Ақша қаржаттар қозғалысының есебін талдау және аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:59, дипломная работа

Краткое описание

Бухгалтерлік есеп жүйесі Қазақстан Республикасының экономикасының дамушы секторының бірі болып табылады. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күнде бухгалтерлік есеп басқару жүйесінедгі басты орынды алуда.
Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін халықаралық стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкестендіру. Ол әрине халықтың жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикалық тұрақты өсуіне әсер етеді.

Оглавление

КІРІСПЕ……………………………………………………………………....5


1. Ақша қаражаттарының есебi бухгалтерлiк есеп нысаны ретiнде………………………………………………………………………….8
1.1 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы ……………………...........8
1.2 «Оптика» АҚ жалпы эконмикалық сипаттамасы және есеп саясаты………………………………………………………………………....12


2. Ақша қаражаттарының есебiн ұйымдастыру . ………………........20
2.1. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебi……………………………….......20
2.2. Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебi……………….....25
2.3. Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебi……………………….....29
2.4. Банктегi арнайы шоттардағы қолма-қол ақшаның есебi………….........34


3. Ақша қаражаттары есебiнiң аудитi……………………………..........38
3.1. Ақша қаражаттары есебi аудитiнiң мақсаты мен мiндеттерi…….........38
3.2. Касса операцияларының аудитi………………………………………….44
3.3. Есеп айырысу шоттарының аудиті..........................................................50


ҚОРЫТЫНДЫ ……………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ….…………………....
ҚОСЫМШАЛАР …………………………………………………………...

Файлы: 1 файл

Копия дип22222.docx

— 126.29 Кб (Скачать)

3320-« Еншілес ұйымдарға берешек», 3330-« Тәуелді ұйымдарға берешек», 3320-« Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға берешек» шоттары – еншілес және тәуелді серіктестерге есеп айырысу шотынан қарыздарды өтеуге;

3130-«Қосылған құн салығы», 3390-«Өзге де салықтар, алымдар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер» шоттары – салық бойынша бюджетке төлемдер төленгенде;

3540-«Кепілдікті міндеттемелер» - жеке және мүліктерін сақтандыру бойынша қарыз сомасын төлегенде;

3130-«Төленетін корпорациялық табыс салығы» - бюджетке корпоротивтік табыс салығын төлегенде.

 

 

2.3.Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі

 

Резиденттер арасындағы жасалатын төлем операцияларының  барлығы, нормативтік актілерде  қарастырылғаннан басқасы, тек теңге  түрінде жүргізілуі тиіс. Қазақстан  Республикасындағы резиденттер  және резидент еместер арсындағы  валюталық операциялар Ұлттық банктің  нормативті-құқықтық актілерінде, салық  пен кеден заңдарында, қарастырылғаннан басқа жағдайларда, өкілетті банктер  және банктік емес қаржылық мекемелер  арқылы жүргізіледі.

Валюталық операцияларды жүргізу үшін 24 желтоқсан 1996 жылғы №54-1 «Валюталық реттеу туралы»  Қазақстан Республикасының Заңы және 20 сәуір 2001 жылғы №115  Ұлттық банкінің Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында валюталық операцияны жүргізудің Ережесі» негіз болып  табылады.

Қазақстан Республикасында валютаны реттеудің  негізгі органы болып  Ұлттық банкі  саналады. Кез келген валюталық операцияны өкілеттілігі бар банксыз жасауға  рұқсат етілмейді. Осындай операцияларды  жасау үшін өкілетті банктер заңды  тұлғалар ұшін валюталық шоттар ашады.

Заңды тұлғалар – резиденттері өкілетті банктердегі  шетелдік валютада және оларды жабуы 2 маусым 2000 жылғы №266 «Қазақстан Республикасының  банктердегі клиенттердің банктік  шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртіптері туралы» Нұсқауда қарастырылған  болатын.

Заңды тұлғалардың  өкілетті банктердегі есеп шоттарына  қолма-қол ақшасыз тәртіппен келіп  түскен шетелдік валюта шектеусіз түрде  есепке алынады.

