Тауарлар мен ыдыстарды түгендеудің мақсаты міндеттері және түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 19:18, курсовая работа

Краткое описание

Қоғамдық өнімнің тауар түрінде сатып алу-сату немесе тауарлық-ақшалай айырбас арқылы өндіріс саласынан шығу сәтінен бастап тұтыну саласына өткен кезге дейінгі барлық қозғалысы тауар оралымы болып табылады. Тауарлық-ақшалай айырбас негізіндегі өндіріс пен тұтыну аралығындағы экономикалық байланыс тауар оралымының жеке нысаны мен түрі ретінде сауданың ел экономикасының жеке дара саласы болуы объективті қажеттілік пен мақсатқа сәкестіктен туындайды.

Оглавление

Кіріспе
Негізгі бөлім

Ел экономикасының қазіргі оқу кезеңіндегі мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асырудағы сауданың рөлі
1.1. Көтерме және бөлшек тауар оралымының экономикалық мәні мен мазмұны
1.2. Тауар қорлары, оларды жіктеу және бағалау
1.3. Тауарлық операцияларды есепке алудың мақсаттары мен міндеттері
Тауарларды қоймадан босату және жөнелту операцияларын құжаттық рәсімдеу
Тауарды транзитпен сатуды құжаттық рәсімдеу
Көтерме сауда кәсіпорындарының қоймасынан тауарларды сатуды жинақтамалы есепке алу

Тауарлар мен ыдыстарды түгендеудің мақсаты міндеттері және түрлері
3.1. Тауарлар мен ыдыстарды түгендеуді жүргізу тәртібі
3.2. Түгендеу мәліметтерін рәсімдеу
3.3. Түгендеу нәтижелерін бухгалтерлік есепте көрсету

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

бух учет курсавой.doc

— 266.50 Кб (Скачать)

     Қаралған  тауар қорларының міндеттері бойынша  жіктелуі үлкен өндірістік маңызы бар, себебі тауар қорларының әрбір түрінің  міндеттерінен оның қалыптасу ерекшеліктеріне, көлеміне және тұрған жеріне байланысты. Сондықтан әр түрлі міндеттері бар  тауар қорларына қажеттілікті дұрыс табу сауданы басқарудың маңызды міндеттерінің бірі.

     Тауар айналымының үздіксіздігі өндіріс пен тұтынудың толассыздығының нәтижесі мен жағдайы ретінде тауар қорларының барлық уақытта өндіріс саласынан тұтыну саласына жылжуының бірыңғай жүйесінің  барлық сатысында қажетті көлемде болуын талап етеді. Сондықтан тауар қорлары міндеттері бойынша жіктелуімен қатар олардың тұрған жерлеріне қарай бөлшектеудің үлкен өндірістік маңызы бар.

     Тауар қорлары тұрған жері бойынша мынадай түрлерге бөлшектенеді: тауар өндіруші кәсіпорындардың қоймасындағы тауар қорлары, көтерме сауданың қоймаларындағы тауар қорлары, бөлшек сауданың  қоймаларындағы тауар қорлары.

     Тауар өндіруші кәсіпорындардың  қоймасындағы тауар  қорлары - өнеркәсіп  кәсіпорындарының дайын өнімдері тауар қорлар жиынтығының бөлігі ретінде олардың қоймаларында сату үшін шоғырланады.

     Көтерме сауда қоймаларындағы тауар қорлары  – бұл келешекте бөлшек сауда мекемелеріне (кәсіпорындарына) және басқа тұтынушыларға сату үшін көтерме сауда кәсіпорындарынан (базарлардан) сатып алып, өздерінің қоймаларында сақталған тауарлар.

     Бөлшек  саудадағы тауар  қорлары екі деңгейде жасалады: біріншіден, бұл бөлшек сауда мекемелері мен кәсіпорындарының үлестіру базалары мен қоймаларында сақталған және бөлшек сауда кәсіпорындарына жеткізуге арналған қорлар; екіншіден, тікелей бөлшек сауда кәсіпорындарындағы, яғни дүкендердегі, ларектердегі, дүңгіршектердегі және т.б. өздеріндегі қорлар.

