Ақша қаржаттар қозғалысының есебін талдау және аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:59, дипломная работа

Краткое описание

Бухгалтерлік есеп жүйесі Қазақстан Республикасының экономикасының дамушы секторының бірі болып табылады. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күнде бухгалтерлік есеп басқару жүйесінедгі басты орынды алуда.
Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін халықаралық стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкестендіру. Ол әрине халықтың жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикалық тұрақты өсуіне әсер етеді.

Оглавление

КІРІСПЕ……………………………………………………………………....5


1. Ақша қаражаттарының есебi бухгалтерлiк есеп нысаны ретiнде………………………………………………………………………….8
1.1 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы ……………………...........8
1.2 «Оптика» АҚ жалпы эконмикалық сипаттамасы және есеп саясаты………………………………………………………………………....12


2. Ақша қаражаттарының есебiн ұйымдастыру . ………………........20
2.1. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебi……………………………….......20
2.2. Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебi……………….....25
2.3. Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебi……………………….....29
2.4. Банктегi арнайы шоттардағы қолма-қол ақшаның есебi………….........34


3. Ақша қаражаттары есебiнiң аудитi……………………………..........38
3.1. Ақша қаражаттары есебi аудитiнiң мақсаты мен мiндеттерi…….........38
3.2. Касса операцияларының аудитi………………………………………….44
3.3. Есеп айырысу шоттарының аудиті..........................................................50


ҚОРЫТЫНДЫ ……………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ….…………………....
ҚОСЫМШАЛАР …………………………………………………………...

Файлы: 1 файл

Копия дип22222.docx

— 126.29 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.  Ақша қаражаттарының есебi бухгалтерлiк есеп нысаны ретiнде

 

1.1 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы

 

          Барлық шаруашылық жүргізуші  субъектілер өз ақша қаражаттарын  банкі мекемелерінің тиісті шоттарында  сақтап және міндеттемелері бойынша   төлемдерін, әдетте, осы мекемелер  арқылы ақшасыз нысанда, ал  қажет жағдайда  Қазақстан Республикасының   Ұлттық банкісінің  нормативтік  құжаттарымен белгіленген шегінде  нақты ақшамен есептесуді жүзеге  асырады. Егер де заңды тұлғалардың  арасындағы төлем сомасы 4000 айлық  есептік көрсеткіштен асып түссе,  онда олар тек ақшасыз тәртіпте  айырысуларды жүзеге асырады.  Бұл келтірілген мәлімет   заңды  тұлғалардың арасындағы әрбір  мәміле бойынша шартты түрде  пайдаланылады. . Егер де контракт  сомасы көрсетілген лимиттен  асатын болса, онда төлем ақшасыз  тәртіпте орындалуы керек, тіптен  олар жартылай орындалса да, әрбір  төлемнің сомасы 4000 айлық есептік  көрсеткіштен аспауы керек.

          Ақша қаражаттарын сақтау үшін  және заңды тұлғалардың арасындаесепайырысу  үшін Қазақстан Республикасының  банк мекемелерінде банк шоттарын  ашады. Банк шоттары_бұл банк  пен клиенттер арасындағы келісімшарттың  қатынастарын көрсететін әдіс. Банк  шоттары теңгемен де, шетелдік  валютамен де жүргізіледі және  ол ағымдық, жиынтық және корреспонденттік  болып бөлінеді.

           Корреспонденттік шоттар - банк шоттары  банктер мен ұйымдардың кейбір  операция түрлерін жүзеге асырады.

          Ағымдағы және жинақ  шоттары  – бұл  да банктік шоттар, бірақ олар жеке және  заңды  тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды  тұлғаның оқшаланған бөлімшелері  үшін де ашылады.

           Шетелдік валютадағы қаржаттардың  қолда бары мен қозғалысын  есептеу үшін субъектіге арнап  ағымдағы шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін  жүзеге асыратын және өнімін  валютаға сататын субъект үшін  ашылады. Аккредитивтер, чек кітапшаларының  шоттарын және басқаларын субъектілер  ақша қаражаттарын оқшаудан сақтау  үшін және тиісті операцияларын  жүргізу үшін ашады.

           Субъект шоттарындағы қаражат  олардың  иелерінің әмірі бойынша  есептен шығарылады. Субъектінің  рұқсатынсыз шоттағы қаражатты  есептен шығаруға соттың, мемлекеттің  салық қызметінің рұқсатымен  және қолданылып жүрген заңдарда  көзделген басқа жағдайларда  ғана жол берілуі мүмкін.

