Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 14:32, реферат
Ұйым басшылары ақшаның касса бөлмелерінде сақталуымен қатар, оларды банк мекемесінен әкелу және банк мекемесіне жеткізу кезіндегі қауіпсіздікті де қамтамасыз етуге міндетті. Ұйым басшылары ақша қаражаттарын сақтау және тасымалдаудың тиісті сақтық шараларын жасамаған жағдайда заңмен белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады. Касса есігі операциялар жүргізіліп жатқан кезде ішкі жағынан бекітілуі тиіс. Касса жұмысына қатысы жоқ тұлғаларға касса бөлмесіне кіруге рұқсат етілмейді.
Ақша және есеп айырысу операцияларының есебі
6.2 Банктегі есеп айырысу (
6.3 Басқа банктік шоттардағы операциялардың есебі
6.4 Валюталық операциялардың есебі
Әрбір ұйымның қолма-қол ақшалары мен ақша құжаттарын (пошта маркалары, мемлекеттік баж маркалары, облигациялар және т.б) сақтау және беруге арналған кассасы болуы тиіс. Касса орны оқшауланған, арнайы жабдықталған әрі күзет-өрт дабыл құралдарымен жарақталған болуы қажет.
Ұйым
басшылары ақшаның касса
Ұйымның барлық қолма-қол ақшалары мен бағалы қағаздары, әдетте, сейфтерде немесе жанбайтын металды шкафтарда сақталады, олар касса жұмысы аяқталғаннан кейін кілтпен жабылып, кассирдің сүргіш мөрімен бекітіледі. Кілт пен мөр кассирдің өзінде болады, оларды белгі бір жерлерде қалдыруға, бөтен адамдарға беруге не болмаса есепке алынбаған көшірмелерін жасауға тыйым салынады.
Есепке алынған көшірмелер кассир мөрлеп жапқан пакеттерге, қорапшалар мен тағы басқа қалталарға салынып, ұйым басшыларында сақталады. Кассада осы ұйымға тиісті емес қолма-қол ақшалар мен басқа да құндылықтарды сақтауға тыйым салынады.
Кассирге
қабылдап алған барлық құндылықтары
үшін материалдық жауапкершілік
жүктеледі. Кассир ұйымға қасақана немесе
өз міндетіне бейжай әрі тиянақсыз
қарауы нәтижесінде тигізген зияны
үшін де толық материалдық
Ұйым
басшылары кассирді жұмысқа қабылдау
туралы бұйрық (шешім, қаулы) шыққаннан
кейін оны қолын қойдыра
Бір ғана кассирі бар ұйымда кассирді уақытша алмастыру қажеттілігі туындаған жағдайда оның қызметін орындау ұйым басшысының жазбаша бұйрығымен (шешім, қаулы) басқа қызметкерге жүктеледі. Осы қызметкермен оның толық дербес жауапкершілігі туралы келісімшарт жасалады.
Ұйымда бір ғана касса (бас) болуы тиіс. Ал егер ұйымда бөлімшелер саны көп болса, онда еңбекақыны, жәрдемақы мен сыйақыны төлеуді ұйым басшысының жазбаша бұйрығымен кассирден басқа қызметкер жүргізе алады. Қызметкермен оның толық материалдық жауапкершілігі туралы келісімшарт жасалып, оған Қазақстан Республикасында кассалық операцияларды жүргізу ережесіне сәйкес кассирлерге қойылған барлық құқықтар мен міндеттер жүктеледі.
Ақша қаражаттарының кірістелуі. Ұйым кассасына қолма-қол ақшалар банктегі есептік және басқа да шоттардан, және басқа көздерден (тауарлы-материалдық қорларды өткізуден, қызмет көрсетуден, қызметкерлер қарызын төлеуі, т.б.) келіп түседі. Ұйым банктен қолма-қол ақшаларды кассирдің атына жазылған чек бойынша кассирден алады. Қолма-қол ақшалардың келіп түсуін бас бухгалтер және кассир қол қойған кіріс кассалық ордерімен (Ф№ Ко-1) рәсімделеді. Жеке тұлғалардан ақшаларды алғанда оларға бас бухгалтер немесе оған уәкілетті тұлғамен және кассир қол қойылған , кассирдің мөрімен немесе кассалық аппараттың чегімен куәландырылған квитанция беріледі. Кіріс ордерінде нөмір, күні және басқа да міндетті реквизиттер, сонымен қатар ақшалар не үшін алынғаны көрсетіледі.
