Ақша қаржаттар қозғалысының есебін талдау және аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:59, дипломная работа

Краткое описание

Бухгалтерлік есеп жүйесі Қазақстан Республикасының экономикасының дамушы секторының бірі болып табылады. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күнде бухгалтерлік есеп басқару жүйесінедгі басты орынды алуда.
Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін халықаралық стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкестендіру. Ол әрине халықтың жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикалық тұрақты өсуіне әсер етеді.

Оглавление

КІРІСПЕ……………………………………………………………………....5


1. Ақша қаражаттарының есебi бухгалтерлiк есеп нысаны ретiнде………………………………………………………………………….8
1.1 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы ……………………...........8
1.2 «Оптика» АҚ жалпы эконмикалық сипаттамасы және есеп саясаты………………………………………………………………………....12


2. Ақша қаражаттарының есебiн ұйымдастыру . ………………........20
2.1. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебi……………………………….......20
2.2. Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебi……………….....25
2.3. Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебi……………………….....29
2.4. Банктегi арнайы шоттардағы қолма-қол ақшаның есебi………….........34


3. Ақша қаражаттары есебiнiң аудитi……………………………..........38
3.1. Ақша қаражаттары есебi аудитiнiң мақсаты мен мiндеттерi…….........38
3.2. Касса операцияларының аудитi………………………………………….44
3.3. Есеп айырысу шоттарының аудиті..........................................................50


ҚОРЫТЫНДЫ ……………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ….…………………....
ҚОСЫМШАЛАР …………………………………………………………...

Файлы: 1 файл

Копия дип22222.docx

— 126.29 Кб (Скачать)
lign:justify">Қоғамның  құрылу мақсаты:

- табыс  табу;

- оптика  нарығының сұранысын қамтамасыз  ету;

- тауарлар  мен қызметтер нарығын үлкейту;

- акционерлер  мен кллектив мүшелерінің сатудан  табыс табу арқылы әлеуметтік-экономикалық  жағдайын жақсарту;

Заңмен  шектелмеген шаруашылық жүргізу  үшін Қоғамның азаматтық құқықтары  мен азаматтық міндеттері бар.

Қоғамның  шаруашылық жүргізу нысаны мыналар;

- көзәйнектер,  линзалар мен линза салатын  ерітінділер мен күннен қорғайтын  көзәйнектерді көтерме және бөлшектеп  сату;

- көзәйнектердің  жөндеуі;

- оптика  қызметтері;

 

«Оптика»  АҚ-мының есеп саясаты

1.1. «Оптика»  АҚ-мы ҚР-ның Әділет министрлігінде 1994 жылдың 15 наурызында тіркелген  (тіркелу куәлігінің нөмірі №3163-1910-АО) Меншік түрі – жеке  меншік.

1.2. Атауы  «Оптика» АҚ

1.3. Қоғамның  акционерлері – жеке  тұлғалар 

1.4. Негізгі  шаруашылық түрі – оптикалық  өнімдерді бөлшектеп сату.

1.5. «Оптика»  АҚ өз шаруашылығын келесі  құжаттар мен нормативтік актілер  негізінде жүргізеді:

  • «Оптика» АҚ жарғысы.
  • ҚР азаматтық кодексі №409-1 01.07.99г (өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып);
  • ҚР Заңы 13.05.2003ж №415-11 «Акционерлік қоғамдар туралы» (өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып);
  • Өзге де заңдар, нормативтік актілер, нұсқаулар;

    2. Басқару, ұйымдастыру құрылымы

2.1. «Оптика»  АҚ-ның басқару  органдары мыналар:

Жоғарғы басқару органы – акционерлер  жиналысы; атқарушы Президент.

2.2. «Оптика»  АҚ акционерлер жиналысы мен  президентінің өкілеттілігі ҚР-ның  заңдарына және АҚ жарғысына  сәйкес жүргізіледі.

2.3. Президент  қарамағында: заң сұрақтары жөніндегі  вице- президент, сату жөніндегі  вице-президент және бас бухгалтер.

2.4. Сату  жөніндегі вице-президенттің функциялары:

кәсіпорынның  қаржы жоспарын құру; меншікті айналым  қаражатының  керектігін анықтау  және нормативті есептеу.

2.5. Бас  бухгалтердің атқаратын жұмыстары  мыналар: ақша қаражаттары операцияларын  бақылау; ақша қаражаттары қозғалысы  туралы есепті құру; қаржы есебін  талдау; салық саясаты мен салық  есебін дайындау әдістерін анықтау,  белгіленген мерзімде шаруашылық  туралы толық және дұрыс ақпаратпен  қамтамасыз ету; қаржы есебін  уақытылы құру және ұсыну; өндірістік  шығындардың есебі; бухгалтерлік  жұмыстарды компьютерлендіру және  бухгалтерлік есептің салаларын  бір орталық жүйеге біріктіру;  келіп түскен ақша қаражаттары  мен тауарлы-материалдық қорлар  есебінің дұрыс жүргізілуін бақылау;  шығын сметаларын бақылау мен  түгендеу жүргізу; ішкі аудит.

