Ақша қаржаттар қозғалысының есебін талдау және аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:59, дипломная работа

Краткое описание

Бухгалтерлік есеп жүйесі Қазақстан Республикасының экономикасының дамушы секторының бірі болып табылады. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күнде бухгалтерлік есеп басқару жүйесінедгі басты орынды алуда.
Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін халықаралық стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкестендіру. Ол әрине халықтың жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикалық тұрақты өсуіне әсер етеді.

Оглавление

КІРІСПЕ……………………………………………………………………....5


1. Ақша қаражаттарының есебi бухгалтерлiк есеп нысаны ретiнде………………………………………………………………………….8
1.1 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы ……………………...........8
1.2 «Оптика» АҚ жалпы эконмикалық сипаттамасы және есеп саясаты………………………………………………………………………....12


2. Ақша қаражаттарының есебiн ұйымдастыру . ………………........20
2.1. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебi……………………………….......20
2.2. Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебi……………….....25
2.3. Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебi……………………….....29
2.4. Банктегi арнайы шоттардағы қолма-қол ақшаның есебi………….........34


3. Ақша қаражаттары есебiнiң аудитi……………………………..........38
3.1. Ақша қаражаттары есебi аудитiнiң мақсаты мен мiндеттерi…….........38
3.2. Касса операцияларының аудитi………………………………………….44
3.3. Есеп айырысу шоттарының аудиті..........................................................50


ҚОРЫТЫНДЫ ……………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ….…………………....
ҚОСЫМШАЛАР …………………………………………………………...

Файлы: 1 файл

Копия дип22222.docx

— 126.29 Кб (Скачать)

 

   

Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасы-ның есепті жылы 9 485 мын теңгеге немесе 2,57%-ға кемігенін  көруге болады. Бұл кәсіпорын дамуының  теріс нәтижесін сипаттайды. Алайда активтерді тал-дай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлінгенін, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) анықтау қажет.     

 

 

 Кесте 3                      

Авансталынған капиталының құрамы мен құрылуы

 

 

 

 

 

 

 

 

Көрсеткіштер

Сомасы, мың тг.

Құрылымы, %

Өзгеріс (+;-)

 

Жыл басында

Жыл соңында

Жыл басында

Жыл соңында

Мың тг.

Үлес салмағы%

Меншікті капитал

           

Жарғылық капитал

13 395

13 395

3,63

3,72

0

 

Қосымша капитал

223 375

223 375

60,49

62,09

0

 

Резервтік капитал

3 225

3 225

0,87

0,90

0

 

Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)

60 480

59 415

16,38

16,51

-1 065

-1,76

Жиыны

300 475

299 410

81,37

83,22

-1 065

-0,35

Ұзақ мерзімді міндеттемелер

0

0

0,00

0,00

0

 

Қысқы мерзімді міндеттемелер

           

Қысқы мерзімді несиелер және овердрафт

5 325

3 175

1,44

0,88

-2 150

-40,38

Кредитолық борыш

44 325

41 835

12,00

11,63

-2 490

-5,62

Алдағы кезең кірістері

3560

3 570

0,96

0,99

+10

+0,28

Баса да несиелік борыштар

15 565

11 775

4,22

3,27

-3 790

-24,35

Жиыны

68 775

60 355

18,63

16,78

-8 420

-12,24

Барлығы

369 250

359 765

100,00

100,00

-9 485

2,57


 

 

   2-кестеден кәсіпорынның есеп беру жылындағы активтерінің қалыптасу көзі 9485 мың теңгеге немесе 2,57%-ға төмендегені көрініп тұр. Тәуелсіздік коэффи-циенті 0,814-ден 0,832-ге дейін немесе 0,018 пунктке өскен. Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының (тұрақтылығының) аз да болса жақсарғанын көрсетеді. Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын қатысты-рылған капиталдың  барлық авансталынған капиталдағы үлес салмағы да дәлел-дейді. Оны тәуелділік коэффициенті деуге де болады. Ол мына формулармен анықталады:

Негізгі өндірістік қорлардың құрылымына әсер ететін маңызды факторларға шығарылатын  өнім негізі,  шығарылатын өнім көлемі,  механикаландыру мен автоматтандыру деңгейі, мамандандыру мен кооперация деңгейі, кәсіпорынның орналасқан жерінің  географиялық және климаттық жағдайы  жатады. Бірінші фактор ғимараттардың, көлік құралдары мен өткізуші құрылғылар  шамасы мен көлеміне әсер етеді. өндірілетін өнімнің  көлемі жоғары болған сайын жетілген жұмысшы мен жабдықтардың үлестік  салмағы да жоғарылайды. Қорлардың  құрылымына үшінші және төртінші факторлардың әсері де сондай. Ауа райы ғимараттардың,  құрылыстың  үлесіне үлкен  әсерін тигізеді.

 

 

2. Ақша қаражаттарының есебiн ұйымдастыру .

 

2.1 Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі.

