Ақша қаржаттар қозғалысының есебін талдау және аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:59, дипломная работа

Краткое описание

Бухгалтерлік есеп жүйесі Қазақстан Республикасының экономикасының дамушы секторының бірі болып табылады. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күнде бухгалтерлік есеп басқару жүйесінедгі басты орынды алуда.
Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін халықаралық стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкестендіру. Ол әрине халықтың жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикалық тұрақты өсуіне әсер етеді.

Оглавление

КІРІСПЕ……………………………………………………………………....5


1. Ақша қаражаттарының есебi бухгалтерлiк есеп нысаны ретiнде………………………………………………………………………….8
1.1 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы ……………………...........8
1.2 «Оптика» АҚ жалпы эконмикалық сипаттамасы және есеп саясаты………………………………………………………………………....12


2. Ақша қаражаттарының есебiн ұйымдастыру . ………………........20
2.1. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебi……………………………….......20
2.2. Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебi……………….....25
2.3. Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебi……………………….....29
2.4. Банктегi арнайы шоттардағы қолма-қол ақшаның есебi………….........34


3. Ақша қаражаттары есебiнiң аудитi……………………………..........38
3.1. Ақша қаражаттары есебi аудитiнiң мақсаты мен мiндеттерi…….........38
3.2. Касса операцияларының аудитi………………………………………….44
3.3. Есеп айырысу шоттарының аудиті..........................................................50


ҚОРЫТЫНДЫ ……………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ….…………………....
ҚОСЫМШАЛАР …………………………………………………………...

Файлы: 1 файл

Копия дип22222.docx

— 126.29 Кб (Скачать)

 

Ағымдағы  шоттағы операцсиялардың аудитінде келесі жағдаяттарға назар аудару қажет:

  1. Ағымдағы шот ашылған банк мекемесі.
  2. Соманың банк көшірмелері бойынша, оларға тіркелген бастапқы құжаттарда көрсетілген сомаға сәйкестігі.
  3. Көшірмелерге тіркелген бастапқы құжаттарда банк мөртабанының бар болуы; жасалған операциялардың дұрыстығын анықтау мақсатымен банкте қарама-қарсы тексеру өткізіледі.
  4. Банкке тапсырылған қолма-қол ақшаның және басқадай ақшалай қаражаттың кәсіпорнының ағымдағы шоттарына дұрыс және толық есепке алынуы.
  5. Ақшалай қаражатты акцептелген төлем тапсырмаларымен байланыстың пошта бөлімшесі арқылы аударудың дәйектілігі, сондай-ақ аударым алушылардың тізбеде көрсетілген пошталық мекен-жайының анықтығы.
  6. Теңгені конвертациялауға байланысты операцияларды есепте көрсетудің дұрыстығы.
  7. Бухгалтерлік өткізбе желілердің банктік операциялар бойынша дұрыстығын, бұл операциялар бухгалтерлік есепте тиісті шоттарда көрсетілген бе? Бухгалтерлік есеп бойынша өндіріс шығынына есептен шығару операцияларына ерекше көңіл бөлу керек.
  8. Банк көшірмелерінің және парақтық нөмірленуі мен шоттағы қаражат қалдығын ауыстыру бойынша анықталатын құжаттардың толық сенімділігі. Банктің бұрынғы көшірмесіндегі кезең соңының қаражат қалдығы шот бойынша келесі көшірмедегі кезең басының қаражат қалдығына тең болуы тиіс. Егер банк тізімдемесінде ескерілмеген түзетулер мен тазартып өшірулер табылса, банк мекемесінде ыңғайласпа тексеріс өткізу керек.

Банк  көшірмелерін тексеру банк құжаттарының мәнділігі бойынша зерттеп білумен  үйлесуі тиіс. Сонымен бірге аудитор  мыналарды анықтаы керек: заңсыз банктік операциялар жасала ма, мысалы, тексерілетін кәсіпорынмен ешқандай шарттық қатынастары жоқ, басқа кәсіпорынның борышын өтеу немесе басқа кәсіпорынның тауарсыз есеп айырысулар бойынша төлеу; кіріске алынған және төленген материалдық құндылықтардың түгелдігі мен уақтылығы; несие немесе қарыз алуға, сондай-ақ қаржылық жағдай мен қаржыландыру көзі тұрғысынан қарыз алуға ұсынылған құжаттардың анықтылығы; қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін банктен алынған чек кітапшалары есепте дұрыс көрсетілген бе және заңды қолданыла ма; олар есеп беретін адамдарға қолхат арқылы беріле ме,  есеп беретін адамдар  чек кітапшаларын қолдану туралы есеп жасай ма, айналымдар мен сальдо есеп беретін адамдардың арнайы шоттар бойынша айналымдар мен сальдо есебіне сәкесе ме.

