Іс қағаздар пәнінің мақсаты мен міндеті

Доклад, 13 Апреля 2012

Қазақ тілінің мемлекеттік тілретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі − оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздарының, ресми құжаттардың тілі бір жүйеге түспей, стильдік жағынан қалыптаспай, мемлекеттік ресми құжаттардың барлығы алдымен қазақ тілінде жазылмай, барлық құрылымдағы іс қағаздары қазақ тілінде жүргізілмей қазақ тілінің қолданыс аясы, қызмет қарымы өрісін кеңейте алмайды.
Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады.

Қызыл кітап және оның мақсаты мен міндеті.

Реферат, 15 Сентября 2013

Қызыл кітап -халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат.Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды.

Аудитті жоспарлаудың мақсаты мен қағидалары

Курсовая работа, 08 Января 2012

Аудит туралы шыққан басылымдарда «аудит» - деген түінікке әр түрлі анықтамарлар берілген. әрбір автор өзінің анықтамасын өз тарабынан аңықтаған. К. Ш. Дюсембаев «Теория аудита» деген кітабында әр автордың 13 түрлі анықтамасын келтірген. Біз соның төрт түрлісін келтірейік те мазмұнын қарастырып талдайық.
Кәсіпорын шаруашылығының жеке бір бөлігін немесе түгелдей шаруашылығын қамтитын аудит болса да «алғашқы құжаттарды» тексереу немесе «алғашқы есепті» тексеру міндетті түрде жүргізіледі. Аудит процесі одан әрі қарай бухгалтерлік есептің жүргізілуіменоның құрылымын-ұйымдастырылуын тексерумен жалғасатыны объективті жұмыс. Ондай болмаған жағдайда аудиттік тексеруді тиянақты, дұрыс жүргізілді деуге болмайды. Кейбір авторлардың анықтамаларында осы ойлар орынды айтылған деуге болады.

Менеджменттің мақсаты, міндеті, оның құрылымы

Реферат, 09 Февраля 2013

Қазақстан экономикасында ақырғы он жылда өткізілген нарықтық реформалар өндіріс пен басқару үдіріміне қатысушылардың арасындағы, мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілердің және іскерлік серіктестіктердің арасындағы өзара қатынастың мәні мен түрлерінде елеулі өзгерістерді туғызды. Кәсіпкерлік іс-қызметпен айналысатын субъектілердің жұмысын бағалау өлшімімен бірге, осы субъектілердің өздері үшін іс-қимылдарының негізгі болып табылатын мақсаттарын да өзгертті.

Осы стандарттың мақсаты мен қолданылу саласы

Курсовая работа, 12 Декабря 2011

Кәсіпорын шаруашылық қызметі процесінде қызметкерлерді жұмысқа қабылдап және жұмыстан шығарып отырады, демек жұмыс барысында әр түрлі ауыс-түйістер болып тұоады. Қызметкерлердің құрамдық өзгерісінің есебін кадр бөлімі жүргізеді, ол бүкіл субъектідегі және оның құрылымдық бөлімшелеріндегі қызметкерлердің санын және оның өзгеру себептерін, жынысын, жас мөлшерін, санаттарын (категория), кәсіптерін, қызмет орындарын, мамандықтарын, біліктілігін, жұмыс өтілін (стажын), білімін және басқа да белгілерін есепке алады.

Математиканың оқытудың мақсаты мен міндеттері

Курсовая работа, 27 Ноября 2011

Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Себебі, «Бізге баға жетпес білім капиталын дамытып және білім беруді бұрынғыдан да арттырып оған заман талабына сай форма беру қажет» - делінген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің «Қазақстан – 2030» бағдарламасында.

Бизнес-жоспардың мақсаты, міндеттері және мазмұны

Курсовая работа, 22 Сентября 2011

Бизнес-жоспардың міндеті бұл- мақсатпен анықталған нәтиженің параметрлерін немесе сандық деректердің жиынтығымен сипатталатын бизнестің экономикалық орындылығын, техникалық мүмкіндігін, кәсіпкерлік (коммерциялық) ұсыныстың концепциясын дәлелдеу.

