Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 19:18, курсовая работа
Қоғамдық өнімнің тауар түрінде сатып алу-сату немесе тауарлық-ақшалай айырбас арқылы өндіріс саласынан шығу сәтінен бастап тұтыну саласына өткен кезге дейінгі барлық қозғалысы тауар оралымы болып табылады. Тауарлық-ақшалай айырбас негізіндегі өндіріс пен тұтыну аралығындағы экономикалық байланыс тауар оралымының жеке нысаны мен түрі ретінде сауданың ел экономикасының жеке дара саласы болуы объективті қажеттілік пен мақсатқа сәкестіктен туындайды.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Ел экономикасының қазіргі оқу кезеңіндегі мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асырудағы сауданың рөлі
1.1. Көтерме және бөлшек тауар оралымының экономикалық мәні мен мазмұны
1.2. Тауар қорлары, оларды жіктеу және бағалау
1.3. Тауарлық операцияларды есепке алудың мақсаттары мен міндеттері
Тауарларды қоймадан босату және жөнелту операцияларын құжаттық рәсімдеу
Тауарды транзитпен сатуды құжаттық рәсімдеу
Көтерме сауда кәсіпорындарының қоймасынан тауарларды сатуды жинақтамалы есепке алу
Тауарлар мен ыдыстарды түгендеудің мақсаты міндеттері және түрлері
3.1. Тауарлар мен ыдыстарды түгендеуді жүргізу тәртібі
3.2. Түгендеу мәліметтерін рәсімдеу
3.3. Түгендеу нәтижелерін бухгалтерлік есепте көрсету
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ел экономикасының қазіргі оқу кезеңіндегі мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асырудағы сауданың рөлі
Қоғамдық өнімнің тауар түрінде сатып алу-сату немесе тауарлық-ақшалай айырбас арқылы өндіріс саласынан шығу сәтінен бастап тұтыну саласына өткен кезге дейінгі барлық қозғалысы тауар оралымы болып табылады. Тауарлық-ақшалай айырбас негізіндегі өндіріс пен тұтыну аралығындағы экономикалық байланыс тауар оралымының жеке нысаны мен түрі ретінде сауданың ел экономикасының жеке дара саласы болуы объективті қажеттілік пен мақсатқа сәкестіктен туындайды.
Сауда тауарлар оралымының маңызды түрлерінің бірі ретінде тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасында, тауарлық ұсыныстар мен сатып алушылар сұраныстарының арасындағы делдалдық қызмет көрсетеді және ішкі базардағы халық тұтынатын тауралар оралымының барлық сатыларын қамтиды. Сауда жүйесін ұйымдастыру түрлеріне сәйкес халық тұтынатын тауарлар саудасы: көтерме сауда және бөлшек сауда болып бөлінеді. Олар тұтыну заттарының тауарлық оралым жүйесінің бірлігімен өзара байланысты. Бірақ айта кету керек, көтерме және бөлшек сауда тауарлық оралым жүйесін тауралардың өндіріс саласынан тұтыну саласына қозғалу жүйесінің әртүрлі сатысында жүргізгендіктен, олардың көрсететін қызметтері, нақты мақсаттары мен міндеттері және тауар қозғалысын ұйымдастырудағы рөлі әр түрлі.
Көтерме сауда тауарларды ірі партиялармен өндірістік тұтынуға, өңдеуге немесе келешекте халыққа сату үшін үзіліссіз жеткізіп отыруды қамтамасыз етеді. Көтерме сауданың объективті қажеттілігі көп жағдайда өндірістік кәсіпорындарының тұтыну орындарынан алыс орналасуы, тауар өндірудің бір бағыттылығы мен мерзімділігінен туындайды, сондай-ақ еліміздің жекелеген аудандарының табиғи- климаттық және көліктік жағдайларына байланысты тауарлар өндіріс орындарынан тікелей тұтыну саласына түсуі мүмкін емес. Сондықтан көтерме сауда өндірілген халық тұтынатын тауарларды өндіріс орындарынан тұтыну аудандарына жеткізетін барлық күрделі жүйені ұйымдастыруға арналған.
Бөлшек сауда тауарларды жеке тұтыну мақсатында тікелей халыққа қолма-қол есептесу арқылы немесе басқа тұтынушыларға шағын көтерме оралым ретінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы сатуды жүргізеді, сонымен тауарлар біржолата сатылып, алу мен сату актілері нәтижелерінде олар оралым саласынан тұтыну саласына түседі.
Сауда ел экономикасының тіршілікке қажетті салаларының бірі болып, халықпен, олардың халық тұтынатын әр түрлі сапалы тауарларға материалдық және мәдениеттік қажеттілігін қанағаттандырумен күнделікті және өте тығыз байланыста. Сондықтан ол барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл ауқатының артуы туралы мемлекетіміздің әлеуметтік – экономикалық саясатын жүзеге асыруда үлкен рөл атқарады. Сауданың бұл рөлі халық тұтынатын тауарларды өндірістен тұтынушыларға жеткізу туралы өзінің негізгі, ең маңызды міндеттерін орындауда көрінеді.