Аудитор жабдықтаушыға борышты өтеу үшін ақша аударудың қаншалықты нақтылығы  мен негіздігін тексеруге тиісті. Кәсіпорындар, мәселен, сауда кәсіпорнына  сатып алынған азық-түлік тауарларына  ақша аударуды мүмкін, ал шын мәнінде  қоймаға түспеген немесе құжатта  көрсетілген ассортименттен басқасы  түскен оқиғалар болады. Кәсіпорындар орындалмаған құрылыс-монтаж және жөндеу жұмыстары үшін, сондай-ақ делдалдарды  «құтқару» мақсатымен жеткізіп берілмеген техника үшін ақша аударатын жағдайлар  да аз емес. Сондықтан банктегі ақшалай  қаржат шоттары бойынша операциялар  ревизиясында қарама-қарсы тексерулер, әсіресе, біртектес операциялар  бойынша өзара байланысқан бастапқы құжаттарды мұқият тексеріп өткізу талап  етіледі.

Валюталық шоттағы операциялар аудитінде  төменде келтірілген ерекше жағдайлармен сұрақтарға мұқият көңіл бөлу және анықтау керек:

  1. Валюталық шот ашылған банк мекемесін.
  2. Банк көшірмелері бойынша оларға тіркелген сома бастапқы құжаттарда көрсетілген сомаға сәйкес келе ме?
  3. Сыртқы экономикалық істердегі есеп айырысу түрлерін қолданудың негізділігі.
  4. Валюталық шотты ашқаны үшін комиссиялық сыйақы төлеудің дұрыстығы.
  5. Валютаны сату мен сатып алу операцияларын есепте көрсетудің дәлдігі.
  6. Есепте бағамдық айырманы анықтау мен көрсетудің дұрыстығы.
  7. Бухгалтерлік өткізбелерді жасаудың жүйелілігі. Банк көшірмесіндегі жазбалардың 2 журнал-ордер мен Бас кітап  жазбаларына сәйкестігі.
  8. Резидент болып саналатын ұйым-экспортерлердің валюталық түсімін уәкілетті банктегі валюталық транзиттік шоттарға қосудың толықтығы мен уақтылығы.
  9. Экспортерлерде ҚР Ұлттық банкінің рұқсатынсыз ашылған шетелдік банктегі есептерінің бар болу фактісінің тексеруі.
  10. Экспортерлердің өзіндік валюталық түсімін қолданудың дұрыстығы, шетелдік валютаға алынған қолма-қол шетелдік валюта мен материалдық құндылықтың сақталуы.
  11. Түсетін тауарлардың сату бағасы мәміледе қарастырылған құнға негізделіп, кәсіпорындағы кіріске алу, кеден төлемі, көлік шығыстары мен сатып алу, тасымалдау жөніндегі басқа шығындар ай-күн, жылындағы импорт бойынша кәсіпорынның тауар сатып алу кезіндегі талаптарын орындау.
  12. Тауар алмастыру операцияларын жасағанда, қаржылық нәтижелерді анықтау мен өткізудің есебі жүктің кеден декларациясында көрсетілген ай-күн, жылға және мәміледе қарастырылған құн бойынша жасалуын.
  13. Салық салу мақсаты үшін түсім мәміле сәтінде қолданылатын өнімнің нарықтық бағаларына сүйеніп, есептелген деңгейден төмен болмауын қадағалау және т.б.
  14. Аудитор банктегі:  «Аккредитивтердегі ақша»,  «Чек кітапшаларындаға ақша», 1040 «Карт-шоттардағы ақша», 1060 «Банктердегі басқа да шоттардағы ақша» 10 бөлімшесінің «Банктердегі аккредитивтегі, чектердегі, карт-шоттардағы және басқа да шоттардағы ақша қаражаттары» арнайы шоттардағы ақша есебін ұйымдастырудың дұрыстығын тексеруге ерекше назар аударғаны жөн.