            Субъектілердің шоттарынан төлем  жасау, егер заңдарда өзгеше  көзделмесе, субъектінің басшысы  белгіленген кезектілікпен жүзеге  асады. 

  Қазақстан  Республикасының аймағында ақшаны  төлеу мен аударуды жүзеге  асыруда келесі әдістерді: қолма-қол  ақшаны аударуды; төлем тапсырманы  ұсынуды; чектерді беруді; төлем  карточкасын пайдалануды; тікелей  дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды;  инкассалық жарлығын ұсынуды;  республиканың заң актілерімен  белгіленген басқа да әдістерін  пайдаланады.

 Ақшасыз  есеп айырысудың негізгі нысандары:  төлем тапсырма; чек; вексель;  тапсырма-талап төлемдері; кеден  мен салық қызметінң органдарының  инкассалық жарлықтары болып  табылады.

  Төлеуші  мен алушылар өзара есеп айырысу  нысандарын келісім-шарт негізінде  анықтайды, сондай-ақ олардың  арасында болатын  талаптары  мен міндеттемелерді зачетқа  да жатқыза алады.

   Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу.  Төлем тапсырмалары онда көрсетілген  соманы бенефициардың пайдасына  ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін  банк – алушының ақшаны аударғаны  туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық  құндылықтарды өтеу үшін есеп  айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет  пен тауарға алдын-ала төлем  жасаған кезде, авнстық төлемдер  жасаған кезде  төлем тапсырмаларын   пайдаланады.

  Төлем  жасаушы банкке белгіленген нысандағы  бланкілердегі  төлем тапсырманы  ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем  жасаушы банктің талап етуі  бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары  және төлемдердің мақсатын растайтын  басқа да құжаттары бірге тапсырылады.  Төлем тапсырмалары жазылып берілген  күннен бастап 10күн бойы күшінде  болады. Төлем тапсырмалары төлем  жасаушының шотында қаражат болғанда  ғана орындауға қабылданады. Төлем  құжаттарын электрондық түрінде  де, қағаз ретінде де ұсынуы  мүмкін. Бұл құжаттардың данасын  әрбір банк өздері дербес анықтайды.  Негізінен алғанда, олар екі  дана да толтырылады, біріншісі  банкте қалдырылады да , оның электрондық  көшірмнсі бенефициярға жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни ақшаны  жіберушіге қол қойылып, штамп  басылып қайтарылады. 

 Төлем  тапсырмасын – (А қосымшасы) толтыру кезінде келесі реквизиттері көрсетіледі:

  • төлем тапсырмасының нөмірі;
  • төлем тапсырмасының жазылған күні;
  • жеке теңестірілген немесе теңдестірілген коды;
  • жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
  • бенефициардың коды және жіберушілердің коды – бұл кодтар екі символдан тұрады: біріншісі – резиденттік белгісін, ал екіншісі – экономиканың секторын көрсетеді;
  • бенефициар – аудару жаслған кезде ақша қражатын алушы;
  • банк-алушы – банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы көрсетіледі;
  • бенефициар банкісі – бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;
  • төлем тапсырмасының жазылған күні;
  • жеке теңестірілген немесе теңдестірілген коды;
  • жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
  • бенефициардың коды және жіберушілердің коды – бұл кодтар екі символдан тұрады: біріншісі – резиденттік белгісін, ал екіншісі – экономиканың секторын көрсетеді;
  • бенефициар – аудару жаслған кезде ақша қражатын алушы;
  • банк-алушы – банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы көрсетіледі;
  • бенефициар банкісі – бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;
  • жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген банктік коды – филиаларалық айналымдарының коды;
  • төлем арналымының коды – ҚР ҰБ нормативтік-құқықтық актісімен белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үш символдан тұрады;
  • бюджеттік классификациясының коды – салықтарды кері қайтаруда қойылатын код;
  • валюттелген күні - ақша қаражатын бенефициардың банктік шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.

Төлем құжатына кез келген жөндеудің түрін жасауға  рұқсат етілмейді. Шаруашылық жургізуші  субъектілердің арсындағы жасалған келісімдері бойынша төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бұрын  және мерзімі кейінге қалдырылған  болып бөлінуі мүмкін.

Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша  жүзеге асырылыды: аванстық  төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар  тиелгеннен кейін, яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара  төлемдері.

Мерзімінен  бұрын немесе мерзімі кейінге  қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына  зиян келтірмейтіндей етіп жасалуы  керек.

Субъктілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты  жекелеген азаматтардың атына; жалақы төлеуге арналған, банк мекемелерінде  аударым алушының атын, оның нөмірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан банктің  аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға  қаражат алушылардың тізбесі  қоса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға  ақша алатындығы көрсетіледі. Байланыс кәсіпорындары  кәсіпорындарға жолданған  әрбір аударым алушы бойынша  барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жазылатын төлем құжаттары келіп түскеннен кейін төлейді.

Чектермен есеп айырысу. Чек беру төлемді жузеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас құжатын  ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті  ұстаушының ақшалай міндеттемесін  орындау болып табылмайды, бірақ  ол соны орындау үшін жазылса да. Аталған міндеттемені орындау тек  чекбойынша ақшаны алатын кезде ғана болады. Чектер жабылатын және жабылмайтын  болып бөлінеді. Біріншісі – депозиттермен  қамтылған, ал екіншісі – қамтылмаған  болып бөлінеді. Бұл кезде чектердің  төленетіндігі жөнінде банктердің кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде жабылмайтын чектер бойынша да. Чекті  қолданумен байланысты банк пен чек  берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы жасалған келісім-шарттың  негізінен шығады, яғни бұл келісім-шартта банк өз клиенттеріне чек берушіге чегін төлеуді, яғни чек берушінің  міндетін өзіне алады, ал клиенттер  өз кезегінде банкі белгілеген ережелерін сақтауға міндетті. Чек ұстаушылардың  құқығы чек берушіден чекті алған  кезінен бастап пайда болады. Чектерге, есеп айырысу шотының төлем құжаттарына  қол қою құқығына ие тұлғалар қолдарын қояды  және қолдарында кітапша иесінің  мөрінің таңбасы болуы керек. Чектер жарамсыз болып қалатындықтан  чекте жазылғандарды түзету және өшіруге болмайды. Егер чекті толтыру  кезінде қателіктер жіберілсе, онда чекте және чектің түбіртегінде қиғашынан  «бүлінген» деп жазу жазылады, мерзімі  қойылады және кітапша иесінің қолы қойылады.

Чекті тек  ұстаушы төлеуге чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге қабылдаған күннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке ұсынылуы тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімі, жазылған күнін  есептемегенде, әдетте, 10 күннен аспайды.

Банк  чек берушіден чекті қабылдамауына  болады, егер де мынадай жағдайларды  анықтаса:

  • егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;
  • чектің мерзімі өтіп кетсе;
  • төлем құжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса;
  • чек әртүрлі қолмен және әртүрлі сиямен жазылған болса;
  • чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе;
  • чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;
  • чектегі қойылған қолда үлгі ретінде қабылданған  құжаттардағы қлымен сәкес келмесе;
  • чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;
  • чектің басқа да дефектілері бар болса.

Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға қолхат жазылып қайтарылады. Чектердің  дефектілері табылса, банктің бас  бухгалтері ол туралы Клирингтік палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өңделуін тез арада тоқтатады. Бұндай дефектісі бар чектерге акт жасалады, ол акт төрт данада болады:

біріншісі – банкте қалса;

екіншісі  – көшірмесімен бірге ішкі істер  органдарына беріледі;

үшіншісі  – Клирингтік палатаға беріледі;

төртіншісі  – чекті беруші банкке беріледі.

Мерзімі өтіп кеткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті беруші банкке қайтарылады.

 

 

1.2. «Оптика»  АҚ жалпы эконмикалық сипаттамасы және есеп саясаты

 

«Оптика»  Акционерлік қоғамы заңды тұлға  болып саналады. Қоғамның өз балансында есептелінетін жеке меншігі бар  және ол өз атынан мүлік сатып алуына, міндеттемелер алуға, сотқа арыз беруге және жауапты болуға құқылы. Қоғам құрылған күнінен бастап құқықтар мен міндеттерге ие. Қоғамның өз мөрі бар, онда оның мекен-жайы мен белгісі  көрсетілген. Қоғам ұлттық және шетелдік валютада шоттар ашуға құқылы.

Информация о работе Ақша қаржаттар қозғалысының есебін талдау және аудиті