     Тауар қозғалысының жоғарыда көрсетілген  әрбір тұрған орындары арасында тауар қорлары жолда, вагонда, контейнерде,автокөлікте, кемеде, темір жол бекеттерінде, кеме жайлары мен әуежайларды болады.

     Атап  айту керек, тауар қорлары құрамына сатып алушылар төлеп, жөнелтуге  дайындалып қойған тауарлар кірмейді, себебі оларға сауда мекемелерінің меншіктік құқы жоқ . Тауар қорлары құрамына сондай-ақ консигнациядағы тауарлар да кірмейді.

     Консигинация  – бұл тауарларды комиссиялық сату түрі, мұнда комитент – консигнант деп аталатын тауарлар иесі өздерінің тауарларын консигнаторын (комиссионердің) қоймаларына орналастырады да, содан оларды сатады. Бұл жағдайда консигнатор бұл тауарларды өзінің тауар қорлары құрамына енгізуге тиіс емес, себебі бұл тауарлар сатылғанша жіберуші – консигнанттың меншігінде болады.

     Тауар қорларының тұрған жері бойынша қаралған жіктелуі қорлардың өндірістен жеке тұтынуға дейінгі қозғалысының негізгі бөлімдердегі көлемімен сипатталады, және бұлардың үлкен өндірістік маңызы бар, себебі осы бөлімдердегі тауар қорларының көлемін реттей отырып, олардың тауар қозғалысы жүйесінің әр түрлі бөлімдерінде ұтымды орналастыруын және тауар қорларының, сондай-ақ барлық тауар айналымының жылдамдатылуына мүмкіндік туғызады.

     Жұмыс тәжірибесінде тауар қорлары  есеп беру мерзімінің басы (кіретін), яғни осы кезде болған және мерзімнің  соңы (шығатын), яғни сол мерзімнің аяғына қалған деп бөлінеді.

     Есепте, мөлшерлеуде және талдауда тауар  қорлары нақты және салыстырмалы көрсеткіштермен өлшенеді. Нақты  көрсеткіштер болып тауар қорларының көлемінің құнын сипаттайтын  сома (теңге) және табиғи өлшемдер (дана, тонна, литр және т.б.) бола алады.

     2- «Босалқылар» JAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес босалқылар (бұдан әрі қарай - тауарлар) міндетті түрде ең кемі екі деңгей бойынша: өткізудің өзіндік құны мен ықтимал таза құны бойынша есепке алынады.

     Тауарлардың өзіндік құнына міндетті түрде сатып  алуға, қайта өңдеуге жұмсалған  барлық шығындар және тауарларды ағымдағы жай – күйіне және қазіргі орналасқан жерге дейін жеткізу мақсатында жұмсалған шығындар жатады. Тауарларды сатып алуға жұмсалған шығындарға сатып алу бағасы, импорттық баж салықтары және басқа да салықтар (ұйымдардың кейіннен салық оргондары арқылы өтетін салықтарынан басқалары ) сондай-ақ тасымалдауға, өңдеуге арналған шығыстар және нысанды сатып алумен тікелей байланысты шығыстары жатады. Тауарларды сатып алу шығындарын айқандағанда сауда жеңілдіктері, төлемдерді қайтару және басқа да осындай баптар шегеріліп тасталады.

     Атап  айту керек, тауарларды қазіргі орналасқан  жеріне және жай-күйіне дейін жеткізуге  байланысты емес әкімшілік үстеме шығыстар және оларды сатуға жұмсалатын шығындар тауарлардың өзіндік құнына кірмейді, яғни алынып тасталады да, олардың пайда болуы кезеңіндегі шығыстар ретінде танылады.

     23 – «Қарыздар бойынша шығындар» JAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты бойынша жол беруге болатын баламалы әдіске сәйкес белгілі бір талаптарға сай келетін активті (тауарды – Ж. Т.) сатып алуға байланысты шығындар сол активтің (тауардың- Ж.Т.) бастапқы құнына қосылады. Қарыздар (несиелер- Ж.Т.) бойынша ондай шығындар мекеменің болашақта экономикалық тиімділіктер алуы мүмкін және шығындарды сенімді түрде өлшеуге болатын жағдайларда актив (тауар) құнына қосу жолымен капиталдандырылады. Қарыздар бойынша өзге шығындар олар пайда болған кезеңдегі шығыстар ретінде мойындалады.