Ақша қаражаттарын беру. Кассадан қолма-қол ақшаларды беру шығыс кассалық ордерлер бойынша немесе дұрыс рәсімделген төлем ведомосьтері , шоттары, ақшаны беру туралы өтініштер және басқалары бойынша шығыс кассалық ордерлерінің көрсеткіштерімен арнайы штампты қою арқылы жүргізіледі. Олар басшылармен және бас бухгалтер немесе оған оған уәкілетті тұлғамен қол қойылуы тиіс. Ақшаны беру туралы құжаттарды бухгалтерия береді. Кассалық шығыс ордерлеріне қосымша құжаттарда, өтініштер мен шоттарда Ұйым басшысының рұқсат етілген қолы бар болған жағдайларда шығыс кассалық ордерлерге қол қою міндетті емес. Ақшаны шығыс кассалық ордері бойынша немесе оны алмастыратын құжат бойынша жеке тұғаға бергенде кассир алушының аты-жөнін куәландыратын құжатты ұсынуды сұрайды, құжат нөмірін, кіммен және қайда берілгенін ордерде жазып, алушыдан қолхат алып қалады. Ақша алғандығы туралы қолхат тек өз қолымен сиямен немесе қаламсап сиясымен алынған соманы : теңге- жазумен, тиын – санмен көрсетіліп жазылады.
Кассир
ақшаны тек шығыс кассалық ордерде
көрсетілген тұлғаға ғана бере алады.
Егер ақша сенімхат бойынша берілсе,
онда ордердегі алушының аты-жөнінен
кейін бухгалтерия ақшаны беру сенімді
тұлғаның аты-жөні көрсетіледі. Егер ақшаны
беру ведомосьтер бойынша
Еңбекақы, уақытша жұмысқа қабілетсіздік бойынша төлемдер, стипендиялар, премияларды төлеуді кассир төлем (есептеу-төлем) ведомосьтері бойынша , әр алушыға шығыс кассалық ордерін жасамай жүргізеді.
Төлем ведомосінің титулды (басты) бетінде ақшаны беруге Ұйым басшысы мен бас бухгалтер немесе оған уәкілетті тұлғаның рұқсат беруші қолдары қойылады. Ол жерде, сонымен қатар, ақшаны беру мерзімі мен сомасы жазумен көрсетіледі. Ведомосьтер бойынша ақшаны беру мерзімі өтіп кеткеннен кейін (әдетте үш жұмыс күнінің ішінде) тиісті соманы алмаған тұлғаларының аты-жөнінің тұсына кассир «Депонирленген» штампын басады және депонирленген сомалардың реестрлерін түзеді. Ведомостер бойынша берілген ақша қаражаттарының жалпы сомасына шығыс кассалық ордерін жазады.
Кіріс және шығыс кассалық ордерлерін немесе оларды алмастыратын құжаттарды ақша әкелуші немесе алушы тұлғаларға беруге тыйым салынады. Кассалық ордерлер бойынша ақшаларды алу немесе беру тек оларды құру күнінде ғана мүмкін болады. Шығыс немесе кіріс кассалық ордерлері немесе оларды алмастырушы құжаттар кассаға берілгенге дейін бухгалтерияда шығыс немесе кіріс кассалық ордерлерін тіркеу журналында тіркеледі. Төлем ведомосьтерінде рәсімделген еңбек ақы төлеуге шығыс кассалық ордері оның берілуінен кейін тіркелінеді.
Кассирдің есеп беруі. Кассадағы ақшалардың қозғалысының есебін кассир кассалық кітапта жүргізеді. Әр Ұйымда тек бір ғана кассалық кітап болуы тиіс, ол нөмірленген, байланған және сүргіш немесе маститтік мөрмен басылған болуы тиіс. Кассалық кітаптағы беттердің саны Ұйым басшысы мен бас бухгалтерінің қолдарымен расталады. Кассалық кітаптағы жазулар көшірме қағаз арқылы екі данада шариктік қаламсап, химиялық қалам немесе сиямен жазылады, беттердің екінші даналары жыртылмалы болып келеді және кассирдің есеп беруі болып саналады. Беттердіңбірінші даналары кассалық кітапта қалады. Беттердің бірінші және екінші даналары бірдей нөмірлермен нөмірленеді. Кассалық кітапта тазарту мен келісілмеген түзетулер жасауға болмайды, жасалынған түзетулер кассирдің, бас бухгалтердің қолдарымен расталады. Кассалық кітапқа жазуларды кассир әр ордер немесе оны алмастыратын құжат бойынша ақшаны алғаннан немесе бергеннен кейін лезде жазады.