       3. Бухгалтерлік есеп пен ішкі  бақылаудың құрылымы

3.1. «Оптика»  АҚ бухгалтерлік есебі келесі  нормативтік құжаттарға сәйкес  орталық бухгалтерияда жүргізіледі:

-  «Бухгалтерлік   есеп және қаржы есебі туралы»  №2732 26.12.1995ж ҚР Заңына;

- 29.10.02ж  №542 қаржылық есепті дайындау  мен ұсынудың концептуалды негізі;

- Бухгалтерлік  есеп стандарттары;

- Бухгалтерлік  есеп стандарттарына әдістемелер;

- Бухгалтерлік  есепке алу шоттарының үлгі  жоспары;

- Бухгалтерлік  есепке алу шоттарының үлгі  жоспарын қолдану түсініктемелері;

- «Оптика»  АҚ Есеп саясаты;

-  «Оптика»  АҚ жұмыс шоттар жоспары;

- Әдістемелер,  нұсқаулар мен басқа да бухгалтерлік  есепті жүргізуге арналған нормативті  актілер.

3.2. «Оптика»  АҚ бухгалтерлік  есеп пен қаржы  есебінің негізгі міндеті АҚ  қаржы жағдайы туралы, шаруашылығы  және қаржы жағдайындағы өзгерістері  туралы толық және дұрыс ақпаратпен  қызығушылығы бар тұлғаларды  қамтамасыз ету.

3.3. Алдыңғы  кезеңдегі қаржы есебін құрған  кездегі қате табылған жағдайда, ағымдағы кезеңдегі таза табыс  немесе зиянды есептегенде, түзетілген  қате сомасы ескеріледі.

3.4. Ақ  қаржылық есебінің негізгі сапа  характиристикасы түсініктілігі,  сенімділігі, салыстырмалылығы болып  келеді.

3.5. «Оптика»  АҚ есеп саясатында мына жағдайларда  өзгертулер жүргізілуі мүмкін:

- егер  заңға сәйкес қажет болса, сонымен  қатар бухгалтерлік есеп туралы  заңға;

- егер  бұл өзгерістер «Оптика» АҚ  қаржы есебі операцияларының  одан да дәл болуына әкелсе.

       4. Бухгалтерлік құжаттар

4.1. Бухгалтерлік  жазулар щаруашылық операциялар  жасалғаны тіркелген бастапқы  құжаттардың негізінде жүргізіледі.  «Оптика» шаруашылығы активтеріне  әсер етуші барлық шаруашылық  операциялар мен басқа да оқиғалар  меншікті капитал, міндеттемелер,  кірістер мен шығыстар бухгалтерлік  есепте көрініу  тиіс. Бастапқы  құжаттар «Оптика» АҚ  операция  жасалған кезде құрылады, егер  бұл мүмкін болмаса – операция  аяқталғаннан кейін құрылады.

4.2. Бухгалтерлік  жаулар қолмен және 1С:Бухгалтерия  компьютерлендірілген есеп жүйесінің  көмегімен жасалынады.

4.3. Бірыңғай  шаруашылық операцияларына жиынтық  есеп құжаттары ашылады. Жиынтық  есеп құжаттарға бастапқы құжаттар  қыстырылса, олар  дәлелдеу күшін  сақтайды.

4.4. Бастапқы  құжаттар мен бухгалтерлік есеп  регистрларының мазмұны коммерциялық  құпияны құрайтын ақпарат болып  табылады. Бұл ақпаратты «Оптика»  АҚ басшыларының рұқсаты бар  тұлғалар мен ҚР Заңына сәйкес  мемлекеттік органда қызмет ететін  тұлға ала алады.

4.5. Бухгалтерлік  есеп құжаттарына қол қою құқығын  және қол қою иерархиясын тұлғалардың  қызметіне сәйкес «Оптика» АҚ  басшылары белгілейді.

4.6. «Оптика»  АҚ бастапқы құжаттарды бухгалтерлік  есеп регистрлерін қағаз және  электронды ұстаушыда, қаржы есебін, есеп саясатын, ҚР Заңында белгіленген  уақыт аралығында сақтайды. «Оптика»  АҚ құжаттарды сақтаудың келесі  мерзімдері белгіленген (Кесте  № 1)

 

Кесте 1

«Оптика» АҚ құжаттарды сақтау мерзімдері

 

Құжаттар атауы

Сақталу мерзімі

1

Кәсіпорынның қаржылық есебі мен  оған түсініктеме:

А. Жиынтық жылдық

Б. Жылдық

В. Тоқсандық

Г. Негізгі құралдардың ескіруі  мен қайта бағалануы жөніндегі  актілер және ведомостар

 

 

     әрқашан

     әрқашан

     5 жыл

     5 жыл

 

2

Тұлғалық шоттар:

А.Жұмыскерлер мен қызметкерлердің

Б.Зейнетақы мен мемлекеттік  пособия алушылар

 

   75 жыл – «в» 

      5 жыл

3

Бұдан басқа да жоғарыда көрсетілмеген  құжаттар

5 жыл


 

                5. Түгендеу

5.1. Бухгалтерлік  есеп пен қаржы есебінің мәліметтері  дұрыс болуы үшін  «Оптика» АҚ мүліктер мен ақша міндеттемелерін тугендеу жылына бір реттен кем емес өткізіліп отырады.