     Сауда мекемесі тауарларды төлем мерзімін кейінге қалдыру келісім –  шартымен сатып ала алады. Осындай  келісімде іс жүзінде қаржыландыру элементі болғанда, бұл элемент, мысалы, әдеттегі сауда несиесі (кредиті) шартымен сатып алу бағасы және төленген сома арасындағы айырмашылық қаржыландыру кезеңіндегі пайыздар бойынша шығыс ретінде танылады.

       2 – «Босалқылар» JAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес бірін-бірі алмастырмайтын тауарлардың жекелеген баптарының, сондай-ақ арнаулы жобалар үшін өндірілген және оларға арналған тауарлардың немесе қызмет көрсетудің өзіндік құны оларға жұмсалатын шығындарды ерекше сәйкестендіру арқылы анықталуға тиіс. Олар алмаспайтын тауарлардың өзіндік құнын анықтайтын мынадай екі әдістің біреуін қолданумен анықталады:

      

  • Алғашқы түскен өнім – алғашқы жөнелтілген тауар («ФИФО») әдісі;
  • Орташа өлшемдік құн әдісі.
 

     Мекеме  сипаты және олардың мекемелерінде пайдалану жағынан ұқсас тауарлар үшін бағалаудың бірдей формулаларын пайдалануға міндетті. Әр түрлі сипаттағы немесе пайдаланудағы тауарлар үшін әр түрлі бағалау формулаларын қолдану өзін-өзі анықтауы мүмкін.

     Тауар қорларының өзіндік құнды есептеудің көрсетілген әдістерін терең  меңгеру үшін  1- кестеде берілген мәліметтерді пайдалануға болады.

     «ФИФО» әдісі – бірінші жеткізілген қорлар бағасы бойынша бағалау әдісі «Қысқартылған» сөз таңба «ФИФО» мағынасы «First in, First out», аударғанда «Бірінші түскен, бірінші болып өткен(сатылған) »  дегенді білдіреді. Сондықтан бұл әдіс бірінші жеткізілген тауарлардың өзіндік құнын бірінші болып сатылған тауарларға жатқызылуы тиіс деп болжайды. Мерзім (ай) аяғында тауар қорларының өзіндік құны соңғы жеткізілген тауарлардың өзіндік құнымен бағаланады, ал сатылған тауарлар тым ертерек жеткізілген тауарлармен ара қатынаста болады. Біздің мысалда мынаны айқындауға болады, 20хх жылғы  1-ші шілдеде тауар қорларының қалдығы 720 бірлік мөлшері 350 бірлік соңы жеткізілу (партия) (29.06) бағасы 243 теңге бірлік үшін, сомасы 85050 теңгеге; 330 бірлік үшінші жеткізілу (24.06) бағасы 236 теңге бірлік үшін, сомасы 77880 теңгеге 40 бірлік екінші жеткізілуден (партия) (15.06) бағасы 230 теңге бірлік үшін, сомасы 9200 теңгеден құралады, нәтижесінде тауар қорларының қалдығы 720 бірлік мөлшері барлығы 172130 теңгеге (85050+77880+9200) бағаланады. Сауда кәсіпорнында жалпы сомасы 498880 теңгелік (199500+299380) тауар болғандықтан, маусым айында сатылған 326750 теңгеге (498880-172130) бағаланады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1.3.1 кесте  – 20ХХ жылғы маусым айындағы тауар қорларының қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтер

Көрсеткіштер  Саны     Баға  Сома,
1 20ХХ жылғы  1-ші маусымдағы қалдық 950    210 199500
2 Сатып алынды:

08.06 бірінші  жеткізілу 

15.06 екінші  жеткізілу

24.06 үшінші  жеткізілу

29.06 төртінші  жеткізілу

 
310

290

330

350

 
225

230

236

243

 
69750

66700

77880

85050

3 Сатып алынған жиынтығы 1280      -    299380
4 Сатылатын тауар қорларының өзіндік құны 2230 223,71 498880
5 20хх  жылғы 1-ші шілдедегі  қалдық  720    -   -
6 Сатылды 1510    -   -
 

      Орташа  өлшемдік құн әдісі  ұсынылады, бір тауардың орташа құны есеп беру мерзімінің (айдың) басындағы бар және осы мерзім ішінде сатып алынған тауарлардың жалпы сомалары (құндарын) осы тауардың жалпы санына бөлу арқылы есептеледі.

      Тауар қорларын бағалаудың таңдап алынған  әдісі – сауда мекемелері мен  кәсіпорындарының есеп саясатында ашылуға  тиіс. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

            1.3 Тауарлық   операцияларды   есепке   алудың

                  мақсаттары  мен міндеттері  

      Нарықтық  экономика жағдайындағы көтерме және бөлшек сауда мекемелері мен кәсіпорындарының қызметтері олардың шаруашылық басшылығы мен басқарудағы бухгалтерлік есептің рөлі мен мағынасының мұнан әрі өсуін қамтамасыз етеді.

      Бухгалтерлік  есептің сауда мекемелері мен  кәсіпорындарын басқару құралдарының бірі ретіндегі рөлі ең алдымен оның басқару шешімдерін қабылдауға қажетті олардың сауда қаржы қызметтерінің көлемдік және сапалық көрсеткіштері туралы экономикалық ақпараттардың негізгі көзі болуымен анықталады. Осы ақпараттардың көмегімен және бөлшек саудадағы тауарлық операциялардың бухгелтерлік есебінің мынандай негізгі мақсаттары орындалады: сауда мекемесі мен кәсіпорындарының басшылығын көтерме және бөлшек тауар оралымының  нақты көлемі мен мұнан әрі өсу резервтері туралы ақпараттармен қамтамасыз ету ; материалдық жауапты тұлғалардың тауарларды уақытында және толық қабылдап алуын бақылау; тауар қорларының жай-күйі мен сақталуын бақылау.

      Көрсетілген мақсаттарға жету үшін тауарлық операциялардың бухгалтерлік есебінің алдында мынандай негізгі міндеттер қойылады. 

      1. Әрбір сауда кәсіпорындарының  және оның құрылымдық  бөлімдерінің нақты көтерме бөлшек тауар оралымының жалпы көлемі мен оның түрлерін дұрыс анықтау және есепте көрсету.

      Бұл міндетті орындау үшін көтерме кәсіпорындарында тауар оралымының есебі көтерме тауар оралымының жалпы көлемі туралы ғана ақпараттар беріп қоймай, сондай-ақ оның түрлері (тауарларды көтермелеп сату, республика аралық жеткізіп тұру, жүйе ішіндегі босату, ұсақ көтерме оралымы), нысаны (қоймалық және транзиттік оралымы), түр-түрінің құрамы, сатып алушылар топтары бойынша бөліп көрсетілген егжей тегжейлі мәліметтер беруге тиіс.  

      2. Тауарлық материалдық қорлары мен ақша қаражаттарының сақталуы үшін лауазымды тұлғалардың материалдық жауапкершілігін анық ұйымдастыру.

      Көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарында тауарлық материалдық қорлары мен  ақша қаражаттары үлкен көлемде шоғырланады. Тауарлар мен ыдыстардың саны мен сапасын және салт ақшалардың сақталуын қамтамасыз ету үшін материалдық жауапкершілік енгізілген және ол жүктелген қызметкерлер материалдық жауапты тұлғалар деп аталады. Бұлар қоймалардың меңгерушілері, қоймалардың секцияларының, бөлімдердің меңгерушілері, жекелеген қоймалардың қоймашысы, дүкендердің директорлары, олардың орынбасарлары, кассирлер, бақылаушылар – кассирлер, сатушылар, менеджерлер және тауарлар мен басқа да материалдық игіліктермен байланысты барлық тауарлық операцияларды орындайтын басқа тұлғалар.  

Информация о работе Тауарлар мен ыдыстарды түгендеудің мақсаты міндеттері және түрлері