Бизнес-жоспардың мақсаты, міндеттері және мазмұны

Реферат, 14 Октября 2011

Еркін кәспкерлік пен бизнес жоспарлаудан құралады. Ешкім де бизнесменді өзінің бизнес операциялары үшін жоба немесе жоспар жасауға мәжбүр етпейді. Мұны өмірдің өзі тәжірибе, тәуекел қорқынышы, алдын ала келіп білмеген салдарлар мәжбүрлейді.
Бизнес- жоба ойға алынған негізгі ойды, пайда әкелетін кәсіпкерлік операциясын іске асырудың ортақ идеясын білдіреді. Жобада белгіленген операцияның мазмұны мен бағыттылығы суреттеліп, негізделеді, күтілуші нәтиже есептеледі. әдетте, кәсіпкерлік жобалар ірі, ұзақ мерзімді операциялар үшін қажет, өйткені көптеген аз ауқымды мәмілелер үшін ойластыру мен бағалау есептерін іске асырудың өзі де жеткілікті.

Бизнес-жоспардың мақсаты, міндеттері және мазмұны

Реферат, 22 Декабря 2011

Биыл еліміз өз тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын атап өтуге әзірленуде. Сонау алыста қалған 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданған болатын, бұл қоғамның, адам құқықтары мен бостандықтарының, меншіктің, саяси плюрализмнің және билік бөлінуінің негізгі қағидаларын бейнелейтін құқықтық, саяси және идеологиялық құжат. Осы іргелі ережелер Конституцияның негізін қалады. Еліміздің азаматтары үшін осы бір ерекше күн ел тарихының ескі сатысының аяқталып, Республикамыздың дамуының жаңа кезеңінің басталуының белгісі болып табылады

Бизнес-жоспардың мақсаты, міндеттері және мазмұны

Реферат, 22 Ноября 2012

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы:шығындардың жіктелуі,оның мақсатары мен мәні. Курстық жұмыста шығын ұғымы мен басқару есебінде және өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін шығындардың жіктелуі, сонымен қатар өндіріс шығындар есебі туралы жазылған. 1 - бөлімінде жалпы шығын ұғымы мен оның жіктелуі жайында түсінік, шығын мен шығыс түсініктерінің бір-бірінен айырмашылығы сипатталып берілген. Ал 2-бөлімінде өндіріс шығындар есебі, калькуляция баптары бойынша есебі және құрылымдары, аяқталмаған және көмекші өндірістердің есебі туралы.

Жарнаманың қоғамдағы рөлі, мақсаты мен міндеттері

Реферат, 05 Ноября 2012

Жарнама мен тұтынушының мінез – құлқының арасындағы арақатынасты түсіну үшін біріншіден, адам мінез – құлқының көп жақтылығы, оған әсер ететін факторларды, екіншіден, маркетингпен айналысатындар мінез – құлық тенденцияларына қарай қалай топтастырады, әсер ететін факторлерден қалай капитал жинайды деген сұраныстарды нақтылау керек[4, 26б].

Бизнес жоспарлардың мақсаты міндеттері және мазмұны

Курсовая работа, 23 Февраля 2013

Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:
1. ағымдағы операциялар: сауда, табыс қозғалысы, аударымдар (мемлекеттік және жеке тұлғалардың);
2. капитал қозғалысының балансы: ұзақ мерзімдік инвестициялар – тікелей және қоржындық, қысқа мерзімдік капитал қозғалысы;
3. тұрақтырандырушы тармақта қорларды қайта бағалау және қозғалысы, ХВҚ (халықаралық валюталық қоры) қаражатын қолдану, басқа да қаржы көздері;
4. қорлардың соңғы өзгерісі: алтын, шетел валютасының, несиелердің өзгерісі;

Бизнес жоспарлардың мақсаты міндеттері және мазмұны

Курсовая работа, 22 Февраля 2013

Мемлекеттің әлемдік нарықтағы жетістіктері мен жалпы әрекеттерінің айнасы ретінде төлем балансын қарастыруға болады. Шынында да төлем баласының ішіне елдің барлық жасаған қарым-қатынасының экономикалық жағы, яғни сандық мәні енеді. Ал халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша оның құрамына – операциялар балансы мен капитал қозғалысының балансы жатады. Елдің барлық іс-әрекеттері мен сауда операциялары төлем балансында көрініс алады.

Мемлекеттің аймақтық саясаты: мәні, мақсаты, міндеттері

Контрольная работа, 07 Марта 2013

Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты. Қазақстандағы аймақтық жоспарлаудың теориялық негіздері.