Заңды тұлға-резиденттер, резидент еместердің пайдасына төлемдер жүргізген кезде, өкілетті банктерге  тиесілі тәртіп бойынша әзірленген құжаттарды тапсыруы тиіс. Лицензия немесе бұл бойынша талап Ұлттық банкіде  тіркелгені жөнінде куәлік талап  етілетін операциялар жүргізілген  жағдайда заңды тұлға-резиденттері өкілетті банкке тиісті құжаттарын тапсыруы тиіс.

Өкілетті  банктер валюталық заңдарды сақтауға байланысты қосымша ақпараттар мен  құжаттарды талап етуге құқылы.

Резиденттер мен резидент еместер арасындағы операциялар бойынша төлемдер екі  жақтың кез келген валюта түріндегі  келісімдері бойынша жүзеге асырылады. Резиденттер мен резидент еместердің өкілетті банктер арқылы жүзеге асырылатын ағымдағы операциялары шектеусіз жүргізіледі.

24 желтоқсан  1996 жылғы №54-1 «Валюталық реттеу  туралы» Қазақстан Республикасының  Заңдарына және 31 наурыз 2001 жылғы  №88 ҚР ҰБ басқармасының қаулысымен  бекітілген «Капитал қозғалысымен  байланысты валюталық операцияларын  тіркеудің Ережелеріне» сәйкес  қаражаттардың резидент еместерден  резиденттердің пайдасына көшуін  қарастыратын капитал қозғалысына  байланысты операциялардың есебін  жүргізу және ұйымдастырудың  тәртібі сол аталған қаулымен  белгіленген.

Капитал қозғалысымен байланысты Қазақстан  Республикасының келіп түсетін 100 мың АҚШ долларынан астам немесе соған сәйкес басқа валюталық  операцияларынан түсекен қаражаттар міндетті түрде тіркеуге жатады:

  • резидент еместерден 120 күннен астам мерзімге алынған несиелер, лизингіні де қоса алғанда;
  • резидент еместердің төлем ретінде интеллектуалды меншік объктісін толық әрі айрықша құнын берген жағдайда;
  • резидент еместердің экспорттық-импорттық мәмілелеріне сәйкес алған несиелері;
  • резидент еместердің төлем ретінде қозғалмайтын мүлікке қатысты мүліктік құқын берген жағдайда.

Бұл операцияларды  тіркеу дегеніміз, ондағы тиесілі келісім-шарттарды  тіркеу және әрекет етіп тұрған заңмен белгіленгендей, келісім-шарттардың тіркелген  тәртібі бойынша нақты қражат қозғалысы туралы тоқсан сайын мәлімет  беріп отыру болып табылады. Заңды  тұлға-резидент өзінің келісім-шартын тікеген орны бойынша тіркелген  келісім-шарттың әрекет етуі кезінде  болған барлық өзгерістері мен қосымшалары  туралы хабарлап отыруға міндетті.

Капитал қозғалысына байланысты қаражаттардың  резидент еместерден резиденттердің пайдасына  көшуін қарастыратын валюталық операциялардың түрлері тәртіп бекітілген келесі тәртіп бойынша жүргізіледі: 120 күннен астам  мерзімге несиелер алу; 120 күннен астам  мерзімге жасалынған экспорттық-импорттық  мәмілелерге байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру; инвестициялар;мүліктік және қозғалмайтын мүліктерге қатысты  басқа да құқықтарға төленетін аударымдар болған жағдайда жүзеге асады.

Заңды тұлғалар – резидент еместермен шетел валютасында  есеп айырысулар олардың есеп шоттарындағы қолында бар валюталық қаражаттарының шегінде қолма қолсыз тәртіппен  жүзеге асырылады. Валюталық қаражаттардың  шығу тегі жариялы болуы және келесі көздерден заңды түрде алынуы тиіс: экспорттық валюталық түсім; жарғылық капиталға төленетін жарналар; резидент еместерге жәрдем беру; өкілетті банктерден, шетелдік банктерден, қаржылық мекемелерден және басқа шетелдік заңды тұлғалардан  алынатын несиелер, сондай-ақ жеке тұлғалар-резидент еместер берген қарыздар; өкілетті банктер және айырбас пунктері арқылы ішкі саудада теңгеге сатып алынған  валюта.