Бұл міндеттерін орындау үшін сауда ел экономикасының көптеген салаларымен бірлесіп қызмет етуі керек, себебі оның тауарлық ресурстары жеңіл тамақ, ет-сүт, балық және тағы басқа өнеркәсіп салалары мен ауыл шаруашылық өнімдерінен құралады. Өнеркәсіппен қарым-қатынас жасау барысында сауда тауарларды жеткізіп тұруға тапсырыс пен мәлімдеме беру және көтерме жәрмеңкелерде жасалған сауда мекемелері мен өнеркәсіп орындары арасында шаруашылық келісім-шарттары арқылы өндірісті өркендетуге, тауарлардың сапасын жақсарту мен олардың түр-түрін ұлғайтуға белсенді ықпал жасайды.
Өндіріске ықпал жасай отырып, сауда тұтынушыларға ең қажетті жоғарғы сападағы тауарларды кең ассортиментте сатып, олардың әр түрлі, әсерлі өсіп келе жатқан төлеу қабілеттілігі бар сұранысын қанағаттандыру мен халықтың материалдық және мәдениеттілік өмір деңгейін көтеруге мүмкіндік туғызады.
Ең
маңызды міндетін- тауарларды өндірістен
тұтынушыларға жеткізу –
Таурларды өндірістен тұтынушыларға (сатып алушыларға) жеткізу барысында сауда арқылы екі біршама дербес және уақыт пен кеңістікте тауарлық-ақшалай айырбастың табиғи-заттай және ақшалай түріндегі бір-бірінен бөлек екі акт жасалады: тауарларды сатып алу (А-Т), бұл сауда мекемелерінің тауар өндірушілерден оларды сатып алуды көрсетеді; және тауарларды тұтынушыларға сату (Т-А). Бұл актіні жүргізу негізінде құнның ақшалай түрінен тауарлық және қайта ақшалай түріне (А-Т-А) ауысуы болады және халық тұтынатын тауарларды өндіруге жұмсалған қаржылардың оралымының үрдісі аяқталады.
Өндіріс пен тұтыну арасында делдалдық қызмет көрсете отырып, сауда халық тұтынатын тауарларды сатып алушыларға (тұтынушыларға) жеткізіп, оларға қажетті қызмет көрсетіп және тауарлық-ақшалай айырбас жасап қана қоймай, сондай-ақ өндіріске ықпал жасайды, оған тұтынушылар үшін қажетті сапалы тауарлар шығаруға түрткі болады, тауарлық ұсыныс пен төлем қабілеттілігі сатып алушылық сұраныстың қалыптасуына белсенді қатынасады және оларды нарықтық келісімге әкеледі.
Сауданың
жұмыс істеуінен халық
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын орындауда сауданың рөлі тағы да оның елдің ақша айналымы және қаржы жүйесімен тікелей өзара байланысымен анықталады.
Ұлттық экономиканың қазіргі даму кезеңінде ақшаның үлкен ынталандыру мазмұны бар, ол еңбекақы , зейнетақы, жәрдемақы төлеу және мемлекетіміздің басқа да әлеуметтік-экономикалық міндеттерін орындау үшін пайдаланылады, осыған байланысты ақша айналымының тұрақтылығы мен оның қалыпты қызмет істеуін қамтамасыз етудің әділдік қажеттілігі туындайды. Бұл міндеттерді орындауда саудаға маңызды рөл жүктеледі, себебі сол арқылы елдің банкіне айналымға шығарылған барлық салт ақшаның 90 пайызы дерлік қайтып оралады.
Бұдан шығатыны, елдің ақша оралымының жылдамдығы, негізінен, сауда мекемелері мен кәсіпорындарының жұмысына тікелей байланысты. Сондықтан сауда мекемелері өз қызметтерін неғұрлым жақсы ұйымдастырса және базардың төлей аларлық сұранысын терең зерттесе, неғұрлым сауда кәсіпорындарындағы тауарлық қорлар талапқа сай келсе, соғұрлым тауар оралымының жылдамдығы жоғары және тауар сату көлемі (бөлшек тауар оралымы) үлкен және соғұрлым елдің ақша оралымы қарқынды және тұрақты.
Мемлекетіміздің қаржылық тұрақтылығы үшін де сауданың маңызы зор. Таурларды сату нәтижесінде мемлекеттік бюджетке қосылған құн салығы мен акциздер тауар бағасының элементтері ретінде әрбір сатып алу – сату операцияларынан есептеліп алынып, тікелей түседі. Сондықтан бұл салықтардың сомасы көп жағдайда тауарлар оралымының жылдамдығына байланысты.
Сонымен, сауда халық тіршілігін қамтамасыз ететін маңызды сала ретінде халықтың әл-ауқатын арттыру мен еліміздің ақша-қаржы жүйелерін нығайту туралы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық бағдарламасын орындауда ерекше рөл атқарады.