5.2. Түгендеу  өткізу түріне байланысты жоспарлы  және кенеттен болады.

Жоспарлы  тугендеу «Оптика» АҚ белгіленген мерзімде өткізіледі :

  • негізгі құралдар мен тауарлы-материалдық қорлады тугендеу жылдық бухгалтерлік есепті құрудың алдында бір реттен кем емес өткізіледі;
  • «Оптика» АҚ ақша қаражаттары мен кассадағы ақша құжатарын тоқсан сайын бір рет түгендеу жүргізіледі.
  • «Оптика» АҚ дебиторлар және кредиторлармен есеп айырысуын тоқсан сайын бір рет түгендеу жүргізіледі.

Кенеттен  түгендеу «Оптика» АҚ бірінші басшысының тапсырмасымен  жспарлы тугендеудің  графигіне байланыссыз өткізіледі.

5.3. «Оптика»  АҚ міндетті түрде өткізілетін  түгендеулер:

- материалдық  жауапты тұлғаның ауысуына байланысты;

- тауарлы-материалдық  қорлардың ұрлануы мен бүлінуі  орын алғаны анықталғанда;

- Өрт,  табиғи опат және басқа да  зілзалалар болған жағдайда;

- Кәсіпорынды  тарату кезінде ҚР Заңында  белгіленген тарату балансын  құру алдында.

5.4. Түгендеу  өткізу жауапкершілігі «Оптика»  АҚ бас бухгалтері мен түгендеу  комиссиясның міндеті. Комиссия  құрамына мыналар кіреді:

Комиссия  төрағасы – вице-президентАҚ

Комиссия  мүшелері – АҚ филиалдарының меңгерушісі

                                             -  оптик-консультант 

                                             -  бухгалтер 

Кәсіпорынның  тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара  қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан  да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу - жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып  табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ  қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржы-лық тұрақты "кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағ-дайы көршісіне қарағанда жақсы  болуы тиіс. Сондай-ақ, бұл жыл  сайын өз об-лигациясы бойынша  белгілі бір пайызбен алғысы келетін, ал заем мерзімі біт-кен   уақытта-облигация құнын толық өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты. Кез келген коммерциялық кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелері-мен тәуекел ете отырып несие алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру туралы шешім қабылдай отырып, кез кел-ген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз еті-луін тексереді. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер осы кәсіпорынға несие беру орынды ма, жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда - қандай пайызбен және қанша мерзімге деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады. Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді жә-не төлем қабілеттілігі жоғары кәсіпорындармен келісім-шартқа үлкен ықылас-пен отырады. Тіпті қаржы органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорын-ның жағдайы тұрақты болғанын қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уакытылы және толық төлей алады.                                            

Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы  потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзі-нің және оның серіктестерінің  қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экокомикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін ба-ғалайды.    

Қаржылық  жағдайды талдау кәсіпорынның, шаруашылық  қызметін талдау-дың қор ытындылаушы  кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды:

жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақ-тауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рацио-налдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржы-лық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қар-жылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлем-дерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарасты-рылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәй-кестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.                                                                                                                      

 

Кесте 2

Кәсіпорын баланс активтерінің құрамы мен құрылуы.

 

 

Активтер

Сомасы, мың тг.

Құрылымы, %

Өзгеріс (+ ; -)

 
    

 

Жыл басында

Жыл соңында

Жыл басында

Жыл соңында

Мың тг.

Үлес салмағы, %

Ұзақ мерзімді активтер

           

Негізгі құралдар

147 795

210 260

40,03

58.44

+62 465

+42,26

Аяқталмаған өндіріс

45 300

17 280

12,27

4,80

-28 020

-61,85

Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар

18 590

18 590

5.03

5.17

0

0

Алдағы кезең шығындары

395

655

0,11

0,18

+260

+65,82

Жиыны

212 080

246 785

57.44

68,60

+34 705

+16,36

Қысқа мерзімді активтер

   

0,00

0,00

0

0,00

Тауарлы-материалдық қорлар

57 780

53 600

15,65

14,90

-4 180

-7,23

Дебиторлық борыш

91 595

47 525

24,81

13,21

-44 070

-48,11

Қысқа мерзімді қаржылық салымдар

0

670

0,00

0,19

+670

 

Ақша қаражаттары

1 505

5 470

0,41

1,52

+3 965

+263,46

Басқа да қысқа мерзімді активтер

6 290

5 715

1,71

1,58

-575

-9,14

Жиыны

157 170

112 980

42,56

31,40

-44 190

-28,12

Барлығы

369 250

359 765

100,00

100,00

-9 485

2,57


Информация о работе Ақша қаржаттар қозғалысының есебін талдау және аудиті