Сонымен қатар аудитор мыналарды тексеруі қажет:

а) егер есеп айырысудың бұл формасы шартпен  белгіленсе және жабдықтаушы сатып  алушыны есептесудің   есеп айырысудың аккредитивті түрін қолданудың дұрыстығы  мен заңдылығына көзін жеткізсе. Әрбір аккредитив тек бір ғана  жабдықтаушымен есептесуге арналған. Ол пошта немесе телефон бойынша  ашылады. Аккредитивтің іс-әрекет ету  мерзімін тараптар келісім-шартта белгілейді. Аккредитивтен қолма-қол ақшамен  төлеуге қолданыстағы заңнамамен тыйым  салынған;

ә) мекен-тұрағы бойынша дара балансқа бөлінбеген құрылымдық бөлімшенің ағымдағы шот ашуының  заңдылығы мен дұрыстығы. Ағымдағы шоттарды есеп шот ашуға мүмкіндік  беретін белгілері жоқ кәсіпорындар: өндірістік және ғылыми-өндірістік бірлестіктердің  өндірістік бірліктеріне; олардың мекен-тұрғынынан тыс жерлерге орналасқан; кәсіпорынның шаруашылық есептегі басқа бөлімшелеріне  ашылады;

б) дара балансқа бөлінген құрылымдық бөлімшелерден  баланстар мен басқа қажетті  құжаттар ұсынылған ба?

в)  дара балансқа бөлінбеген құрылымдық бөлімшелер шығынын негізгі өндірістің шығыстары  немесе айналым шығындары құрамына енгізудің негізділігі;

г) банктен  алынған депозиттік сертификаттардың бар болуын;

ғ) бухгалтерлік өткізбе желілердің жасалу дұрыстығын, сонымен қатар 1040 шоттардағы «Банктердегі аккредитивтегі, чектердегі, карт-шоттардағы және басқа да шоттардағы ақша қаражаттары» 1000 бөлімшесінің, 3 журнал-ордері жазбаларында және Бас кітапта ескерілетін операциялар бойынша банк көшірмелеріндегі жазбалардың сәйкестігі.

Егер  арнайы шотта шетелдік валюта есепке алынса, онда олар жөніндегі операциялар  валюталық шот жөніндегі тәртіппен  атқарылады.

Аудитор жол-жөнекей ұлттық және шетелдік валютадағы қаражаттың кәсіпорынның ағымдағы шотына немесе басқа шотқа есепке қосу үшін банк кассасына, жинақ кассасына  немесе пошта бөлімшесінің кассасына  салынған, бірақ белгілеуі бойынша  әлі есепке алынбаған ақшалай  соманың қозғалысы туралы ақпаратты  оқып-білу керек. 1020 «Жолдағы ақша» шоты бойынша есепке алу үшін банк мекемесінің, пошта бөлімшесінің түбіртектері, банк инкассаторларына тапсыруға арналған ілеспе тізімдеме көшірмелері негіз болып саналады.

Жолдағы ақша аудитімен бухгалтерлік есепте 1020 «Жолдағы ақша» шотында есептелетін соманың шынайылығын, сондай-ақ бухгалтерлік өткізбе желі құрудың дұрыстығын және бастапқы құжаттардың 3 журнал-ордерде және Бас кітапта осы шот жөніндегі жазбалардың сәйкестігін тексеру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Осы дипломдық  жұмысты жазу барысында кіріспе  бөлімінде қарастырамын деген сұрақтар толық ашылды деп ойлаймын.

Дипломдық жұмыстың «Ақша қаражаттар есебі  мен аудиті» атты жұмысты жазуыма  себеп болған жағдай, бұл қандай да бір кәсіпорынның қаржылық жағдайы  жақсы көрсеткіштерді көрсете алудың негізі ақша қаражаттарын дұрыс және тиімді пайдалануындаболып табылады, сонда ғана сол кәсіпорынның жұмысы және басқарушының жұмысы нәтижелі екенін көре аламыз. Сондықтан қандай да бір  кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдардың  қызмет түрлерін, қаржылық жағдайын, тұрақтылығын, өтімділігін, төлем қабілеттілігін және тағы басқа да көрсеткіштерін біз қаржылық есеп беру нәтижесі негізінде  көре аламыз. Мысалы кәсіпорынның балансы  – бұл сол кәсіпорынның айнасы деп айтуға болады деп ойлаймын. Сонымен, осы акционерлік қоғамның баланс көрсеткіштері қоғамның жағдайының жақсы және жаман әсерлі жақтарын талдай отырып, кәсіпорынның, жаман  жақтардағы қателіктерінің қайталанбауы үшін, ол жақсы жақтардан айырылмауға  тырысатын болу керек.

Осы сияқты аудиттің атқаратын қызметі өте  зор деуге болады және осыған көз  жеткізіп отырмыз. Мысалы, акционерлік  қоғамның төлем қабілеттілігі ақша қаражаттар мен қысқа мерзімді міндеттемелердің қатынастары негізінде көрінеді. Бұл дегеніміз ақша қаражаттар көп  болса, қысқа мерзімді міндеттемелерді  жаба алатынымыз аннық емес пе. Сондықтан  да қандай да шаруашылық қоғамның мақсаты  табыс табуды көздейді.

