Ақша қаражаттарының есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 19:27, курсовая работа

Краткое описание

Ақшалай қаражаттарды басқару қаржы нарығында өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процестерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етіледі. Сондықтан ақшалай қаражат пен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.

Оглавление

Кіріспе
1 бөлім. Ақша қаражаты
1.1 Ақша қаражатының түсінігі
1.2 Кәсіпорындағы касса және кассадағы ақша қаражаты түсінігі
2 бөлім. Кассадағы ақша қаражат есебі, оның құжатталуы
2.1 Кассадағы ақша қаражаты қозғалысын құжаттық рәсімдеу
2.2 Кассалық кітапты жүргізу және касса бойынша
есеп беруді тапсыру әдісі
2.3 Кәсіпорын кассасындағы ақша
қаражатының кіріске алынуы
2.4 Кәсіпорын кассасындағы ақша қаражатының
шығысқа шығарылуы
2.5 Кассадағы ақша қаражатының синтетикалық және талдау есебі

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша слайд, құжат үлгілері

Файлы: 1 файл

2113 Кассадағы ақша қаражат есебі және оның құжатталуы.doc

— 198.00 Кб (Скачать)

   Касса кітабының екі жартысы да бірдей номерлермен номерленеді. Барлық кассалық операциялар парақтың үзілмейтін бөлігінің беті жағынан (“күннің басындағы қалдық” жолынан кейін) бастап жазылады, жазбас бұрын әуелі парақтың жартысы бүктеледі (үзілетін бөлігі қалған парақ бөлігінің астына салынады). “Ауыстырғаннан ” кейінгі жазуларды жалғастыру үшін парақтың үзілетін (жыртылатын) бөлігін екінші жаққа қайырады (яғни үзілмейтін бөліктің беткі жағынан) парақтың үзілмейтін бөлігінің келесі бетіндегі көлбеу сызықтар бойынша жазуларын жалғастырады.

   Есеп беретін бланкі сол күн ішіндегі операция соңына дейін үзілмейді. “Оның ішінде еңбек ақы” жолындағы төлем ведомостілері бойынша  жалақыға кассадан шығысқа есептен шығарылмаған сома көрсетіледі.

   Касса кітабында ақша кімнен алынғаны және кімге берілгені, корреспонденциялық шот және  кіріс пен шығыс сомасы құжатының номері көрсетіледі. Есеп беру (күн) соңында кассир жиынын есептен шығарады және есеп беру (күн) соңына қалдықты шығарады. Кітапта расталмаған өшірулер мен түзетулерге жол берілмейді. Түзету кассирдің және бас бухгалтердің  қолдарын қою арқылы расталады. Касса кітаптарын жүргізу мен кассалық операцияларға бақылау жасау бас бухгалтердің міндеті болып саналады.

Кассалық операциялардың көлемі үлкен болмаған кезде, кассалық есеп беруді 3-5 күнде бір рет жасауға рұқсат етіледі.

Күн сайын немесе 3-5 күнде  бір рет жұмыс күнінің соңында  кассир кіріс және шығыс құжаттарды тіркеу арқылы бухгалтерияға қолхатпен  есеп береді. Кассирдің берген есебіндегі корреспонденциялық шоттарға белгі соғылады, содан соң оның деректерін  1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының дебеті және кредиті бойынша есеп-қисап тізімдеріне ауыстырады. Ай соңында тізімдерде келесі есеп беретін айдың 1-не қалдық шығарылады, ол кассирдің берген есебінің қалдығына және 1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шоты бойынша бас кітапқа сәйкес келуі тиіс.

Кассалық операцияларды  бақылау процедуралары міндетті түрде аяқ астынан жоспарсыз  түрде жүргізіледі. Кассадағы аудиттік операцияларға кірісерден бұрын, мынадай ережелерді сақтаған жөн:

1.Чектер мен чектік  кітапшаларды сақтаған жөн;

2.Кассалық кітап бойынша  кассадағы қалдық ақшаны келесі  күнге көшіру тәртібі;

3.Кассалық кітап бойынша  есептегі ақшаны әр сайын есептеп,  бір күн бұрын кіріс пен  шығысты есептеу, бір қалдық ақшаны келесі күн есебіне көшіру;

4.Касса кітабындағы ақша операциялары мен кассадағы ақша тізімінің сәйкес келуін тексеру;

5.Кіріс пен шығыс  бойынша кассалық кітаптағы ақша  ағымының деңгейін тексеру; 

6.Кіріс пен шығыс  ордерін тіркеп, күнтізбе арқылы тексеру;

7.Кассалық операцияларды  мекеменің банкке қарасты ақша  қатынасын тексеру;

 

Инвентаризация кезінде  кассадағы ақшаның жалпы саны тексеріледі.