 

Ақша  қаражаттарын сақтау, қабылдау мен  беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші  субъектінің кассасы болады.

Кассир  – материалдық жауапты адам. Ол касса опера-цияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін  ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен  басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша  басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық  жеке дара жауапкершілігі туралы олармен  де шарттар жасалынады.

Кассадағы операциялар есебі 1010-«Кассадағы қолма-қол ақша» бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:

1010-«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша» және 1012-« Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша» шоттарында жүргізіледі.

 «Кассадағы  ұлттық валюта түріндегі қолма-қол  ақшаның» есебі Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкісі бекіткен кассалық  операцияларды жүргізу тәртібіне  сәйкес жүргізіледі.

Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері  (Б қосымшасы) бойынша жүзеге асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы түбіртек беріледі. Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде кассир «Төлем таңбаларын анықтау тәртібін» басшылыққа алуға міндетті. Кассаға қабылданған теңге сомасы жазумен жазылып, тиын сандармен жазылады.

Кассадан  ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен  (В қосымшасы) немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордер-леріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес. Жеклеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, оның кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені – жазумен, тиынды – сандармен көрсетеді.

Сенімхат  бойынша берілген ақша жағдайында касса  шығыс ордерінде ақшаны алуға  сенім білдірілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша  жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: «Сенімхат  бойынша» деген жазу жазылады. Бұл  жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомостқа қоса тіркейді.

Кіріс және шығыс касса ордерлері мен  оның орнына жүретін құжаттарды бухгалтерия  дәл әрі айқын етіп сиямен немесе түтікше қаламмен жазып береді.

Жалақы, уақытша еңбекке қабілетсіздігі жөніндегі жәрдемақылар мен сыйлықтар  төлем тізімдемесі (Г қосымшасы) бойынша таратылады, оның қас бетінде ақша бертін мерзімі мен оның жалпы сомасы көрсетіледі және оған басшы мен бас бухгалтер қол қояды.

Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен  соң, кассир төлем тізімдемесіне  еңбек ақысы бойынша тиесілі  сомасын алмаған адамдардың аты-тегінің  тұсына мөртабан соғады немесе «Депозитке салынды» деп қолымен жазып белгі  соғады, берілмеген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі; тізімдемеде нақты  төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған  адам жасайтын болса, төлем тізімдемесінде: «Тізімдеме бойынша ақша таратқан»  деген жазу жазылады. Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол берілмейді.

Жазылған  касса ордерлері немесе олардың  орнына жүретін құжаттар кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі, ол  кіріс және шығыс  касса құжаттарына жеке-жеке ашылады. Онда мыналар көрсетіледі: кіріс  және шығыс ордерінің толтырылған  күні мен нөмірі, кассаға түскен және жұмсалған ақшалардың нысаналы мақсаты көрсетіледі. Егер ақша қаржаттарының  нысаналы мақсаты туралы деректерді машинограмма түрінде алатын болса,  кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тек құжаттың  толтырылған күні, нөмірі мен сомасы көрсетіледі.

Касса ордерлері  бойынша ақшаны қабылдау мен беру тек олардың рәсімдеген күнінде  ғана жүргізіледі. Ордерді алған  кассир басшы мен бас бухгалтердің қолдарын; олардың дұрыс рәсімделуін; ордерлерде көрсетілген қосымшалардың  болуын тексеруге міндетті. Операциялар  жүргізіліп болғаннан кейін ордерге  кассир қол қояды, ал оған тіркелген  қосымша құжаттарға штамп басылады немесе жазумен: күнін, айы мен жылын  көрсете отырып «Алынды» немесе «Төленді»  деп белгі соғады.

Касса операцияларының  есебін кассир Касса кітабында (Д қосымшасы) жүргізеді, ол нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.

Касса кітабының  әрбір парағы тең екі бөліктен тұрады. Олардың бірін кассир бірінші  дана ретінде толтырады және ол кітапта  қалады; екіншісі көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы бетін толтырады. Ол кассирдің есебі ретінде парақтың жыртпалы бөлігі болып табылады. Касса  операцияларының жазбалары парақтың жыртпалы емес бөлігінің бет жағынан  юасталады. Алдын ала парақтың жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігіне сай келетіндей етіп парақты қиылатын сызық бойымен қойғаннан кейін  жазу үшін жыртылатын парақтың бөлігін  жыртылмайтын бөлігінің бет жағына салып, парақтың жыртыл-майтын бөлігінің  сыртқы жағынан көлбеу сызығы бойымен  жазуды одан әрі жалғастырады.

Есеп  бланкісі операциялар аяқталғанға  дейін бір күн бойы жыртылмайды. «Соның ішінде жалақыға» деген жолдың бойында касса бойынша шығысқа  есептен шығарылмаған жалақыға арналған төлем тізімдемелері бойынша  сомасы да көрсетіледі.

