Ақша қаражаттарының есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 19:27, курсовая работа

Краткое описание

Ақшалай қаражаттарды басқару қаржы нарығында өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процестерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етіледі. Сондықтан ақшалай қаражат пен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.

Оглавление

Кіріспе
1 бөлім. Ақша қаражаты
1.1 Ақша қаражатының түсінігі
1.2 Кәсіпорындағы касса және кассадағы ақша қаражаты түсінігі
2 бөлім. Кассадағы ақша қаражат есебі, оның құжатталуы
2.1 Кассадағы ақша қаражаты қозғалысын құжаттық рәсімдеу
2.2 Кассалық кітапты жүргізу және касса бойынша
есеп беруді тапсыру әдісі
2.3 Кәсіпорын кассасындағы ақша
қаражатының кіріске алынуы
2.4 Кәсіпорын кассасындағы ақша қаражатының
шығысқа шығарылуы
2.5 Кассадағы ақша қаражатының синтетикалық және талдау есебі

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша слайд, құжат үлгілері

Файлы: 1 файл

2113 Кассадағы ақша қаражат есебі және оның құжатталуы.doc

— 198.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

 

 

 

Кіріспе

1 бөлім. Ақша қаражаты

1.1 Ақша қаражатының түсінігі

1.2 Кәсіпорындағы касса және кассадағы ақша қаражаты түсінігі

2 бөлім. Кассадағы  ақша қаражат есебі, оның құжатталуы

2.1 Кассадағы ақша қаражаты қозғалысын құжаттық рәсімдеу

2.2 Кассалық кітапты  жүргізу және касса бойынша

      есеп  беруді тапсыру әдісі 

2.3 Кәсіпорын кассасындағы ақша

      қаражатының  кіріске алынуы 

2.4 Кәсіпорын кассасындағы ақша қаражатының

      шығысқа  шығарылуы 

2.5 Кассадағы ақша қаражатының синтетикалық және талдау есебі

 

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымша слайд, құжат үлгілері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

 

 Ақшалай қаражаттарды басқару қаржы нарығында өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процестерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етіледі. Сондықтан ақшалай қаражат пен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.

   Шаруашылық субъектінің кассасы қол ақша қаражаттарын (ұлттық және шетел валютасында), сондай-ақ ақша құжаттарын (бағалы қағаздар, қатаң есеп берілетін бланкілер) сақтау, қабылдау және беруге арналған.

    Кассада қол ақшаны сақтау, қабылдау және беру, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бекітетін кассалық операцияларды жүргізу ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

    Әрбір шаруашылық субъектісі қол ақшамен есеп айырысуды жүргізу үшін кассасы болуы керек. Касса – бұл қол ақша қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған және оқшауланған бөлме. Субъекті жетекшілері кассаны жабдықтауға және касса бөлмесінде ақшаның сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды банк мекемесінен әкелу және банк мекемесіне тапсыру кезінде оның сақтығын қамтамасыз етуге және олардың кінәсінен сақтау және тасымалдау кезінде ақша қаражатының сақталуын қамтамасыз ететін қажетті жағдайлар жасалмаған жағдайларда белгіленген заң тәртібінде жауапкершілік көтереді.

 Кәсіпорын кассасы қажет болған жағдайда оны сақтандыру ұйымдары сақтандыруы мүмкін.

    Ақша қаражаты  – кәсіпорын кассасындағы қолма-қол  және ағымдағы банктік шоттағы  ақша қаражаттары.

 Ақша қаражаттарының  баламалары (эквиваленті) – бұл  ақшалай қаражаттың белгілі бір  сомасына айналатын және құндылықтар  өзгеруінің аздаған тәуекеліне салынатын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар.    

 Ақша қаражаттарының  қозғалысы операциондық, инвестициялық  және қаржылық қызметі тұрғысынан  алынған мағлұматтың мазмұнын ашу үшін керек, мұның өзі заңды тұлғаның қаржылық жағдайын және қызмет түрлерінің ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.

    Ақша қаражат  қозғалысының есебі №7 ХҚЕС және №2 ҰҚЕС 7 бөліміне сәйкес ақшалай қаражатқа қолма-қол ақша мен талап етілгенге дейінгі салымдар кіреді. Кассадағы ақшалай қаражатты сақтау, жұмсау және есептеу тәртібі есеп саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъект дербес жасайтын кассалық операцияларды жүргізу ережелері белгіленген.

 

 

 

 

 

Ақшалай қаражат қозғалысының ішкі бақылау жүйесі – активтерді қорғау, субъектілердің қаржылық саясатына  сай болуын қамтамасыз ету, бухгалтерлік шоттарда көрсетілген мәліметтердің шүбәсіз сенімділігін қамтамасыз ету үшін жасалған саясат пен амалдар. Ақшалай қаражатты оңай жасыруға, тасуға болады, оларда тиістілік белгілері жоқ және олар айырбасталады. Ақшалар – шаруашылық қызметі өлшемі мен есебінің ағымдағы қаржылық ақпараттың негізгі бірлігі.