Ұйымдарды кассирдің рұқсатымен және кассалық құжаттардың толық сақталынуы шартымен кассалық кітап автоматталған тәсілмен жүргізілсе болады, бұл кезде оның беттері «кассалық кітаптың ішкі беті» машинограммасы түріндегі , сонымен қатар дәл сол уақытта « кассирдің есеп беруі» машинограммасы жасалынады. Аталған екі машинограммалар келесі жұмыс күнінің басында жасалынуы тиіс, бірдей мазмұнды болып және кассалық кітап нысанында көрсетілгенг барлық реквизиттерді қамтуы тиіс.
Кассалық кітаптың дұрыс жүргізілуін бақылауды Ұйымның бас бухгалтері жүргізеді.
Күн сайын жұмыс күнінің аяғында кассир күні бойғы операциялардың қорытындысын санайды, кассадағы ақша қалдығын келесі күнге шығарады және бухгалтерияға кассирдің есеп беруі ретінде екінші жыртылмалы бетті кіріс жәе шығыс құжаттарымен қоса, кассалық кітапта жазып, өткізеді.
Күрделі
Ұйымдарда касса-филиалдар бар
болған жағдайда аға кассир жұмыс
күнінің басталуының алдында
басқа кассирлерге шығыс етілу
операцияларына қажетті қолма-қол
ақшаларының сомасын аванс
Касса операцияларының есебі. Бухгалтерияда кассалық операциялардың есебін жүргізу үшін арнайы регистрлерді қолданады: 451/1010 «Ұлттық валютадағы кассадағы қолма-қол ақша» шотының кредиті бойынша журнал-ордер, дебеттік айналымдардың көмекші ведомосьтері немесе қолмен немесе машинамен орындалған жинақтаушы регистрлер. Оларға жазба жүргізуге негіз болатын кассалық кітаптың жыртылмалы беттері болады, олардың мәліметтерін 451/1010 «Ұлттық валютадағы кассадағы қолма-қол ақша» шотымен корреспонденттелетін әр синтетикалық шотар бойынша жинақтайды.
Ай
аяқталғаннан кейін 1010 «Ұлттық валютадағы
кассадағы қолма-қол ақша»
17 кесте - Кассадағы ақшалар шоты бойынша негізгі операциялардың шоттар корреспонденциясы
№ п/п |
Операцияның мазмұны |
Шоттар корреспонденциясы | |
Дебет |
Кредит | ||
1 |
2 |
3 |
4 |
1 1.1 |
Кассаға ақша қаражаттарының түсуі: Дебиторлық қарызды өтеу шотына түскен |
1010 |
1210; 1220-1240 |
1.2 |
Басқа да дебиторлық қарызды өтеу шотына түскен |
1010 |
1250; 1280 |
1.3 |
Пайдаланылмаған аванстар бойынша |
1010 |
1610 |
1.4 |
Депозиттік банктік шоттардан |
1010 |
1060 |
1.5 |
Банктегі ағымдық шоттардан |
1010 |
1040 |
1.6 |
Акцияны төлеу шотына (қатысу үлесі) |
1010 |
5020 |
1.7 |
Болашақ кезең табыстарына жататындар |
1010 |
3520 |
1.8 |
Дайын өнімді өткізуден (тауарлар, жұмыс, қызмет) |
1010 |
6010 |
2 |
Түгендеу кезінде анықталған кассадағы ақшалардың артығы |
1010 |
6280 |
3 3.1 |
Касса ақшаларының шығыс етілуі Кассадан есепті сомалар берілген |
1250 |
1010 |
3.2 |
Кассадан жұмысшыларға қарыз берілді |
1250 |
1010 |
3.3 |
Болашақ кезеңдерге жататын жадық төлемдерді төлеу |
1260 |
1010 |
3.4 |
Аванстар берілді |
1610 |
1010 |
3.5 |
Ағымдық және басқа да банктік шоттарға берілген кассадағы ақшалар |
1040; 1060; 1070 |
1010 |
3.6 |
Дивиденттер және қатысушылардың табыстары бойынша қарыздарды өтеу |
3030 |
