Оқытудың механизмдері. Оқытушының функциялары. мақсаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 12:11, реферат

Краткое описание

Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.

Оглавление

Оқыту әдістері
Тақырыптың жоспары:
1. Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым.
2. Оқыту әдістері және оларды жіктеу проблемасы.
3. Оқушыларға білім беретін дерек көздеріне сәйкес топтастырылған әдістер: сөздік әдістері, көрнекілік әдістері, тәжірибелік әдістер.
4. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру туралы көзқарасқа сүйеніп жіктелген әдістер.
5. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру әдістері. Импрессия және экспрессия.
6. Ынталандыру әдістері. Ойын - оқыту әдісі.
7. Оқыту әдістерін жетілдіру және мұғалімнің сабақтар жүйесінде оларды таңдай білуі.

Файлы: 1 файл

Оқытудың механизмдері.docx

— 19.54 Кб (Скачать)

               Оқытудың механизмдері. Оқытушының функциялары.

мақсаты

. дамытудың қоғамдық –  тарих тәжірибесінің жан –  жақтарын:

. білімдер мен іскерліктері, ғылым, мораль, еңбек, әдебиет,  өнер, жалпы және дене тәрбиесін  меңгеруге бағытталған мұғалімнің  педагогикалық әрекеті мен оқушының  оқу-танымдық өзара бірлескен  әрекетінен ойша күтілетін түпкі  нәтиже.

  • педагогтің оқу-тәрбие жұмысын жүргізуі мен ұйымдастыруына қатысты жалпы дидактикалық және әдістемелік дайындығының деңгейін көтеру;

 

 

Жоспары:

Оқыту әдістері 
Тақырыптың жоспары: 
1. Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым. 
2. Оқыту әдістері және оларды жіктеу проблемасы. 
3. Оқушыларға білім беретін дерек көздеріне сәйкес топтастырылған әдістер: сөздік әдістері, көрнекілік әдістері, тәжірибелік әдістер. 
4. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру туралы көзқарасқа сүйеніп жіктелген әдістер. 
5. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру әдістері. Импрессия және экспрессия. 
6. Ынталандыру әдістері. Ойын - оқыту әдісі. 
7. Оқыту әдістерін жетілдіру және мұғалімнің сабақтар жүйесінде оларды таңдай білуі. 

1.    Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым.  
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады. 
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады. 

Оқыту тәсілдерінің түрлері: 
• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері; 
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер; 
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер; 
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару 
тәсілдері. 

Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің 
жүзеге асуына көмектеседі. 
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру. 
Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы "дайын" білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсен ділігі төмен болады. 
Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Бұл әдіс бастауыш мектептерге де таралған. Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік, эвристикалық, зерттеу әдістерімен өткізу мүмкін болабермейді.

Бинарлық әдістер  бір-бірімен тығыз байланысты оқыту  мен оқудың тәсілдерін (хабарлау, міндеттер  қою, мұғалімнің тапсырма беруі, оқушылардың  тыңдауы, жаттығулар орындауы, есептер  шығаруы, мәтінді оқуы, т.б.) қолдануды  талап етеді. Мысалы, мұғалім оқушыларға фактілер мен ережелерді хабарлайды, заттарды көрсетеді, фактілердің мәнін  түсіндіреді, оларға сұрақтар қояды. Егер оны тәсілдердің арасында түсіндіру  тәсілдері, дәлірек айтсақ фактілерді талдау, салыстыру, хабарлау, т.б басым  болса, онда оқыту әдісін түсіндірмелі деп атауға болады. Егер негізгі  тәсіл - ақпараттарды, фактілерді ұсынумен шектелсе, (мысалы: мұғалім оқушыларға ережелерді жаттауды ұсынады, бірақ  ереженің мәнін түсіндірмей, оны  жаттау тәсілін айтады), онда оқыту  әдісі ақпараттық- хабарлау, немесе оны жай ғана хабарлама әдісі  деп атайды. Осыған сәйкес бірінші  жағдайда оқушылар заттарды бақылап, фактілерді есінде сақтайды, мұғалімнің түсіндіргенін  тындайды және ой елегінен өткізеді, ақпараттық сұрақтарға жауап іздейді. Бұл жерде  оқу әдісі репродуктивтік, дәлірек  айтсақ жаңа ережені оқушылар дайын  күйінде меңгереді (оқушылар фактілерді талдап, ережелер шығармайды). Егер оқыту  әдісі хабарлау әдісі болса, оқудың негізгі тәсілі жаттау, оқушылардың  үлгі бойынша жұмыс істеуі. Мұндай оқу әдісін шартты түрде орындаушылық деп атаймыз.

. Эвристикалық әдісті  қолданғанда мәселелік деңгей (оқушылардың  белсенділігі) едәуір көтеріледі, эвристикалық  әңгімелерге танымдық (логикалық) есептер және проблемалық тапсырмалар қосылады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен "жаңалық" ашады, бірақ негізінен оқушылар өз бетімен жұмыс істейді. Зерттеу әдісін қолданғанда мұғалім оқушыларға тәжірибелік сипаттағы тапсырмалар (тәжірибе жүргізу, қосымша ақпарат, фактілерді жинап оларды өз бетімен талдау және қортындылау, өз ойын дәлелдеуге керекті материалдарды жинау, т.б) береді. Оқушылар оларды өз бетімен орындайды, бірақ бұдан мұғалімнің басшылығы керек емес деген сөз тумайды. 
 Әңгіме – оқу материалын ауызша баяндау. А. Байтұрсынов "Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне үқсас" дейді

Әңгімелесу әдісі. Оқушыны жаңа білімді алуға белсене  қатыстырып, оны білім алу әдістеріне, мұғалім қойған сұрақтарға өз бетімен  жауап беруге үйретеді.

Әңгімелесу әдісінің артықшылықтары: 
•    ес пен тілді дамытуы; 
•    оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсенді етуі; 
•    оқушылардың білімінің белгілі болуы; 
•    жақсы диагностикалық құрап; 
•    үлкен тәрбиелік күші бар. 
Әңгімелесу әдісінің кемшілігі: 
•    уақыттың көп кетуі; 
•    қауіп элементі бар (оқушы дұрыс жауап бермеуі мүмкін, оны басқа оқушылар естіп, есінде сақтап қалады. 

 

Әңгіме арқылы жаңа білімді хабарлау үшін оған кейбір талаптар қойылады. Олар: 
•    әңгіменің оқушылардың адамгершілігіне әсер етуі; 
•    әңгімеде дәлелді және ғылыми фактілердің болуы; 
•    ой пікірдің дұрыстығын дәлелдейтін жарқын және нанымды мысалдардың, фактілердің жеткіліктілігі; 
•    әңгіменің жүйелілігі болуы керек; 
•    әңгіменің әсерлілігі; 
•    тілінің қарапайымдылығы және түсініктілігі; 
•    мұғалімнің фактілер, оқиғаларға берген бағасының болуы. 
 Түсіндіру – жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау.

Түсіндіру әдісіне  қойылатын талаптар: 
•    сұрақтарды дәл және аңық тұжырымдау; 
•    себеп-салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру; 
•    салыстыру, қатар қою, ұқсату, жарқын мысалдар қолдану; 
•    жүйелілік. 
 Көрнекілік әдісі. Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік" деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады

Көрнекілік әдісі  оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен  өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырранда олардың сезім  мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі  сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық  бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде  қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация. 
     Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі. 
    Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретіндегі ерекшеліктері 
Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі. 


Информация о работе Оқытудың механизмдері. Оқытушының функциялары. мақсаты