Заңды тұлға  резиденттерінің банк шоттарында шетелдік валютасында қолма қол ақшасынан  резиденттік емес еңбеккерлеріне жалақы төлеу үшін қызмет бабы бойынша еңбеккерлердің шетелдік іс-сапарларға шығуына байланысты кеткен шығыстарын жабуға алынуы мүмкін. Осы қаражатты алу үшін заңды  тұлға резиденттері өкілетті банкісіне  тиісті дәрежеде рәсімделген құжатты  ұсынады.

Өкілеті банктер мен айырбас пунктері арқылы шетел валюталарын алып-сату арқылы екі жақты мәмілелер кезінде  сатып алушылар мен сатушылардың өз беттерінше анықтаған бағамдық деңгейін алуға құқылы.

Резидент  – заңды тұлғалар ішкі валюталық  нарығында шетелдік валютаны және тек  резидент еместермен есеп айырысу үшін шетел валютасында банкіден алған  несие бойынша міндеттемелерін  орындайды. Шетел валютасында несиелер қолма қол ақшасыз тәртіппен  беріледі.

Валюта  шоты бойынша жасалынатын оепрациялар  мына төмендегі құжаттармен рәсімделеді;

  • банк мөрімен және кассирдің, орындаушы мен бақылаушының қойған қолдарымен куәландырылған банктік валюталық кіріс ордері валюталық шығыс касса ордерін толтыру үшін негіз болып табылады;
  • қолма қол валютаны беру Тапсырмамен рәсімделеді. Банк куәландырған тапсырманың көшірмесі валюталық кіріс касса ордерін толтыру үшін негіз болып табылады;
  • шетелдердегі бенефициарға валюта қаражаттарын аудару « Аударға берілетін өтінішті» жазу арқылы рәсімделеді;

Валюта  шоттары бойынша операциялардың есебі 1031-« Ел ішіндегі валюталық шоттағы ақша» және 1032-«Шетелдегі валюталық шоттағы ақша» - шоттарында жүргізіледі.

Аталған және басқа да құжаттарың негізінде  банк валюталық шотының бет есебіне  тиісті жазуын жазады, ал оның көшірмесі  кәсіпорынға жіберіледі.

Валюталық шот оның иесінің өтініші бойынша  жабылады, содан соң осы өтінішін өзіне қызмет көрсететін банк мекемесіне жіберіледі. Шот жабылған жағдайда, сондай-ақ субъектінің атауы өзгерсе  немесе шоттың нөмірі өзгерген жағдайда шот иесі валюталық шоттағы қаржының қалдығын растайтын құжатты өтінішке қоса тіркеуге міндетті.

Валюталық бақылаудың негізгі бағыты операциялардың қолданылып жүрген заңға сай келуін, шетел валютасымен төлеудің негізділігін тексеру; валюталық операциялар  бойынша, сондай-ақ резидент еместердің Қазақстан Республикасының валютамен  операцилары бойынша есепке алу  мен есеп берудің толықтығы мен  нақтылығын тексеру болып табылады.

 Валюталық  бақылау Қазақстан Республикасында  валюталық бақылау органдары  және агенттері арқылы жүзеге  асырылады.

Қазақстан Республикасының заңына сай валютаны ретке келтіру міндеттерін жүзеге асыру құқығы бар Мемлекеттік  органдар, Қазақстан Республикасындағы  валюталық бақылау органдары  болып табылады.

Алған лицензияларына сәйкес операциялар жүргізген кезде  валюталық заңның сақталуын бақылау  міндеті жүктелген өкілеттіктеріне  берілген банкіден тыс қаржы мекемелері мен өкілеттігі берілген банкілер валюталық  бақылаудың агенттері  болып табылады.

Валюталық бақылау органдары өз міндеттерін  жүзеге асыру үшін валюталық бақылаудың агенттерін жұмысқа тартады және олардың тиісті тапсырмаларды орындауы үшін біршама құқықтарды береді.

  Қазақстан  Республикасында валюталық операцияларды  жүзеге асырып жатқан резидент  те, резидент емес те республиканың  заңымен белгіленген тәртіппен  осы операцияларға қатысты ақпараттар  мен тиым салынған құжаттарды  валюталық бақылау агенті мен  органдарына беруге міндетті: өзінің  үй-жайына, құжаттарға және автоматталған  базалық мәліметтерге кіруін  қамтамасыз етуді; тексеру барысында  да, сондай-ақ олардың нәтижесі  бойынша да түсінік беруге; валюталық  бақылау органдарының талаптарын  орындауы тиіс.

Шетел валютасын  сатып алу. Заңды тұлға-резиденттер  шетел валютасын ішкі саудада  тек резидент еместермен есеп айырысуды  жүзеге асыру үшін және міндеттемелерін  орындау үшін, сондай-ақ заң актілерінде  қарастырылған басқа да жағдайларда  ғана сатып ала алады.

Заңды тұлға-резиденттер  шетел валютасын сатып алуға  тапсырысты әзірлеу кезінде сатып  алу мақсатын көрсетуді, сондай-ақ резидент еместермен есеп айырысуда жүзеге асырудың қажеттілігін растайтын құжаттарды қоса тапсыруы немесе өкілетті банктерден алынған несиелер бойынша міндеттемелерді  орындауды және осы валютаны, егер ол өз мақсаты бойынша пайдаланылмайтын болса, онда сатып алынған күннен бастап, отыз күннің ішінде ағымдағы нарықтық бағамы бойынша ішкі валюталық саудада  сатуға тек банкке ғана өкілеттік  берілген.

 Заңды  тұлға-резиденттердің ішкі валюталық  саудада сатып алған шетел  валютасы резидент емеске немесе  валютаның заңды тұлғаның есепшотына  қосылған күннен бастап, отыз  күннің ішінде өкілеттік банкке  аударылуы тиіс.

Заңды тұлға  – резидент толықтай немесе жартылай сатып алған шетел валютасын  отыз күннің мерзімі өткенше пайдаланбаса, онда ол ішкі валюталық саудада міндетті түрде сатылады.

Заңды тұлға-резиденттерге  валюталық операциялар бойынша  көрсетілген банктік қызмет түрлеріне  банктер арқылы тараптардың келісімі бойынша ұлттық немесе шетел валютасы түрінде төлемақы алады.

Теңгемен  алынған несиелерді, сондай-ақ олар бойынша пайыздар мен басқа да төлемдердің шетел валютасымен  орнын жабуға тыйым салынады.

Тауарлар  экспорты төлем, сондай-ақ несие немесе инвестиция ретінде заңды тұлғалар-резиденттер  арқылы алынған болса, онда ол осы  резиденттің 24 наурыз 1997 жылғы №130 шетел  валютасын пайдалануға байланысты қызметін лицензиялау тәртібі туралы Ережеге сәйкес өкілетті банкілер арқылы төлем жасалынады.

 Заңды  тұлға – резиденттердің пайдасына  тарту, қайырымдылық-жәрдем жасау,  қайырымдылық жарналар және басқа  да түсімдер ретіндегі шетел  валютасы олардың өкілетті банкілері  арқылы төленеді.

Өкілетті  банкілерден шетел валютасын  сатып алған кезде келесі шоттар коррепонденциясы қарастырылады.

1031 және 1032 шоттарының дебеті келесі шоттардың кредитімен коррепонденцияланады:

1010-«Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма қол ақша» - валюталық кассадан валюталық шотқа өткізілген валютаның сомасына;

1610-«Алынуға арналған есептеулер» шоты – тиелген өнім. Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін төленетін валюталық қаржы келіп түсті;

6250-«Бағам айырмашылығынан аланатын кіріс» шоты – шетелдік валютаның ұлттық валютаға қатысты бағамының өсуінің нәтижесінде пайда болған оң бағам айырмашылығының сомасына.

1031 және 1032 шоттарының кредиті келесідей шоттардың дебетімен коррепонденцияланады:

1010 -«Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма қол ақша» - валюталық шоттан валюталық кассаға алынған валютаның сомасына;

3310-«Төлеуге шоттар» - жеткізілген материялдық қорлар, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет үшін шетелдік фирмалардың инвойсы төленді;

7430-«Бағам айырмасы бойынша шығыстар» - шетелдік валютаның ұлттық валютаға қатысты бағамының төмендеуінің нәтижесінде пайда болған теріс бағам айырмашылығының сомасына.

Информация о работе Ақша қаржаттар қозғалысының есебін талдау және аудиті