Әлеуметтік –экономикалық тұрғыдан халық тұтынатын тауарлар саудасы үш түрде дамиды: мемлекеттік, кооперативтік және колхоз саудасы. Бұл өндіріс құрал жабдықтарына екі қоғамдық меншік (мемлекеттік және колхоз кооперативтік) және шаруалар мен фермерлер қожалығы, жұмысшылар мен қызметкерлер, және көмекші шаруашылығынан алынған артық ауыл шаруашылығы өнімдері бар ауыл тұрғындарының жеке меншіктің болғанынан туындайды.
Жоспарлы экономикалық жағдайында елдің бөлшек тауар оралымының жалпы көлемінде мемлекеттік сауданың үлесі 70 пайыз шамасын құрады және басымдылық жағдайда болады.
Кейінгі жылдарда жүргізілген ел экономикасын реформалау және нарықтық қатынасқа көшу сауда саласына өте қатты әсерін тигізді.
Сөйтіп, сауда кәсіпорындарын сату және жекешелендіру арқылы мемлекет иелігінен алу, жеке дербес сауда кәсіпорындары (дүкендер, дүңгіршектер, ларектер) арқылы кәсіпкерліктің қайта дамуы басталады, сауданы басқарудың ұйымдастырулық құрылымы бұзылды- облыстық қалалық, аудандық сауда басқармалары, жұмысшы жабдықтау бөлімі, көтерме сауда орындары және т.б. жойылды. Нәтижесінде мемлекеттік сауданың рөлі шұғыл түсіп кетті. Ірі сауда мекемелері мен кәсіпорындары (көтерме сауда орындары, бөлшек сауда бірлестігі және т.б.) капиталында 51 пайыздан астам мемлекеттің үлесі бар акционерлік қоғам түрінде жұмыс істейді. Жекелеген мемлекеттік өнеркәсіп кәсіпорындарының фирмалық дүкендері бар.
Осылай бола тұра, нарықтық экономикасы дамыған елдерге тән басымдылық орынды және меншік сауда алды, онымен жеке дербес сауда кәсіпорындары (дүкендер, дүңгіршектер, ларектер т.б.) арқылы жекелеген адамдар, шаруалар мен фермерлер қожалығы және басқа да еңбек ұйымдары шұғылданады.
Сауданың негізгі шаруашылық орны- сауда мекемелері (кәсіпорындары).
Сауда мекемелері(кәсіпорындары) болып халық тұтынатын тауарларды сатып алу, тасымалдау, сақтау және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға құқы бар дербес шаруашылық орны саналады.
Сауда саласын реформалау нәтижесінде әр алуан ұйымдастыру – құқықтық нысандағы нарықтық экономикаға пара-пар сауда кәсіпорындары пайда болды: жеке (дербес) кәсіпорын, акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік (қоғам), өндіріс және тұтыну кооперативтері, бірлескен кәсіпорындар және т.б. бұлар үшін сауда шаруашылық қызметтерінің бір түрі болып саналады (негізгі емес).
Барлық кәсіпорындар бөлшек саудамен қалай шұғылданса, көтерме саудамен де солай шұғылдана алады және өздерінің сауда-қаржылық қызметтерін отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағыттауға міндетті.
Ауылдық жерлерде негізгі сауда жасайтын жүйенің жетекші саласы сауда болатын ауылдық тұтынушылар кооперациясы болып саналады. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 21 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы» Заңына сәйкес қаладағы әртүрлі сауда түрлеріне бәсекелестік болып ауылдық тұтыну кооперациясының дамуын шектеу алынып тасталды. Үлкен қалаларда, облыс орталықтарында сауданың дамуының негізгі бағыты ауыл шаруашылығы өнімдерінің алғашқы, сондай-ақ қайта өндіру түрінде сату. Селолық тұтыну кооперациясының өнеркәсіп кәсіпорындарында жасалған ауыл шеберлерінің өнімдерінің (жүннен жасалған байпақтар, пима, тоқыма бұйымдар, үй жиһаздары, құрылыс материалдары және т.б.) саудасын өрістету үшін үлкен мүмкіндіктер бар.
Сауданың
негізгі қызметін (сату үшін сатып алу)
орындау үшін қалада қалай болса, ауылда
да солай, мекемелерде (кәсіпорындарда)
басқаруды жақсарту, олардың шаруашылық
қызметтерінің тиімділігі мен бәсекелестік
қабіллеттілігін арттыруды ынталандыру,
тауар оралымын өсіру, тауар айналысын
жылдамдату және сауда мекемелерінің
(кәсіпордарының) шығындарын азайту үшін
барлық батыл шараларды қолдану қажет.
1.1 Көтерме және бөлшек тауар оралымының экономикалық мәні
Информация о работе Тауарлар мен ыдыстарды түгендеудің мақсаты міндеттері және түрлері