Сондай-ақ ақша қаражаттар есебін ұымдастыру және дұрыс жүргізудің маңызы зор екенін көреміз. «Оптика» акционерлік қоғамы өз  ақша қаражаттар есебін жақсы  ұйымдастырған. Оған дәлел ақша қаражаттар аудиті тоқсан сайын жүріп отырады.

Бұл дипломдық  жұмыс тараулары толықтай ашылды деп ойлаймын.

«Ақша қаражаттар есебі мен аудиті» тақырыбына дипломдық жұмыс. Оқулықтар мен  «Оптика» АҚ мәліметтеріне сүйене отырып  жасалынды. Бұл жұмыста ақша қаражаттарына  түсініктемелер берілді. Ақша қаражаттары  қалай және қандай заңдарға сәйкес жүргізілетіні анықталды.

Бұл тақырыпты  қарастыра отырып ақша қаражаттар есебінің үздіксіз және шынайы жүргізіліп отыруының  маңызы зор екендігін білдік.

«Оптика»  АҚ жұмысын бақылай  келе мынаадй  қорытынды жасадық:

1. «Оптика»  АҚ бухгалтерлік есепті жүргізуде  1С:Бухгалтерия бағдарламасының  соңғы версиясын (7,8) қолдануын  қажет деп есептейміз.

2. «Оптика»  АҚ ақша қозғалыстары күнделікті  болып жатқаннан соң кассир  кассалық есепті күнделікті жасап  отыру қажет. 

3. Банктегі  шот көшірмелерін мұқият тексеріп, табылған қателерді банкке дер  кезінде хабарлап отыруы керек.

4. Бухгалтерлік  есептің дұрыс жүргізілуін тексеру  үшін және де ақша қаражаттарының  мақсатты пайдалануын қадағалап  отыруға АҚ аудитті жыл сайын  дәстүрлі түде өткізіп отыруы  қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР  ТІЗІМІ

 

1.Қазақстан  Республикасы Президентінің 2000 жылғы  1қаңтардағы «Бухгалтерлік есеп  туралы» заң күші бар жарлығы. 

2. Қазақстан  Республикасы Президентінің 1998 жылғы  28  қаңтардағы «Қазақстан Республикасында  бухгалтерлік есеп пен аудитті  дамыту мен жетілдірудің 2000-2030 жылдарға  арналған мемлекеттік бағдарламасы»  туралы жарлығы.

3. Қазақстан  Республикасы Президентінің 1998 жылғы  20 қарашадағы «Қазақстан Республикасы  аудит» туралы заңы (2001ж.Енгізілген  толықтырулар)

4. «Қазақстан -2030» Стратегиялық бағдарлама, Алматы, 1997-2002ж.

5. Бухгалтерлік  есеп стандарттары мен ұсыныстар,Алматы,1998ж.

6. Әбдіманапов.  «бухгалтерлік есеп теориясы».  Алматы,1995ж.

7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003ж. 24 қаңтардағы  №91 қаулысы.

8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002ж. 11 қаңтардағы №41 қаулысы.

9. «Оптика» АҚ есеп саясаты.

10.Стандарты  по аудиту РК, Алматы,1995ж.

11. Радостовец  В.К. ,Радостовец В.В., Шмидт О.И.  «Бухгалтерский  учет на предприятии», Изд. «Центраудит – Казахстан», Алматы, 1998ж.

12.Ажибаева З.Н., Укашев Б.Е. «Бухгалтерлік есеп теориясы». Алматы, 1999ж.

13. Бабаев Ю.А. «Теория бухгалтерского учета», Москва, «Аудит»,1999ж.

14. Тулегенов  Е.Т.,  Бралиевв Н.Б., Стороженко  Л.А., Матвеева И.А. «Бухгалтерские  информационные системы» , Алматы, Экономика, 1999г.

15. Дюсембаев  К.Ш. «Теория аудита», Алматы, 1995г.

16. Дюсембаев  К.Ш. «Анализ финансового положения  предприятия», Алматы, 1998г.

17. Тасмаганбетов  Т.А., Тлеужанова М.А., Омаров А.Ш., Мурзагалиев Ж.Н., Юсупова Н.П.  «Анализ и аудит в системе  управления предпринимательской  деятельностью», Алматы, 1999г.

Информация о работе Ақша қаржаттар қозғалысының есебін талдау және аудиті