Касса операциялары шағын болса, онда касса есебі 3-5 күнде бір рет жасалуы мүмкін. Касса кітабында ақшаның кімнен алынғаны және кімге берілгені жөнінде  құжаттың нөмірі, коррес-понденцияланған  шоты, сомасы көрсетіледі. Күн сайын, жұмыс күнінің аяғында кассир берілген ақшаның жиынтығын шығарады және күн аяғында қалдықты есептейді. Өшіру мен ескертілмеген түзетулер  енгізуге кітапта жол берілмейді. Түзетулерге кассир мен бас бухгалтердің қол қойылуы керек.

Кассирдің есебінде корреспонденцияланатын шоттарға белгі жасалады, содан соң оның деректері 1010-«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша» шотының дебеті мен кредиті бойынша машинограммаға немесеесеп регистрлеріне көшіріледі.

Касса бойынша операциялардың , яғни 1010 шоттың дебеті мен кредиті есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияға кассир есебінің түсуіне қарай жүргізіледі. Бірыңғай корреспонденцияланған шоттардың сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне және Бас кітаптағы 1010 шоттың қалдығына сәйкес келуге тиіс.

Кассаға ақша кірістелген кезде 1010-«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша» шоты дебеттеліп, мына төмендегі шоттары кредиттелінеді:

1030-«Есеп айырысу шотындағы ақша» шоты – кассаға есеп айырысу шотынан алынған сомаға;

1251-«Қызметкерлердің және басқа да тұлғалардың берешегі» қызметкерлердің есебіндегі сомалар, жалақы, жетіспейтін сомалар, талан-таражға түскен сомалар және т.б. бойынша кассаға өткізілген қарыздар;

6010-«Дайын өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен табыс» шоты материалдар,жұмыстар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшамен есеп айырысқан кезде.

Кассадан  ақша берілген кезде 1010-шоты кредиттелінеді және мына төмендегі шоттар дебеттелінеді:

3350-«Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есептесу» шоты – кәсіпорын қызметкерлеріне берілген еңбек ақысының сомасына;

 1251-«Қызметкерлердің және басқа да тұлғалардың берешегі» шоты – кәсіпорын қызметкерлерінің есебіне берілген сомаға;

1030-«Есеп айырысу шотындағы ақша» шоты – кәсіпорынның есеп айырысу шотына өткізілген, депозитке салынған жалақы және басқа да түсімнің сомасына.

 

Кесте 4

Негізіг шоттар корреспонденциясы

 

Шаруашылық әрекеттің  мазмұны

Дебет

Кредит

1.

Есеп айрысу шотынан кассаға  ақша қаражаттары алынды

1010

1030

2.

Кассаға есеп беруге тиісті тұлғалардан қолданылмаған ақша қаражаттары қайтарылды

1010

1251

3.

Кассадан есепайрысу шотына ақша қаражаттары алынды.

1030

1010

4.

Кассадан есеп беруге тиісті тұлғаларға ақша қаражаттары берілді. 

1251

1010

5.

Кассадан жұмысшыларға төлемақы берілді

3350

1010

6.

Кассаға банк несиесі кірістелді

1010

3010

7.

Кассадан сатылып алынған  компьютерлерге ақша қаражаты қайтарылды

3310

1010

8.

Кассадан бюджетке салықтар бойынша міндеттемелер аударылды

3100

1010

9.

Қолма-қол ақша қаражаттарымен банк несиелері өтелді

3010

1010

10.

Қолма-қол ақша қаражаттары  арқылы кредиторлық қарыздар жабылды.

3300

1010

11.

Кассаға сатылған өнімдерден (көрсетілген қызметтерден) түсім  келіп түсті:

-ҚҚС –з құнына

-ҚҚС сомасына

 

 

1010

 

 

6010

3130

12.

Кассаға банктегі валюталық  шотынан қолма-қол шетел валютасы келіп түсті 

1010

1032

13.

Кассаға берілген аванс қайтарылды.

1010

1610

14.

Оң бағамдық айырмадан  табыстар сомасы касса келіп түсті

1010

6250

15.

Кассадан депозиттік банктік  шотына ақша қаражаттары берілді

1050

1010

16.

Кассада ақшаның жетіспеушілігі анықталды:

-кассирдің кінәсынан

-кінәлі тұлға анықталмаған  жағдайда

 

1253

7210 н/е 7470

 

1010

1010

17.

Кассадан түгендеуден  артықшылық сомасы

1010

6280

18.

Кассадан алынған материалдар , тауарлардың құны өтелді

- ҚҚС –з құнына

 

-ҚҚС сомасына

 

1310, 1330

 

1420

 

1010

19.

Кеңселік, типографиялық  және телефондық байланыс шығындары  төленеді:

-әкімшілік басқарушылықтың

-ұйым цехының

 

 

7210

8410

 

 

1010

20.

Ақпараттың, кеңестік қызметтер  және аудиторлық қызметтер үшін төленді

7210

1010

Информация о работе Ақша қаржаттар қозғалысының есебін талдау және аудиті