Инвентаризацияға арнайы акт толтырылады. Егер де кассада  ақша жетіспеушілігі анықталса, немесе ақшаның артық болу себебі актіге жазылады. Кассадағы бланктер саны саналып, олардың номерлері белгіленетін, қанша теңгеге толтырылғанын тексеріп, арнайы бланктер тіркейтін кітапшаға белгілеп жалпы ақша сомасын көрсетеді.

Сонымен қатар, кассалық операцияларды тексеру кезінде мынадай тәртіпті есте сақтау қажет:

1.Кассир мен жазба  түріндегі келісім шарттың болуы,  материалды жауапкершілігі жөнінде  және де кассалық операцияларды  жүргізу жөнінде;

2.Кассалық операцияны  жүргізу жөніндегі нұсқауға байланысты  ақшаны сақтауға, оны бір жерден екінші жерге жеткізу туралы, құжаттарды толтыру туралы міндетпен таныстыру;

3.Қазақстан Республикасының  жергілікті республикалық бюджеттегі  ақшаны тез арада инвентаризациялау,  бланктерді тексеру, қаржы айналым  жағдайын, ақша қорын тексеру;

4.Кассалық құжаттардың  өз уақытында толтырылуы және  кассалық операциялардың тәртібінің  орындалуын тексеру; 

5.Мемлекет мекемеде  қалған ақша лимитін бақылап  отыруын қадағалау; 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Кәсіпорын кассасындағы ақша қаражатының кіріске алынуы

 

 

 

   Кассаға ақша кірістелген кезде 1010-«Кассадағы теңгемен және валютамен ақша қаражаты», шоты дебеттеледі, онда кассадағы ұлттық және шетел валютамен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады, төмендегі шоттары кредиттеледі:

  1030-«Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен және шетел валютамен ақша қаражаты», онда ағымдағы банктік шоттардағы ұлттық валютамен және шетел валютасымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

   1250-“Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда қызметкерлердің:

активтерді сатып алуға  есеппен берілген ақша қаражаты, қызметтерге  ақы төлеу, қызметтік іссапарлар мен басқалар, кызметкерлерге берілген карыздар бойынша қызметкерлердің  дебиторлық берешегінің қозғалысына байланысты операциялар, сондай-ақ ұйымға қызметкер келтірген материалдық шығынды (кемшін шығу талан таражға салу, бүліну және басқалар) өтеу жөніндеп есеп аиырысу және қызметкерлердің өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі,

  6010-«Өнімді сатудан және қызметтер керсетуден түсетін кіріс», онда өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар ескеріледі, және оларға ұқсас операциялар көрсетіледі;

   Ақша кассаға түскен кезде 1010 - «Кассадағы теңгемен және валютамен ақша қаражаты» шоты дебеттеледі және келесі шоттар кредиттеледі:

   6010-«Өнімді сатудан және қызметтер керсетуден түсетін кіріс» және басқа да шоттар-кассаға алынған түсімнің сомасына;

   1210-«Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда бір жылға дейін мерзімі бар сатылған өнім және көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысу бойынша операциялар және сатып алушылар мен тапсырысшылардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;

   Кәсіпорынның  кассасына түскен түсімді өткізгенде  –1010 шоты дебеттеледі де, ал 1010-«Кассадағы теңгемен және валютамен ақша қаражаты» субшоты кредиттеледі.   

  

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖШС «Азияавто» кассасына  ақша қаражатының кіріске алынуы:

 

Шаруашылық операция мазмұны

Д

К

Сома, тг

1

Өткізілген өнімнен  түскен түсім кассаға келіп түсті

1010

6010

3067200

2

Сатып алушылар мен тапсырушылар берешегін кассаға тапсырды

1010

1210

6847000

3

Ағымдағы банктік шоттан келіп түсті

1010

1030

4000000

4

Қызметкер түгендеу кезінде  жетпеген немесе пайдаланбаған соманы кассаға қайтарды

1010

1250

780000

5

Құрылтайшыдан салым  ретінде кірістелді

1010

5110

85000

6

Қайтарымсыз заңды тұлғадан келіп түсті

1010

6220

64000

7

Аванс ретінде сатыпалушылардан кассаға кірістелді

1010

3510/4410

57500

8

Пошта бөлімінен жолдағы ақша қаражаты алынды

1010

1020

1000000

9

Өз акцияларының сатылғаннан  түскен түсімі кірістелді

1010

5210

3404500

10

Оң бағам айырмашылығы анықталды

1010

6250

875000

11

Валюталық шоттан кассаға түсті

1010

1012

682000

 

Барлығы

   

29862200


 

 

2.4 Кәсіпорын кассасындағы ақша қаражатының шығысқа шығарылуы

 

 

 

   Кассадан ақша  берілген кезде 1010-шоты кредиттеледі және келесі шоттары дебеттеледі:

