Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 13:25, контрольная работа
Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты. Қазақстандағы аймақтық жоспарлаудың теориялық негіздері.
Кіріспе......................................................................................................................2
І. Мемлекеттің аймақтық саясаты: мәні, мақсаты, міндеттері................3-6
ІІ. Мемлекеттің түрлері және атқаратын қызметі..................................7-9
ІІІ. Мемлекеттің пайда болуы.....................................................................10-14
Қолданылған әдебиттер.....................................................................................15
Мазмұны
Кіріспе.......................
І. Мемлекеттің аймақтық саясаты: мәні, мақсаты, міндеттері................3-6
ІІ. Мемлекеттің түрлері
және атқаратын қызметі.......................
ІІІ. Мемлекеттің пайда болуы.........................
Қолданылған әдебиттер.....................
Кіріспе
Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты. Қазақстандағы аймақтық жоспарлаудың теориялық негіздері.
Мемлекеттің пайда болуы
теориялары мемлекет - көпқырлы құбылыс. Оның пайда
болуы, шығу тегі әртүрлі факторлармен түсіндірі
І. Мемлекеттің аймақтық саясаты: мәні, мақсаты, міндеттері.
Нарықтық қатынастарының дамуы мен қалыптасуы жағдайында радикалды экономикалық реформалардың ғылыми негізделуіне - аймақтық экономика маңызды роль атқарады. Аймақтық экономика - аймақтардағы өндіргіш күштердің орналасу факторларын және аймақтық дамуды зерттейтін ғылым. Академик Н.Н.Некрасовтың анықтамасы бойынша "экономикалық ғылымның саласы ретінде аймақтық экономика елдің экономикалық жүйесінде және әрбір аймақта өндіргіш күштердің дамуы мен әлеуметтік процестердің қалыптасуын анықтайтын экономикалық әлеуметтік факторлар мен жағдайларын жиынтығын зерттейді".
Аймақтық экономика өндіргіш
күштерді аймақтық дамуының стратегиялық
позицияларын өңдейді. Аймақтық өндіргіш
күштердің орналасуы аймақтық экономиканың
негізгі бөлігі ретінде қарастырылады.
Аймақтық экономика экономикалық географиямен
тығыз байланысты, бірақ оған қарағанда
қолданбалы практикалық нәтижелерге бағытталған.
Аймақтық экономика географиямен жақындығына
қарамастан экономиканың құрамдас бөлігі
болып табылады. Сонымен қатар, экономикалық
теория мен макроэкономикалық болжаумен,
салалық экономикамен, статистикамен
тағы да басқа әлеуметтік - экономикалық
ғылымдармен тығыз байланысты. Аймақтық
экономика экономикалық мәселелермен
бірге экологияны әлеуметтік мәселелерді,
демографияны, географияны, этнографияны
тағы да басқа ғылымдарды қарастырады.
Аймақтың экономикалық және
әлеуметтік даму аспектілерін зерттеу
Ресейде ХІХ ғасырда, ал Қазақстанда
ХХ ғасырдың аяғында ғылыми негізде
дами бастады. Батыста аймақтық экономика
"аймақтық ғылым" деп анықталады.
Экономист ғалым Н.Н.
Аймақтық экономикаға теориялық - әдістемелік
зерттеулер жасаған ғалымдар Альфред
Вебер, Аугуст Леш, Вильгелм Кристаллер,
Иоганн Тюнен, Энтони Куклинский, орыс
ғалымдары Н.Барановский, Н.Комосовский
және тағы да басқа АҚШ , Германия, Франция
ғалымдары үлес қосқан. Жоспарлау мен басқарудың аймақық
мәселелері республикадағы экономикалық қатынастарды
қайта құру бойынша іс-шаралар жүйесінде
маңызды орын алады. Мемлекеттің дамуында
аймақтар мен олардың билік органдарының
ролін арттыру әлемдік тенденцияға жатады.
Аймақтық басқаруға қойылатын негізігі
міндеттерге:
- Республика мен ТМД елдерінде кәсіпорындардың
дамуы мен жұмыс істеуінде қорықтық қатынастар
мен тауар - ақша, жоспардың арақатынасы;
- өзін-өзі басқару механизміндегі экономикалық
және ұйымдастырушылық - әкімшілік әдістері
мен экономикалық арақатынасы;
- аймақтық басқару процесіндегі орталықтанған
және орталықтан-дырылмаған басқару шешімдерінің
арақатынасы.
Басқарудың экономикалық
механизмінің маңызды элементіне ақша
айналымын үздіксіз нығайту кезінде
жоспарды қаржымен қамтамассыз ету
жатады. Сондықтан да жергілікті шаруашылықтың
аймақтық жүйесінің дамуы мен
қызмет етуіне кешенді әлеуметтік –
экономикалық дамуға қызмет ететін механизм
қажет, ол механизм мыналарды қарастыруға
тиіс:
- аймақтық экономикалық мүмкіндігінің
материалдық өндірістік саласының тиімді
қызмет етуіне байланысты болуы;
- аймақтық жүйенің барлық тармақтарының
тепе – тең болуы;
- аймақтық әлеуметтік – экономикалық
дамуының кешенді жоспарын қаржылай және
материалды – техникалық қамтамасыз ету;
- әлеуметтік саланың дамуының нәтижелілігі
мен аймақтың шаруашылық қызметінің тиімділігін
есепке ала отырып бюджеттік жоспарлауды
қайта құру;
- әрбір өндірушінің жағдайының жақсаруы
әлеуметтік мәселелерді шешуге байланысты
болады.
