңгейі заңда
Іс
жүзінде еңбек ақыны
Мерзімді еңбек ақысы деп, нақты істеген уақыты үшін еңбек ақының (айлығының) мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлерге есептелінетін жалақының нысанын атайды. Мерзімдік еңбек ақының нысаны жай-мерзімділік және сыйақылы-мерзімділік болып бөлінеді.
Жай мерзімділік жүйесінің кезінде өзіне берілген (иеленген) тарифтік мөлшерлемесі немесе нақты істеген уақыты бойынша еңбеккерлерге еңбек ақы есептейді. Енді осы жүйеге сандық және сапалық көрсеткіштері үшін қосымша еңбек ақы сыйақылы-мерзімділік төлем болып табылады.
Тариф
мөлшерлемесін және бюджет сферасындағы
еңбеккерлердің қызмет иесінің (лауазымды
адамның) айлығын белгіленген кезде
жалақының минималды деңгейін және бірыңғай
тариф сеткасын пайдаланады. Бірыңғай
тариф сеткасы еңбек ақының 21 разрядының
негізінде құрылады және әрбір разряд
үшін өзіндік тариф коэффициенті белгіленеді.
Тариф сеткасының бірыңғай разряды | Тариф коэффициенті (1 разрядқа қатынасы) | Тариф сеткасының бірыңғай разряды | Тариф коэффициенті (1 разрядқа қатынасы) |
1
2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 |
1,0
1,07 1,15 1,24 1,33 1,43 1,54 1,66 1,78 1,91 2,05 |
12
13 14 15 16 17 18 19 20 21 |
2,20
2,37 2,55 2,74 2,95 3,17 3,41 3,67 3,94 4,24 |
Жұмыс
мамандығы негізінен біріншіден
сегізінші разрядқа дейін жіктеледі,
ал қызметкерлердікі екіншіден жиырма
біріншіге дейін бірыңғай тарифтік
сетка бойынша
Тарифтік мөлшерлемесін және әртүрлі машықтық – мамандандырылған топтарындағы қызмет иесінің ( лауазымды адамның) айлығын жұмыс берушінің ең төменгі жалақыны сақтаған кәсіпорын бекіткен разрядтың мөлшерлемесіне сүйене отырып бірыңғай тарифтік сеткасында белгіленген тарифтік – мамандандырылған коэффициенттер бойынша анықтайды.
Тарифтік – мамандандырылған анықтама жұмысшылардың жұмысын тарификациялауға және оларға әртүрлі өндіріс пен жұмыс түрі бойынша разряд беруге пайдаланылады.
Ал мамандандырылған анықтама қызметкерлердің жұмысының ??? мамандығының деңгейі бойынша анықтауды қамтамасыз етеді. Бұл анықтамалар бірыңғай және салалық болып келеді. Олардың негізінде нақты өндіріс еңбеккерлері үшін жергілікті анықтамалар әзірленіп және белгіленуі мүмкін.
Ал
меншік нысанына тәуелді кәсіпорындар
еңбек ақы туралы мәселесін ұжымдық
келісім-шарттын негізінде
Кесімді
еңбек ақы төлеген кезде алдын-
Тікелей кесімді еңбекақы жүйесі әрбір өнім бірлігі бойынша бағасын қою (кесу) арқылы белгіленеді;
Кесімді-сыйлық – бұл қосымша марапаттау төлемін қарастырады, белгіленген көрсеткішті орындаған кезде ғана пайдаланылады.
Кесімді-прогрессивті (үдемелі) еңбекақы төлемі. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың белгіленген нормадан артық өндіргені үшін көтермелеу ретінде пайдаланылады. Норма мөлшерінде дайындалған өнім үшін дайындалған өнім үшін жұмысшыларға төлемді тікелей кесімді бағалар бойынша есептейді, ал нормадан асыра дайындалған өнім үшін үдемелі (прогрессивті) бағалар бойынша есептейді;
Жанама кесімді еңбекақы төлемі. Мұнда қосалқы және басқа да жұмысшылардың еңбек төлемі қызмет көрсететін учаскесінің, цехтың негізгі жұмысшылардың төлем-ақысына шаққандағы процентімен анықталады;