1010 |
3.7 |
Жабдықтаушылар мен |
3310; 3390 |
1010 |
3.8 |
Кассадан еңбекақы және басқа төлемдер төленді |
3350 |
1010 |
3.9 |
Жұмысшыларға аванстық есеп бойынша артық төлеген сомасын қайтару |
1250 |
1010 |
3.10 |
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер толық төлеген немесе берген аванс сомасы ндағы өткізілген тауарлар мен айналымнан тыс активтерді қайтару |
6020 |
1010 |
3.11 |
Түгендеу нәтижесінде |
7470 |
1010 |
6.2 Банктегі есеп айырысу (ағымдық) шоты және арнайы шоттар бойынша операциялардың есебі
Ұйымдар меншікті және қарыздық ақшаларды (кассадағы ақшаның қалдығынан басқа) банктегі шоттарда сақтауы тиіс.
Заңды тұлғаның банкте бірнеше шот ашуға құқығы бар.
Есеп айырысу (ағымдық) шотын және басқа шоттарды ашу үшін банкке анықталған тәртіпте шот ашу туралы өтініш, Ұйымның құрылуы, тіркелуін куәландыратын құжаттар, бекітілген жарғының көшірмесі, төлем құжаттарына қол қоюға құқысы бар тұлғалардың қолдарының үлгілері бар карточка, мөрдің үлгісі, зейнетақы және басқа да бюджеттік емес қорларда тіркелгендігі туралы анықтама, салықтық есепке тұрғандығын растайтын анықтама беріледі. Шоттар бойынша операцияларды жүргізу мен рәсімдеу тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік банкінің ережелерімен реттелінеді.
Қолма-қолсыз есеп айырысу операцияларын жүргізу кезінде банк пен ұйымның (клиенттің) арасындағы қарым-қатынастарды анықтайтын негізгі құжат- олар арасындағы келісім болып табылады.
Әр ашылған шотқа осы шоттағы ақшаның қозғалысымен байланысты барлық құжаттарда көрсетілетін нөмір беріледі.
Есеп айырысу (ағымдық) шотындағы ақшалардың қозғалысы төлем құжаттарымен рәсімделеді, оларға ақшаны кіріс етуге хабарлама, чектер, төлем тпсырмалары және басқалары жатады.
Ақшаны кіріс етуге хабарлама банкте қолма-қол ақшаларды беру кезінде қолданылады.
Чек – шығыс төлем құжаты. Есеп айырысу (ағымдық) шотынан ақшаларды алу чекпен рәсімделеді. Чектің кері жағында оның мақсатты бағытталуы (еңбекақы төлеуге, шаруашылық шығындар) көрсетіледі.
Төлем тапсырмасы дегеніміз ұйымның банкке оның есеп айырысу (ағымдық) шотынан жабдықтаушының, қаржылық органның немесе басқа ұйымның есеп айырысу шотына белгілі бір соманы аудару туралы бұйрығы.
Құрылыс ұйымдары жабдықтаушылармен есеп айырысуды оперативті жүргізу мақсатында чектік кітапшаларды қолданады. Чектермен есеп айырысулар нақты алынған материалдар немесе нақты көрсетілген қызметтер бойынша жүргізіледі.
Барлық банктік құжаттар бүлінулерсіз , түзетулерсіз толтырылуы, ұйымның басшысымен және бас бухгалтерімен қол қойылуы керек.
Ұйыммен келісілген мерзімде банк оған есеп айырысу (ағымдық) шотынан көшірмелерді растаушы құжаттармен бірге береді немесе беріп жібереді.
Есеп
айырысу (ағымдық) шоты бойыша операциялар
441/1040 «Ағымдық шоттардағы теңгемен ақша
қаражаттары» активті шотында жүргізіледі,
Информация о работе Ақша және есеп айырысу операцияларының есебі