Аймақтық басқарудың методтары
аймақтың өндірісітік және өндірістік
емес сфералар жиынтығы мен кәсіпорындар
мен ұйымдарға шаруашылық әрекеттің
пайда болуын қамтамассыз етуі тиіс.
Соның ішінде:
- республикалық стратегиялық тұжырымдардың
әлеуметтік – экономикалық даму жағдайына
біртұтас мақсатты бағыттанушылық;
- жергілікті өзін - өзі басқару органдарының саяси және әкімшілік қызметтерінің біртұтастығын сақтау;
- әлеуметтік – экономикалық , құрылыс – инвестициялық және табиғатты қорғау саясатының жылдық жоспарын жан-жақты және біртұтас мамандануын қадағалау;
- аймақтық басқару мен жоспарлаудың тікелей және керсінше иерархиялық жүйе бөліміне біртұтас бюджеттік және қаржы - несиелік негізіне территориялық әкімшілік білім беру.
Аймақтық басқару органдарының
экономикалық компетенциясын кеңейту
барлық сұрақ территорияның әлеуметтк
– экономикалық дамуымен байланысты
болса, аймақтық органдар кәсіпорын
коллективімен бірлесе отырып шешімін
табуы қажет, өйткені жергілікті
әкімшілік құқығы нақты экономикалық
мүмкіндіктермен сәйкестенуі
Аймақтық саясат механизмдерін жүзеге
асыру, соның ішінде әлеуметтік –экономикалық
ұдайы өндірістің қоршаған ортамен тепе
теңдігінің бұзыуына байланысты, экологиялық
қауіпті аймақтарға арнайы мемлекеттік
бағдарламалар жасап нақты аймақтардың
дамуының өзекті проблемалары шешімін
табуы қажет. Шағын және орта қалалардың
өркендеуі екі – үш өндірістік кәсіпорындардың
қызметіне тәуелді болады. Жалпы жағдайдың
экономикалық тоқырауы, инфляцияның күшеюі,
шаруашылық қатынастардың үзілуі, көптеген
шикізат пен өндіріс түрлерінің сұранысының
төмендеуі кәсіпорындардың жұмысын тоқтатуына
алып келді. Бұның әсерінен қала және ауылды
аймақтарда жұмыссыздықтың белең алуына,
жоғары кадрларымыздың басқа елге кетіп
қалуына, жергілікті халықтың тұрмысының
төмендеуіне алып келді.
Қазақстан Республикасының
болашақтағы әлеуметтік-
- аймақ - мемлекет экономикасын тікелей және жанама ресурстары, ғылыми- техникалық, қаржы- несиелік, несие және әлеуметтік байланысы дамыған біртұтас бөлігі болуы тиіс;
- бұл жерде ұдайы өндіріс пен еңбек ресурстары, қаржылай айналыммен ұлттық байлықтың жартысы, үйлестіру, айырбастау, тұтынушылар өндірісі іске асады ;
- басқару органдарының біріккен әрекеті, территориялық өндірісітің дамуына орындаушы органдардың бірігуіне әкеледі ;
- аймақтың табиғи құзіретіне жоспарлау , қаржыландыру , несиелеу, ақшалай айналыммен еңбек ресурстарын жетілдіру жатады .
Экономикалық механизмге деген қажеттілік ұдайы өндіріс циклінде әлеуметтік- экономикалық аспектісінің біртұтастығын сақтауын қажет етеді. Сондықтан , экономиканы дамыту саласында қандай да бір басқарудың шешіміне практикалық қызметі халықтың материалды және мәдени тұрмысын қамтамассыз етуімен бағалануы тиіс. Әлеуметтік даму көрсеткіші тұрғын үй проблемасын шешумен халықтың рухани қажеттілігін қамтамассыз ету арқылы еңбек етуіне әсер етеді. Сондықтан, экономикалық- әлеуметтік шаруашылық салаларының тепе – теңдігін ұстау маңызды болады. Ол мемлекет пен демографиялық ұдайы өндіріс арасындағы кәсіпорынмен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының экономикалық жүктеулерді тарату арқылы әлеуметтік әділеттілікті тудыруы қажет. Дәл осы кезде өндіріс шығынымен байланысты шыѓындардың толық көрсетілуі қажет . Бұл республиканың демаграфиялық жағдайына еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға демеу жасайды және көп еңбек етуді төмендетіп, ғылыми – техникалық прогресстің дамуына жол ашады. Сонымен бірге әлеуметтік бағдарламалар екі маңызды қаржылық ресурстарды қамтиды. Олар: қаржы – несие жүйесі және жергілікті бюджет. Әлеуметтік тұрмыс инфрақұрылымның дамуына кәсіпорын мен бірлестіктердің еңбек ресурстарының төлем ролін күшейтуге тырысады. Эквивалентті байланыстардың барлық экономикалық жүйе түйіндерімен қамтамассыз етуі, нарықтық жүйенің экономикалық механизмде талап етуі болады.
Экономикалық жүйелерді
зерттеуді аймақтық басқару мен
жоспарлау келесідей
- кәсіпорын – аймақтың басты
экономикалық көзі болып табылады. Кәсіпкерлік
қызметнің заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Осыдан келіп территориялық басқарудың
міндетті шаруашылық және өндіріс-технологиялық
даму шартына араласпауы аймақтық кәсіпорындардың
әлеуметтік- экономикалық кешенді дамуын
ынталандырады.
- облыс, қала, аудандардағы шаруашылық
субъектілердің есеп принціпі мен экономикалық
есептертің эквивалентті негізін басқару
органдары мен жалпы қатынас.
- жергілікті бюджеттің қалыптасуы кәсіпорын
мен ұйымдардың жұмысының тиімділігіне
байланысты .
ІІ. Мемлекеттің түрлері және атқаратын қызметі.
Алғашқы рет мемлекет түрлерін жіктеуді Аристотель жасады. Ол Геродот пен Платонның ілімдерін басшылыққа ала отырып, мемлекетті монархияға (бір адамның үстемдігі), аристократияға (элитаның үстемдігі), политияға (тіке демократия мағынасында халықтық үстемдік) бөлді. Оның ойынша, мемлекеттің бұл үш түрі де халыққа мансапқорлықсыз, пайдакүнемдіксіз қызмет ететін болса, олар заңды болып табылады.
Қайта өрлеу заманынан бастап мемлекетті үш түрге бөлу қалып, ол енді монархия және республика деп екі түрге бөлінетін болды. Ал бұл күнде демократияны оған қарама-қарсы автократиядан айырып алуға тура келеді. Бұл жерде демократияның конституциялық мемлекет түрінде кездесетінін ескерсек, парламенттік үкімет пен президенттік басқару жүйесін ажырату да қажет. Қазіргі дүниеде тағы бір ескеретін жай конституциялық мемлекеттер түріне жатпайтын, бір мемлекеттік жүйеге біріктіруге болмайтын толып жатқан плюралистік тұрғыдағы мемлекеттер бар. Мәселен, бұрынғы КСРО-ның пролетариат диктатурасы мемлекеті дегеніміз шын мәнінде коммунистік партия басшылығының олигархиясы болды. Ал үшінші әлемнің көптеген мемлекеттері өздеріне не батыстық, не шығыстық мемлекеттік үлгіні алса да оларда бұрынғы ескі басқарушылық түрі араласып отырды.
Мемлекеттердің түрлеріне келсек, қазір абсолюттік және конституциялық монархия, әскери диктатура, автократия, хунталар, әлеуметтік тап, тайпа басшылығы, отбасылық қауым дегендерді білеміз. Діннен ажыратылған (светтік) мемлекеттер типіне қарсы діни мемлекеттер типі бар. Міне, осының бәрі әлі күнге дейін қазіргі мемлекеттерді дұрыстап жүйеге бөлудің жоқ екендігін көрсетеді. Конституциялық мемлекеттің бірнеше антитиптері бар. Оның бірі бір адамның, не бірнеше адамның үстемдік етуі түрінде көрінеді. Конституциялық мемлекеттің бірнеше антитиптері бар. Оның бірі бір адамның, не бірнеше адамның үстемдік етуі түрінде көрінеді. Автократиялық мемлекеттің өзіндік бір типі – ол авторитарлық пен тоталитарлық түрлер қосылған тоталитарлық мемлекет. Мұның үлгілерін Ленин, Сталин, Гитлер нақты жасап берді. Ол адамды өзінің идеологиясын сөзсіз орындауға пайдаланумен, қоғамдық және жеке адам өмірін саясаттандырумен сипатталады. Сонымен мемлекеттік құрылыстың саналуандығына байланысты да олардың түрлері де әртүрлі болып келеді.
Мемлекеттің типі оның мәнінен, шететін міндеттерінен туындайды. Яғни, мемлекет белгілі бір таптың, не қоғамдық күштің үстемдік ету құралы (механизмінің) әлеуметтік бағыты болып та табылады. Мемлекеттің түрі үстем өндірістік қатынастардың түрімен айқындалады. Сонымен қатар мемлекеттің өтпелі түрі де болады. Осындай күйді қазір Қазақстан басынан кешуде. Қазақстанда құқықтық мемлекет құру міндетін шешу – мемлекетіміздің ұлттық - демократиялық типін жасауға бағыт алуда. 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған еліміздің Ата заңы – Конституцияда «Қазақстан Республикасы – демократиялық, зиялы және біртұтас мемлекет», - деп жария етіліп, тәуелсіз мемлекет заңды түрде жарияланды.
Информация о работе Мемлекеттің аймақтық саясаты: мәні, мақсаты, міндеттері