Мемлекеттің аймақтық саясаты: мәні, мақсаты, міндеттері

Реферат, 04 Марта 2013

Қазақстандағы аймақтық жоспарлаудың теориялық негіздері.
Нарықтық қатынастарының дамуы мен қалыптасуы жағдайында радикалды экономикалық реформалардың ғылыми негізделуіне - аймақтық экономика маңызды роль атқарады. Аймақтық экономика - аймақтардағы өндіргіш күштердің орналасу факторларын және аймақтық дамуды зерттейтін ғылым.
Академик Н.Н.Некрасовтың анықтамасы бойынша "экономикалық ғылымның саласы ретінде аймақтық экономика елдің экономикалық жүйесінде және әрбір аймақта өндіргіш күштердің дамуы мен әлеуметтік процестердің қалыптасуын анықтайтын экономикалық әлеуметтік факторлар мен жағдайларын жиынтығын зерттейді".
Аймақтық экономика өндіргіш күштерді аймақтық дамуының стратегиялық позицияларын өңдейді. Аймақтық өндіргіш күштердің орналасуы аймақтық экономиканың негізгі бөлігі ретінде қарастырылады.

Оқытудың механизмдері. Оқытушының функциялары. мақсаты

Реферат, 03 Марта 2013

Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.

Тауарлар мен ыдыстарды түгендеудің мақсаты міндеттері және түрлері

Курсовая работа, 01 Ноября 2011

Қоғамдық өнімнің тауар түрінде сатып алу-сату немесе тауарлық-ақшалай айырбас арқылы өндіріс саласынан шығу сәтінен бастап тұтыну саласына өткен кезге дейінгі барлық қозғалысы тауар оралымы болып табылады. Тауарлық-ақшалай айырбас негізіндегі өндіріс пен тұтыну аралығындағы экономикалық байланыс тауар оралымының жеке нысаны мен түрі ретінде сауданың ел экономикасының жеке дара саласы болуы объективті қажеттілік пен мақсатқа сәкестіктен туындайды.

Математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері, мазмұны, әдіс тәсілдері

Курсовая работа, 29 Марта 2012

Информатиканы оқу пәні ретінде бұрынғы КСРО барлық типтегі орта мектептеріне 1985 жылдың 1 – қыркүйегінен бастап енгізілді. Жаңа оқу пәні «Информатика және есептеуіш техника негіздері» деп аталады. Жалпы білім беру мектебінде бұл пән екі жоғарғы сыныпта (ол уақытта IX және X сыныптар) оқытылады. Информатика саласынан жалпы білім беру мектептерінің оқу жоспарына біртіндеп енуі бұрынырақ басталып, бұл үрдіс оқушыларды бағдарламалау және кибернетика элементтеріне оқыту тәжірибелерінен бастама алған еді.

Оқытудың мәні, мақсаты, міндеттері, қызметтері, зандылықтары, қозғаушы күштері мен ұстанымдары

Реферат, 27 Апреля 2013

Оқыту – қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, білім, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырьш, мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесі. Оқыту -қоғамдық құбылыс түріндегі ересектердің мақсатты бағдарланған жүйелі ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тежірибесі, қоғамдық сананың даму нәтижесі, еңбек өндірісінің мәдениеті, қоршаған ортаны қорғау мен оны белсенді қайта өзгерту туралы, білімдерді аға ұрпақтың өскелең ұрпаққа үйретіп, оны олардың меңгеруі. Оқыту ұрпақ сабақтастығын, қоғамның толық құндылықты қызмет атқаруын және тұлғаның соған сәйкес дамуына мүмкіндік жасайды.

Биоэкология пәніне кіріспе. Биоэкологияның ғылым ретіндегі анықтамасы, мақсаты, міндеттері. Экологиялық білім берудің қалыптасуы

Лекция, 09 Сентября 2013

Биоэкология пәнінің ғылым ретінде анықтамасы. Биоэкология – биология ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып дамыған. Экологиялық зерттеулер өткен ғасырда Чарльз Дарвин еңбектерінде сипат алғанымен, «экология» терминін ғылымға алғаш енгізген Э.Геккель(1866). Экология термині гректің ойкос – үй, тұрақ, мекен және логос – ғылым деген сөзінен шыққан, тұрақ, мекен туралы ғылым – деген мағынаны білдіреді. Яғни, тірі организмдердің бір – бірімен қарым – қатынасын, байланысын айнала қоршаған ортасымен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым.