Тауарлар мен ыдыстарды түгендеудің мақсаты міндеттері және түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 19:18, курсовая работа

Краткое описание

Қоғамдық өнімнің тауар түрінде сатып алу-сату немесе тауарлық-ақшалай айырбас арқылы өндіріс саласынан шығу сәтінен бастап тұтыну саласына өткен кезге дейінгі барлық қозғалысы тауар оралымы болып табылады. Тауарлық-ақшалай айырбас негізіндегі өндіріс пен тұтыну аралығындағы экономикалық байланыс тауар оралымының жеке нысаны мен түрі ретінде сауданың ел экономикасының жеке дара саласы болуы объективті қажеттілік пен мақсатқа сәкестіктен туындайды.

Оглавление

Кіріспе
Негізгі бөлім

Ел экономикасының қазіргі оқу кезеңіндегі мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асырудағы сауданың рөлі
1.1. Көтерме және бөлшек тауар оралымының экономикалық мәні мен мазмұны
1.2. Тауар қорлары, оларды жіктеу және бағалау
1.3. Тауарлық операцияларды есепке алудың мақсаттары мен міндеттері
Тауарларды қоймадан босату және жөнелту операцияларын құжаттық рәсімдеу
Тауарды транзитпен сатуды құжаттық рәсімдеу
Көтерме сауда кәсіпорындарының қоймасынан тауарларды сатуды жинақтамалы есепке алу

Тауарлар мен ыдыстарды түгендеудің мақсаты міндеттері және түрлері
3.1. Тауарлар мен ыдыстарды түгендеуді жүргізу тәртібі
3.2. Түгендеу мәліметтерін рәсімдеу
3.3. Түгендеу нәтижелерін бухгалтерлік есепте көрсету

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

бух учет курсавой.doc

— 266.50 Кб (Скачать)
">      Мұндай  салыстыру тізімдемесі және тауарлардың табиғи кемуін есептеулер негізінде сауда мекемесінің түріне қарай бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазу жасалады.  

      7110 «Өнімдерді сату және қызметтер  көрсету бойынша шығыстар» шотының  тиісті қосымша шоттарының дебеті:

      7111 «Көтерме сауда кәсіпорындарының шығындары»

      7112 «Бөлшек сауда кәсіпорындарының  шығындары» 

      1330 «Тауарлар» шотының тиісті қосымша  шоттарының  кредиті: 

      1331 «Көтерме сауда кәсіпорындарындағы  тауарлар» 

      1332 «Бөлшек сауда кәсіпорындарындағы  тауарлар»  

      Тауарлардың табиғи кемуін есептен шығаруға есептелген резервті есепке алу үшін 1360 «Қорларды есептен шығару бойынша резерв» шоты қоланылады да, тек оған «Туаралардың табиғи кемуін өтейтін қор» атты субшот ашу керек: Оның кредиті бойынша резервтің құрылуы мен қалдығы, ал дебеті бойынша оны пайдалануы көрсетіледі.

      Тауарлардың табиғи кему салдарынан болған тауарлық ысыраптарды есептен шығару резервті есептеу кезінде ай сайын арнайы есептеулер негізінде сауда кәсіпорындарының түріне байланысты бухгалтерлік тізбе беріледі:  

      7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шотының тиісті қосымша шоттарының дебеті:

      7111 «Көтерме сауда кәсіпорындарының  шығындары» 

      7112 «Бөлшек сауда кәсіпорындарының  шығындары» 

      1360 «Қорларды есептен шығару бойынша  резерв» шотының «Тауардың табиғи кемуін өтейтін қор» субшотының кредиті  

      Айқындалған тауарлардың берілген табиғи кему мөлшері  шегіндегі жетіспеушіліктері қосымша құнға салынатын салықсыз сатып алу құны бойынша түгендеу нәтижелерін бекіткеннен кейін құрылған резерв есебінен сауда кәсіпорындарының түрлеріне байланысты мынадай келесі бухгалтерлік жазулармен есептен шығарылады:  

      1360 «Қорларды есептен шығару бойынша  резерв» шотының «Тауарлардың  табиғи кемуін өтейтін қор»  субшотының дебеті 

      1330 «Тауарлар» шотының тиісті қосымша шоттарының кредиті:

      1331 «Көтерме сауда кәсіпорындарындағы  тауарлар»

      1332 «Бөлшек сауда кәсіпорындарындағы  тауарлар»  

     Жыл соңында «Тауарлардың табиғи кемуін өтейтін қор» субшотында қалдық (сальдо) болмауы керек.  
 

                                       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                           

                                                Жоспары:  
 

    1. Кіріспе
    2. Негізгі бөлім
 
  1. Ел экономикасының қазіргі оқу кезеңіндегі мемлекетіміздің  әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асырудағы сауданың рөлі

    1.1. Көтерме және бөлшек тауар оралымының экономикалық мәні мен мазмұны

    1.2. Тауар қорлары, оларды жіктеу және бағалау

    1.3. Тауарлық операцияларды есепке алудың мақсаттары мен міндеттері 

  1. Тауарларды  қоймадан босату және жөнелту операцияларын құжаттық рәсімдеу
    1. Тауарды транзитпен сатуды құжаттық рәсімдеу
    2. Көтерме сауда кәсіпорындарының қоймасынан тауарларды сатуды жинақтамалы есепке алу
 
  1. Тауарлар  мен ыдыстарды түгендеудің мақсаты  міндеттері және түрлері

    3.1.  Тауарлар мен ыдыстарды түгендеуді жүргізу тәртібі

    3.2.  Түгендеу мәліметтерін рәсімдеу

    3.3.  Түгендеу нәтижелерін бухгалтерлік есепте көрсету 
     

    1. Қорытынды
    2. Пайдаланылған әдебиеттер
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                             Кіріспе 

        Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тауарлық-ақшалай айырбас негізіндегі өндіріс пен тұтыну   аралығындағы экономикалық байланыс тауар оралымының жеке нысаны мен түрі ретінде сауданың ел экономикасының жеке дара саласы болуы обьективті қажеттілік пен мақсатқа сәйкестік.

      Курстық жұмыстың зерттелу дәрежесі. Көтерме сауда тауарларды ірі партиялармен өндірістік тұтынуға, өңдеуге немесе келешекте халыққа сату үшін үзіліссіз жеткізіп отыруды қамтамасыз етеді. Көтерме сауданың обьективті қажеттілігі көп жағдайда өндірістік кәсіпорындарының тұтыну орындарынан алыс орналасуы, тауар өндірудің бір бағыттылығы мен мерзімділігінен туындайды, сондай-ақ еліміздің жекелеген аудандарының табиғи-климаттық және көліктік жағдайларына байланысты тауарлар өндіріс орындарының тікелей тұтыну саласына түсуі мүмкін емес. Сондықтан көтерме сауда өндірілген халық тұтынатын тауарларлды өндіріс орындарынан тұтыну аудандарына жеткізетін барлық күрделі жүйені ұйымдастыруға арналған.

      Курстық жұмыстың негізгі  мақсаты мен міндеттері.Тауарларды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық болмаған жағдайда үзіліссіз сауданы қамтамасыз ету үшін сауда мекемелері мен кәсіпорындарында қажетті тауар қорлары болуы қажет.

      Тауарлық  қорлардың жай-күйі мен сақталуына, олардың белгіленген мөлшерлерге  сәйкестігі және тауар қорларының мөлшерден  тыс болмауына, өтпейтін, жатып қалған және сапасыз тауарларды уақытылы анықтауға, сондай- ақ тауарлардың жоғалуын шығысқа шығаруға кесімдерді уақытылы жасауға бақылауды жүйелі түрде қамтамасыз ету.

      Нарықтық  экономика жағдайындағы көтерме  және бөлшек сауда мекемелері мен кәсіпорындарының қызметтері олардың шарушылық басшылығы мен басқарудағы бухгалтерлік есептің ролі мен мағынасының мұнан әрі өсуін қамтамасыз етеді.

      Курстық жұмыстың зерттелу объектісі. Тауарлы материалдық қорлардың түгенделуі, құжаттық рәсімделуі тауарлық қорлардың сақталуы мен жай-күйі.

      Курстық жұмыстың теориялық  және әдістемелік  негізі.Көтерме кәсіпорындарында тауарлардың қозғалысы мен қолда бары заттай-ақшалай есепке алынатын болғандықтан, ондағы тауар оралымы мен тауарлық-материалдық қорлардың есебімен салыстырғанда бөлшек сауда кәсіпорындарындағы тауарларды тек ақшалай жүргізетін есептің айырмашылығы бар.

      Айта  кету керек, бөлшек саудада заттай-ақшалай  есеп ерекшелік ретінде тек алтыннан және қымбат тұратын асыл тастардан  жасалған бұйымдар, салмақтап сататын күмісті, антикварлық заттар сататын зергерлік дүкендерде, сондай-ақ әрбір тауарлық бірлік үшін есеп беруге тиісті материалдық жауапты тұлғасы бар комиссиялық және консигнациялық саудада жүргізіледі.

      Курстық жұмыстың құрылымы. Әрбір сауда кәсіпорындарының және оның құрылымдық бөлімдерінің нақты көтермежәне бөлшек тауар оралымынның жалпы көлемі мен оның түрлерін дұрыс анықтау және есепте көрсету.

      Тауарлық-материалдық  қорлары мен ақша қаражаттарының сақталуы үшін лауазымды тұлғалардың  материалдық жауапкершілігін анық ұйымдастыру.

      Түскен  тауарлардың ілеспе тауарлық құжаттарын дайындаудың дұрыстығына, оларды материалдық  жауапты тұлғалардың толық және уақытылы қабылдап алуды және жабдықтаушылардың  есеп айырысатын құжаттарын уақытылы акцептеуді қамтамасыз ету.

        Бас бухгалтерлер тауарлық-материалдық қорлар үшін материалдық жауапкершілікті ұйымдастыру туралы қазіргі ережелерді қолданудың дұрыстығын, материалдық жауапкершілігі бар қызметке кадрлар іріктеп алу қағидаларын сақтауды бақылауға міндетті.

      Бухгалтерлік  есептің бұл міндетін орындау  жабдықтаушылар және сатып алушылармен  есеп айырысуды тездетуге, түскен тауарлық-материалдық  қорларды уақытылы және дұрыс қабылдауға және олардың шыққандарын уақытылы және дұрыс шығысқа шығаруға мүмкіндік  туғызады, сонымен сауда кәсіпорындарында сан және сапа бойынша тауарлардың қолда бары, жәй-күйі және сақталуын, олардың жылжуының барлық кезеңдерінде қатал бақылауды қамтамасыз етеді.

                                     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

                                       Қорытынды 

         Тауарлы – материалдық қорлар есебін ұйымдастыру сұрақтарын қарастыру нәтижесінде мынадай қорытындылар жасауға болады. Тауарлы – материалдық қорлардың қоймаларға түсуін әлде босатылуын ұйымда тағайындалған құжаттар толтыру арқылы рәсімделеді.

   Сауданың негізгі қызметін орындау үшін қалада қалай болса, ауылда да солай, мекемелерде басқаруды жақсарту, олардың шарушылық қызметтерінің тиімділігі мен бәсекелестік қабілеттілігін арттыруды ынталандыру, тауар оралымын өсіру, тауар айналысын жылдамдату және сауда мекемелерінің шығындарын азайту үшін барлық батыл шараларды қолдану қажкт.

   Сонымен, тауар қорларын бағалаудың жоғарыда қаралған әдістерінің әрбіреуінде өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар, сондықтан олардың қайсысы жақсы деуге бірыңғай пікір болуы мүмкін емес.

   Сауда мекемелері мен кәсіпорындарында тауар қорларын бағалау әдістерін таңдағанда мынанадай жағдайларды есепке алу керек, таңдап алған әдіс жиынтық жылдық табыстың көлеміне және соған сәйкес заңды тұлғалардың табыс салығының көлеміне қалай әсер етеді, сондай-ақ қандай экономикалық пайда табуға болады және қандай мақсаттар үшін сатылған тауарлар мен есеп беру мерзімінің аяғындағы тауар қорларының өзіндік құны туралы алынған ақпараттарды пайдалануға болады.

    Бухгалтерлі есеп тауарлардың жетіспеу, ысырапталу және бүліну оқиғаларын кінәлілерді уақытыт айқындап қана қоймай, сондай-ақ олардың пайда болуын алдын-ала сақтандыру шараларын қолдануды, олардың ысырапталуын төмендетуге белсенді әсер етуге міндетті.

Бас бухгалтер сауда мекемесінің және олардың құрылымдық бөлімшесінің жетекшілерімен бірге түгендеуді өткізу ережелерін сақтауға тиянақты бақылау жасауға, оның нәтижелерін уақытында және дұрыс шығарып, оларды бухгалрелік есепте көрсетуді қамтамасыз етуге міндетті.

    Тауарлық-материалдық қорлар мен басқа құндылықтарды сақталу орындары және әрбір материалдық жауапты тұлғалар бойынша жеке түгендеуді тікелей жүргізу үшін сауда мекемесі жетекшісінің бұйрығымен түгендеу жұмыс комиссиялары құрылады. Оның құрамына кәсіпорын әкімшілігінің өкілі, жетекші және тәжірибелі мамандар, менеджерлер, тауар жүргізушілер, бухгалтерлік қызметтің өкілдері, маркетологтар, аудиторлар және т.б.енгізіледі.

          Түгендеу тізімдерінің бір данасы толтырылып, тексеріліп, қол қойғаннан кейін оны түгендеу комиссиясының төрағасы алады да, осы жағдайда жүргізілмейтін бақылау тізімдемесінің орнына пайдаланады. Түгендеудің бұл тәртібі тауарлардың сөрелер, жеке бөлмелер бойынша қатал жеке сақталған кезде қолданылады. 
 
 
 

                         Пайдаланылған әдебиеттер: 
     
     

   
    1. Толпаков  Ж.С. «Сауда тауарлық операцияларды  құжаттық рәсімдеу.»
    2. Камышев П.И. « Бухгалтерский финансовый учет».
    3. Жминько С.И. «Финансовый учет».
    4. Радостовец В.К. «Финансовый и управленческий учет».
    5. «Бухгалтер плюс компьютер» №4, 2003.
    6. «Бухгалтер плюс компьютер» №1, 2003
    7. «Бухгалтер плюс компьютер» 2005, №4 және №5
    8. «Бухучет на практике» 2004,№8.
    9. «Бухучет на практике» 2005, №4
    10. «Компьютерная программа» 2004,№1
    11. Баймұханова С.Б., Балапанова Ә.Ж. «Бухгалтерлік есеп». 2002ж
    12. Штиллер М.В. «Принципі бухгалтерского учета» , 2004.
    13. Радостовец В.К. «Бухгалтерский учет на практике».1998ж.
    14. Сокова И.Т. «Путиводитель бухгалтера» 2004 ж.
    15. Қ.Р «Бухгалтерлік есеп және қаржы есебі» туралы заңы
    16. Қ.Р Бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссияның қаулысы. 13.11.1996 № 3
    17. Стандарты бухгалтерского учета, методические рекомендации: Сборник документов.
    18. Баймұханова . С.Б, Балапанова Ә.Ж – Бухгалтерлік есеп . Қазақ университеті 2002ж
    19. Радостовец В. К Радостовец В.В Шмидт О.И Бухгалтерский учет на предприятии- А Центр-аудит, 2002

Информация о работе Тауарлар мен ыдыстарды түгендеудің мақсаты міндеттері және түрлері