Курстық жұмыстың мақсаты – ақша қаражатының кәсіпорын үшін маңызын талдау, оның кәсіпорында жүргізу тәртібі мен қозғалысын құжаттық рәсімдеу, кассаның құрылымын талдау, кассалық кітапты жүргізу, касса бойынша есеп беру тәртібі, синтетикалық есебін талдау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Ақша қаражатының түсінігі

 

 

 

   №2 ҰҚЕС №7 бөліміне сәйкес ақша қаражаты  -ақша қаражаты, оның баламалары және ағымы  болып жіктеледі.

    Аталған стандартқа сәйкес ақша қаражаттарына келесі анықтама беріледі: 

Ақша қаражатттары бұл - қолма қол ақшалар мен талап  етілгенге дейінгі жинақтар.

Ақша қаражаттарының баламалары (эквиваленті) – бұл, қысқа  мерзімді, жоғары өтімді салымдар, тез  арада ақша қаражатына айналуына мүмкіндігі бар, бірақ осының салдарынан құндылығы шамалап өзгерістерге тәуекелденеді, ол – қазыналық вексель, коммерциялық құнды қағаз, депозиттік сертификаттар. 

Қазыналық вексель – 1жыл мерзімді үкіметтік пайызсыз міндеттеме. Ол жеңілдікпен сатылады, белгіленген мерзімде өтеледі.

Нарықтағы құнды қағаз  – қысқа мерзімді ақша қаражатының  қажеттілігін өтеуге корпорациялардың шығарылған қаражаттары.

Депозиттік сертификаттар  – қысқа мерзімді инвестициялар. Қосымша ақша қаражатты қолдану  үшін кәсіпорындар банктік қарыз ретінде пайдалана алады, оны – овердрафт деп атайды. 

       Ақша  қаражатының ағымы аталған стандарт  бойынша операциялық, инвестициялық,  қаржылық қызметтер нәтижесіндегі  ақша қаражаты мен оның баламаларының  кірісі мен шығысы.

   Ақша қаражатының  қозғалысы кәсіпорында операциялық,  инвестициялық және қаржылық  қызметтерден туындайды.

   Операциялық қызмет – кәсіпорынның негізгі кіріс келтіретін қызметі.

Кәсіпорын операциондық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының ағымын екі әдіс арқылы көрсетеді.

   1.Тура әдіс – бұл әдістежалпы ақша түсімі мен жалпы ақша төлемдерінің негізгі түрлері анықталады.

2.Жанама әдіс арқылы таза табыс пен шығыс ақшалай емес операциялардың нәтижесін есепке алумен сипатталады.

 Тікелей әдісте ақша қозғалыстарының негізгі түрлері ашылады. Мысалы, өнімді сатудан түскен түсімнен сатып алынған материалдардың барлық төлем түрлерін, көлік-дайындау шығыстарының төлемін, несие үшін пайыз төлемдері, бюджетке тиесілі төлемдерін шегереді.

Операциялық қызметте тікелей әдісті пайдаланған кезде ақша қаражатының түсуі мен шығуының нәтижесі: өнімді, жұмысты, қызметті сатудан түскен түсімдер, алынған аванстан, пайыздан, дивиденттен, роялтиден және басқа да табыстардан, жабдықтаушылар мен мердігерлердің қарызын төлегеннен, берілген аванстан, төленген жалақыдан, бюджет пен бюджеттен тыс төлемдерінен және басқа шығыстарынан тұрады.

Жанама әдістер –  бұл әдісте таза табыс немесе зиян өзгерген ағымдағы активтер мен міндеттемелеріне, ақшасыз операцияларына, сондай-ақ өткен жылдармен салыстыра отырып, қаржылық және инвестициялық қызметтің нәтижесі болып табылатын  табыстар мен шығындарға түзету жасалады. Бұл әдісте баланс міндеттемелері мен қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру мәліметтерін негізге алады. Бұл әдіс қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі туралы есеп берудің әрбір баптарына түзету енгізуді көздемейді. Тек қана таза табыс сомасын өткен жылдармен салыстыру арқылы есептік кезеңнің көрсеткіштеріне түзетулер енгізеді.

   Инвестициялық  қызмет – ақша қаражатының баламаларына жатпайтын активтер мен тағы басқа инвестициялары немесе кәсіпорын өзінің инвестициялық және қаржылық қызметінен түсетін жалпы ақша түсімі мен ақша төлемдерінің түрлері туралы жеке ақпарат беріп отыруы керек. Инвестициялық қызметке мыналар жатады:

  • Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатудан, қаржылық инвестицияны сатудан, басқа кәсіпорындардан алынған қарыз қаражаттары және басқа да түсімдер;
  • Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға жұмсалған ақша қаражттарының шығысы;
  • Қаржылық инвестицияларды алу, басқа кәсіпорынға қарыз ақша беру, басқа да төлемдер;

   Инвестициялық қызмет бухгалтерлік баланстың ұзақ мерзімді активтерінің құрамына кіреді. Оған қаржылық инвестицияларға әсер ететін операциялар да кіреді. Инвестициялық қызмет қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруінде көрініс табады. Онда ол акцияларды сатудан алынған табыс және шығыс ретінде көрінеді, сондықтан негізгі құралдарды және басқа да сатудың нәтижесі көрініс табады.