   3350-«Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек», мұнда қыз-меткерлерге қызметкерлер тиісті қызметтерді көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін он екі ай ішінде толық көлемде төлеуге жататын сыйақылар (демалыс жәрдемақыларынан және үлескерлік құралдарымен өтемақы төлемдерінен басқа) және еңбекақы телеу бойынша өзге қысқа мерзімді берешектер есепке алынады;

  2150-«Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», онда қызметкерлерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар бойынша қызметкерлердің дебиторлық берешегінің қозғалысымен байланысты операциялар, сондай-ақ қызметкердің ұйымға бір жылдан асатын мерзімде келтірген материалдық зиянды (кемшін шығу, ұрлау, бүлдіру және басқалар) өтеу жөніндегі есеп айырысу көрсетіледі;

    1030-«Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен және шетел валютамен ақша қаражаты», онда ағымдағы банктік шоттардағы ұлттық валютамен және шетел валютасымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

 

ЖШС «Азияавто» кассасынан ақша қаражатының шығысталуы:

 

Шаруашылық операция мазмұны

Д

К

Сома

1

Жеткізушілер мен мердігерлерге төленді

3310/4110

1010

2108200

2

Банктік қарыз қайтарылды

3010/4010

1010

300800

3

Есептелген сыйақылар  аударылды

3380

1010

983400

4

Корпорациялық табыс  салығы төленді

3110

1010

300672

5

Бюджетке айып төленді

7210/7470

1010

212000

6

Ағымдағы банктік шотқа босатылды

1030

1010

2640000

7

Теріс бағам айырмашылығы анықталды

7430

1010

308000

8

Еңбекақы төленді –  төлем ведомос бойынша

3350

1010

200850

9

Пошта бөліміне тапсырылды

1020

1010

645200

10

Түгендеу барысында  сома кем шықты – кінәлі адам белгісіз

1280

1010

145600

11

Жетпеген сома жауапты  тұлғаның мойнына жүктелді

1250

1010

145600

12

Жеткізушілерге аванс  берілді

1610

1010

74320

 

Барлығы

   

7889042


 

 

 

 

2.5 Кассадағы ақша қаражатының синтетикалық және талдау есебі

 

 

 

Кассадағы операциялар  есебі активті синтетикалық шоттардың  бөлімдерінде жүргізіледі:

1010 “Кассадағы теңгемен  ақша қаражаты” 

1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты”

Ақшалардың ұлттық валюта түрінде түсуі кезінде 1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шоты дебеттеледі, сәйкесінше шоттардың кредитіне.

Қолма-қол есептесу мен  дайын өнімдерді, материалдарды, жұмыстарды және қызметтерді өткізу кезінде:

1010 “Кассадағы теңгемен  ақша қаражаты”  шотының дебеті,

6010 “Өнімдерді сатудан  және қызмет көрсетуден алынатын  кірістер” шотының кредиті.

Есеп беруге тиісті сомалар  бойынша жұмыскердің (қызметкерлердің) кассаға тапсырылған берешегі:

1010 “Кассадағы теңгемен  ақша қаражаты”  шотының дебеті.

2150 “Қызметкерлердің  ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі”  шотының кредиті.

Банктен қысқа мерзімді қарыз қолма-қол ақшамен алынды:

1010 “Кассадағы теңгемен  ақша қаражаты”  шотының дебеті.

3010 “Қысқа мерзімді  банктік қарыз” шотының кредиті. 

Банктегі есепшоттан кассаға түскен ақша қаражаты (еңбекақы беруге, шаруашылық шығындар, т.б)

1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының дебеті;

1030 “Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты” шотының кредиті;

Өнім өткізіп, қолма-қол  есеп айрысудан түскен түсім:

1010 “Кассадағы теңгемен  ақша қаражаты” шотының дебеті;

6010 “Өнімдерді сатудан  және қызмет көрсетуден алынатын кіріс” шотының кредиті;

Жолда деп саналатын  ақшалай қаражат кассаға келіп  түсті:

1010 “Кассадағы теңгемен  ақша қаражаты” шотының дебеті;

1020 “Жолдағы теңгемен ақша қаражаты” шотының кредиті;

Жұмсалмаған есеп берілетін  сома кассаға қайтарылды:

1010 “Кассадағы теңгемен  ақша қаражаты” шотының дебеті;

2150 “Қызметкерлердің  ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі”  шотының кредиті; 

Алдағы кезеңдер табысы шотына әр түрлі төлемдер кассаға  түсті:

1010 “Кассадағы теңгемен  ақша қаражаты” шотының дебеті;

3520 “Алдағы кезең кірістері”  шотының кредиті; 

Жабдықтағаны, орындаған  қызмет үшін аванс түскенде:

Информация о работе Ақша қаражаттарының есебі