Ақша және есеп айырысу операцияларының есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 14:32, реферат

Краткое описание

Ұйым басшылары ақшаның касса бөлмелерінде сақталуымен қатар, оларды банк мекемесінен әкелу және банк мекемесіне жеткізу кезіндегі қауіпсіздікті де қамтамасыз етуге міндетті. Ұйым басшылары ақша қаражаттарын сақтау және тасымалдаудың тиісті сақтық шараларын жасамаған жағдайда заңмен белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады. Касса есігі операциялар жүргізіліп жатқан кезде ішкі жағынан бекітілуі тиіс. Касса жұмысына қатысы жоқ тұлғаларға касса бөлмесіне кіруге рұқсат етілмейді.

Файлы: 1 файл

Ақша және есеп айырысу операцияларының есебі.docx

— 48.25 Кб (Скачать)

 

Ұйымның 1290 «Күмәнді талаптар  бойынша резервтер» шотының ағымдағы   кредиттік  қалдығы  1850 мың теңгені құрасын  деп алайық. Бұл жағдайда күмәнді  талаптар бойынша шығындардың күтілетін  сомалары  2006 жылда 7309 мың тенге (9159-1850)болады. Берілген сомаға 7210 «Жалпы және әкімшілік  шығыстар» шотының дебеті мен 1290 «Күмәнді талаптар  бойынша резервтер» шотының кредиті бойынша бухгалтерлік жазба жазылады. Егер күмәнді талаптар бойынша шығындардың күтілетін  сомалары  бұрын осы мақсатта құрылған резерв сомасынан аз болатын  болса, онда резерв сомасының айырмашылығы 7210 «Жалпы және әкімшілік шығыстар»  шотының дебеті мен   1290 «Күмәнді талаптар  бойынша резервтер» шотының  кредиті бойынша түзетіледі.

Күмәнді талаптардың сомасын есептен  шығару  баланстағы  дебиторлық қарыз  көлеміне әсер етпейді, өйткені дебиторлық қарыз бухгалтерлік баланста күмәнді  талаптар  бойынша резервсіз көрсетіледі. Субъект күмәнді талаптар  бойынша  резерв құрмаған жағдайларда  үмітсіз  қарыздар немесе төлеу мерзімі өтіп кеткен дебиторлық қарыздар тікелей  кезең шығыстарына жатқызылып, пайда  мен залал туралы есептілікке  қосылады.

Егер  бұрын есептен шығарылған дебиторлық қарыздар сол есепті кезеңде төленетін  болса, онда есептен шығарылған сома дебиторлық қарыздар есебінің сәйкес шоттарының кредиті бойынша және 1290 «Күмәнді талаптар  бойынша резервтер» шотының дебеті бойынша сторноланады,  егер келесі есепті кезеңдерде төленетін  болса, онда бұл есепті кезеңдегі  негізгі емес қызметтен түскентабыс  деп танылады.


Информация о работе Ақша және есеп айырысу операцияларының есебі