Қаржылық қызмет меншік капиталы мен қарыз капиталының  құрамы мен мөлшерінің өзгерісінің  нәтижесі болып табылады. Оларға мыналар  жатады:

-шығарылған акциялардан  түскен ақша қаражаттары және  басқа да бағалы қағаздарды сатқаннан алынған банктік және банктік емес несиелер, басқа да түсімдер;

-алынған банктік және  банктік емес несиелерді өтеуге  жұмсалған ақша қаражаты, өз акционерлерінің  акциясын сатып алу үшін жұмсалған  қаражаттар, дивиденттер және басқа да жұмсалған қаражаттар;

Кәсіпорын қаржылық, инвестициялық  және ақшасыз операцияларды жүзеге асыруы мүмкін. Оларға: материалдық  емес активтер, негізгі құралдарды ұзақ мерзімді несиенің есебінен алу, кредиторлық қарызды кредиторларға  акцияны және басқа да бағалы қағаздарды беру жолымен өтеу; басқа кәсіпорынның акцияларын сатып алынған тауарларға және дайын өнімге айырбастау жолымен алу және т.б. жатады.

 

 

 

 

 

 

    1. Кәсіпорындағы касса және кассадағы ақша қаражаты түсінігі

 

 

 

   Қай саладағы  кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы мәлім. Сол кездегі операциялардың барлығы толықтай ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңдарға сәйкес жүргізілуі тиіс. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіптерге сүйеніп жүргізіп отырады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:

  • Ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезінде есептеу;
  • Кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгенділігін және олардың тиімді пайдалануын бақылау;
  • Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығысқа шығарылуын дұрыс есептеу;

   Қазірге кезде  ақша қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Бәсеке қабілеттілігі – кәсіпорындар мен ұйымдардың бүгінгі күннің талабына сай, алдағы кезеңдерде дамуына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді. Ақшалар мен оның баламаларын дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін  дұрыс бағалау үшін қажет.

   Ақшалар шоттарында  тек қана жедел арада қабілетті  активтер есептелінеді. Кәсіпорындар  мен ұйымдардың ақшалары олардың  ақшаларынан, аккредитивтеріндегі  ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан, банктердегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы ақшаларының қалдығы деп аталатын бабында осы жоғарыда аталған ақшалар шоттарындағы ақшалардың барлық қалдығының жиынтық сомасы жазылады.

Ақшалай қаражаттарды басқару қаржы нарығында өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процестерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етіледі. Сондықтан ақшалай қаражат пен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.

   Ақша баламалары  – бұл ақшаларға ұқсас, бірақ  басқаша жіктелетін активтер  болып табылады. Оларға қазыналық  вексельдер, коммерциялық  қағаздар  және депозиттік сертификаттар жатады. Түрлі ұсталымдар мен айыппұлдар ұйымның ақшалары қатарына жатқызылмайды. Сондықтан да оларды кассадағы ақшалар шотында есептемейді.

   Ақша баламаларын кәсіпорынның есеп айырысу құралдары ретінде қарастырудың қажеттілігі де жоқ. Көп жағдайларда оларды қысқа мерзімді инвестициялар шотында есептейді.

   Кәсіпорындар  мен ұйымдардың меншігіндегі  пошта маркалары, алынған вексельдер, жұмысшылар мен қызметкерлерге  іссапар шығындары үшін аванс  ретінде берілген сомалары, жұмысшылар  мен қызметкерлердің басқа дебиторлық қарыздары ақшалар қатарына жатпайды. Оларды бухгалтерлік есепте дебиторлық борыштар бөлімінде есептейді.

   Овердрафт – дегеніміз кәсіпорынның иелігінде, яғни активті шоттың қалдығындағы сомадан артық сомада төлем төлеу нәтижесінде пайда болған кредиттік қалдық. Бұл сома қысқа мерзімді міндеттеме болып табылады және кредиторлық борыш болып есептеледі. Овердрафт кәсіпорындар мен ұйымдардың банк мекемесі арқылы басқаларға төленген қаржысы есеп айырысу шотындағы қалдық соиадан артық болған уақытта ғана пайда болады. Егер овердрафт үлкен көлемде болатын болса, онда бұл сома кәсіпорынның балансында немесе өз алдына жасалған түсіндірмелі құжатында бөлек көрсетілуі тиіс.   

Информация о работе Ақша қаражаттарының есебі